Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 120
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
және
келесі эпидемиологиялық мәліметтердің біреуі:
- кененің шағуы;
- кенелермен және олардың қанымен контакт болуы;
- ҚГҚмен ауыратын науқастың қанымен контакт болуы;
- вирустың резервуары болып табылатын жануарлардың қанымен контакт болуы
және\немесе
Расталған ауру жағдайымен эпидемиологиялық байланыстың болуы
Дәлелденген жағдай
Келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- вирусты бөліп алу;
- «оң» нәтижелі ПТР;
- ИФА әдісімен IgM немесе IgG класына жататын антиделерді анықтау;
- патологоанатомиялық материалдан вирус антигенін иммуногистохимиялық әдісімен анықтау.
Емдеуі. Науқасты жеке бокста оқшалау керек. Науқастан зерттеуге қанды вакутейнер арқылы алу керек. Медициналық қызметкерлер көзілдірік, перчатки, маска, халат киіп жұмыс істеу тиісті. Этиотропты емі толық зерттелмеген. Вирусқа қарсы рибавирин тиімді болуы мүмкін. Иммунды сарысу немесе гипериммунды иммуноглобулин жақсы әсер көрсетеді.
Патогенетикалық емін интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен күресу барысында жүргізіледі. Шокпен кұресу мақсатымен глюкокортикостероидтер енгізіледі.
Алдын алу шаралары. ҚГҚ ошақтарында дератизация, дезинфекция шаралары, кенелердің шағуынан сақтау жұмыстары жүргізіледі. Медицина мекемелерінде гемоконтакты жолдың алдын алу шараларын жүзеге асыру керек. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация жүргізіледі, арнайы глобулин тағайындалады.
ОМБЫЛЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ОГҚ)
Анықтамасы. Омбылық геморрагиялық қызба – интоксикация, қызба, геморрагиялық синдромдармен сипатталатын трансмиссивті, табиғи–ошақты, жедел вирусты ауру. Аурудың клиникалық көріністері Қырымдық геморрагиялық қызбаға ұқсайды, бірақ ағымы қатерсіз болады, жиі тыныс алу жүйесі зақымдалады.
Тақырыптың өзектілігі. ОГҚ Ресейде (Новосибирск, Омск, Тюмень, Курган, Орынбор облыстарында) және Сол түстік Қазақстан облыстарында таралған.
Тарихи мәліметтер. Омбылық геморрагиялық қызба алғаш рет 1945-48 ж. Омбы және Новосибирск облыстарында пайда болған. 1958 жылдан бастап, инфекция көзі санының қысқаруына байланысты сирек кездеседі.
Омбылық геморрагиялық қызба таралуы шектелген сирек инфекцияларға жатады.
Этиологиясы. ОГҚ қоздырғышы флавовирус түріне, тогавирустар туыстастығына жатады, арбовирус, кенелік энцефалит вирусының антигендік қасиеттеріне ұқсас. Ақ тышқандарда пассаж жасағанда жеңіл адаптацияланады, маймыл, теңіз шошқасы, мысықтар үшін патогенді, жоғары троптылығымен ерекшеленеді, тышқандар мен маймылдардың миына енгізгенде менингоэнцефалит тудырады.
Эпидемиологиясы. ОГҚ – табиғи–ошақты зооноз. Аурудың көзі және резервуары – ондатра, су егеу құйрықтары, басқа кеміргіштер. Аурудың тасымалдаушылары – Dermacenter marginatus, Dermacenter pictus, гамаз кенелері, ьүргелер. Кененің личинкалары мен нимфасы кеміргіштер, құстарда тіршілік етеді, ересек кенелер адамдар мен жануарларға шабуыл жасайды.
Адамға ауру котактілі кеміргіштермен жанасқанда, трансмиссивті кенелер шаққанда, ауа-шаң зертханалардың ішінде жұғуы мүмкін.
Аурудың өршуі көктем-жаз айларында болады, кенелердің активті кезеңімен сәйкес келеді. Кенелер ұрпағына вирусты трансовариалді беруге қабілетті. Негізінен ауылшаруашылық және ормандала аймақтарының тұрғындары ауырады. Аурудан соң тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауыру байқалмайды.
Патогенез және патологиялық анатомиясы. Организмге енген вирус қан арқылы таралып, бірінші тамыр капиллярларының эндотелийін, жүйке жүйесін, бүйрек үсті бездерін зақымдайды. Капилляротоксикоз дамиды. Капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылауы әсерінен вирустың әр түрлі тіндер мен ағзаларға, сүйек кемігіне өтуі жеңілдейді. Әр түрлі ағзалар мен жүйелерде қабынулық токсикалық өзгерістер дамиды. Патанатомиялық зерттеу кезінде ағзалардың қанға толу, қан құйылулар, барлық ағзалардың дәнекер тіндерінде, эндокриндік бездерде, вегетативтік түйіндерде, бүйрек үсті бездерінде, ОЖЖ-де серозды геморрагиялық бөртпелер анықталады. Бауыр, бүйрек, миокардта дегенеративті өзгерістер, ісінуі байқалады. Сүйек кемігі мен көк бауырда лимфабластылық және ретикулярлы элементтердің гиперплазиясы байқалады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 2-10 күнге созылады. Ауру жиі жедел басталады: қалтырау, дене қызуының 39-40ºС –қа жоғарылауы, қатты бас ауыру, бүкіл денесінің ауыруы анықталады. Мойыны мен беті гиперемияланған, склера және конъюнктива тамырларының айқын инъекциясы, анқаның қызаруы, кейде энантема байқалады. Аурудың 3-4ші күні геморрагиялық синдром дамиды: теріде петехиальды экзантема, кейбір аймақтарда көпшілік теріастылық қан құйылулар болады. Бөртпелермен бірге иектің қанталауы, мұрын, өкпе, асқазан, ішек және жатырлық қан кетулер болады. Бірақ экзантема да, қан кетулер де ОГҚ-да ҚГҚ-дай жиі емес, тек 20-25% науқаста кездеседі. Әдетте қан кетулер науқас өміріне қауіпті емес. Геморрагиялық синдром фонында перифериялық лимфа түйіндерінің жайылмалы ұлғаюы болады. Пульс баяу, АҚ төмендейді, өкпеде бронхит белгілері, кей науқастарда физикалық көріністері әлсіз (қақырық пен жөтел болмайды) пневмония белгілері анықталады. ОГҚ кезінде ҚГҚ-на қарағанда жүйке жүйесі жағынан өзгерістер басым болады, әсіресе менингоэнцефалит көріністері. Перифериялық қанда аз мөлшердегі анемия, лейкопения, анэозинофилия, тромбоцитопения байқалады. Қызба кезеңі 4-5 күннен 12 күнге дейін созылады. Дене қызуы қалыптасумен, науқастың жағдайы жақсарады, геморрагиялық көріністер, жүйке жүйесінде, өкпедегі өзгерістер жойылады, тәбеті қалыпына келеді. Сауығу баяу жүреді. Кейде 5-20 күннен соң қызбаның 2-ші толқыны пайда болып, ауру 3-7 күнге созылып, әлсіз жалпы токсикалық көріністермен жүреді. Нейтрофилді лейкоцитоз болуы мүмкін.
Диагностикасы мен емі геморрагиялық қызбалардың диагностикасы мен емінің жалпы принциптеріне негізделеді.
Болжамы жағымды, өлім-жітімділігі 0,5-3% аралығында.
Алдын алу шаралары. ҚГҚ кезіндегідей шаралар қолданылады. Вакцина да қолданылады.
БҮЙРЕК СИНДРОМЫМЕН СИПАТТАЛАТЫН ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА
(БСГҚ)
Син. Геморрагиялық нефрозо-нефрит.
Анықтамасы. Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба - жоғарғы қызба, жалпы улану, геморрагиялык синдромдарымен және бүйректің зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты табиғи ошақты ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Аурудың Орал-илек табиғи ошағы Батыс Қазақстан облысымен (БҚО) шекаралас Ресей территориясында орналасқан. Орынбор облысында ауру өршіген жылдары 1 мыңнан астам адам ауырған. Батыс Қазақстан облысында ауру 2000 ж. Бастап тіркеліп жатыр. Ауру 5 аудандарда тіркелген (Бурлин, Шынғырлау, Зеленовск, Теректі аудандарында және Орал қаласында). 2000 – 2007 жж. Аралығында 140 науқас ресми түрде тіркелген.
Тарихи мәліметтер. Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба әр түрлі аттармен (маньчжуриялық гастрит, геморрагиялық нефрозонефрит, конго қызбасы) сипатталып, 1913 ж. бастап, Қиыр Шығыста тіркелген. Аурудың вирусты этиологиясы А.А.Смородинцевпен (1940-1944 жж.), кейін М.П.Чумаковпен (1956 ж.) дәлелденген.
1976 ж. Кореяда, Хантаан өзенінің қасында Г.Ли және П.Ли кеміргіштердің өкпесінен вирусты бөліп алған. Вирустың атауын Hantaan virus деп қойған.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Наntaan түріне, Bunyaviridaе туыстастығына жататын домалақ пішінді вирус. Қүрамында РНҚ-ы бар, диаметрі 85-110 нм. 50°C температурада 30 мин. аралығында инактивацияланады, 0-4°С кезінде 12 сағат бойы төзімді. Қазіргі кезде вирустың 2 антигендік варианты бар екендігі дәлелденген. 1-шісі – шығыстық ’’Хантаан вирусы’’- Қиыр Шығыстың, Корей жартылай аралының, Қытай, Жапонияның табиғи ошақтарында мекендейді. Аурудың негізгі резервуары - өрістік тышқан.
Вирустың 2-ші антигендік варианты - еуропалық батыстық - Бельгия, Франция, Норвегия, Швеция, Финляндия, Ресейдың европалық бөлігінің ошақтарында анықталған. Аурудың резервуары - сарышұнақтар.
Вирустың 3-ші антигендік варианты Балканда деп болжайды. Сарышұнақ вирусын жұқтыру жеке ошақтарда 40-57%-ке жетеді. Қиыр Шығыста БСГҚ-негізгі көзі егістік тышқан, қызыл-сұр тышқан және азиялық орман тышқаны болып табылады.
БҚО вирустың Пуумала серотипі бөлінді.
Эпидемиологиясы. БСГК-ң резервуары – тышқан тәрізді кеміргіштер, әсіресе сарышунақтар. Кеміргіштерде инфекцияның латентті түрлері байқалады, сирек жануарлардың өліміне әкелетін эпизоотиялар дамиды. Тышқандар қоздырғышты нәжісімен, зәрімен бөледі, сілекей арқылы бөлуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында вируспен заладануы ормандық тышқандарда - 48,7%, рыжая полевка - 38,5%, полевка обыкновенная - 7,7% үй кеміргіштерінде -5,1%.
Жануарлар арасында инфекцияның таралуы гамаздық кенелер, бүргелер арқылы трансмиссивті жолмен жүреді. Адамға инфекция ауа-шаң, алиментарлы, контактілі жолдармен тарайды. БҚО адамдар кеміргіштермен немесе олардың экскременттерімен контактілі және аэрогенді жол арқылы заладанған. Ауру адамнан сау адамға жүғу туралы жазылмаған. БСГҚ-мен ауыру белгілі бір климато-географиялық жағдайлармен байланысты, айқын маусымдылық тән. Қаңтар мен мамыр аралығында тіркелмейді, бүл қыс уақытында кеміргіштер санының азаюымен байланысты. Мамырдың аяғында ауру біртіндеп жоғарылап, ең жоғарғы көрсеткіштерге маусым-қазанда жетеді (кеміргіштер санының көбеюі, адамдардың орманға жиі бару, балық аулау, ауыл шаруашылық жүмыстарымен айналысуымен байланысты). Ауру спорадикалық сипатта болады, бірақ топтық жағдайлар да кездеседі. Негізінен ерлер ауырады, олардың үлесіне аурудың 70-90% тиеді. Жиі ауыл тұрғындары және белсенді жастағы 15-50 ж. ерлер ауырады. Қала тұрғындарының ауыруы олардың қаладан тыс зонаға (аңшы, саңырауқұлақ теру, балық аулау) баруымен байланысты.
БСГҚ-мен ауырғандарда тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауырмайды.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Вирус адам организміне асқорыту және тыныс жолдарының шырышты қабаттары және зақымдалған тері арқылы енгеннен соң макрофагалді жүйеде көбейіп, қанға түседі, вирусемия дамиды. БСГҚның патогенез негізінде вирусемия, массивті вазопатия, тіндік деструкция, иммунопатологиялық үрдістер, қан ұю жүйесінің өзгеруі, эндокриндік бұзылыстар, бүйректің жедел жетіспеушілігінің дамуы түріндегі организмнің жауап реакциялары болып табылады. Қандағы вирус ауыр геморрагиялық капилляротоксикоз, қан құйылулар, геморрагиялық бөртпе, тіндердің серозды ісінуі, ішкі ағзаларда дистрофиялық өзгерістер тудырады. Капилярлар өткізгіштігінің жоғарлауына байланысты қанның сұйық бөлігінің тамырдан сыртына шығуы зат алмасуын бұзады, қан қоюланады, ағзалар мен тіндерде ауыр трофикалық өзгерістер дамиды.
Қан ұю жүйесіндегі өзгерістер тамыр ішіне шашыраңды қан ұйу (ТШҚҰ) синдромға және микроциркуляция бұзылыстарына әкеледі. Вирустың қан тамырларына тікелей әсерінен басқа, тамырлардың құрылымы мен қызметінің бұзылуы симпатикалық нерв жүйесі, орталық және перифериялық вегетативті түйіндердегі ошақты және диффузды дегенеративті некробиозды, қабынулық өзгерістер нәтижесіндегі жүйке жүйесінің инфекциялық-токсикалық зақымдалуы әсерінен де болады.
БСГҚ – үшін әсіресе бүйректердің зақымдалуы тән, ол екі жақты интерстициальды серозды-геморрагиялық нефрит және деструктивті-обтурациялық сегментарлы гидронефрозбен көрінеді. Анурия азотемиялық уремияның дамуына әкеледі. БСГҚ-ң патогенезінде бүйректердің зақымдалуы маңызды роль атқарады, бүйректердің шығару қызметінің бұзылуымен қатар қызбаға ауыр бүйректік ауру сипатын береді. Азот алмасуы бұзылады, күрделі су электролиттік өзгерістер жүреді, айқын протеинурия байқалады. Кейіннен пайда болатын полиурия түтікшелік эпителийдің провизорлық несепті реабсорбациялау қабілетінің төмендеуі және тұрақты эндокриндік бұзылыстармен байланысты. Маңызды патогенездік факторлар аутоаллергиялық фактор атқарады. Түзілетін аутоантиденелер қорғаныс қызметімен қатар, иммундыкомплекстер түзіліп, бүйрек шумақтарының базальды мембранасына рецепторлар арқылы байланысып зақымдаушы әсер көрсетеді.
Морфологиялық өзгерістер барлық организмдердің майда қан тамырлардағы ошақты ісінулік – деструктивті және некробиозды өзгерістермен көрінеді. Мезенхимальды тіндерде цитолиз, қан айналым бұзылыстары, қан құйылулар байқалады. Әсіресе бүйректерде күрт өзгерістер болады: макроскопиялық олар болбыр, көлемдері үлкейген, капсуласы оңай сылынады. Кесіндіде қыртыс қабаты қою сұр түсті, пирамидалары қою қоңыр түсті, қанға толы, некроз ошақтары байқалады. Көптеген ағзаларда, эндокриндік бездерде (бүйрек үсті безі, гипофиз), вегетативті ганглийлерде кең таралған дистрофиялық өзгерістер байқалады.
100>