Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 440
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тарау Жылжымалы құрамның тежегіш жабдығының жөндеу өндірісін ұйымдастыру
2.1 Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі
Жалпы тепловоздар жабдықтары және тежегіш жабдықтары, атап айтқанда, пайдалану процесінде тозушылыққа ұшырайды. Тозушылық – бұл бөлшектердің өлшемдері мен пішіндерінің біртіндеп өзгеруі, сондай-ақ бөлшектер бетінің бұзылу процесі.
Тозу –бұл бөлшек бетінің бастапқы және ағымдағы жай-күйініңарасындағы айырмашылық. Үйкеліс шарттарына байланысты тозу абразивті, тотықтырғыш, коррозиялық, түйіспелі-қажулық болуы мүмкін.
Ең жоғарғы тозушылық жылдамдығы –абразивті тозу кезінде,ұсаққатты бөлшектер (құм, металл шаң) үйкелісетін бөлшектердің арасына түскен кезде. Тежегіш жабдықтарда абразивті тозуға тежегіш иінтіректі беріліс бөлшектері, сондай-ақ піспекті піспектер мен компрессорлық майды уақытылы ауыстырмау кезінде компрессорлар піспектері тартылады.
Ең төменгі тозушылық жылдамдығы –тотықтырғыш тозу кезінде,үйкелісетін бөлшектер арасында майлау қабаты болған кезде. Сондықтан майлау материалдарын уақытында ауыстыру және үстеу қажет.
Жабдықтар жұмысының бас тартуын болдырмау үшін жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі қабылданды. Тепловоздың сенімді, бас тартусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу жүйесін білдіретін іс-шаралар кешені әзірленді. Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі нақты жай-күйі бойынша емес, белгілі мерзім (жүру жолы) өткеннен кейін тепловоздарды қоюды қарастырады. КжКМ нұсқаулығы техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде жұмыс мерзімі мен көлемін белгілейді.
Тежегіш жабдықтар үшін тексеру мен жөндеудің мынадай түрлерін белгілейді: зауыттық (күрделі), деполық, ревизиялық және бақылау тексеру.
Тежегіш жабдықтарды,соның ішінде және сығылған ауаменқоректендіру аспаптарын зауыттық жөндеу тепловоздарды ортаңғы және күрделі жөндеу кезінде орындалады. Жөндеудің бұл түрінде ақаулық бөлшектерді ауыстырумен немесе қалпына келтірумен және реттеумен тежегіш жабдықтарды толық қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Тежегіш жабдықтарды деполық жөндеу ТР-2,ТР-3тепловоздардыағымдағы жөндеу кезінде орындалады. Бұл ретте жеке тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру немесе оларды ауыстыру
, сондай-ақ жөндеудің тиісті түрлері арасындағы кезеңде тежегіш жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігіне кепілдік беретін сынау мен реттеу жүргізіледі.
Компрессорларды тепловоздарда ТР -3 ағымдағы жөндеу кезінде және ТР-2 ағымдағы жөндеу кезінде алады және жөндейді.
Тежегіш жабдықтардың ревизиясы ТР-1тепловоздарды ағымдағыжөндеу кезінде орындалады. Ревизия кезінде мынадай тежегіш жабдықтарды
58
қарайды және тексереді: компрессорлар, машинист крандары және көмекші тежегіштер, ауа таратқыштар, тежегіш цилиндрлер, ауа өткізгіш құбырлар, электр-пневматикалық тежегіш аппаратурасы, тежегіш иінтіректі беріліс. Тексеруден, ақаулар мен майлауды жойғаннан кейін тежегіш жабдықтар жылжымалы құрамда тікелей сыналады.
Тежегіш жабдықтарды бақылау тексеру жылжымалы құрамның ТО-3 техникалық қызмет көрсету кезінде орындалады. Бақылау тексеру кезінде тежегіш жабдықтардың ақаулығы жойылады. Жабдықтардың әрекетін ыснау мен тексеру жылжымалы құрамда тікелей жүргізіледі. [16]
Деполық жөндеу , жылжымалы құрамның тежегіш жабдықтардың ревизиясы мен бақылау тексеру негізгі локомотивтік деполарда кешенді және мамандандырылған бригадалар жүргізеді.
Тежегіш жабдықтарды бақылау тексеру жылжымалы құрамды әрбір профилактикалық тексеру кезінде орындалады. Бұл ретте тежегіш жабдықтардың әрекетін сынау және тексеру тікелей локомотивтерде жүргізіледі. Тексеру процесінде анықталған ақаулар, профилактикалық тексеруге локомотивті қоюдың алдында жөндеу кітаптарына машинист жазған жабдықтардың ақаулықтары жойылады.
Бұдан басқа, локомотивтерде бір профилактикалық тексеру арқылы усл.№394 және 395 машинист крандарындағы жоғарғы қақпақтарды алу, реттығын мен оның айнасының жұмыс бетін тазарту және майлау жүргізіледі.
Локомотивтегі тежегіш жабдықтарды зауыттық жөндеуден кейін ТББ жұмыскері, мерзімді жөндеуден кейін локомотивтерді қабылдаушы, ревизиядан кейін автоматты цехтың шебері және бақылау тексеруден кейін тиісінше локомотивтің машинисті сынайды және қабылдайды.
Зауыттық немесе мерзімді жөндеуден және ревизиядан кейін локомотивтің бірінші басты резервуарында барлық тежегіш жабдықтар жұмысының қанағаттанарлық нәтижелері және қабылдау кезінде жөндеу түрін, орындау орнын және нысаны бойынша күнін көрсетіп, ақ майлы бояумен өлшемі 90х120 ммс трафарет салынады.
Тежегіш жабдықтардың аспаптарын жөндеу және сынау туралы мәліметтерді ТУ № 14 нысанды кітапқа автоматты цехтың шебері жазады және локомотивтегі тежегіш жабдықтарды қабылдау туралы куәландыратын шебердің (депоға қабылдаушы және зауытта ТББ) қолымен куәландырылады. Бұл кітап автоматты цехтың шеберінде сақталады. [9, 16].
2.2 Автоматты бөлімнің жабдықтары
Тежегіш жабдықтар локомотивтік депоның және локомотивтік-жөндеу зауыттарының автоматты цехтарында жөнделеді.
Депоның өлшемдеріне және жөндеу бағдарламасына байланысты автоматты цехтың өлшемдері мен жиынтықтылығы жеткілікті кең
59
диапазонда өзгеруі мүмкін.
Автоматты цехқа жөндеуден және құрастырудан кейін тежегіш аспаптардың бөлшектерін тексеруге арналған қажетті білдек жабдықтар, тежегіш аспаптарды жөндеуге және сынауға арналған құрылғылар, сондай-ақ калибрлер, шаблондар мен өлшеу құралы орналастырылады. Бұдан басқа, цех ауыр бөлшектермен және агрегаттармен жұмыс жағдайларын жеңілдететін көтергіш-көлік құралдарымен жабдықталады. Автоматты цехта мынадай негізгі позициялар болуға тиіс: пневматикалық аспаптар мен агрегаттарды тазарту, жуу және сүрту; аспаптар мен агрегаттарды бөлшектеу және олардың бөлшектерін арнайы еріткіштерде жуу; толығымен бөлшектерді, тораптар мен аспаптарды жөндеу, тексеру , құрастыру және сынау; компрессорларды жөндеу; компрессорларды сынау.
Тазарту позициясында жөндеуге түсетін аспаптарға арналған стеллаж, оларды сыртқы жууға арналған еріткіші бар ванна және қырнаулармен, металл щеткаларымен лайдан аспаптарды тазартуға және еріткіште сіңірілген салфеткалармен сүртуге арналған металл торы бар үстел орналастырылған.
Аспаптар мен агрегаттарды бөлшектеу позициясында бөлшектеугеарналған керек-жарақтармен және іскенжелермен шеберүстел, бөлшектерді тазартуға және жууға арналған металл торы мен құю багы бар үстел, сондай-ақ еріткіші бар бак бар. Үстелге ауа құбыры келтіріледі, ол қысымы 4-5 Ат сығылған ауамен бөлшектерді үрлеуге арналған ұштығы бар резеңке құбыршекпен қосылады. Мұнда аспаптар мен агрегаттар бөлшектеледі, ал олардың бөлшектері керосинмен жуылады және құрғақ таза салфеткалармен сүртіледі. Тазарту және бөлшектеу позициялары желдеткіш-сорғыш құрылғылармен жабдықталады.
Тежегіш аспаптарды жөндеу және сынау позициясындапневматикалық қысумен шеберүстелдер, сынақ үстелі және бригадирдің немесе шебердің қабылдауына дайын жөнделген аспаптарға арналған стеллаж бар. Тежегіш аспаптарды негізгі жөндеуді және оларды сынауды жүргізеді.
Компрессорларды жөндеу позициясында компрессорлар менсорғылардың бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмыстарға арналған пневматикалық қысқыштары бар слесарлық шеберүстелдер, сондай-ақ компрессорларды бөлшектеуге және құрастыруға арналған арнайы төмен үстелдер орнатылды. Бұл бөлім көтергіш-көлік құралдармен жабдықталады (консольды кран, пневматикалық көтергіштер, тельфер). Мұнда тығыздағыш сақиналарды, клапандарды және оның ершіктерін, цилиндрлер қақпақтарын ысқылауға арналған құрылғылар, төлкелерді баспақтай түсуге және баспақтаңқырауға арналған баспақ және компрессорларды жөндеу кезінде қажетті басқа да құрылғылар орналастырылады. Сондай-ақ кіші жиынтықтарды және компрессторлардың арматурасын сынауға арналған құрылғылар орнатылады және жөнделген компрессорлар үшін орын бөлінеді.
60
Компрессорларды сынау позициясында компрессорларды сынауғаарналған стенд болады , оның астына көтергіш құрылғы орнатылады. Осы бөлімде құрастырылған компрессордың бөлшектерін іске кірістіру және оны жөндеуден кейін сынау жүзеге асырылады.
Жеке деполарда және автоматты цехқа арналған локомотивтік-жөндеу зауыттарында барлық тежегіш аспаптарды, соның ішінде компрессорларды тазарту, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау үшін бір жалпы үй-жай бөлінеді (2.1-сур.). Автоматты цех пен компрессорларды жөндеу жөніндегі цех бөлінуі мүмкін (2.2-сур.).
Білдек жабдығы.Оларға мыналар жатады:орталықтар биіктігі150-200
-
токарь білдегі, бұрғылау білдектері (олардың біреуі үстелге қоятын), цилиндрлердің қақпақытары ернемектерін ысқылауға арналған білдек, төлкелер мен сақиналарды ысқылауға және ажарлауға арналған білдек, фрезерлік білдек, зімпара және тас қайрағы, төлкелерді баспақтай түсуге және баспақтаңқырауға арналған баспақ және клапандарды ысқылауға арғалған білдек.
Білдек жабдықтан басқа, автоматты цех толығымен бөлшектер мен тораптарды бөлшектеу, құрастыру, сынау және жөндеу кезінде қолданылатын әр түрлі құрылғылармен жабдықталады.
Сынақ үстелдері және стендтер.Барлық аспаптар жөндеуден жәнеқұрастырудан кейін олардың жұмысын айқындау және қажетті көрсеткіштерді айқындау үшін сыналады.
Машинист крандарын, ауа таратқыштарды, олардың кіші жиынтықтарын, ажыратылған крандарды, локомотивтің көмекші тежегішінің крандарын және тежегіш арматураны (ең жоғарғы қысым клапандары, ауыстырып-қосқыштар, шығару) сынау сынақ стендінде жүргізіледі.
Электр-пневматикалық тежегіш аспаптары (машинист кранының контроллерлері, электр-ауа таратқыштар, қоректендіру және басқару блоктары және басқа да электр-аппаратура) арнайы үстелдерде және стендтерде сыналады.
61
1 | | 12000 | 2 | | | 3 | |
| 6000 | | | | 6000 | | |
Д | | | | | | | |
| 11 | 12 | | 13 | 14 | 10 | |
19 | | | | | | | |
| 15 | | 16 | | 17 | 9 | |
| | | | | | | |
| | | 5 | | | | |
4 | 6 | | | 7 | | | |
| | | | | | ||
| | | | | | 8 | |
12000 | | | | | | | |
3 | | | | | | 19 | |
| | | | | | | |
| | | 20 | | | | |
2 | | | | | | | |
1 | | | | | | 18 | |
| | | | | | | |
Г | | | | | | | |
2.1- сур. Автоматты цехтың жоспары: 1- түсетін жабдықтарға арналған үстел, 2 – дефектировкаға арналған үстел, 3 – жабдықтарды тазартуға арналған ванна, 4 – жабдықтарды тексеруге арналған шеберүстел, 5 – жүк көтергіштігі
-
т кран-арқалық, 6 – жабдықтарды бөлшектеуге арналған үстел, 7 – жабдықтарды құрастыруға арналған үстел, 8 – крандарды жөндеуге арналған үстел, 9 – тежегіш аспаптарды сынауға арналған станция, 10 – бояуға арналған үстел, 11 – токарь-бұрама кескіш білдек, 12 – ысқылау білдегі, 13 – тігінен-бұрғылау білдегі, 14 – сыдыра ажарлағыш білдек, 15 – құбыржеңдерді баспақтауға арналған баспақ, 16 – құбыржеңдердің гидравликалық сынақтарына арналған ванна, 17 – құбыржеңдерді жиынтықтауға арналған үстел, 18 – компрессорларды сынауға арналған стенд, 19 - сөре
62
Ондай цехта компрессорларды да және тежегіш жабдықтарды да жөндейді. Компрессорларды сынауға арналған стендтің қауіпсіздік техникасының талаптары бойынша қоршау бар.
Дефектоскоптар.Компрессорлардың бөлшектеріндегі ықтималсызаттар дефектоскоптардың үш түрі арқылы оларды жөндеу кезінде айқындалады. Үстелге қоятын дефектоскоп ұсақ бөлшектердің дефектоскопиясы кезінде; ершік тәрізді – тексерілетін бетінің әр түрлі шығыңқылары бар, дөңгелек дефектоскоптарды қолдануды қиындататын бөлшектердің дефектоскопиясы кезінде қолданылады. Ондай бөлшектерге иінді біліктердің ішкі мойындары жатады. Дөңгелек дефектоскоптар ашық контурлары бар барлық бөлшектерінің (шетмойындар, біліктер, соташықтар, бұлғақтар) дефектоскопиясы кезінде пайдаланылады. Дефектоскоптардың осы типтерінен басқа сондай-ақ ультрадыбыстық қолданылады.
2.2-сур. Компрессорларды жөндеусіз автоматты цехтың жоспары:
1- түсетін жабдықтарға арналған үстел, 2 – дефектировкаға арналған үстел, 3 – жабдықтарды тазартуға арналған ванна, 4 – жабдықтарды тексеруге арналған шеберүстел, 5 – жүк көтергіштігі 1 т кран-арқалық, 6 – жабдықтарды бөлшектеуге арналған үстел, 7 – жабдықтарды құрастыруға арналған үстел, 8 – крандарды жөндеуге арналған үстел, 9 – тежегіш аспаптарды сынауға арналған станция, 10 – бояуға арналған үстел, 11 – слесарлық шеберүстел, 12 – ысқылау білдегі, 13 – тігінен-бұрғылау білдегі, 14 – сыдыра ажарлағыш білдек, 15 – құбыржеңдерді баспақтауға арналған баспақ, 16 – құбыржеңдердің гидравликалық сынақтарына арналған ванна, 17