ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 162
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6. Науқас Рамазан, 28 жаста, ауруының 3 – ші күні емханаға қаралған 07.06.18.жалпы әлсіздік, қалтырау 38 0 С дене температурасының жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде шаншымалы ауру пайда болған. 08.06.18. нашар жағдайда сезінген, дене температурасы қалыпты, іш ауруы мазалайды.Тәулігіне 6 рет үлкенге отырады, басында көп сосын аз мөлшерде шырышты ботқа тәріздес ,09.06.18.күндіз шырыштан басқа , нәжісте әлсіз жолақты қанды байқайды. Дәрігерге қаралып,ауруханаға жатқызылады .Жиі нәжіс өзгерісі (10- 12 рет) басталды, ол «ректальді тітіркендіргіш» көріністе байқалды. Дәрігер науқастың жұмысшыларға арналған жатаханада тұратындығын, басқа қаладан келгендігін, құрылысшы болып жумыс істейтіндігін, жұмыс ауысымы – вахталық екендігін анықтады. Ауырар алдында базардан сатып алған жемісті жумай пайдаланған, ортақ ыдыстан су ішкен.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Іш сүзегі
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі. Іш сүзегінін инфекция көзі - наукас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және омiр бойы коздыргышты болiп шыгаруы мүмкін немесе белгiсi жок формада өтеді.
Эпидемиологиялык тұрғыдан іш сүзегiнiн созылмалы тасымалдаушылары, жеңіл формадағы, атиптік формадагы науқастар кауіпті, өйткені олар аурулын белгілері болмағандыктан уақытылы емделмейдi, жекешеленбейді, кызметтiк мiндеттерiн жалғастырады, тамактану, сумен қамтамасыз ету мекемелерiнен аластатылмай калады. Ал жiтi түрiндегi науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта iшiнде бөліп шығарады, уакытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленiп, толық емделiп шығады.
Беріліс механизмі.
Іш сүзегінін беріліс механизмі - нəжiс-ауыз механизмi.
Берілу жолдары:
- су арықлы
- тағам арқылы
- -тұрмыстык қатынас және қолданылатын заттар
Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар. микробтармен ластанған кiр колдар, шыбындар. Инфекциянын берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялык процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстык типтi болып бөлiнедi.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Іш сүзегі ошағында індетке карсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Ошакта эпидемиологиялык тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу журналы кажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу және бактерия тасымалдаушылардын картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, кай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жүру жолдарының байланысын, кездейсоқ сыркаттанушылық немесе эпидемиялык өршу екендiгiн анықтау керек.
Ошакты эпидемиологиялык тексеру барысында анықтау қажет:
1. Аурудың айналасындағы адамдар iшiнде 15-25 күн аралығында қызуы көтерілгендердi аныктау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялык әдiспен 1 рет тексеру.
2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі, парасүзекпен ауырғандарды анықтау
3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу максатында ет пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана байланыс бар екендігін дәлелдеуге болады.
4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамак өнімдерінен және сырткы орта объектiлерiнен зертханалык тексеруге сынама алу (қоздырғыштын табылмауы материалдын тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін).
5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигиенасын сақтау жағдайын анықтау.
6. Аурумен бірге үйiнде, жұмыс орнында, оку орнында бiрге қатынаста болғандардын тiзiмiн жасау, олардың iшiнде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерiнде жұмыс iстейтiндерге ерекше назар аудару.
7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардын іш сүзегiне егiлгендiгiн, егiлген болса препараттын атауын, егу мерзiмiн, егу себебін аныктау
8. Ошақтың санитарлык жағдайын, тазартылуын, сумен камтамасыз ету жағдайын, шыбындардын бар-жоқтыгын анықтау.
9. Ошақтын эпидемиологиялык жағдайына байланысты алдын алу, күресу шараларынын жоспарын құру
10. Ошақта қатынаста болған адамдарга іш сүзегiне бактериофаг 3 рет аралыгы 5 кунде беру.
11. Егер iш сүзегiмен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6 жоғары болса аймақ тұрғындарына iш сүзегiне вакцина егу.
Іш сүзегі, Індетке қарсы шаралардың бағыты, көлемі | |
Инфекция көзі | Ауру адам- міндетті түрде ауруханаға жатқызу |
Бактерия тасымалдаушы- емдеу алғашқы анықталғандарды ауруханаға жатқызу | |
Беріліс механизмі | Дезинфекция Қорытынды- дезстанция қызметкерлерімен Күнделікті- тұрғындардың өз күшімен |
Инфекция көзімер қатынаста болғандар: | Медициналық бақылау 21 күн (парасүзекке 14 күн) Термометрия күніне 2 рет Бактериологиялық тексеру- нәжісті 1 рет (гемокультура) Сералогиялық тексеру- ГАЕР 1 рет (Видаль реакциясы) Іш сүзегіне бактериофаг беру. |
7. Жібек жолы ауыл округінің 9 сынып оқушысы Жандос күнделікті белінің ауруына,жоғарғы және төменгі аяқ-қол буындарының қақсауына,сырқырауына,дене температурасының 40 градусқа көтерілуіне, улану белгілеріне шағымданған. Жандос ауылдық дәрігер амбулаториясына жергілікті дәрігерге медициналық көмекке келген. Эпид. анамнезден науқастың үй жануарларына күтім жасайтындығы, мал қораларда сиыр көңдерін тазалайтындығы,үнемі шикі сүтті тұтынатындығы анықталды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Бруццелез
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі-ауыл шаруашылық жануарлары: қой,ешкі,сиыр,шошқа. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен, нәжіспен, ұрықтық сұйықтық пен түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқылы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан адамға жұқпайды.
Беріліс механизмі- нәжіс- ауыздық.
Адамдарға жұғу жолдары: 1) жанасу
2) тағам өнімдері
3) ауа шаң
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу: бруцеллезге қарсы санитарлық ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ “ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту” бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:
1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцеллезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана басқа малдарға қосу
2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау.
3. Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе сериологиялық тексеру оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып саналады, онда санитарлық ветеринарлық шаралар жүргізу. Ауру малды сау малдардан жекешелеп, арнайы жабдықталған пунктерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.
Ауру адам инфекциялық аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткішпен жатқызады. Емделгеннен кейін диспансерлік бақылауда болады.
Диспансерлік бақылау— клиникалық түрде жазылғаннан кейін 2 жыл ішінде, бірінші жылы - 1,2,3,6,9,12 айда тексеріледі, екінші жылы- квартал сайын. Ошақта ауру малмен қатынаста болғандарды клиникалық және зертханалық әдістермен тексеру және 3 айдан кейін қайта тексеру қажет. Шұғыл алдын алу ретінде тетрациклин 0,5гр* 3 рет, рифамицин 0,3гр* 2 рет беріледі.
8. Науқас Ш, 20 жасар,медициналық институттың студенті 20.10.18 күні аурухананың инфекциялық бөліміне келіп түсті.13.10.18 күні дене қызуы (37-37.5С)көтерілуі, қалтырау, басының ауруы,әлсіздік, шаршаңқылық,жұмысқа белсенділігінің төмендеуі,тамаққа тәбетінің бұзылуы, интоксикация пайда болды.16.10.18 күні құсу болды.Науқас жиі дүкеннен сатып алынған шұжық тұтынған, күнделікті қоғамдық асханада-гамбургер,кофе,стакан сумен түстенген. Дала саудагерлерінен жиі стакан пісте сатып алған. 13-18.10.18 күндері аралық бақылау тапсыруына байланысты дәрігерге қаралмаған.19.10.18 күні зәрінің түсі құнық шайдың түсіне өзгергенін байқаған. 20.10.18 күні тері жамылғысының сарғаюы пайда болып, оқытушының ұсынысымен инфекциялық стационарға жатқызылған. Отбасында ата анасымен және 7 жасар інісімен тұрады, отбасында бәрі сау, ешкім аурумен шағымданбаған. Науқастың оқу орнында бұл аурумен курстастар арасында бірнеше жағдайлар тіркелген. Инфекционист сұрастыру барысында науқас соңғы алты ай нәтижесінде инъекция қабылдамағаны және операция жасалмағаны анықталды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Гепатит А
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі- науқас адам
Берілу механизмі-фекальды-оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол арқылы жұғады.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсышаралар: 1) Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу. 2) Аурумен қатынаста болғандарды 35 күн медициналық бақылау, апта сайын дәрігерлік тексеру- сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термометрия, нәжісті, зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялықәдіспен тексеру. 3) Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу. Мектепте ауру тіркелген жағдайда аурумен қатынаста болған сынып оқушыларына кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады. 4) Бала бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын, ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезинфекция жасау. 5) Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гипохлорид ерітіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1% кальций гипохлорид ерітіндісінде 30 мин. залалсыздау.
9. Науқас Арман 30 жаста, Шорнақ ауылының тұрғыны, ауыл амбулаториясына 2.07.18күні жоғары температура және мұрыннан қан кету шағымымен келген.Амбултория дәрігері медициналық көмек көрсету барысында науқастың мұрнынан қан кетуі дәрігер келгенге дейін болғанын және қайталанып тұрғанын анықтаған болатын.Науқастың айтуы бойынша алғашқы қан кету 30.06.18күні түсте болған.Эпидемиялық анамнезі бойынша 28-29.06.18 күндері мал қораға өңдеу жұмыстарын жүргізген. 3.07.18 күні түскі уақытта науқасты тексеру кезінде фельдшер артериялық қысымды өлшеген. Манжет бекітілген жерде петехиалды бөртпелерлің пайда болғаны, оң қолда инъекция орнында гематоманы байқаған . Науқас кене шақпағандығын айтады, бірақ үй айналасында кененің бар екендігін жоққа шығармайды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Қырым Конго
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі- ірі қара мал, қой, ешкі, қоян, кеміргіштер.
Берілу механизмі: трансмасивті, жанасу механизмі арқылы.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы шаралар. Науқастарды ерте және толық анықтау үшін амбулаторлық қабылдау, дәрігерді үйіне шақыртумен қатар әрбір үйді аралап тексеру, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Медицина қызметкерлерімен кеңес өткізу, Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қырағылық таныту , ауруханаларды қорғаныс киім дезинфекциялық препараттар, қосыша изолятор, қан және қан препараттарымен қамтамасыз ету қажет.
Емханада науқас адам анықталсамедицина қызметкері қабылдауды тоқтатады,СЭҚБ-ға шұғыл хабарлама береді, науқасқа көмек көрсетеді, науқаспен қатынаста болған адамдардың тізімін жасайды, дезинфекция жүргізіледі. Науқасты қоғамдық көлікпен тасымалдауға тыйым салынады. Науқасты ауруханаға жеткізген көлікті міндетті түрде дезинфекциялау қажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың табиғи ошақпен байланысты, кенелердің шағу жағдайы, жұқтыру қауіпі төнген адамдар анықталады. Қатынаста болғандар 12 күн медициналық бақылауға алынады. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалады: тұрғын бөлме 3% хлорамин, төсек жабдықтары1% хлорамин немесе қайнату арқылы, көрпе матрастар камералық әдіспен залалсызданады. Ошақта кенелерге дезинсекция көктемде және күзде , жылына 2 рет жасалады. Мал қоралары, малдар 1-2% хлорофос, 1% севин, бутокс, ивомек, стомазинмен залалсыздагады. Табиғи ошақтарда үй жануарларын уақытша жолатпау кереу.
10. Ж есімді науқас, 20 жаста, университет студенті, жатақханада тұрады.10.10.18 күні қолдарының қатты қышынуына , іш аймағының бөрітуіне, ұйқысыздыққа, қозғыштыққа, ашушаңдыққа шағымданып, ХҚТУ клиникасында дәрігерге қаралған.Дәрігер қарағанда қолының саусақ аралық аймақтарын, буынның бүгілетін аймағының қатты қасығандығын, іш аймағында эритематозды бөртпелердің, денесінде іріңді көпіршіктердің болғандығын анықтады.Эпид.анамнезі: 2 адамға арналған тұрғын бөлмеде 4 қыз жатады, олардың екеуі қыркүйек айынан бері тұрады, үшіншісі қыркүйек айының соңында келген, төртіншісі мінезінің ауырлығынан жиі келіспеушілікке түсуіне байланысты тұрғын орнын жиі ауыстырған.Күн суыта бастауына байланысты, барлық қыздар жатақханадан алыс емес жердегі, қоғамдық моншаға жиі бараған.