Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 315
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
412. Күрделі жөндеу кезiнде жеке элементтердi және схема учаскелерiн жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларының торабын кернеумен сынау және тексеру технологиялық цехтың ауысым бастығының келісімімен мынадай шарттарды сақтаған жағдайда орындалады:
1) жөндеу жұмыстары тоқтылуы керек, сынау жабдығынан адамдар шығарылуы керек;
2) қорғаныштық жерге қосу сымы, қоршау және жарнамалар алынады.
Осы учаскелер ажыратылса, сыналатын жабдықтан қоршалса және жұмысшылардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлсе, іргелес учаскелердің бригадалары жұмысты жалғастырады.
413. Электр жабдықтарын сынау процесiнде бiрнеше мәрте қосу және ажыратуға байланысты жұмыстарды нарядқа үзiлiс енгiзбей де жүргiзуге рұқсат етiледi, бiрақ қажеттi техникалық шаралар әрқашан орындалуы қажет.
Электр жабдығы технологиялық цехтың ауысым бастығынығ (кезекші) рұқсатымен қосылады және ажыратылады.
414. Жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларында III төмен емес рұқсат тобындағы жұмысшы жеке өзi нұсқау бойынша мынадай жұмыстарды атқарады:
1) аспаптардың тiркелген бөлiгін реттеу;
2) кедергінің манометрін (электрлік түйіспеліктерден басқалары), дифмонометрлерін, терможұптарын ауыстыру;
3) блоктық басқару қалқандарындағы жылутехникалық бақылау аспаптарындағы ақауларды жою;
4) температураны өлшеу ауыстырып қосу нүктесiнiң профилактикасы;
5) АБЖ есептеуіш техниканың техникалық құралдар кешенін жөндеу;
6) автореттегіштердің элеткронды блоктарын баптау параметрлерін тексеру және реттеу;
7) қысқыштар қораптарын тығыздау;
8) стендтер, берілістер, атқару механизмдерін, панелдерi таңбалау және жазу;
9) қалқандарды, панелдерді сығылған ауамен үрлеу.
Ескерту. 414-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
415. Жылу автоматикасы және өлшемнің жұмыс iстейтiн жабықта және әртүрлi цехтарда орналасқан жинақтарда, құрылғылардағы барлық жұмыстар жұмыс жасайтын цехтың ауысым бастығының рұқсатымен жүргiзiледi.
416. Жылу автоматикасы және өлшем құрылғыларындағы жұмыстарға наряд бойынша технология цехының (учаскесiнiң) жедел қызметкерi жібереді.
Егер ауысымда кезекшi қызметкер болмаса, сондай-ақ аумақтық алыс жердегі нысандардағы жұмысқа наряд бойынша IV рұқсат тобындағы электр қауіпсіздігі бойынша жұмыс өндiрушi жiберiледi. Жұмысты жүргізушінің жұмыс орны дайындау барысында жұмысқа жіберу және қауіпсіздік шараларын белгілеу құқығы нарядтың "Жеке тапсырма" бағанында көрсетіледі.
3-тарау. Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
417. Жоғары кернеудегі КБЖ сынау кезiнде сыналатын учаске шектелген болу керек. Сынауға жатпайтын КБЖ учаскелерiнде сынау кернеуi пайда болмас үшiн олардың арасындағы жалғаулардың бәрi ажыратулы болуы тиіс.
418. Оқшаулаудың электрлік берiктiгін сынау кезiнде КБЖ-нің әртүрлі ұштарындағы жұмысшылар өзара байланыста болу керек.
419. КБЖ алыс ұшындағы телефон аппараты (сыйымдылығы 0,1 мкФ және жұмыс кернеулiгi 5-6 кВ) телефон байланысы үшiн бөлiнген жұптың әрбір қимасына қосылған ажырату шоғырлатұышы арқылы сынау жүргізілгенге дейін қосулы болуы тиіс. Телефон аппаратын және шоғырлатқыштарды қазаншұңқырдан немесе диэлектрлік резеңке кiлемшемен жабылған ағаш тұғырықтағы құдықтан тыс орналастыру қажет.
Телефонмен сөйлесу кәбілде сынау кернеуi болмаған жағдайда жүргiзiледi және тек жұмыс басшысынан шақыру алыннан кейін жүргізіледі. Сынау кезiнде телефон аппаратына және жалғастырушы электр сымдарына тиюге болмайды.
420. Сынау кезiнде жұмыс басшысының телефон аппараты өшiрiледі, оны сынау аяқталған соң және кәбілден заряд алынғаннан кейін қосу керек.
421. Кәбілге сынау кернеуiн берер алдында жұмыс басшысы бригада мүшелерiне телефон арқылы сынақ басталатыны туралы ескертуі тиiс.
422. Өңделген кәбілдің бокстарында және ұштарында қандай да бiр ауыстырып қосу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ сынау кезінде кәбілге жанасуға болмайды.
423. КБЖ жылжымалы құралдармен өлшеу жұмысын кем дегенде екi адам жүргiзуi керек, олардың бiреуінде IV төмен емес рұқсат тобы, екiншiсiнде III төмен емес рұқсат тобы болуы тиіс.
Ескерту. 423-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
424. Электр тарату және электрленген темір жол желілерінің қауіпті ықпалына ұшыраған КБЖ электрлік өлшемдерін электрден қорғану құралдарын пайдалану қажет.
425. Кәбілдi коррозиядан сақтайтын құрылғыларға және қорғану құрылғыларын жылжымалы тоқ көзiне қосу, сондай-ақ катодты қондырғыларда, қондырғыдан кернеудi алмай жүргiзiлген жұмыстарды диэлектрлік қолғаппен орындау қажет.
426. Дренажды қондырғыны жөндеу оны түйіспелік желі мен кәбіл жағынан ажыратқаннан кейiн және дренажды кәбілдi электрленген темiр жолдың түйіспелік желісінен немесе қалалық электр көліктер (трамвай және троллейбустарда) жағынан жерге қосылғаннан кейін орындауға рұқсат етiледi.
427. КҚҚ қызмет көрсетуге III төмен емес рұқсат тобындағы жұмысшылар жiберiледi.
Ескерту. 427-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
428. КҚҚ-ғы барлық жұмыстар нұсқау бойынша кернеу алынып, қондырғыны ажыратқан соң жүргiзіледі.
429. Кептiру және автоматика блогынан алдыңғы, артқы және жақтау панелдерiн алуға және жұмысқа кiрісуге КҚҚ кернеуі алынғаннан соң 15 минуттан соң рұқсат етiледi.
Кептiру және автоматика блогында жұмыс iстеу кезiнде диэлектрлік резеңке тқсеніштер қолданылуы тиiс.
430. Қызмет көрсетілмейтін кұшейту пунктін (бұдан әрі – ҚКҚП) тұрақты және айнымалы токтан қашықтықтан қуаттандыру КБК мынадай жұмыс түрлерi жүргізілу кезінде ажыратылады:
1) кабелдi құрастыру, бөлшектеу және ауыстырып қою;
2) зақымданған телефон байланысын жөндеу;
3) кәбілде өлшеу.
431. ҚКП қашықтықтан қуаттандыру ДТБҚ кезекшiсiнiң қызмет көрсету күшейткіш пунктінің (бұдан әрі – ҚКҚП) кезекшісіне немесе бастығының атына берілетін өтінімі бойынша ажыратылады.
Өтінімде кәбілдiң атауы, учаске және жұмыс түрi, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, дистанционды қоректендiрудiң түрi, жұмыс басшысының тегi көрсетiледi.
432. ҚКП қашықтықтан қуаттандыруды күшейтiлген қуаттандыру пунтiнде осы iске өкiлеттi тұлғадан рұқсат алған соң ҚККП кезекшiсi немесе бастығы ажыратады.
Қашықтықтан қуаттандырудың кернеуі алынған кiлттер мен түймешелерге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі iлiнеді.
Тиісті доғаларды сақтандырғыштардың немесе аппаратураның құрылысына байланысты басқа бөлiктерiн алу арқылы қашықтықтан қуаттандырудың берiлiс тізбегінде үзiк жасау керек.
433. Қашықтықтан қуаттандырумен бiр мезгiлде кабелден теле басқару құрылымы мен сигнал (қоңырау) беру жабдығы алыну керек және олардың платасына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) ілінеді.
434. ҚКП жұмыс жүргiзуге рұқсат алғаннан кейін жұмыс басшысы жөндеуге жататын кәбілдi анықтау, ондағы кернеудiң жоқтығын тексеру және оны разрядтауы (бәсендетуi) тиіс. Бұл операцияларды қорғану көзiлдірігі мен диэлектрлік қолғап киiп орындау қажет.
435. ҚКП кәбілiндегi жұмыстың қауiпсiздiгiн сақтау үшiн қашықтықтан қуаттандыруды қабылдау тiзбектерінде қосымша үзiктер жасалады.
Симметриялы кәбілдiң қашықтықтан қуаттану тiзбектерiндегi көрiнетiн үзiк бокстарынан екi жұпты ашаны ажыратумен жүзеге асыруға болады. Коаксильдi жұптардағы қашықтықтан қуаттану тiзбектеріндегі көрiнетiн үзiк сүзгілер тақтасы мен автотрансформаторлар блогы арасындағы тиісті доғаларды алу арқылы, ал симметриялы жұпта – көмекшi тiреуде орналасқан бокстан имегiн алу арқылы жүзеге асырылады. Алып тастауға жататын доғалар мен ашалардың бояуы ерекшеленген болуы тиіс.
436. ҚККП барлық жұмыстарын III төмен емес қолжетімділік тобындағы жүргізуші бригада атқаруы тиiс.
Ескерту. 436-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
437. Тұрақты желдетілмейтін ҚККП камераларын жұмыс басталар алдында және жұмыс барысында желдету керек. Жұмыс жүргiзілгенде камера ашық болуы тиіс.
Желдеткiшпен жабдықталған ҚККП жұмыс жасау кезiнде желдету каналдары ашық болуы тиіс.
438. Қашықтықтан қуаттандыру аппаратурасын сынау алдында барлық ҚККП мен оларды қуаттандырушы ҚКП арасы телефон байланысы арқылы қамтамасыз етiледі.
439. Аппаратурадан жеке төсеме тақталарды жұмыс басшысының келісімімен қашықтықтан қуаттандыру кернеуi алған соң алу қажет.
Кернеуде тұрған аппаратураны жөндеуге болмайды.