Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 437

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ауаның анағұрлым жоғары қысымы кезінде тежегіш цилиндрлерде көмекші тежегіштің құбыр жолына байланысты 1,8-2,3 кгс/см² кезінде түйіспелердің ажырауына бапталған қысым релесінің белгіші РДТ2 арқылы ЭТ автоматты ажырату болады. Көмекші тежегіш кранымен тежелуді қабылдау 2,3 кгс/см² дейін тежегіш цилиндрлерде қысымды шектеумен электрлік тежегіштің әдеттегі тежелуі кезінде мүмкін.
ТЭП70БС тепловозына регенерацияның қыздырусыз циклымен автоматты қысқа циклдық бір адсорберлік қондырғы орнатылды, ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:


44

  1. ылғалдың түсуін болдырмайды, пневматикалық жүйенің элементтерінде +50 бастап -500С дейін ауаның жұмыс қысымы кезінде қоршаған ауаның температуралар диапазонында;




  1. қолданылатын адсорбент — КСКГ маркалы силикагельдің сопақ, сферикалық немесе дұрыс емес пішінді өлшемі 3-7 мм шыны тәрізді мөлдік немесе күңгірт дән түрі бар;




  1. ауаны кептіру оны компрессормен қысып толтыру процесінде болады;




  1. адсорбенттің регенерациясы жұмыс істемейтін компрессор кезінде, басты резервуарларда 8,0 бастап 7,5 кгс/см² дейін қысымның өзгеруі болған кезде, яғни ауаны қысып толтыруға компрессорды қосу кезіне дейін болады;




  1. регенерацияға ауаның шығыны кептірілген ауаның жалпы көлемінің 8-10% құрайды. Схематикалық бейне СПСВ жеке блокқа бөлінген пневматикалық схемада көрсетілді.

Әрекет қағидаты СПСВ мынаны білдіреді. Компрессормен КМ1 қысып толтырылатын сығылған ауа ұзындығы шамамен 12 м салқындату құбыр жолы арқылы өтеді және айырғыш-кептіргішке СО1 түседі.
Айырғыш-кептіргіштен кептірілген ауа екі кері клапан КО7 және КО8 арқылы басты резервуарларға және әрі қарай тұтынушыларға түседі. Компрессормен қысып толтырылатын қысымның 9,0±0,2 кгс/см² жетуі кезінде ажыратуға қысым реттегіші ЗРД (РЕГД1) іске қосылады және пневмоэлектрлік релеге ДЕM l02-1-02-22 (РДК) ауаны өткізеді, ол іске қосылады және электрлік сигналды компрессорды өшіруге береді.
Бір уақытта ауа РЕГД1-ден 8,8 кгс/см² қысым кезінде қосуға және 8,0 кгс/см² ажыратуға бапталған пневматикалық релеге ДЕМ 102-1-02-2 (РДСО) және ВСО шұраға клапанның К8 піспегі арқылы түседі. Клапан К8 ашылады және айырғыш-кептіргіштен және салқындату құбыр жолынан ауа (конденсацияланған ылғал мен май) ашық ажыратылған кран КН15, диаметрі 8 мм дроссель ДР2 бірден атмосфераға жойылады. Дроссель шығару шуын азайту мақсатында орнатылды.

Сол уақытта реле РДСО ВСО электр-пневматикалық шұрасын қосуға (шұра шарғысына кернеу беріледі) электрлік сигнал береді, ол ауаның өтуін жабады.

Адсорбенттің регенерациясы басты резервуарлардан кептірілген ауаны ол арқылы үрлеу есебінен қоректендіру магистралінде ауаның қысымы 8,0±0,2 кгс/см² дейін төмендегеннен кейін басталады. Бұл ретте қысым РДСО ажыратуға іске қосылады, шұра ВСО ашылады және басты резервуарлардан ауа реттегіш РЕГД1, шұра ВСО, кері клапан КО1, диаметрі 1,4 мм дроссель ДР1 арқылы айырғыш-кептіргішке С01 түседі. Диаметрі 1,4

  • дроссель ДР1 стендтік сынақтар СПСВ кезінде таңдалды, өйткені бұл ретте сығылған ауаның ең төменгі шығынымен ауаны кептірудің сапасы қамтамасыз етіледі.


Айырғыш-кептіргіш арқылы өтіп, ауа адсорбентті регенерациялайды (ылғалды іріктейді) және әрі қарай ашық клапан К8 арқылы атмосфераға


45

жойылады. Жұмыс істемейтін компрессор кезінде клапан К8 тұрақты ашық болып қалады. Регенерация компрессорды қосу кезіне дейін, яғни 8,0 бастап 7,5 кгс/см² дейін қысымның түсуі уақыты кезінде жалғасады.
Регенерация циклы уақытының ұзақтығы қажеттілік кезінде РДСО релені тіиісті баптау есебінен өзгертілуі мүмкін. Қоректендіру магистралінде ауа қысымының 7,5±0,2 кгс/см² белгіленген шектен төмен ауа қысының азаюы кезінде қысым реттегіші РЕГД1 атмосферамен өзінің шығыс арнасын және желісінде РДК, РДСО және К8 орнатылған құбыр жолын қатынастырады. Осының салдарынан атмосферамен айырғыш-кептіргішті ажыратып, клапан К8 жабылады, сондай-ақ компрессорды қосуға электрлік сигнал беретін РДК релені қосуға іске қосылады.
Құбыр жолы СПСВ компрессордан басты резервуарларға бір уақытта айырғыш-кептіргіш арқылы және ажыратылған кранмен КН25 айналма магистраль бойынша ауаны өткізуді қарастырады. Кран КН25 ерекше жағдайларда ашылады. СПСВ қалыпты жұмысы кезінде кран КН15 ашық, ал кран КН25 жабық. Айырғыш-кептіргішті СО1 мерзімді үрлеусіз КН15 жабық кранмен СПСВ ұзақ жұмысы айырғыш-кептіргішке суды жинауға алып келеді, ол адсорбенттің бұзылуына және СПСВ кептіретін қабілеттің жоғалуына әкеп соғады.
СПСВ қалыпты жұмысы үшін пневматикалық және пневмоэлектрлік аспаптарды баптаудың параметрлерін қамтамасыз ету қажет, яғни:


  1. компрессорды қосу және ажырату, үрлеу клапанын К8 жабу және ашу 7,5 және 9,0±0,2 кгс/см² тиісінше РЕГД1 (ЗРД) реттегішті баптаумен айқындалады;




  1. РДСО реле 8,0± 0,2 қысым кезінде түйіспелердің ажыратылуына және 8,8 ±0,2 кгс/см² кезінде түйіспелердің тұйықталуына бапталады, бұл ретте РЕГД1 реттегіштің осы баптау шамасы 9,0 ± 0,2 кгс/см²;





  1. РДК реле РЕГД1 бапталғанға төмен параметрлерге қарағанда, 8,0±0,2 кгс/см² кезінде түйіспелердің ажыратылуына және 5,5±0.2 кгс/см² кезінде түйіспелердің тұйықталуына бапталады, ол РГД1 іске қосылуы кезінде компрессорды өшіруге және қосуға кепілдік береді.


СКД6Е тепловозының автоматты,көмекші(автоматты емес)және қолтежегіші бар.

СКД6Е тепловозы тежегішінің пневматикалық жүйесінің айрықшаерекшелігі шеткі құбыржеңдерді ажырату кезінде автоматты тежелуді қамтамасыз ету болып табылады. Разрядтаудан кейін (ауаны шығарудан кейін) «Жүк» режимге ауыстырып-қосу кезінде жылыстау кезінде толықтыру ТМ жүргізбейді. «Жолаушыларға» ауыстырып-қосу кезінде машинист кранында кез келген тежегіш жағдайлар кезінде ТМ-да қоректендірумен
орындалады. СКД6Е тепловозға екі автономды компрессор (NPT-5) орнатылды, ол әрқайсысының көлемі 500 литрден екі параллельді қосылған басты резервуарларда сығылған ауаны қысып толтырады. Басты резервуарлар конденсатты жою үшін түсіру клапандарымен жабдықталған.

46

Сығылған ауа арынды құбыр арқылы NPT-5-пен аралық салқындатқышпен салқындатылады. Салқындатқышта конденсатты жою үшін ағызу краны бар. Кері клапан МВО (ылғал бөлгіш майы) және СОВ ( ауаны кептіру жүйесі) дейін құбыр жолында орнатылды. Жарамды жұмыс істейтін СОВ кезінде бірінші кран МВО кейін ашық және СОВ шығарудан кейін екінші кран ашық, СОВ кері үшінші кран жабық болуға тиіс. СОВ ақаулығы кезінде бірінші, екінші крандар жабық, үшінші кран ашық болуға тиіс . Компрессор мен МВО және СОВ арасындағы арынды құбыр жолында 4,4 Ат қысымға реттелген NTP-00-75 сақтандырғыш клапан орнатылды.
ES44ACi сериялы GE тепловоздары Fastbrakeэлектрондыпневматикалық тежегіш жүйесімен жабдықталған. Жүйе мынадай элементтерден тұрады: бұрамалы компрессор, басты резервуарлар, резервуарлардың дренажды клапандары, ауа кептіргіш; пневматикалық басқару модулі; машинист тұтқаларының блогы; белгіш.
Ауа компрессордан қысып толтырылатын ауа №1 (MR№1) басты резервуарға түседі. MR№1-ден шығыста ауа ағындары бөлінеді: ауаның бір ағыны J1 сақтандырғыш клапанға жүреді, екінші ауа кептіргіші арқылы өтеді, үшінші MR1 белгішіне жүреді. Л сақтандырғыш клапан MR№1 резервуарынан кейін орналасқан жабдық қорғайды. MR1 белгіші басты резервуарларда қысымды басқару үшін кері байланыс контурында пайдаланылады. Ауа ауа кептіргішінен кейін диаметрі 0,312 дюйм қайта өткізу арнасымен 2 дюймдік кері клапан арқылы өтеді. Бұдан кейін осы ауа локомотивтің төрт бұрышында (MRE ауа қосылыстары ) орналасқан басты резервуардың шығару келтеқұбырына бағытталады және №2 (MR№2) басты резервуарға 2 дюймдік кері клапан арқылы түседі. Әрбір MR резервуары дренажды клапанмен жабдықталған, ол ауа компрессорының «қосу/өшіру» әрбір циклы кезінде ылғалды жою үшін ашылады. Осы дренажды клапандар компрессор үстіндегі бөлікте орналасқан DVMV клапанын автоматты басқарылады. (Дренажды клапандар «автоматты» режимде ылғалды жою үшін ашылады немесе оларды берілген функцияны орындамайтын кезде «off» («Өшіру») жағдайына бұруға болады). Локомотивтің қалыпты жұмысы резервуарлардан ылғалды жою үшін «авто» режимінде жұмыс болып табылады.



  • 1 басты резервуардан қуып толтырылатын ауада ауа кептіргішінен кейін басқа жол болады. Бұл көмекші ауа ағыны. Онда клапанға дейін ауаны шығару үшін тиекті клапан, егер жұмысты орындау қажет болса, және лай мен ылғалды әрі қарай жою үшін кіріктірілген сүзгі бар. Көмекші ауа ағыны бұл ауа, ол гудоктың электр-магнитті клапанын, шыны тазартқыштың пневмомоторын, құмды берудің электр-магнитті клапандарын және DVMV клапанын қоректендіреді.

Платформадан келетін ауа құбырлары тежегіш бөлімдегі пневматикалық басқару модуліне кірістерге қосылған. Пневмобасқару модулінде электронды клапандар локомотив пен вагондардың тежелуін басқарады. MR


47

резервуардан ауа POU модулінің MR1, MR2 кірістеріне түседі.

POU блогы, немесе пневматикалық басқару модулі, локомотивтің А жағынан тежегіш бөлімде орналастырылды. Модуль тежегіш магистральдың құбыр жолдарындағы қысымды реттеу үшін басқарушы компоненттерден (электрлік, пневматикалық, механикалық және электронды) тұрады. POU модулі оған ауа құбырларын және локомотивтің электрлік өткізімдеріне қосу үшін орталық құрылғы болып табылады.
Тежегіш магистральді басқару торабы CUT-IN толық бақылау режимінде автоматты тежегіштерді активациялау кезінде тежегіш магистральға қысымды басқару үшін арналады, SDIS арқылы автоматты тежегішті қолданудың CUT-IN/CUT-OUT толық/ішінара бақылау режимдерін баптауға мүмкіндік береді және тежегіш магистральді жедел разрядтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
МС-13 басқару клапаны резервті болып табылады және электрмен қоректендіру толығымен жоқ, компьютерлер бас тартқан кезіндегі жағдайларда тежелуді жүргізуге мүмкіндік береді, локомотив поездың тіркесуіндегі немесе құрамындағы жұмыс емес (суық) жай-күйінде айдалады.
Жылдам іске қосылу клапанының торабы автоматты тежегіш жұмысының кез келген режимінде тежегіш цилиндрлердегі тиісті қысымды қамтамасыз етеді.
Тежегіш цилиндрлерді басқару торабы тежегіш цилиндрлерге №2 басты резервуардан ауаның түсуін басқаруды және тежелу мен жіберудің барлық режимдерінде атмосфераға тежегіш цилиндрлерден ауа шығаруды қамтамасыз етеді.
Сүйреу торабы жұмыс емес (суық) жай-күйінде толығымен жұмыс істемейтін локомотивті айдау кезінде пайдаланылады. Бұл торап тіркесу құрамында жүретін тоқтатылған дизельмен локомотивке әрекет ететін тіркесу локомотивтерімен бірге тежелуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қоректендіру блогы FastBrakeт контроллерінің логикалық тізбектері және электр-магнитті клапандар драйверлері тізбектері үшін резервтелетін электрмен қоректендіруді қамтамасыз етеді және тұрақты токтың 74 В кернеуімен екі бөлек қоректендіру блогын ұсынады. Қоректендіру блогы арнайы автоматты ажыратқыш арқылы және поездық магистраль арқылы локомотивтің екі аккумуляторлық батареядан тұрақты токтың 74 В кернеу алады.

POU-ға кіріс деректер машинистің тұтқалар блогынан (CHU) түседі. CHU блогы POU модуліне электрлік қосылыстардан , сондай-ақ машинист консолына орнатылған блоктың жоғарғы бөлігіндегі екі тежегіш тұтқадан тұрады . Сол жақ қызыл тұтқа – бұл автоматты тежегішті басқару, оң жақ қара тұтқа – бұл көмекші тежегішті басқару.

Басқа сөзбен алғанда, автоматты тұтқа тіркесудегі барлық локомотивтерде және вагондарда ауа тежелуін қолдануды және жіберуді басқарады. Көмекші тұтқа локомотивтерді ғана басқарады. Егер локомотив


48

LEAD/CUT-IN (жетекші, толық бақылау) ретінде бапталса, онда автоматты тежегіш тұтқасы арқылы құрамның автоматты да және жедел тежелуі де ықтимал [1].