Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 147
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жағындыны жай әдіспен бояу
Кептірілген және бекітілген жағындыны жай әдіспен бояғанда тек қана бір бояу қолданады. Жағындыны бояу үшін арнайы жабдықталған, әйнекпен, пластикпен жабылған стол қажет. Бекітілген жағындыны кюветаның үстінде тұрған көпіршікке орналастырады, пипеткамен бояу тамызады. Белгілі уақыттан кейін бояуды төгіп тастап, препаратты сумен шайып, сорғыш қағаздың арасына салып кептіреді.
Фуксин ерітіндісімен (Пффейфер фуксині) 1-2 минут бояйды. Микробтар қызыл түсті болып боялады.
Метилен көгінің қою ерітіндісімен 3-5 минут бояйды. Микробтар көгілдір немесе көк түске боялады.
Жай бояу әдістері микробтар пішінін және орналасуын анықтау үшін қолданады.
Жағындыны күрделі әдіспен бояу
Бояудың бұл тәсілі дифференциялы әдіске жатады. Ол барлық микроорганизмдерді 2 топқа бөледі: Грам оң және Грам теріс. Грам оң микробтар трифенилметан қатарындағы боялармен (генициан, метил, кристалфиолет) және иодпен берік қосылыс береді, спиртпен өңдегенде түссізденбейді. Фуксинмен қосымша бояғанда, бірінші күлгін түсін өзгертпейді. Грам теріс микробтар трифенилметан қатарындағы бояғыштармен және иодпен қосылыс бермейді. Сондықтан спирттің әсерінен түссізденеді, содан кейін фуксинмен қосымша қызыл түске боялады.
Бояу техникасы:
1. Отпен бекітілген жағындыны (фиксацияланған) сүзгіш қағазбен жауып, оның үстіне геницианфиолет ерітіндісін құйып, 1-2 минут ұстайды.
2. Препаратты сумен жумай жағындыға бірнеше тамшы Люголь ерітіндісін тамызады да, препарат қарайғанша қояды (2 мин).
3. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 96° спиртке 0,5-1 минуттай батырып қояды.
4. Препаратты сумен жақсылап жуады.
5. Жағындының үстіне бірнеше тамшы Пфейффер фуксинін тамызып, 1- минуттай бояйды да сумен жуады.
6. Препаратты жуады да, сүзгіш қағазбен кептіреді. Иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам оң микробтар күлгін көк түске, ал Грам теріс – қызыл түске боялады.
1. Пробиркадағы таза өсімдерден І-ші сағатқа бекітілген жағындылар дайындау; ол үшін жағынды дайындаудың 4 сатысын, бекіту тәсілін меңгерулері тиіс.
2. Бояудың жай әдісі: (метилен көгі, фуксин). Өсім түрлері ашытқы саңырауқұлақ Сandida (фуксин); лактобактериялар Lactobacillus – метилен көгі ІІ-ші сағатта
3. Бояудың күрделі әдістері: Грамм, Циль-Нильсон. Өсім түрлері: Staphylococcu s, E coli
4. Дайындаған жағындыларды микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы қарап, суретін салады.
Хаттама
Бояудың жай және күрделі әдістері
Күні | Зерттеу материалы | Зерттеу барысы | Нәтиже |
І | ЕПА-дағы Candida таза өсім | 1.Жағынды дайындау. 2.Жай әдіспен бояу (Фуксин) 3.Суретін салу | |
| ЕПА-дағы Lactobacillus -таза өсім. | 1.Жағынды дайындау 2.Жай әдіспен бояу (метилен көгі) 3.Суретін салу | |
ІІ | ЕПС-дағы Staphylococcus және Е.coli өсімі | 1.Жағынды дайындау 2.Күрделі әдіспен бояу (Грамм) 3.Суретін салу | |
Блиц тест:
1. Бактерия клеткасындағы тұқым қуалаушылық ақпарат орнын көрсетіңіз? А) Цитоплазма Б) Нуклеоид В) ЦПМ С) Капсула D) мезосома | 4.Күрделі бояу әдісін ұсынған ғалым? А) Л.Пастер Б) Э.Деннер В) И.Мечников С) К. Грам D) А.Левенгук |
2. Спора түзу бактерия клеткасына не үшін қажет? А) өсіп –көбеюі Б) түрдің сақталып қалуына В) қоректік заттар қоры С) қозғалу үшін D) тыныс алу үшін 3.Эукариоттар патшалығына жатады? А) вирустар Б) бактериялар В) саңырауқұлақтар С) риккетсиялар D) микоплазмалар | 5. Прокариоттар патшалығына жатады? А) қыналар Б) бактериялар В) саңырауқұлақтар С) балдырлар D) жоғ.сатыдағы өсімдіктер 6. Клетка қабырғасының негізгі қызметі? А) пішін береді Б) қорғаныштық В )тыныс алу С) қозғалғыштық D) генетикалық мәлімет сақтау |
Бақылау сұрақтары:
1.Бактериялар систематикасы
2. Актиномицеттер және олардың жіктелуі
3.Саңырауқұлақтар және олардың құрылысы
4. Саңырауқұлақтардың көбеюі
Глоссарий:
Грам әдісімен бояу– Дания ғалымы Грам (1884 ж) ұсынған микроорганизмдерді бояудың күрделі әдісі. Осы бояуға қатысына қарай екі топқа бөледі. Біріншісі- Грам әдісімен боялмайтындар,ал екіншісі- боялатындар.
Биопрепараттар– халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылатын,құрамында белсенді әрекет көрсетілетін микробтар бар немесе сол организмдердің туындысы болып есептелетін арнаулы заттар. Оларға вакциналар,сарысу,антибиотиктер,бактериялы тыңайтқыштар,азық ашытқылары жатады.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№7 Зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бактерия клеткасының құрылымдық элементтері. Анықтау әдістері
Сабақтың мақсаты: Бактерия клеткасының негізгі құрылымдық элементтері: капсула, клетка қабықшасы, жіпшелері, спораның клетка үшін маңызын және анықтау, бояу әдістерін меңгеру.
Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: Микроскоп (биологиялық), заттық және жабын әйнектер, бактериологиялық ілмек, стерильді пипетка, пробиркалар (штативте); иммерсиялық май, кюветалар, метилен көгі (1: 40), ЕПС-дағы стафилококка және ішек таяқшасы, ЕПА-дағы лактобактериялар өсімі, бактериялардың препараттары, бактерия культуралары, сүзгіш қағаз, сабын, 5 % хром қышқылы, 0,2% тұз қышқылы
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
1.Негативті тірі клеткадағы капсуланы анықтау. (Бурри әдісі)
1. Туштың 1 тамшысын спирт пен эфир қоспасымен жақсылап өңделген заттық әйнекке тамызады да, оған бактериялары бар бір тамшы сұйықты қосады.
2. Жабын әйнекпен жұғындыны заттық әйнек бетіне үйкей жағады және жаяды.
3. Препаратты кептіреді де, иммерсиялы жүйемен қарайды.
Нәтиже: Қара сұрғылт фонда бактериялардың боялмаған капсуласы мен клеткалары анық көрініп тұрады.
2.Спораны анықтау - Леффлер әдісі
-
Фиксацияланған препаратқа Леффлердің метилен көгін құяды. Спиртовка жалынында 15-20 секунд қайнатады. -
Препаратты сумен жуады да, 30 секундтай 0,5 % бейтарап қызыл бояудың сулы ерітіндісінде бояйды.
3. Одан соң тағы да жуады, құрғатады да иммерсиялы жүйе арқылы препаратты микроскоппен қарайды.
Нәтиже: Спора ашық көк немесе көк, цитоплазма қызғылт түске боялуы тиіс
3. –Бактерия жіпшелерін анықтау
1. Жұғынды даярланатын шынылардың барлығы таза және этил қоспасымен майды кетіру үшін жақсылап өңделген болуы тиіс. Бакериялар клеткасы өте қозғалғыш болғаны жөн. Сондықтан бактериялар эмульсиясын алдын ала шайқалмай, аралспай тұрған кезде препарат дайындаған дұрыс.
2. Дайын жұғындыны фиксацияламайды, қайта оның үстіне улағыш (протрава) құйып, 10 минуттай ұстайды. Содан соң препаратты дистелденген сумен жуады.
3. Жұғындыға Цильдің карболды фуксинін құяды да 5 минут ұстайды.
4. Құбыр суымен жуады да, ауада кептіреді. Иммерсиялы жүйемен микроскоптан қарайды.
Нәтиже: Талшықтар қызыл түске боялады.
Элементтердің ерекшеліктеріне назар аударып, суретін салу
Демонстрациялық препараттар мен танысу (дайын құрылымдық элементтер)
Хаттама
Бактерия клеткасының құрылымдық элементтері
№ | Зерттеу материалы | Зерттеу барысы | Нәтиже |
1 | ЕПС-дағы бактериялар қоспасы №1. | 1.Жағынды дайындау 2.Бурри әдісімен бояу 3.Микроскоппен қарап, суретін салу | |
1 | ЕПА-дағы Pzoteusvuegars | 1.Жағынды дайындау 2.Леффлер әдісімен (метилен) бояу 3.Микроскоппен қарап, суретін салу | |
2 | ЕПА-дағы Bacillus subtilis | 1.Жағынды дайындау 2.Ожешки әдісімен бояу 3.Микроскоппен қарап, суретін салу | |
Блиц тест:
1.Бактерия клеткасының құрылымдық элементі болып саналмайды? А) клетка қабырғасы Б) нуклеоид В) ядро, ядрошықтармен С) рибосома D) цитоплазма | 4. Бактерия спорасын анықтау үшін бояу әдісін көрсетіңіз? А) Грамм әдісі Б) Пешков әдісі В) Нейссер әдісі С) Циль-Нильсон әдісі D) Гисс әдісі |
2.Цитоплазмалық мембрана қанша қабаттан тұрады? А) 2 Б) 5 В) 3 С) 4 D) 1 | 5. Клетка құрылымы жоқ организмді атаңыз? А) бактерия Б) микоплазма В) вирус С) балдыр D) жасыл балдыр |
3. Бактериялардың қарқынды дамуы қай фазада жүреді? А) тежелу және даму фазасында Б) даму фазасында В ) тежелу фазасында С) тұрақты фазасында D) даму және тұрақты | 6.Бактерия клеткаларының көбею фазалары? А) тежелу, даму Б) даму, тұрақты, актив В ) тежелу, даму, қырылу, актив С) даму, тұрақты, қырылу, актив D) тежелу, даму, тұрақты, қырылу |
Бақылау сұрақтары:
1. Бактерия клеткасының тұрақты мүшелеріне сипаттама
2. Бактерия клеткасының тұрақсыз мүшелеріне сипаттама
3. Бактерия клеткасының химиялық құрамы
4. Микроорганизмдердің қоректенуі
5.Қоректік орталар, өсу факторлары
6. Микроорганиздердің тыныс алуы, олардың жіктелуі
Глоссарий:
Спора – негізінен өсіп-өнуге, көбеюге арналған және қолайсыз жағдайларға төзімді,микроорганизмдердің ерекше денесі.
Бактериялар жіпшелері – бактерияларды қозғаушы органоид. Флагеллин деп аталатын жиырылуға қабілетті белоктардан тұрады. Микробтар клеткасында орналасуына қарай лофотрихты,монотрихты және перитрихты болып бөлінеді.
Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі, қоймалжың ерітінді.
Цитоплазмалық мембрана (жарғақша) – клетка қабықшасымен тығыз байланысты цитоплазманың сыртқы қабаты.
Ядро(нуклеоид немесе нуклеоплазма) – екі шынжырша дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНК) молекуласынан тұрады.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
№8 Зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау әдістері. Қоректік орталар және зертханалық ыдыс құралдарын зарарсыздандыру әдістері.
Сабақтың мақсаты: Қоректік орталар, түрі, қолданылуы, негізгі құрамы, қойылатын талаптар және универсалды қоректік орталар: ЕПА, ЕПС, дайындау, зарарсыздандыру әдістерін түсіндіру.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Ет сорпасы, агар-агар, фильтр қағазы, су моншасы, пробирка, цилиндр, кварцты лампа, пипеткалар, Петри табақшасы, тығын, штатив, стакандар, мақта, ас тұзы, пептон, картоп, кептіргіш пеш.
Сабақтың жоспары:І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
1. ЕПС (ет-пептон-сорпасын) дайындау.
Бұл ортаны дайындау үшін 1 литр ет -сорпаға 1% пептон, 0,5% химиялық жағынан таза ас тұзын қосып 10 минут қайнатады. Содан соң сорпаны қағаз сүзгімен сүзіп, оның қышқылдығын (рН) анықтайды. рН көрсеткішін 7,3-7,4 деңгейіне жеткізу үшін оған қышқыл немесе сілті қосады. Бұдан кейін пробиркаларға немесе колбаларға құйып 120ºС температурада 20-30 минуттай автоклавта залалсыздандырады.