Файл: Мені пірім Сйінбай, Сз сйлемен сиынбай!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 248

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

11. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз.

Мұхтар Әуезов – әр түрлі әдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл романның қоғамдағы орны қандай?

«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. Ал, қазақ халқының бір туар ұлы перзенті Қаныш Сәтпаев «Абай жолы» романын энциклопедиялық шығарма деп бағалаған. Шын мәнінде де солай. «Абай жолы» кітабына біз тек роман-эпопея деп қарамай, оны ХІХ ғасырдың екінші жартысының энциклопедиясы деп қарауымыз керек. 

Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстары мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жеке бастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, халықтар тағдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.


Қорытындылай келе, бұл күндері тәуелсіз мемлекетке айналып, жеріміздің байлығы мен кеңдігі төрткүл дүниені таңдандыра бастаған біздің, қазақ елінің, тіпті қала берді бүкіл түркі жұртының бай қоғамдық ойы мен рухани-көркемдік дүниетанымын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ М.Әуезов өзінің ұлы шығармасы арқылы танытып қойған.Барлық құқықтар сақталған.

14. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы Ұлпан бейнесін қазіргі замандағы ел басқарған әйел-аналар бейнесімен салыстырыңыз

Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда, ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән  әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған Шығарманың бас кейіпкері - Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Романның екінші бас кейіпкері Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан. Романның мазмұнына орай, Керей-Уақтың Сибан елінің билігін қолына ұстап тұрған әйгілі биі, «мың жылқылы» байы Есеней жер дауы мәселесімен өз алдына жігіт кейпінде келген Ұлпанмен кездейсоқ ұшырасады. Оның қалың жылқысы аз үйлі кірме Күрлеуіттің жеріне түсіп кетеді де,  сол елдің уәжін айта келген топтың басшысы бір кездері өзімен үзеңгілес жүрген және де өмірін сақтап қалған ескі досы Артықбайдың қызы болып шығады.
Есенейдің көзі тірі­сінде-ақ, Ұлпан бес болыс Сибан­ның қамқор анасына айналды. Артта қалған қазақ аулына жаңалықтың жаршысындай бола отырып, осыған дейін болмаған монша, қыстық үй салуды енгізу арқылы елін алға жетектеді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ жұртының жас баласы қысқы аязға төзе алмай, суық тиіп, шетінеп жататын еді. Ел-жұртының қамын ойлап, мұң-мұқтажын сезіне алған Ұлпан Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беру арқылы өзінің кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығын танытады. Бұл қасиет екінің біріне беріле бермейтін имандылық, теңдік белгісі. Қашаннан Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір казактары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Ел аздап егін салады, шөп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы, қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза», - деп суреттеліп кеткен.

Қазақ әйелі, ең алдымен, отбасы берекесі, отағасының адал жары, сенімді серігі, ақылшысы, балаларының мейірімді анасы, туған-туыстарының қамқоршысы, жанашыры. Содан соң Қазақстанның ілгерілеп дамуына өз үлесін қосып жатқан, қоғамның барлық салаларында қызмет етіп жүрген белсенді мүшесі, қазіргі заман қаһарманы. Үшіншіден, қазақ әйелі нәзік болмысты парасатты жан, сұлулық пен сымбаттылықтың символы. Нәзік жандылар ерлерге қарағанда нәзік, ақылды, кешірімді, төзімді болып келеді. Ұлтымызды ұйытып, ұрпақ тәрбиелеп отырған да әйел.
Әйелдер бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуде белсенді, жоғарыда айтып кеттім, өміріміздің барлық саларында қызмет етеді. Әйел – министр, әйел – саясаткер, әйел – қоғам қайраткері, әйел – ғалым… Осылайша жалғастыра беруге болады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі әйел келбеті – «бір қолымен бесік тербеткен, екінші қолымен әлемді тербеткен» аяулы да сыршыл жан. Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі, мейірім шуағы, имандылығы Ұлпанның бойында түгел бар. Оқы­май қалғаны

10. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында суреттелетін ұлттық салт-дәстүр көріністерін бүгінгі күнмен салыстырып жазыңыз.

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де, бірегейі- Ілияс Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі - «Құлагер» поэмасы Ақан серінің өміріне арналады. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында суреттелетін ұлттық салт-дәстүрлерге тоқталар болсақ, аламан бәйге, ат баптау, жоқтау, ас беру, палуандар күресі, айтыс. Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз  дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.  Ақан серінің «Бай-бай,Құлагерім!» - деп жоқтау айтатындай, сері өміріндегі Құлагердің орны қандай еді? Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жан серігі еді. Өлеңдегі: «Құлагер жаз жайладым, күз жайладым, Тұсына қызды ауылдың көп байладым», - деген жолдарынан Құлагердің Ақанның жастық шағының да куәсі болғандығын аңғарамыз. Ақан сері Құлагерді «Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...» деген көңілінің бәйтерегіне теңеген тұсы оқырманның сай сүйегін сырқыратады. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз.


Ол астындағы атын бейне бір туған баласындай өбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені білеміз. Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер – әкең тұлпар, шешең сұңқар...» - деп жоқтау айтады. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған тағдырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, жер бетіндегі адамдардың пендешілік қылықтарынан деп ойлаймын. Қазақ елінің ежелгі дәстүрі, арғы заманнан белгілі, ел ішіндегі абыройлы, беделі асқан адамдар дүниеден өткенде ас беру, жылы өткенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп, ас беру, жылы өткенше қаралы көш жүргізу, алыс-жақын көрісіп, хал сұрасу дәстүрі бар.

Шіркін, қазақтар-ай! «Өлі разы болмай,тірі байымас»-деп күн кешкен халықпыз ғой. Дүниеден өткен туыстардың рухын разы етуді міндет парыз санаймыз.Жылдық ас-бұл қайғы-мұңды өткен жылдың еншісіне қалдырып, «қыс артынан жаз келер» , «бір жамандық екі жақсылық»дегендей, жаңа өмірге қадам басу ретінде берілетін ас.

Сағынай асы да дәл осы іспеттес өткен.Байдың асы дүркіреп,тау-тау ет,өзен-өзен қымыз ішіліп, бәйгеге уш жүз сайгүлік жарысқа түскен.Алайда, бұл астың соңы той-думанмен бітпеді. Көреалмаушылық пен алауыздықтың кесірінен бұл аста Ақан серінің Құлагердей жүйрігінің қаза болуымен аяқталған еді.Осылайша,Сағынай асы бәйге трагедиясымен аяқталды.

Қазіргі таңда да қазақтың атадан балаға мұра ретінде қалып отырған дәстүрі өз жалғасын табуда. Туыстарының жылдық асын, еске алу кешін мейрамханада, тойханаларда істеп жататындар да бар.Бұндайды ысырапшылдық ретінде санайтындар да бар. Менің ойымша, жан-жақты шашып-төкпей, тиімді өткізу керек сияқты. Өйткені бұл біздің салт-дәстүріміз. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез-келгеніміздің парызымыз Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

17. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбектің өз заманындағы жаңашыл ізденістері туралы ойыңызды дәлелдеңіз.

Мұқан Иманжановтың повесті «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі


Мектеп өмірі мен ауыл өмірін бір-бірімен байланыстыра отырып жазылған бұл шығарманың басты кейіпкері - ЖақыпбекАлматы қаласындағы университетті бітірген жаста болса талантты мұғалім Жақыпбек ауыл өміріне әсіресе мектеп өміріне түрлі өзгерістер әкеледі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткендей Жақыпбек тынбай жұмыс жасағанының арқасында өзінің алдына қойған мақсаттарына жетеді. Жақыпбек ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қызықты жағдаятқа тап болды. Ол мектеп директоры Күдеріні күтіп тұрғанда терезе жаққа көз жіберді. Ашық терезеге көзін салған Жақыпбектің көңілін сонау бір мүйістегі үйдің бұрышынан жүгіріп шыққан екі бала бөлді. Олар барын сала кезек қағып, мектепке қарай зымырап келеді. Бұлардікі жай жарыс емес, бір-бірін қуып келе жатқанын Жақыпбекте аңғарды. Мектепке тақай беріп сықылықтап күліп, бір-бірімен алыса кетті. Бағанадан бері терезеден қарап тұрған Жақыпбек оларға қойыңдар деп айтқанда, ойын қызығына берілген екі бала кенет тынып, дауыс қайдан шықты дегендей аң-таң болып, терезе жаққа басын бұрды. Жақыпбекті көрген олар бастапқыда сескеніп кейін жаңадан келген мұғалім шығар немесе ата-ана болуы керек деп бір-бірімен дабырласа кетті. Оның жаңадан келген мұғалім екеніне нанбаған Сапар мен Сейтен жүгіріп ала жөнелді.

Әдетте Жақыпбек тік мінезді, бірбеткей, ойлағанын беті жүзің бар демей, тіке айтып тастайтын қызуқанды жігіт еді және едәуір қызбалығы бар тұғын. Сонысына қарамастан ол адамзат баласына жұғымды еді. Тосын көзге шалынбай қалды–ау құбылыстарды да кейде салған жерден қалтқысыз ұғып, сол адам туралы жақсы не жаман деген ойға тіреледі.

Жақыпбек өз ортасында үнемі белсенділік танытып жүреді. Белсенділігінің арқасында ол өзінің бейтаныс ортасына тез сіңісіп кетті. Бейтаныс коллективпен болған жиындарда ол әңгімеге қызу араласуға бейім, түсіндірілмей қалған жағдаяттарды дамытып талдауға дайын еді. Өзгелерден осы қасиеті арқылы ерекшеленетін Жақыпбек өз ортасына сыйлы әрі құрметті болды.

Оның басты мақсаты оқу-тәрбие жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізу еді. Ол қолданылып жүрген оқу программасын жаңарту керек екендігін, жетіжылдық білім алатын мектеп оқушыларының ауыл тіршілігімен тек қана теория жүзінде ғана емес, практикалық түрде танысу керектігін мектептік, аудандық жиналыстарда көптің алдында паш етті. Сонымен қатар ол білім беру әдісі төмен мұғалімдерді мектептен шығару туралы ұсыныс тастады. Ол мұғалімдердің өткізген сабақтарына қатысып, қай мұғалімнің қандай тұсының осал екендігін аңғарды. Соның бірі тарих пәнінің мұғалімі -