Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 143
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақылау сұрақтары:
1. Саңырауқұлақтардың систематикасы
2. Ашытқы саңырауқұлақтардың құрылысы
3. Ашытқы саңырауқұлақтардың көбеюі
4. Ашытқы саңырауқұлақтардың классификациясы
Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№ 4 зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасын анықтау
Сабақтың мақсаты: Сүт қышқылды өнімдердің – айранның, йогурттың, сүттің микрофлорасын зерттеу
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоптар, сүт, айран, йогурт, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шынылар, бактериологиялық ілмектер, пинцеттер, пипеткалар, бояғыш заттар.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Микроскоптау әдісімен сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасын анықтау;
2. Тәжірибенің хаттамасын толтыру.
Теориялық бөлімі
Микрофлораның құрамы мен дайындау әдістеріне қарай сүт қышқылды өнімдерді төмендегідей топтарға бөледі:
- көп құрылымды ашытқы (закваска) арқылы жасалынған сүт өнімдері (айран, қымыз). Бұл өнімдер тобының микрофлорасы сүтқышқылды бактериялардан (бір немесе бірнеше түрі), ашытқылардан, сирек жағдайда сірке қышқылды бактериялардан тұрады. Ашытқылар мен сіркеқышқылды бактериялар өнімге арнайы дәм мен иіс береді. Айран өндірісінде табиғи симбиотикалық ашытқы – Lactobacillus сүтқышқылды бактерияларынан , Saccharomyces kefir ашытқыларынан және стрептококкалардың кейбір түрлерінен тұратын айран саңырауқұлақтары. Қымызды сүтқышқылды бактериялардың (Lactobacillus casei және т.б.), стрептококкалар мен ашытқылардың көмегімен бие сүтінен алады. Мұндай ұйытқыларды қолданып сүтті ашыту 10-12 сағат ұзақтығында 20-22 °С температурада жүргізіледі.
- мезофильді сүт қышқылды стрептококкалардың көмегімен жасалынған өнімдер
(сүзбе, қаймақ, кәдімгі простокваша). Мұндай сүт өнімдерінің негізгі өкілдері сүт қышқылды стрептококкалар: Streptococcus lactis, Streptococcus acetoinicus, Streptococcus cremoris, Streptococcus diacetylactis. Сүтті ашыту 30 °С температурада 6-8 сағат ұзақтығында жүреді.
- термофильді сүт қышқылды бактериялардың көмегімен дайындалған өнімдер (ряженка, варенец, йогурт, простокваша Южная, Мечниковская). Бұл сүт қышқылды өнімдерді дайындау үшін сүт қышқылды бактериялардың қоспасы (10:1) қолданылады: Streptococcus thermophillus и Lactobacillus bulgaricus(болгар таяқшасы). Бұл бактериялармен сүтті ашыту 3 сағат ұзақтығында 40-42 °С температурада жүргізіледі.
- Термофильді және мезофильді сүтқышқылды бактериялардың көмегімен дайындалған өнім (қаймақ, майлылығы төмен қаймақ, «Любительский» «Юбилейный», «Русский» сусындары). Мұндай өнімдердің микрофлорасының негізгі өкілдері - мезофильді және термофильді сүт қышқылды стрептококкалар. Аралас ашытқыларды қолданып, сүтті ашыту температурасы - 33-38 °С.
Сүт қышқылды өнімдердің микроскопиясы:
Айран сынамасының микрофлорасы
1. Lactobacillus bulgaricum; 2. Streptococcus Lactis; 3. Streptococcus diacetilactis; 4. Saccharomyces Kefiri; 5. Ұйыған ақуыз.
Йогурт сынамасының микрофлорасы
1. Streptococcus diacetilactis; 2. Streptococcus lactis
Айран сынамасындағы сүтқышқылды стрептококкалар
Жұмыстың жүргізілу барысы:
1. Таза заттық шынының бетіне ілмекпен зерттеуге алынған материалдың аз ғана тамшысын тамызып, шамамен 1см2 ауданға жаю;
2. Препаратты бөлме температурасында кептіріп, от жалынында ұстап, метил көгімен бояу;
3. Препаратты микроскопқа қойып, микроорганизмдердің жасушаларын қарау;
4. Сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасының микроскоптағы көрінісінің суретін салу.
5. Тәжірибенің хаттамасын толтыру.
Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№ 5 зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтарын зерттеу
Сабақтың мақсаты: зең саңырауқұлағының құрылысын, даму және көбею ерекшеліктерін зерттеу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Мукор зең саңырауқұлағы (Mucоr)
2. Зең саңырауқұлағының құрылысы
3. Зең саңырауқұлақтарының қоректенуі
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоптар, көгерген нан, пинцет, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шынылар, бактериологиялық ілмектер, пинцеттер, пипеткалар, бояғыш заттар, зертханалық жұмыстық орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Нандағы зең саңырауқұлағын қарау.
2. Микроскоптау әдісімен зең саңырауқұлақтарын анықтау.
3. Зеңнің түзілу және өсу жағдайларын анықтау.
4. Тәжірибенің хаттамасын толтыру.
Зең саңырауқұлақтары– аскомицет, гифомицет, фикомицет тобына бірігетін жетілмеген саңырауқұлақтар қатарына жататын төменгі сатыдағы өсімдіктер. Мукор (зең саңырауқұлағы, ақ зең) – күнделікті тұрмыста жиі кездесетін зең саңырауқұлағы. Табиғатта шіріген жапырақтарда, шөптерде, қида кең таралған. 2-3 күн жабық күйінде қалдырылған ұн өнімдерінде, мысалы нанда мақтаға ұқсас зең қабаттары пайда болады.
Бұларға тән ерекшелік өскен кезде үлпілдек, мамық тәрізді, түсі әр түрлі зең қабатын түзеді. Бұл қабат саңырауқұлақтың субстрат бетінде пайда болатын мицелийлерінен, спора түзгіш жіпшелерінен және спораларынан тұрады. Зең саңырауқұлақтарының түсі түріне байланысты ақ, сұр, қара, көкшіл, жасыл, тағы басқа болып келеді. Өте ылғалды жерлерде және қолайлы температурада жақсы әрі тез өседі. Споралары, мицелий бөліктері, кейде жеке гифтері (жіңішке жіпше) арқылы көбейеді, тарайды. Зең саңырауқұлақтары тағамда, өсімдік қалдықтарында, үйдің қабырғаларында (жабысып), көкөністе, тағы басқа жерлерде өсіп дамиды. Органикалық қалдықтарды ыдырату, шіріту және зат алмасу процесіне қатысады.Зең саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған, кез келген тіршілік ортасында кездеседі. Олардың кейбір түрінен адамға қажетті заттар (витамин, антибиотик, органикалық қышқылдар) алынады.
Зең саңырауқұлағында, басқа саңырауқұлақтардағыдай хлорофилл дәндері болмайды, сондықтан органикалық заттар түзілмейді. Зең саңырауқұлағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Жіпшумақтарының ұшында қара нүктелерге ұқсас спорангийлер дамиды. Әрбір спорангийлерде көптеген споралар болады. Қолайлы жағдай туындағанда, споралар көбейіп жіпшумақтар түзеді.
Зең саңырауқұлақтарының микроскоптағы көрінісі
Сонымен қатар, зең саңырауқұлақтарына тағам өнімдерінде жиі кездесетін Penicillium туысының өкілдері жатады.
Penicillium camemberti саңырауқұлағын Бри и камамбер ірімшіктерін дайындау үшін қолданады – дәл осы саңырауқұлақтар өнімге өзіндік дәмі бар қатты ірімшік қатпарын береді.
Penicillium туысына жататын тағы бір саңырауқұлақ өкілі бүкіл әлемге пенициллин атауымен белгілі, өкпенің қабынуы, ангина, ішкі құлақтың қабынуы ауруларының қоздырғыштарын өлтіретін дәріні алуда қолданылды. Пеницилл саңырауқұлақтары да зең түзеді, микроскопиялық зерттеулер кезінде көптеген жасушалардан тұратын бұтақталған вегетативті мицелийлерді байқауға болады. Пеницилл туысына жататын саңырауқұлақтардың спорангийлері конидийлер тізбегінен тұратын, бұтақ тәрізді болады. Спорангийлердің түріне байланысты бір, екі немесе көп қатарлы, сонымен қатар жинақталған болады.
Аспергилл (Aspergillus) - жыныстық жолмен көбеймейтін, споралардың көмегімен көбейетін жоғары аэробты саңырауқұлақтардың туысы. Аспергилдегі конидийлер микроскоппен қарағанда боялған спораларға толы, доңғалақ болады.
Барлық зең саңырауқұлақтарына тән қасиет: олардың құрылымында хлорофилл дәндері болмайды. Сондықтан да, олар қорек көзі ретінде дайын органикалық заттарды қолданады. Қозғалмай тіршілік ететіндіктен тағам құрамында көбейеді. Ферменттердің көмегімен еріген қорек көздерін сора отырып, саңырауқұлақтар барлық ғаламшарда кездеседі және көбейеді.
Жұмыстың жүргізілу барысы:
1. Нандағы зең саңырауқұлағын көзбен қарап, бақылаңыз.
2. Зең саңырауқұлағының сыртқы түрін, зеңнің түсін, иісін сипаттаңыз.
3. Иненің көмегімен зеңді бір жағына ысырып қойыңыз. Зеңнің астындағы тағамдық өнімнің жаңдайын сипаттаңыз.
4. Зең саңырауқұлағынан микропрепарат дайындаңыз.
5. Микроскоптың көмегімен 60 есе ұлғайтып, саңырауқұлақтың жіпшелерін, жіпшумақтары мен спораларын қараңыз. Жіпшелер мен споралардың түсіне мән беріңіз.
6. Микроскоптың көмегімен 300 есе ұлғайтып, жіпшенің ұшындағы споралары бар спорангийлерді табыңыз.
7. Зең саңырауқұлағының құрғақ микропрепаратын (сусыз) дайындаңыз. Микроскоптан қарамас бұрын заттық шынының бір шетіне бір тамшы су тамызыңыз.
8. Судан спорангийлер үзіліп, саңырауқұлақ спораларының ұшқанын бақылаңыз.
9. Зертханалық жұмыс дәптеріне зең саңырауқұлағының көрінісін суреттеп салыңыз.
Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№6 Зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бояу әдістерінің жай және күрделі түрлері
Сабақтың мақсаты: Бояудың жай және күрделі әдістерін қолдана отырып, морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару. Микроскоптың иммерсиялық жүйесімен жұмыс жасауға үйрену.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, пробиркалар (штативте); иммерсиялық май, кюветалар, метилен көгі (1: 40), ЕПС-дағы стафилококка және ішек таяқшасы, ЕПА-дағы лактобактериялар өсімі, бактериялардың препараттары, бактерия культуралары, сүзгіш қағаз, сабын.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны: