Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 434
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Машинист кабиналарында автоматты тежегіштерді басқару үшін № 395-4 (КН 32 және КН ЗЗ) машинист крандары, № 254- 1 (КН 34 және КН 35) көмекші тежегіш крандары, №367 (АБТ) тежегіштерді бұғаттау құрылғысы, №150И (ЭПКА) автостоптың электр-пневматикалық клапаны орнатылды.
39
Тежегіштердің бұғаттау құрылғысы арқылы: ПМ қоректендіру және ТМ тежегіш магистральдарымен кран, қоректендіру магистарлімен көмекші тежегіш краны №Э-114 сүзгі (Ф1 және Ф4) және көмекші тежегіш магистралі арқылы қатынасады. Машинистің әрекет ететін кабинасында құрама кранның тұтқасы тігінен орнатылуға тиіс, ал бұғаттау құрылғысының алынбалы тұтқасы тірелгенше төменге бұралған. Локомотивке бұғаттау құрылғысының бір алынбалы тұтқасы беріледі. Машинист краны көлемі 20 литр теңдеуші резервуармен (РС6 және РС7) қатынасады . Теңдеуші резервуардағы қысымды қадағалау үшін бір тілді манометрлер МП-1(10) (МН5 және МН6) бар.
Тежегіш және қоректендіру магистраліндегі қысым басқару пультінде екі тілді МП2-1.6 (16) (МН1 және МН4) манометр бойынша бақыланады.
Тежегіш жағдайлардың біреуіне ІІ жағдайдан көмекші тежегіш кранының тұтқасын аудару кезінде ауа қоректендіру магистралінен бұғаттау құрылғысы АБТ, сүзгі Ф1, көмекші тежегіш краны №254, бұғаттау құрылғысы, көмекші тежегіш магистралі, ауыстырып- қосқыш клапан ЗПК (К5) арқылы № 404 (РД1 және РД2) қысым релесін басқару камерасына түседі. Тежелуге іске қосылып, қысым релесі көмекші тежегіштің кранымен берілген қысымға дейін бірінші және екінші арбаның тежегіш цилиндрлерінің құбыр жолдарына көлемі 78 литрден (РСЗ және РС4) қосалқы резервуарлардан ауаны қайта жібереді.
Көмекші тежегіш кранының тұтқасын қысым релесінің қуысын жіберу жағдайына орнату кезінде атмосферамен қатынасады және қысым релесі тежегіш цилиндрлердің құбыр жолынан ауаны атмосфераға шығарады.
Машинист кабиналарында орнатылған автостоптың электр-пневматикалық клапаны (ЭПКА) автоматты локомотивтік сигнализациямен бірге тыйым салатын сигналдардың өтуінің алдын алады, рұқсат етілгеннен артатын жылдамдықты тоқтатады немесе төмендетеді, сондай- ақ машинистің қырағылығын тексерудің электрлік тізбегінде іске қосылады. Тежегіш және қоректендіру магистральдарымен ЭПКА суық жай-күйінде тепловоздың қозғалысы кезінде ғана жабылатын крандар (КН7, КН8, КН24, КН26) арқылы қатынасады.
Тежегіш магистральді зарядтау кезінде қоректендіру магистралінен ауа тежегіштерді бұғаттау құрылғысы, жұмыс кабинасының машинист краны (кранның тұтқасы І жағдайда) арқылы тежегіш магистральға, сондай-ақ №150И (ЭПКА) автостоп клапанына № 377 (КН24 және КН26) ажыратылған кран арқылы, №292М (ВР1) ауа таратқышқа және №305-000 (ВЭ1) электр-ауа таратқышқа № 377 (КН28) ажыратылған кран. Ауа таратқыштар сыйымдылығы 78 л қосалқы резервуарды РС5 зарядтайды.
Қоректендіру магистралінен ауа № 379 (КН19 және КН20) ажыратылған крандар, № 348 (РЕД1 және РЕД2) редукторлар, № Э175 (КО2 және КО4) кері клапандар арқылы қоректендіру магистралінің үзілуі жағдайында сығылған ауаның қажетті қорын қамтамасыз ететін қосалқы резервуарларға
40
РСЗ және РС4 түседі. Тепловоздың әрбір арбасына өзінің қосалқы резервуары қарастырылған. Ол РЕД1 және РЕД2 редукторларды реттеу есебінен қамтамасыз етілетін қысымы 6,0 кгс/см² ауамен зарядталады.
Тепловоз электр-пневматикалық тежегішпен жабдықталды, оны қолдану жолаушылар поездарының тежегіш құралдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электр-пневматикалық тежегіш поезға итермелердің туындауы қаупінсіз бір қабылдауға толық тежелуді жүргізуге, ал жылдамдық төмендеген кезде поездың қозғалыс жылдамдығын икемді реттеуге мүмкіндік беретін тез әсер ететін сатылы жіберуді қолдануға және тежегіш цилиндрлерді толтыру уақытын анағұрлым үдетуге мүмкіндік беретін поездың барлығында тежегіштердің бір уақытта әрекет етуі есебінен тежегіш жолын қысқартуға мүмкіндік береді.
Тепловозға электр-пневматикалық тежегіштің мынадай құрылғылары орнатылады: машинист контроллерлері (түйіспелі құрылғылармен және сүңгімелі қосылыстармен) электр-пневматикалық тежегіштермен электрлік басқару үшін қызмет етеді; № 395-4 машинист краны үш түйіспелі құрылғылары бар контроллермен жабдықталады; ПТ-ЭПТ-11ОУ2 түрлендіргіш ; № 369А (РУК9, РУК10) электр-түйіспемен шеткіқұбыржеңдер.
Электр-пневматикалық тежегішті басқару жүйесі тұрақты токпен, ал электрлік тізбектер жай-күйін бақылау - айнымалы токпен, жиілікпен 625 Гц қоректенеді.
Тежелу және жіберу процестері электр-ауа таратқыштың ПЭжабылығы мен ТЭ тежелудің электр-магнитті шұраларымен жүзеге асырылады. ТЭ белгілі полярлықтың тұрақты тогын басқару тізбегінде болуы кезінде ғана қозады («плюс» жұмыс сымында). Қозудың кері полярлығы кезінде селендік түзеткі ВС кедергі жасайды.
Автоматты ажыратқыштар машинист пультінде орнатылды. Ажыратқыш A8I8 түрлендіргішті ПТ қоректендіруді қосу және оны қорғау үшін қызмет етеді.
Электрлік схеманың барлық құрамның жанында салынған екі сызықтық сымы бар: электр-ауа таратқыштар әрекетін басқару үшін қызмет ететін жұмыс сымы және бақылау сымы – басқару тізбегінің жай-күйі туралы машинистке сигнализациялау үшін. Минустық кері сым ретінде рельстер пайдаланылады.
Тепловоздың тежегішін жіберу үшін пультте батырма бар.Батырманыбасу кезінде қоректендіру тізбегі ЭВР ажыратылады және оның электр-магниттері локомотивтік тежегішті ғана жіберуді жүргізіп, токсыздандырылады.
Машинист машинстің № 395-4 (КН32, КНЗЗ) поезд кранымен немесе № 254 (КН34, КН35) локомотивтің көмекші тежегішінің кранымен тежелуді және жіберуді жүргізеді.
41
Тежегіш жағдайға машинист кранының тұтқасын аудару кезінде тежегіш магистральді разрядтау жүргізіледі, бұл ретте тежелуге ауа таратқыш (ВР1) іске қосылады және қосалқы резервуардан РС5 ауа ауыстырып-қосқыш клапан ЗПК (К4), электр-пневматикалық шұра ВТ1, кран КН12 және ауыстырып-қосөыш клапан ЗПК (К5) арқылы қысым релесін № 404 (РД1 және РД2) басқару камерасына түседі.
Қысым релесі тежелуге іске қосылады және тежегіш цилиндрлері ТЦ1-ТЦ12 толтырылады. Тежелудің тиімділігі тежегіш магистралін разрядтау дәрежесіне байланысты. Ауа релеге РСЗ және РС4 қосалқы резервуарлардан түседі. Резервуарларды ауамен толықтыру қоректендіру магистралімен қосылған редукторлармен РЕД1 және РЕД2 жүргізіледі.
Тепловоздың суық жай-күйінде жүру кезінде тежегіш цилиндрлер менқосалқы резервуарларды PC3 және РС4 қоректендіру басты резервуардан PC2 болады, олар бұл жағдайда кері клапан КОЗ арқылы теженіш магистральмен қосылады, бұл ретте ажыратылған кран КН18 клапанның алдында ашылуға, ал басты резервуарлар арасындағы ажыратылған денелі кран КН27 жабылуға тиіс. Желіде ауа таратқыштан қысым релесіне сыйымдылығы 20 л резервуар РС8 орнатылды. Ол 5,0±0,2 кгс/см² тежегіш магистральдағы зарядтау қысымы кезінде 3,8-4,0 кгс/см² қысыммен тежегіш цилиндрлерде қамтамасыз ету үшін арналады және тежегіш цилиндрлердің «жалған» функцияларын орындайды. Резервуар РС8 болмаған кезде құбыр жолдарының кем көлеміне байланысты тежегіш цилиндрлерде қысымның жоғарылауы болады.
Автоматты тежегішті жіберу І және ІІ жағдайда машинисткранының тұтқасын тоқтату кезінде зарядтауға дейін тежегіш магистральдағы қысымның жоғарылауынан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте тежегішті жіберуге ауа таратқышының іске қосылуы болады және қысым релесінің басқару камерасынан РД1, РД2 және резервуардан РС8 ауа атмосфераға шығарылады. Бір уақытта қысым релесі арқылы атмосфераға тежегіш цилиндрлерден ауаны шығару болады.
Тепловоз тежегіштерін жіберу немесе тежегіш цилиндрлерде қысымның төмендеуі үшін кабиналарда шығару клапандары №31Б (К1 және К2) бар. Клапандар құбыр жолымен қысым релесін басқару камераларымен қосылды. Электр-пневматикалық тежегіштерде жұмыс істеу кезінде тепловоздың тежегіштерін жіберу басқару пультінде орнатылған батырмалы үзгішпен жүргізілуі мүмкін.
Тежегіш схемасымен, тежегіш жүйесінің ең үлкен тиімділігіне жету мақсатында жоғары жылдамдықтар кезінде тежегіш қалыптарды қос сатылы басу қарастырылған: 1-саты – машинист кранының немесе көмекші тежегіш кранының қызметтік тежелуі кезінде тежегіш цилиндрлердегі ауаның қысымы 3,8 - 4,0 кгс/см² құрайды; 2-саты – машинист кранының жедел тежелуі немесе 60 км/сағ анағұрлым қозғалыс жылдамдығымен қандай да бір себептер бойынша тежегіш магистральда разрядтау және ажыратылған
42
ЭТ кезінде ғана тежегіш цилиндрлердегі ауаның қысымы 6,0 кгс/см² құрайды.
Басудың екінші сатысын қосу электр-пневматикалық шұрамен ВТЗ жүргізіледі. Бұл ретте шұраның шарғысына қысым релесінің белгіші ДЕМ102-1-02-2 (РДТ4) командасы бойынша кернеу беріледі. Белгіш түйіспелері РДТ4 4,0 кгс/см² төмен тежегіш магистральда ауа қысымының азаюы кезінде тұйықталады. Бір уақытта бұл ретте электрлік схемада кемінде 60 км/сағ қозғалыс жылдамдығы кезінде ажыратылатын жылдамдық өлшеуіші түйіспелері іске қосылды.
Тежегіш цилиндрлерге қысымы 6,0 кгс/см² ауа реледен РД1 және РД2 түседі, олардың басқарушы қуыстары редуктор РЕД1 арқылы 6,0 кгс/см² қысыммен зарядталған қосалқы резервуардан РСЗ ауа ажыратылған кран КН10, электр-пневматикалық шұра ВТЗ, ауыстырып-қосқыш клапандар ЗПК (КЗ және К4), электр-пневматикалық шұра ВТ1, ажыратылған кран КН12 және ауыстырып-қосқыш клапан К5 арқылы түседі.
Электрлік тежегішті басқару схемасы пневматикалық тежегіш жүйесімен бірге мыналарды қамтамасыз етеді:
1)басқару органының біреуі арқылы электрлік тежегішті (ЭТ) қосу және өшіру мүмкіндігі : электртежегіштің тежегіш контроллері (КМЭТ); поездық машинист краны (КМТ) КМЭТ тұтқаның нөлдік жағдайы кезінде. Бұл ретте ЭТ қосу машинист контроллерінің басты тұтқасының кез келген жағдайы кезінде, соның ішінде жүріс позицияларында мүмкін. Соңғы жағдайда тартымдық схеманы автоматты бөлшектеу қамтамасыз етіледі;
2)КМТ жедел тежелуі кезінде толық тиімділікке ЭТ автоматты қосу.
ЭТ автоматты ажырату мынадай жағдайларда болады:
-
пневматикалық тежелуге өтумен 15-30 км/сағ дейін жылдамдық төмендеген кезде; егер көмекші тежегіш магистраліндегі ауаның қысымы 2,3 кгс/см² жоғарыласа, көмекші тежегіш кранымен тежелу кезінде;
-
ақаулыққа немесе қорғаныштардың іске қосылуына байланысты ЭТ өшіру немесе қоспау кезінде тепловоздың пневматикалық тежегішін автоматты қосу.
Тежегіш схемасымен көбінесе тепловоздың электрлік және пневматикалық тежелуін бөлек қосу қарастырылды. ЭТ пайдалану машинист пультінде және жоғары вольтті камераның қабырғасында орналасқан «Электрлік тежегіш» ажыратқыштарын қосқаннан кейін мүмкін.
Поездық машинист кранымен қызметтік тежелу кезінде ЭТ ауа
таратқыштардың ВЭ1 немесе ВР1 тежелуіне іске қосылғаннан кейін туындайтын 0,3-0,4 кгс/см² тежелудің ең төменгі қысымының әсерімен ауа таратқыштан кейін ауа құбырына орнатылған қысым белгіші РДТ1 (№ 352А тежегіштерді жіберу сигналдаушысы) арқылы 15-30 км/сағ жоғары жылдамдық кезінде автоматты қосылады.
ЭТ қосу кезінде бір уақытта электр блоктық шұра ВТ1 (шұраға кернеу беріледі) арқылы тепловоздың пневматикалық немесе электр-пневматикалық
43
тежегіші автоматты түрде өшіріледі, ол ауа таратқыштан қысым релесіне РД1 және РД2 ауаны беруді жабады және релені басқару камерасынан ауаны шығарады, осылайша тежегіш цилиндрлерді атмосферамен қатынастырады. ЭТ тиімділігі басқару пультінде орнатылған тежегіш күштің ауыстырып-қосқышын (ТКА) орнатумен айқындалады.
Жылдамдықтың 30-15 км/сағ дейін төмендеуі немесе ЭТ қорғанышының іске қосылуы кезінде автоматты өшіріледі , бұғаттау шұрасы ВТ1 ашылады және, егер ЭТ қосу машинист кранымен жүргізілсе, машинист кранымен берілген тиімділікпен ауа таратқыштан пневматикалық тежелуге өту болады.
Тепловозда ПТС арқылы тежегіш күшті қосымша реттеумен тежегіш контроллер тұтқасынан ЭТ қосу сондай- ақ қарастырылған. Бұл жағдайда 30-15 км/сағ дейін жылдамдықтың азаюы немесе қорғаныштың іске қосылуы кезінде ЭТ өшіріледі. Бұл ретте электр- пневматикалық шұра ВТ2 ашылады. Шұрадан ВТ2 ауа ауыстырып-қосқыш клапан КЗ және К4, ашық электр-блоктық шұра ВТ1, ажыратылған кран КН12, ауыстырып -қосу клапан К5 арқылы 1,8-2,0 кгс/см² қысыммен РД1 және РД2 қысым релесін басқару камераларына, ал реледен - тежегіш цилиндрлерге түседі, тепловоздың электрлік тежелуін пневматикалыққа автоматты ауыстыру болады.
Электр-пневматикалық шұраға ВТ2 ауа редуктор РЕД3 № 348 арқылы түседі, ол 1,8-2,0 кгс/см² қысымға реттеледі. ВТ2 өшіру үшін ажыратылған кран КН11 бар.
Шұра шарғысынан ВТ2 нөлдік жағдайға тежегіш контроллер тұтқасын аудару кезінде кернеу алынады, шұра атмосферамен қысым релесінің басқарушы қуыстарын қатынастырып, тежегіш цилиндрлерден ауаны атмосфераға шығаруды жүзеге асырып, жабылады.
Жедел тежелу режимінде машинист кранының тұтқасы VI жағдайға аударылады, бұл ретте белгіш РДТЗ түйіспелердің тұйықталуына іске қосылады, ол 3,0 кгс/см² дейін тежегіш магистральдағы қысымның түсуі кезінде болады. Бұл ретте шұраны ВТ1 пневматикалық тежегішті бір уақытта бұғаттаумен ең жоғарғы тежегіш күшті шектеумен шекті сипаттамаларды қамтамасыз ететін схема бойынша электрлік тежегіштің тізбегін құрастыру болады.