Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 312
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
91. Жұмыс орнын кернеуді алуды талап ететін жұмысқа дайындау үшін мынадай техникалық іс-шаралар орындалады:
1) қажетті ажыратулар жүргізілді және коммутациялық аппаратураны қате немесе өздігінен қосылуына кедергі келтіретін шаралар қабылданды.
2) коммутациялық аппаратураны қолмен басқару жетектерінде және қашықтықтан басқару кілттерінде қауіпсіздік плакаттары ілінді;
3) адамдарды электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жерге қосылатын тоқ өтетін бөліктерінде кернеудің жоқтығы тексерілді;
4) жерге қосу орнатылды (жерге қосатын пышақтар қосылды, тасымалды жерге қосу орнатылды);
5) қажетінше жұмыс орындары немесе кернеуде қалған тоқ өтетін бөліктер қоршалды және қоршауларда қауіпсіздік плакаттары ілінді. Жергілікті жағдайларға байланысты тоқ өтетін бөліктер оларды жерге қосу алдында және одан кейін қоршалады.
92. Кернеуді алуды талап ететін тоқ өтетін бөліктерде жұмыс істеу үшін:
1) жұмыс жүргізілетін тоқ өтетін бөліктер;
2) адамдардың, механизмдер мен жүк көтергіш машиналардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілгеннен аз қашықтықта жақындауға болатын қоршалмаған тоқ өтетін бөліктер ажыратылады.
Ажыратылған ӘЖ-де жұмыс істеу кезінде, осы ӘЖ элементтерінің кернеуде тұрған басқа ӘЖ-нің тоқ өтетін бөліктеріне осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінің үшінші бағанында көрсетілгеннен аз қашықтықта жақындау мүмкіндігі болған кезде, соңғылары ажыратылады. Жөнделіп жатқан ӘЖ-мен бірге ілінген БӘЖ де ажыратылады.
93. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында коммутациялық аппараттан жұмыс орнына кернеу берілетін әрбір жақтан шиналар мен сымдарды ажырату, ажыратқыштарды өшіру, сақтандырғыштарды алып тастау, сондай-ақ автоматты қосу аппараттарда орналасқан серіппелермен жүзеге асырылатындарды қоспағанда, жүктеме бөлгіштері мен айырғыштарын ажырату арқылы пайда болған көрінетін үзік болуы тиіс. Аралас ажыратқыштар тізбегіндегі байланыстың кепілдендірілген ажыратылған жағдайының сенімді механикалық көрсеткіші болған кезде, көрінетін ажыратудың болуы ажыратқыштарды итеру блоктарындағы КРУ-да элегазбен толтырылған КРУ-да рұқсат етіледі.
Кернеу трансформаторлары және жұмыстар үшін бөлінген электр қондырғысы учаскесіне байланысты күш трансформаторлары кері өзгеру мүмкіндігін болдырмау үшін 1000 В-қа дейінгі кернеу жағынан да ажыратылады.
94. Қолмен басқарылатын жүктеме айырғышы мен ажыратқышын (бөлгішін) ажыратқаннан кейін жұмыс орнын дайындау кезінде олардың өшірілген күйін көзбен қарап және шунтталатын бөгеттердің болмауына көз жеткізу қажет.
95. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс орнына кернеу берілетін коммутациялық аппараттарды қате немесе өздігінен қосылуын болдырмау үшін мынадай шаралар қабылданады:
1) айырғыштарда, бөлгіштерде, жүктеме ажыратқыштарында қол жетектері ажыратылған күйінде механикалық құлыппен бекітілуі тиіс, басқа жағдайларда бір полюсті айырғыштардың шеттеріне диэлектрлік қалпақтар кигізілуі тиіс;
2) жедел қарнақпен басқарылатын айырғыштарда стационарлық қоршаулар механикалық құлыппен жабылған;
3) аралас ажыратқыштарда жетектер ажыратылған күйінде механикалық құлыппен бекітілген;
4) жүктен немесе серіппеден тұратын жүк және серіппелі жетектер жұмыссыз күйге келтірілген.
ЖТҚ итергіш арбалары бар коммутациялық аппараттарының қате қосылып кетуінің алдын алу бойынша шаралар осы Қағидалардың 225 және 226-тармақтарына сәйкес қабылданады.
Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
96. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында жұмыстар жүргізілетін тоқ өтетін бөліктердің барлық жағынан кернеу коммутациялық аппараттарды өшіру арқылы, ал схемада сақтандырғыштар болған жағдайда соңғысын алу арқылы алынады. Схемада сақтандырғыштар болмаған жағдайда, коммутациялық аппараттардың қате қосылуының алдын алу жетек тұтқыштарын немесе шкафтың есіктерін бекіту, бастырмаларды жабу, коммутациялық аппараттар түйіспелерінің арасында оқшаулағыш қаптамаларды орнату және тағы басқа сияқты шаралармен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан басқарылатын коммутациялық аппараттардың кернеуін ажырату кезінде қосқыш орауышты ажырату қажет.
97. Егер аппаратураны конструкциялық орындау және жұмыс сипаты мүмкіндік берсе, жоғарыда аталған шаралар кабельді, сымды коммутациялық аппараттан, не жұмыс жүргізіліп жатқан жабдықтан шиналарға жалғау немесе ажыратумен ауыстырылады.
Жұмыс орнын дайындау кезінде кабельді, сымды шиналарға жалғауды немесе ажыратуды жөндеу персоналынан шыққан ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшы жедел-жөндеу персоналынан шыққан кезекшінің немесе жұмысшының қадағалауымен орындайды. Жұмыс орнына жақын тұрған тиіп кетуі мүмкін тоқ өтетін бөліктерден кернеу ажыратылады, не олар қоршалады.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
98. Тексеру мүмкін болмайтын түйісулері (итерілмейтін үлгідегі автоматтар, пакеттік ажыратқыштар, жабық күйіндегі жапқыштар және өзгелері) бар 1000 В-қа дейінгі коммутациялық аппараттардың өшірілген күйі олардың қысқыштарындағы не шеткі шиналарындағы, осы коммутациялық аппараттармен қосылатын жабдық сымдарындағы немесе қысқыштарындағы кернеудің жоқтығын тексеру арқылы анықталады.
99. Қосу кезінде жұмыс орнына кернеу берілетін аралас ажыратқыш, айырғыш, бөлгіш және жүктеме ажыратқышы жетектеріне, қашықтықтан басқару кілттеріне, 1000 В дейінгі коммутациялық аппаратураларға (автоматтар, жапқыштар, ажыратқыштар) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ адамдар жұмыс істеп жатыр" белгісі (плакат) ілінеді.
Автоматтары, ажыратқыштары немесе жапқыштары жоқ 1000 В-қа дейінгі қосылыстарда плакаттар алынған сақтандырғыштарға ілінеді.
Жедел қарнақпен басқарылатын ажыратқыштарда плакаттар қоршауларға, ал бір полюсті ажыратқыштарда – әрбір ажыратқыштың жетегіне ілінеді. КТҚ-да плакаттар осы Қағидалардың 225 және 226-тармақтарына сәйкес ілінеді.
100. Бөлгіштердің пневматикалық жетегіне ауаның кіруін жауып тұратын ысырмаларға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "АШУҒА БОЛМАЙДЫ Адамдар жұмыс істеп жатыр" белгісі (плакат) ілінеді.
101. КЖ немесе ӘЖ-де жұмыс істеу үшін өшірілген бөлгіш және ажыратқыш жетектеріне бригада жұмысшылардың санына қарамастан, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ! ЖЕЛІДЕ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР" бір белгісі (плакат) ілінеді.
102. Бұл плакат жіберуге келісім беретін және желіде жұмыс істеп жатқан бригадалардың санын есепке алуды жүргізетін жұмысшының нұсқауы бойынша ілінеді және алынады.
103. Кернеудің болмауын кернеу көрсеткішімен тексеру қажет. Оны қолдану алдындағы ақаусыздығы осы мақсаттарға арналған арнайы аспаптардың көмегімен немесе кернеуге жақын және одан тысқары орналасқан тоқ өтетін бөліктерге жақындаумен анықталады.
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында кернеу көрсеткішін диэлектрлік қолғаптармен пайдалану қажет.
35 кВ және одан жоғары электр қондырғыларында кернеудің жоқтығын тексеру үшін оқшаулағыш қарнақты пайдалануға болады. Оны тоқ өтетін бөліктерге бірнеше рет жақындату қажет. Ұшқындау мен шыртылдаудың болмауы кернеудің жоқтығының белгісі болып табылады.
Бір тізбекті 500 кВ және жоғары ӘЖ-де тәжденудің болмауы кернеудің жоқтығының жеткілікті белгісі болып табылады.
104. Электр станциялары мен кіші электр станцияларының электр қондырғыларындағы кернеудің жоқтығын тексеру 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында IV төмен емес рұқсат тобы бар және 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан бір жұмысшыға рұқсат етіледі.
ӘЖ-де кернеудің жоқтығын тексеруді 1000 В-тан жоғары ӘЖ-де IV және ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар, 1000 В-қа дейінгі ӘЖ-де ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар екі жұмысшы орындайды.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
105. Дәлдеу схемасындағы кернеудің жоқтығын:
1) сыртқы қондырғының АТҚ, ЖТҚ және КТҚ-да, сондай-ақ тұман, жаңбыр, қар жауған кезде арнайы кернеу көрсеткіштері болмаған жағдайда ӘЖ-де;
2) 500 кВ және одан жоғары АТҚ-да және 500 кВ және одан жоғары екі тізбекті ӘЖ-де тексеруге рұқсат етіледі.
Дәлдеу схемасын тексеру кезінде ӘЖ мен КЖ кірмелеріндегі кернеудің жоқтығын желі орналасқан жедел басқарудағы кезекші растайды.
ӘЖ-де дәлдеу схемасын тексеру желілердің бағытын және сыртқы белгілерін, сондай-ақ тіректердегі желілердің диспетчерлік атауларына сәйкес келетін белгілерді тексеруден тұрады.
106. 6-20 кВ ӘЖ-де ағаш және темір-бетон тіректерден, сондай-ақ телескоптық мұнарадан орындалатын кернеудің жоқтығын тексеру кезінде сыйымдылықты тоқ ағымы принципіне негізделген көрсеткішпен оның жұмыс бөлігін жерге қосу арқылы көрсеткіштің талап етілетін сезімталдығын қамтамасыз ету қажет.
107. ӘЖ-де сымдарды әртүрлі деңгейде ілу кезінде кернеудің жоқтығын сілтеуішпен немесе қарнақпен төменгі сымнан бастап жоғарыға қарай тексеру қажет. Көлденең ілу кезінде тексеруді жақын тұрған сымнан бастау қажет.
108. Жерге қосылған нейтралы бар 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында екі полюсті сілтеуішті пайдалану кезінде кернеудің жоқтығын фазалар арасында, сондай-ақ жабдықтың немесе жерге қосушы (нольдеуші) сымның әрбір фазасы мен жерге қосылған элементінің арасында тексеру қажет. Алдын ала тексерілген Вольтметрді пайдалануға рұқсат етіледі. Кернеудің жоқтығын тексеру үшін бақылау қыздыру шамдарын пайдалануға жол берілмейді.
109. Аппараттың өшірілген күйі туралы сигнал беретін құрылғылар, бұғаттайтын құрылғылар, үнемі қосылып тұрған Вольтметрлер және басқалар кернеудің жоқтығын растайтын қосымша құралдар болып табылады және олардың көрсеткіштері негізінде кернеудің жоқтығы туралы қорытынды жасауға болмайды.
110. Жерге қосуларды тоқ өтетін бөліктерге кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін тікелей орнату қажет.
111. Тасымалды жерге қосуды алдымен жерге қосушы қондырғыға, содан кейін кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін тоқ өтетін бөліктерге орнату қажет.
ӘЖ-де сымдарды әртүрлі деңгейде ілу кезінде жерге қосуды төменгі сымнан бастап төменнен жоғарыға қарай орнату қажет.
Тасымалды жерге қосуды тоқ өтетін бөліктерге және бояудан тазартылған жерлердегі жерге қосушы шинаға (конструкцияға) қосу қажет.
Тасымалды жерге қосуды кері бірізділікпен, алдымен оны тоқ өтетін бөліктерден, содан кейін жерге қосушы қондырғыдан ажырату қажет.
112. Тасымалды жерге қосуларды орнату және ажырату 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында оқшаулағыш қарнақты пайдалану арқылы диэлектрлік қолғаппен орындалады. Тасымалды жерге қосулардың қысқаштарын осы қарнақпен немесе диэлектрлік қолғап киіп тікелей қолмен бекіту қажет.
113. Жерге қосу үшін, осы Қағидалардың 208-тармағында ескерілген жағдайды қоспағанда, осы мақсатқа арналмаған өткізгіштерді пайдалануға жол берілмейді.
114. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында бір жерге тұйықтауды орнату жеткілікті болатын, жұмыс істеу үшін ажыратылған құрастырмалы шиналарды қоспағанда, осы жақтан кернеу берілетін жұмыс істеу үшін ажыратылған учаскенің барлық жағындағы барлық фазалардың (полюстердің) тоқ өткізгіш бөлшектері жерге қосылады.