Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 433

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


СОВ жүйесінің адсорбциялық қондырғысының ақаулығы жағдайында ажыратылған кран 9(4) ашылады, ал ажыратылған крандар 9(3) және 9(5) жабады. Бұл ретте сығылған ауа компрессордан 29 басты резервуарларға 22(1)-22(4) тікелей түсуі мүмкін. Штатты жағдайда ажыратылған кран 9(4) жабылуға, ал ажыратылған крандар 9(3) және 9(5) ашылуға тиіс.
Басты резервуарларда 14(2)-14(5) орналасқан үрлеудің үш жүрісті крандары қолмен де және автоматты түрде де ВСК1-ВСК4 басты резервуарлардан конденсатты шығару шұралары арқылы басты резервуарларды 22(1)-22(4) үрлеуді орындауға мүмкіндік береді. ВСК1-ВСК4 шұраға басты резеруарларды үрлеу командасы ББДМЖ тепловозды бақылау, басқарудың және диагностикалаудың микропроцессорлық жүйесімен беріледі (яғни осы жүйе компрессордың 29 электр қозғалтқышын әрбір қосу және өшіру кезінде 0,5 с ішінде ВСК1-ВСК4 шұрасына қоректендіруді береді). Үш жүрісті крандармен 14(2)-14(5) ВСК1-ВСК4 шұралардың өздігінен үрлеу жағдайында осы шұраларды өшіру мүмкін емес.

Тежегіш магистральді зарядтау.Машинист кранының17І немесе ІІтұтқасының жағдайы кезінде жүзеге асырылады. Тұтқа І немесе ІІ жағдайда орнатылған кезде, теңдеуші резервуар 2(2) зарядталады және сығылған ауа манометрлерге 36(1) және 36(2) келеді.
Бұдан басқа, машинист краны 17, тежегіштерді 19 бұғаттау құрылғысының құрама краны арқылы ПМ қоректендіру магистралінен ауа манометрлерге 12(1) және 12(2) және әрі қарай — тежегіш магистральға ТМ, сондай-ақ шеткі крандарға 20(2), 20(5) және құбыржеңдерге 21 (2), 21(5) түседі .


33

Тежегіш магистральдан ауа мыналарға түседі:

- ажыратылған кран 9(1) арқылы - автостоптың 8 электр-пневматикалық клапанға;

  • ажыратылған кран 7(5) – тежелу клапанына 41;

  • «суық» жүрудің ажыратылған кранына 7(3);

  • ажыратылған кран 23(1), ауа таратқыш 5 арқылы - қосалқы резервуарға 2(1);




  • SP2 қысымның реле белгішіне.


Машинист кранының тежелуі.Машинист кранының17тежелудіорындауы кезінде, тежегіш магистральда ТМ қысымның төмендеуі болады. Бұл ретте ауа таратқыш 5 тежелуге іске қосылады, және әрі қарай мынадай процестер болады:


  • сығылған ауа қосалқы резервуардан 2(1) ауа таратқыш 5 арқылы импульсті магистральға (ИМ) түседі;




  • импульсті магистральдан сығылған ауа ажыратылған кран 7(4) тежелу клапанына 41 (клапан жабық, өйткені тежегіш магистраль 2,5 кгс/см2 жоғары қысыммен зарядталады) келеді, сондай-ақ қосымша резервуарды 1 толтырады және көмекші тежегіштің кранына 13(2) түседі.



Көмекші тежегіштің краны 13(2) қайталауыш ретінде іске қосылады және қоректендіру магистралінен ПМ сығылған ауаны көмекші тежегіш краны 13(2), ауыстырып-қосқыш клапан 18(1), тежегіштерді бұғаттау құрылғысы 19 - ДВГС, SP1, SP4 қысымның реле белгіштеріне және көмекші тежегіш магистраліне (МВТ) өткізеді. Осы магистральдан сығылған ауа мыналарға өтеді:


  • шеткі кранға 20(6) және құбыржеңге 21(6);

  • ауыстырып-қосқыш клапанға 18(2) және әрі қарай – қысым релесінің басқарушы қысымына 24(2) және қолмен шығару клапанына 47.


Бұл ретте қысым релесі 24(2) іске қосылады және ауа резервуарынан 25(2) қысым релесінің тежегіш қуысы 24(2), пневмомодуль ПМ2, ажыратылған крандар 23(2) және 23(3), құбыржеңдер 35(5) - 35(8) арқылы – екінші төрт осьтік арбаның ТЦ5-ТЦ8 тежегіш цилиндрлеріне сығылған ауаның өту жолын ашады.
Бұдан басқа, сығылған ауа қысым релесінің басқарушы қуысына 24(1) түседі. Бұл реле іске қосылады және ауа резервуарынан 25(2) қысым релесінің тежегіш қуысы 24(1), пневмомодуль ПМ1, ажыратылған крандар 23(4) және 23(5), құбыржеңдер 35(1) - 35(4) арқылы – бірінші төрт осьтік арбаның ТЦ1-ТЦ4 тежегіш цилиндрлеріне сығылған ауаның өту жолын ашады. Тежегіш цилиндрлердегі қысымды бақылау манометрлер 36(3) және 36(4) бойынша жүзеге асырылады.
Машинист кранының автотежегішін жіберу.Машинист краны17
тұтқасының автотежегішін жіберу үшін І немесе ІІ жағдайға орналастырады. Нәтижесінде қоректендіру магистралінен ПМ ауа машинист краны 17 арқылы онда қысымды арттырып, тежегіш магистральға ТМ түседі.

34

Ауа таратқыш 5 жіберуге іске қосылады және пневматикалық схемада өзгерістерді жүзеге асырады, атап айтқанда, мыналарға қатынасады:


  • тежегіш магистральға ТМ – оны зарядтауды жүзеге асырып, қосалқы резервуармен 2(1);




  • импульсті (ИМ) - атмосферамен.

Сөйтіп , атмосферамен импульсті магистральді (ИМ) қатынасы нәтижесінде сығылған ауа көмекші тежегіш кранынан 13(2), қосымша резервуардан 1 және тежелу клапанынан 41 ажыратылған кран 7(4), ауа таратқыш 5 арқылы атмосфераға шығады.

Бұл ретте көмекші тежегіш краны 13(2) жіберуге қайталауыш ретінде іске қосылады. Қысым релесінің басқарушы қуысынан 24(2) сығылған ауа, қолмен шығару клапанынан 47 және ауыстырып-қосқыштан 18(2), көмекші тежегіш магистралінен МВТ, ДВГС, SP1 және SP4 қысымның реле белгішінен тежегіштерді бұғаттау құрылғысы 19 арқылы, ауыстырып-қосқыш клапаннан 18(1) және көмекші тежегіш краны 13(2) арқылы атмосфераға шығады.


Бұл жіберуге қысым релесінің 24(2) іске қосылуын тудырады. Әрі қарай тежегіш цилиндрлерден ТЦ5-ТЦ8 құбыржеңдер 35(5)-35(8), ажыратылған крандар 23(2) және 23(3), пневмомодуль ПМ2, қысым релесіне атмосфералық саңылаулар 24(2) арқылы атмосфераға ауаны шығару процесі болады.
Және бұл уақытта қысым релесінің басқарушы қуысы 24(1) атмосфералық саңылаулар арқылы атмосферамен қысым релесіне 24(2) қатынасады. Осы себеп бойынша қысым релесі 24(1) құбыржеңдер 35(1)-35(4), ажыратылған крандар 23(4) және 23(5), пневмомодуль ПМ1, осы реледегі атмосфералық саңылаулар арқылы тежегіш цилиндрлерден ТЦ1-ТЦ4 атмосфераға ауа шығарылады. Тепловоздың автотежегішін жіберу жүзеге асырылады.
Ескерту. Қол шығару клапанды 47 жіберу үшін қолдану жағдайында (егер қандай да бір себептер бойынша тепловоздвң автотежегішін жіберу мүмкін болмаса) оны мәжбүрлеп қосу арқылы қысым релесінің басқарушы қуысынан 24(2) сығылған ауа клапан 47 арқылы атмосфераға шығатын болады.
Бұл ретте автотежегіштерді жіберу процесі клапанның 47 бастапқы жағдайға қайтқанынан кейін тежегіш цилиндрлердегі ТЦ1-ТЦ8 қысым бастапқыға дейін қалпына келтірілетіндігі айырмашылығымен ғана ұқсас болады, өйткені ауа таратқыш 5 – тікелей әрекет ететін типті.
Поезда тежелінген вагондар кезінде тепловоздың тежегіштерін жіберу.Жіберу бірінші жағдайға көмекші тежегіш краны13(2)тұтқасынорнатумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте тежегішті жіберу сатылы да болуы мүмкін, және қажеттілікке байланысты толық та болуы мүмкін. Осы жағдайда бірінші жағдайға көмекші тежегіш кранының 13(2) тұтқасын орнатқаннан кейін мынадай болады:

35

  • көмекші тежегіш 13(2) кранындағы ауыстырып-қосқыш піспек импульсті магистральді ИМ және ауа таратқышты 5 көмекші тежегіш кранынан 13(2) өшіреді;

  • әрі қарай тепловоздың автотежегіштерін жіберу процесі машинист кранын жіберу кезіндеге ұқсас болады.


Ескерту.Машинист кранының17қайта тежелуі кезіндетепловоздың автотежегіштерін сатылы жіберу (егер ТЦ- де қысым болса) немес толық жіберу жағдайында тежегіш цилиндрлердегі ТЦ1-ТЦ8 қысым жоғарыламайды, яғни тежегіш цилиндрлер толтырылмайды. Қажеттілікке байланысты тежегіш цилиндрлердің ТЦ1-ТЦ8 тежелуін немесе толтырылуын күшейту үшін машинист көмекші локомотивтік тежегіш кранының 13(2) тұтқасын қолданылуы мүмкін.

Жіберу үшін мәжбүрлеп қосу арқылы қолмен шығару клапаны 47 (егер қандай да бір себептер бойынша тепловоз тежегішін жіберу мүмкін болмаса) қолданылған кезде, клапан 47 арқылы қысым релесінің басқарушы қуысынан 24(2) сығылған ауа атмосфераға шығатын болады. Нәтижесінде тепловоздың автотежегіштерін жіберу болады.
Алайда клапанның 47 бастапқы жағдайға қайтарылғаннан кейін тежегіш цилиндрлердегі ТЦ1-ТЦ8 қысым бастапқыға дейін қалпына келтірілмейтіндігін атап кету керек , өйткені көмекші локомотивтік тежегіш краны 13(2) тұтқасының бірінші жағдайы қолданылды және крандағы ауыстырып-қосқыш піспек піспектер арасындағы қуыстан ауа таратқыш 5 өшірілді.

Көмекші локомотивтік тежегіштің кранымен тепловоздың тежелуі.Көмекші тежегіш дара тепловоздың жүруі,маневрлік жұмыс жәнеқұрамның қысылуы кезінде қолданылады. Кранның тұтқасын 13(2) тежегіш жағдайлардың біреуіне аударғаннан кейін қоректендіру магистралінен ПМ ауа сүзгі 11(1), көмекші тежегіш краны 13(2), ауыстырып-қосқыш клапан 18(1), тежегіштерді бұғаттау құрылғысы 19 арқылы ДВГС, SP1, SP4 қысымның реле белгіштеріне және МВТ көмекші тежегіш магистраліне түседі.
Магистральдан МВТ сығылған ауа: шеткі кранға 20(6) және құбыржеңге 21(6); ауыстырып-қысқыш клапанға 18(2) және әрі қарай – қысым релесінің басқарушы қуысына 24(2) және қолмен шығару клапанына

  1. келеді.

Ажыратылған кран 7(2) арқылы қоректендіру магистралінен ПМ сығылған ауамен көмекші тежегіш кранының 13(1) тұтқасын тепловоздың тежелуі үшін пайдалану жағдайында кранды 13(2) басқару кезіндегі ауа құбыр жолдарын толтыру болады.
Сығылған ауаның жүйесіндегі негізгі компоненттер мен белгіштер: ауа компрессор, басты резервуарлар, резервуарлардың дренажды клапандары, ауаны кептіргіш болып табылады.

36

РО – Пневматикалық басқару модулі – пневматикалық коллекторды және ауаның ағындарын басқару жөніндегі құрылғылар қамтиды. Ол пневматикалық тежегіш бөлімінде орналасқан (АВ1 АВ2).
Ауа компрессордан қысып толтырылатын ауа басты резервуарға №1 (МЯ №1) түседі. МЯ №1 шығыста ауа ағындары бөлінеді: ауаның бір ағыны сақтандырғыш клапанға Л барады, ал екінші ауа кептіргіші арқылы өтеді, ал үшінші МЯ 1 белгішіне барады. Сақтандыру клапаны 1 МЯ №1 резервуардан кейін орналасқан жабдықты қорғайды. МЯ1 белгіші басты резервуарлардағы қысымды басқару үшін кері байланыс контурында пайдаланылады. Ауа кептіргішінен кейін ауа диаметрі 0,312 дюйм қайта өткізу арнасымен 2 дюймдік кері клапан арқылы өтеді. Әрі қарай осы ауа локомотивтің төрт бұрыштарында орналасқан басты резервуардың шығару келтеқұбырына жіберіледі (МЯЕ ауа қосылыстары) және 2 дюймдік кері клапан арқылы №2 басты резервуарға (МЯ №2) түседі. Әрбір резервуар МЯ дренажды клапанмен жабдықталды, ол ауа компрессорын қосу/өшіру әрбір циклы кезінде ылғалды жою үшін ашылады. Осы дренажды клапандар компрессор үстіндегі бөлікте орналасқан ЭУМУ клапанын автоматты басқарылады. (Дренажды клапандар ылғалды жою үшін «автоматты» режимде ашылады немесе оларды берілген функцияны орындамаған кезде, «Өшіру» жағдайға бұруға болады). Локомотивтің қалыпты жұмысы резервуарлардан ылғалды жою үшін «авто» режиміндегі жұмыс болып табылады.

ТЭП70БС тепловозы тежегішінің ауа құбырының жүйесі және басқада көмекші жүйелер электр жетекпен өнімділігі 3,5 м3/мин ПК-5,25 (КМ1) компрессордан сығылған ауамен қамтамасыз етіледі. Цилиндрлердің V-тәрізді орналасуымен (3 төменгі қысым цилиндрі және 3 жоғары қысым цилиндрі) және қалақты желдеткішпен ауа салқындатумен қос сатылы піспекті компрессор.
Компрессорды қосуға және ажыратуға сигнал беру үшін пневматикалық жүйеде ретімен екі аспап орнатылды: пневматикалық қысым реттегіші 3РД (РЕГД 1) және пневмоэлектрлік белгіш ДЕМ102-02-2 (РДК). Сондай-ақ сығылған ауаны дайындау жүйесінің жұмысы үшін қажетті қысым реттегіші ЗРД тиісінше басты резервуарларда 7,5±0,2 кгс/см² дейін қысымның төмендеуі кезінде және оның 9,0±0,2 кгс/см² артуы кезінде РДК қысым релесінің белгіші арқылы компрессор электр қозғалтқышын қосуды және ажыратуды жүргізеді.
Ауа құбырында компрессордан басты резервуарларға компрессорды өшіру жүйесінің бас тартуы кезінде немесе басқа да жағдайларда қысымның жоғарылауынан сақтандыратын үш сақтандырғыш клапан Э216 (КП1, КП2 және КПЗ) орнатылды. Клапандар үзілулік қысымға 10±0,2 кгс/см² реттелді. Басты резервуарлар конденсатты шығару үшін № 379 (КН16, КН17) крандармен жабдықталған. 1.13-суретте ТЭП70БС тепловоздың тежегіш жабдығының схемасы келтірілді.


37



1.13-сур. ТЭП70БС тепловоздардың тежегіш жабдығы

38

BP1 – №292М ауа таратқыш;

ВЭ1 – №305-000 электр-ауа таратқыш;

ДР1 – дроссель;

ДР2 – дроссель;

ДР3, ДРБ – дроссель;

КО1 - КО4 - 1-2-У2 клапандар;

КО7, КО8 - 1-8-У2 клапандадар;

КЛ1-КЛ3 - 2-2-У2 клапандар;
К1, К2 - 4-1-У2 клапандар;

К3-К5 - 5-1-У2 клапандар;

К8 - ТЭП70.40.04.035 клапандар;

КМ1 - ПК-5, 25 компрессор;

КН1-КН4 - 1-1У2 кран;

КН7-КН12 - 1-2У2 кран;

КН16-КН22 - 1-3У2 кран;

КН24-КН29 - 1-6У2 кран;

КН32-КН33 - №395 М-4 машинст краны;

КН32,КН35 – №254-1 локомотивтің көмекші тежегішініңы краны;

КН36-КН41 – №190 шеткі кран;

МН1-МН4 – МП2-1,6(16); МН5,МН6 екі тілді темір жол манометрі –

МП-1 (10) бір тілді темір жол манометрі; РЕГД1 – 3РД қысым реттегіші; РЕД1-РЕД3 - 348-2 реттегіш; РД1,РД2 – 404-2 қысым релесі; РС1,РС2 - басты резервуар; РС3-РС5 - қосалқы резервуар; РС6-РС8 - теңдеуші резервуар; РУК1-РУК4 - Р17Б құбыржең; РУК5- РУК8 - Р32 құбыржең; РУК9, РУК10 - 369А құбыржең; СО1 - айырғыш-кептіргіш;
УБТ – №367А тежегіштерді бұғаттау құрылығысы ; ТЦ1-ТЦ12 – ТЦР-10У1 кіріктірілген реттегіші бар тежегіш цилиндр; Ф1-Ф5 - Э114 сүзгі.

Тепловоздың мынадай тежегіш құрылғылары бар: пневматикалық (ПТ) және электр-пневматикалық басқарумен (ЭПТ) фрикциондық тежегіш, электрлік (реостаттық) тежегіш (ЭТ), пневматикалық басқарумен локомотивтің фрикциондық көмекші тежегіші, қол жетегімен фрикциондық тұрақ тежегіш.