Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 486

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жобалық ұстаным

Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

Бұл «Дүниетану» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:




  • БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;


  • дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;


  • сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;


  • сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;


  • басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;


  • электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;


  • интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;


  • аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.




3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Дүниетану» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

4. «Дүниетану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.1. Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:


Сынып


Апталық жүктеме


Жылдық сағат саны


1


1 сағат


33 сағат


2


1 сағат


34 сағат


3


1 сағат


34 сағат


4


1 сағат


34 сағат

3,қмж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт» Мектеп: Ә.Боранбаев орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбаева А.К.

Күні: 28.11.2018

Сынып: 3

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме) 3.3.1.1. Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақ

мақсаттары Оқушылар - көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі; - Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады.

Бағалау

критерийлері - Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды; - Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар: - көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктері туралы айтады; Терминология: · отырықшы және көшпелі өмір сүру салты Талқылауға арналған сұрақтар: - көшпелі өмір сүру салтының отырықшы өмір салтынан қандай айырмашылығы бар? - Көшпелі өмірдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? -Көшпелілерге маусымдық жайылымдар не үшін қажет болды? Жазуға берілетін тапсырма: - көшпелі және отырықшы өмір сүру салттарының айырмашылығын кестеге түсір.



Құндылықтарды

дарыту Патриотизмді дамыту көне бабалар тарихын танып білу арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық

байланыстар Математика: уақыт өлшем бірліктері (жыл/ғасыр).

Алдыңғы

меңгерілген білім Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі, ежелгі артефактілер және қалалар, отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы 1 сыныпта «Саяхат» , 2 сыныпта « Салт-дәстүр және әдебиет» тарауларынан оқып танысқан.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланға

н кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 6-7 Білу 1.Психологиялық атмосфера қалыптастыру «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. 2.Үй тапсырмасын тексеру Спорт –денсаулық кепілі. Өткен сабақты қайталау,пысықтау. -Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар? -Спорт түрлері нешеге бөлінеді ? - Спорт түрлері қандай болып бөлінеді? -Қазақстан спортшыларын ата? Ольга Шишигина, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекпаев, Илья Ильин, Александр Винокуров ,Геннадий Головкин 3. «Сәйкестігін анықта» 4.Видео қаралады «Қазақтың көшпелі мәдениеті» https://www.youtube.com/watch?v=usNPed6t3zE Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда) *Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады. *Сабақ мақсаты ұсынылады: - көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі; - көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты. Бүгінгі сабақтағы тірек сөздер: Көшпелі –кочевник- nomad Егінші – земледелец –far mer Ой шақыру : Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да,сусыны да,киімі де малдан..... ,» деп жазды.Ғалымның сөзін мысалмен дәлелде. Слайд №3 Интерактивті тақта Видео

Сабақ

ортасы

7-12

Түсіну 5. Оқулықпен жұмыс : Мәтінді оқыту. 6. «Сызбаны оқы» стратегиясы (ұжымда) Оқушыларға көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы сызба ұсынылады. Олар сызбаны пайдалана отырып, жыл мезгілдеріне сәйкес

13-18 19-23 көшпелілердің жайылымдарды ауыстыруы туралы әңгімелеу керек. Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Көш жүгі жаздай даярланған азық-түлік, киіз-төсеніш, үй жабдықтары, қыстық киім есебінен құралып, күзге қарай молыға, ауырлай түседі. Күзеуге шығынсыз, аман-есен жету мақсатында, алғашқы күндері көш баяу қозғалады. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады Көктеу– көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Жайлау, Көктеу, Күзеу және Қыстау сөздерін сөздіктеріне немесе дәптерлеріне жазып алады. Оқушылар осы сөздердің түбірлеріне қарап, өздері анықтама беріп көреді: Жаз, Көктем, Күз, Қыс. Бағалау критерийлері: - Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады. 7. «Мен - көшпелі» ойыны (ұжымда) Оқушылардың бір бұрышқа жиналуын сұрау. Бормен шекара сызығын сызады. Осы шекарадан аспай қарапайым гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Қайтадан бастапқы орындарына барып, сол жаттығуларды жасауға тапсырма береді. Талқылауға берілетін сұрақтар: -Неліктен сендерге бұрышта жаттығуларды жасау ыңғайсыз болды? -Жаттығуларды қай жерде жақсы жасадыңдар ? -Бұл ойын мен көшпелі және отырықшы өмір салтының қандай байланысы бар? Өзіңді көшпелі өмір салтын ұстанатын адам деп ойла: -Жайылымды таңдағанда сен бірінші неге назар аударар едің? - Өзіңнің көшпелі өмір салтыңды сипаттап бер Оқушылар өз зерттеулеріне сүйеніп, қорытынды жасайды. Сызба Бор, Сюжетті суреттер


24-28 Талдау 29-35 Жинақтау Бағалау критерийлері: - маусымдық жайылымдардың рөлін түсінеді. - «Суретші» тапсырмасы (топта) Оқулықтағы отырықшылар туралы мәтінмен таныстыру. Топта «Отырықшылар немен айналысады?» , «Көшпелілер не бағады?» тақырыбына сурет салып, постер қорғау. Жұмыстың нәтижесі: постерді қорғау. Бағалау критерийлері: - жер өңдеушілердің өмір салты туралы біледі; -көшпелілердің өмір салты туралы біледі. 1. 8. «Кестені толтыр» тапсырмасының таратпа парағы Жұптағы оқушыларға көшпелі және егінші рөлдерін бөліп алуларын сұрау . Олар әңгімелесу үшін әрқайсысы 5 сұрақтан жазулары керек. Кейін сол сұрақтарын кестеге (әркім өз бағанына) жазып шығады. Осы кестедегі жазылған сұрақтарға сәйкес жұптар өзара әңгімелеседі.

Көшпелі өмір салты Отырықшы өмір салты Әңгімелесу нәтижесінде жұптар көшпелілер мен егіншілердің айырмашылықтары мен ұқсастығын талқылайды. Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды және тапсырманың соңында кері байланыс береді. Оқушылар нәтижелерін өздері қорытындылайды. Бағалау критерийлері: *Көшпелі өмір салтының 3 ерекшелігін атай алады; *Отырықшы өмір салтының 3 ерекшелігін атай алады. 9. Қалыптастырушы бағалау Сюжетті суреттер А3 форматтағы парақтар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар Жұптық жұмыс Рөлдерге бөлінген карточкалар Әңгімелесуге арналған кесте ҚБ тапсырмасы

Қолдану 10. «Тауарыңды сат» тапсырмасы (топта) Әрбір топқа тауарлар бейнеленген суреттер беріледі. Тауарды «сату» керек. Ол үшін оқушылар тауарын мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жобасын дайындайды (өлең, ән, қойылымдар және т.б.). Бағалау критерийлері: - Көшпелілер мен жер өңдеушілердің өнімдерін біледі; - Осы тауарлар қандай мақсатта қолданылатынын түсінеді; - Тауарды шығармашылық түрде ұсынады. Мәселені шешеміз. Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнбидің мынадай сөзі бар: «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер». Ғалымның сөзі дұрыс па? ҚБ «Сенесіңдер ме?» стратегиясы: – адамдар бағзы замандарда егіншаруашылығымен айналысатын отырықшылар деп және малшаруашылығымен айналысатын көшпелілер деп бөлінді ме? (иә); – көшпелілердің үш маусымдық жайылымдары болды ма? (жоқ, төртеу); – көшпелілер отырықшыларға қарағанда виртуоз ба, яғни асқан шебер ме? (иә); – отырықшылар бидай, тары, жеміс ағаштарын өсірген бе? (иә); Көшпелілер мен отырық-шылардың тауарларының суреттері

Сабақтың

соңы

36-40 Рефлексия «Алма ағашы» әдісі Жасыл түсті алма – бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын
, менің көңіл күйім көтеріңкі. Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.

Рефлексиялық есеп

Бастауыш сынып бірлестігінің апталығында 3-сынып оқушыларына дүниетану пәнінен «Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Оқушылар көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі; Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады. Сабақ «Сәлемдесу» ойыны арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Одан кейін сынып қағаз қиындылары арқылы «Көшпенділер» мен «Отырықшылар» деген екі топқа бөлініп, топтар 5Т ережесін естеріне түсірді. «Сұрақ-жауап» әдісі үй тапсырмасы сұралып, «Сәйкестігін тап» әдісі арқылы қорытындыланды.

«Қазақтың көшпелі мәдениеті» туралы видео қаралып, сабақтың тақырыбы таныстырылды. Ой шақыру :

Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да,сусыны да,киімі де малдан..... ,» деп жазды.Ғалымның сөзін мысалмен дәлелде.

Оқулықтағы мәтін оқытылып, ұжымда «Сызбаны оқы» стратегиясы бойынша

сызбадағы маусымдық жайылымдары туралы түсінік жұмысы жүргізілді.

Ұжымда «Мен - көшпелі» ойыны ойнатылып, талқылау сұрақтары арқылы оқушылар маусымдық жайылымдардың рөлін түсінді. Оқушылар оқулықтағы отырықшылар мен көшпелілердің тұрмыс тіршілігі туралы мәтінмен таныстып алғаннан кейін топтар «Суретші» тапсырмасын орындады. I топ «Отырықшылар немен айналысады?» , II топ «Көшпелілер не бағады?» тақырыбына сурет салып, постер қорғады. Парақтағы «Кестені толтыр» тапсырма-сын жұптық жұмыс ретінде рөлдерге бөліп орындады. Әңгімелесу нәтижесінде жұптар көшпелілер мен егіншілердің айырмашылықтары мен ұқсастығын талқылады. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары таратылып,

-көшпелі өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды;

- отырықшы өмір салтына тән ерекшеліктерді анықтайды;

- көшпелі және отырықшы өмір салтын салыстыра сипаттайды; деген дескрипторлармен бағаланды.

Әр топ «Тауарыңды сат» тапсырмасы бойынша өз елдерінің тауарларын сатуы керек. Ол үшін оқушылар тауарын мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жасады.Бұл тапсырма

- Көшпелілер мен жер өңдеушілердің өнімдерін біледі;

- Осы тауарлар қандай мақсатта қолданылатынын түсінеді;

Тауарды шығармашылық түрде ұсынады критерийлерімен бағалаланды.

Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнбидің: «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер» деген сөзі дұрыс па деген сұраққа оқушылар пікірін тыңдау арқылы сабақ қорытындыланды. «Сенесіңдер ме?» стратегиясының сұрақтарына иә, жоқ деп жауап беріп, оқушылар көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы, көшпелі және отырықшы өмір салтын ажырата алатындығын дәлелдеді. Сабақ мақсатына жетті. Сабақ соңында «Алма ағашы» әдісі арқылы рефлексия жасалынды.