ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 227
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Бұлшықеттінің, физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.Бұлшық ет талшығының құрылысы.
2. Бүлшықеттініңжиырылуыныңтәртібі мен түрлері.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасына тоқталып кетіңіз
Өңеш: топографиясы, құрылысын айтып беріңіз
Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы
бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді.
Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.
Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері
Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үртқатысады.Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Үлестірмелі материалдар.Кестелер, слайдтар, ағзалар муляжi.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1. Ішкі ағзаларға анықтама беріңіз
2. Асқорыту жүйесіне анықтама беріңіз
3. Асқорыту жолының бөлімдерін атаңыз
№6Тақырып.
Ас қорыту жүйесінің физиологиясы .
Мақсаты.
Ас қорытудың маңызы , қызметі , физиологиясымен және ас қорыту жүйесіндегі ағзалардағы ас қорыту үрдісімен студенттерді таныстыру. Сілекейдің шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге бөлінуін бақылау, сілекей бездері қызметінің азық сипатына байланысты өзгеруін зерттеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0,8-1,0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99,2-99,6%, 0,4-0,8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретиндігастринге ауыстырады.
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар: 1- рефлекторлық кезең – тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады. 2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.
Күйіс қайыратын малдың –мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды. Олар - инфузориялар – қарапайымдар, бактериялар мен саңырауқұлақтар. Көрсетілген үш типті микроағзалардың қатысуымен белоктар, қанттар мен майлар ыдырап, әр түрлі заттар пайда болады. Микроағзалар қоректік заттарды ыдырататын арнайы ферменттер бөледі. Инфузориялар көбінесе азықты араластырады және клетчатканы ыдыратады. Саңырауқұлақтардың қызметіне келсек, олар қанттарды ашытып К және В тобындағы витаминдерді түзеді.
Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Ол 12-елі ішек, аш ішек және мықын ішек болып бөлінеді. Ащы ішек қуысына бауырда түзілетін өт және ұйқы безінің сөлі құйылады. Ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен, өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың затқа – химусқа айналады. Ішекке бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әсерімен ащы ішекте қоректік заттар пәрменді қорытылады да, пайда болған ыдырау өнімдері ішектің қабырғасы арқылы сорылып, қан мен лимфа арқылы денеге сіңеді.
Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында – қимадан, жылқыда – қартадан), тік ішектен тұрады. Мұнда ащы ішектен келіп түскен ферменттер мен мұндағы алуан түрлі микроағзалардың әсерімен қорытылып үлгерілмеген қоректік заттар ыдырайды.
Асқорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Осы нәжіс массасын сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін күрделі рефлекстік нәжіс бөлу – дефекация (латын тілінде faecis – тұнба, қою қалдық деген мағына береді) деп атайды. Бұл құбылыста екі кезең байқалады. Афференттік – дефекацияға мұқтаждық тудыру және эфференттік – нәжіс шығару.
Асқорытусөлдері | Тәуліктікбөлінетінмөлшері | РН | Құрамы |
Сілекей | 50-2 000 мл | 5,6-7,6 | Су және амилаза |
Қарынсөлі | 2,0-3,0 л | 1,49-1,8 | Тұзқышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин |
Панкреатин сөлі | 600-700 мл | 8,6-9,0 | Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер |
Өт | 500-1200 мл | 5,6-8,5 | Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б. |
Ашішексөлі | 1 000 мл | 5,05-7,07 | Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза жәнет.б. |
Тоқішексөлі | 270-1 550 мл | 6,1-7,31 | Су |
Үлестірмелі материалдар.Кестелер, муляждар, тесттер, бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтары (кері байланыс).
1.Ас қорытылу физиологиясы дегеніміз не?
2.Ферменттер қызметі
3. Сіңірілу қызметі
№7 Тақырып.Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы
Мақсаты. Тыныс алу жүйелерінің құрылысын және қызметік ерекшеліктерін оқып білу.Тыныс алу мүшелерінің топографиясын үйрену
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Дәріс тезистері.
Тыныс алу жүйесі systemarespirаtorium. Тыныс алу ағзалары демалған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Тыныс алу бетіне ауаның ағынын қамтамасыз ететін тетік қажет. Осымен байланысты, өкпеден басқа тыныс алу жолдары болады, атап айтқанда: мұрын қуысымен жұтқыншақ (жоғарғы тыныс алу жолдары) содан соң көмей, кеңірдек және бронхылар (төменгі тыныс алу жолдары).Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмірқышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, дене деп айда болған көмірқышқыл газды бөліп шығаруда.
Тыныс алғанда ағзамен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - оймақуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. Ауа өтеді, бұл баланың демалу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен буретіндесукөптепшығып, тершеңболады.