Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қанат-тандай шүңқырының, fossa pterygopalatina, үш қабырғасы бар: алдыңғы, артқы және медиалды. Алдыңғы қабырғасы жоғарғы жақ сүйек төмпесінен; артқы — сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен; медиалды — таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасынан түзіледі.Қанат-таңдай шұңқыры көршілес жатқан бес қуыспен және шұңқырмен байланысады:
1) көзұямен — төменгі көзұялық саңылау, fissure orbitalis inferior, арқылы;
2) мұрын қуысымен — сына-таңдай тесігі, foramen sphenopulatinum, арқылы;
3) ауыз қуысымен — үлкен таңдайлық өзек, canalis pakttinus major, арқылы;
4) ортаңғы бас сүйек шұңқырымен — дөңгелек тесік, foramen rotundum арқылы;
5) бас сүйектің сыртқы негізімен — қанат тәрізді өзек, canalispterygoideus, арқыл
56. Мұрын жанындағы қойнаулар, маңызы
Мұрын жанындағы қойнауларға (sinus paranasales) жоғарғы жақ сүйектік, сына тәрізді және маңдай қойнаулары мен торлы сүйек үяшығын жатқызады. Жоғарғы жақ сүйек қойнауы, sinus maxillaris, жүп, жоғарғы жақ сүйек денесінің ішінде орналасатын ең үлкен қойнау. Оның пішіні негізі мұрын қуысының латералды қабырғасына бағытталған үш қырлы пирамида тәрізді немесе дұрыс емес пішінді болуы мүмкін. Сына тәрізді қойнау, sinus sphenoidalis, сына тәрізді сүйек денесінің ішінде орналасады. Қойнаудың тесігі — апертура- сы —оның алдыңғы қабырғасында орналасып, мұрын қуысы- ның артқы қабырғасының жоғарғы бөлігіне ашылады. Қойнау жиі торлы сүйектің артқы ұяшықтарымен қатынасады.Маңдай қойнауы, sinus frontalis, жұп, маңдай сүйек тереңінде орналасып, негізі төменге, ал ұшы жоғары бағытталған қысыңқы үшбұрышты пирамида пішінді болады
57. Бассүйектің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері