Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шайнау аппаратының пассив бөлімінен, яғни шайнау қызметін атқаратын тістерден және белсенді бөлімінен, яғни бұлшықеттерден құрылуына сәйкес төменгі жақсүйек тістері бар горизонталды бөлікке немесе денеге, corpus mandibulae және буынын түзуге әрі шайнау бұшықеттері беку үшін қажет екі вертикалды тармақ түрінде, rami mandibulae, бөлінеді. Бұл горизонталды және вертикалды - екі бөлік те бұрыш жасай, angulus mandibulae, түйіседі. Сыртқы бетінде бұдырлық, tuberositas masseterica, пайда болып шайнау бұлшықеті бекиді. Бұрыштың ішкі бетінде қанаттәрізді бұдырлық, tuberositas pterygoidae, басқа шайнау бұлшық етінің, m. pterugoideus medialis бекитін жері жатады. Д е н е н ің ж оғарғы б ө л ігін д е, pars alveolaris, тістер орналасақан, соны ң с е б е б ін е н оны ң ж и егін д е, arcus alveolaris, сыртқы альвеолды кыраттарға, ju ga alveolaria, сәй к ес келетін перделері, septa alveolaria, бар тіс альвеолалары , a lveoli dentales, ж айғасады . Д ен ен ің латералды б е т і н д е 1 ж ә н е 2 к іш і а з у т іс т е р і а р а л ы ғы д е ң г е й і н д е и ек т е с іг і, foramen mentale, орн ал асады . Ол нерв пен там ы рларды ң өту үш ін қаж ет төм енгі ж а қ сү й ек ө зег ін ің , canalis mandibulae, ш ы ғ а р ж е р і б о л ы п т а б ы л а д ы . T u b ercu lu m m en tale айм ағы нан артқа ж ән е ж оғары карай киғаш сызық, linea obliq ua, созы л ы п ж атады . Ішкі бетте си м ф и з айм ағы нда екі иек сү й ір і, spinae m en tales - m. g e n io g lo ssi-дің сің ір ім ен бекитін ж ері ш ығып тұрады .
46. Тіласты сүйегі, оның бөлімдері.
Тіласты сүйегі, os hyoideum, сыртқы пішіні таға тәрізденіп, мойын аумағына төменгі жақ пен көмекейдің аралығында орналасқан. Арық адамдарды сипап қарағанда айқын байқалатын дара сүйек.
Топографиялық орналасуына қарай: денсінен үлкен кіші мүйізшелерінен тұрады.
-
Тіласты сүйегі денесінің, corpus hyoideum, алдыңғы беті дөңестеу болып, артқы беті иіліп орналасқан табақша. Алдыңғы бетінде көлденең және вертикалді бағытта орналасқан қырқаларыв ажыратылады. Денесінің төменгі қыры доғалдау, жоғарғы қыры сүйірлеу болып келген. Бүйір қапталы талшықты – дәнекер тканды, кейбір кезеңде шеміршектік тканнан құралған кіші мүйізшесі, cornu minus, орналасқан. -
Үлкен мүйізшесі, cornu majus, денесінің тікелей жалғасы болып саналады, ол денесінің артқы қапталынан артқа қарай бағытталған. -
А) Кіші мүйізі, cornu minus, бұл сүйектің денесі мен үлкен мүйзшесінің бітіскен жерінде жоғары және артқа қарай бағыт алып орналасқан.
Ә) Екіншіден, бұл сүйектің терең қабатында есту, тепе-теңдік мүшесінің сезімдері қабылдау рецепторлары және қантамырлардың өзекшелерінің орналасуына тікелей байланысты.
46.Тіласты сүйегі,оның бөлімдері
Тіласты сүйегі, os hyoideum, төменгі жақсүйек пен көмей арасында, тілдің астында орналасқан . Ол мойында орналасып, екінші және үшінші желбезек доғаларынан дамитын болса да, бет сүйектеріне жатады. Осылай дамуына сәйкес, ол доға пішінді келеді. Ол денеден, corpus, және екі жұп: үлкен және кіші, cornua majora және cornua minora, мүйізден түрады. Тіласты сүйегі, оның кіші мүйіздерінен самай сүйектің бізтәрізді өсінділеріне баратын екі ұзын фиброзды тартпаның (lig. stylohyoideum) көмегі мен бассүйектің негізі жағына ілінеді.
47.Көзжас сүйегінің,мұрындық төменгі қалқанның және желбезек сүйектің анатомиялық құрылымдарын сипаттаңыз
Көзжасы суйегі, os lacrimale, жұп сүйек; ол іле-шала жоғарғы жақсүйектің processus frontalis артында көзүясының медиалды қабырғасының қүрамына енетін жүқа табақша болып табылады. Оның латералды бетінде көзжас қырқасы crista lacrimalis posterior орналасқан. Қырқадан алға қарай көзжас жүлгесі, sulcus lacrimalis, өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісіндегі жүлгемен бірге көзжас қапшығы.
Төменгі мұрын қалқаны, concha nasalis inferior, жұп сүйек; ол торлы сүйектің құрам бөліктері болып табылатын жоғарғы және ортаңғы қалқандардан өзгеше дербес сүйек болып табылады .Ол жоғарғы ұшы арқылы мұрын қуысының бүйір қабырғасына бекіп, ортаңғы мұрын жолын төменгі мұрын жолынан бөліп тұрады. Төменгі жиегі бос, ал жоғарғы жақсүйектің және таңдай сүйектің crista conchalis-імен жалғасады.
54. Мұрын қуысы, көзұя, ауыз қуысының сүйекті бөлігі, құрылысы.
Мұрын қуысы, cavitas nasi, бас сүйектің беттік бөлігінің орталығында орналасып, жан-жағынан қуыстармен шектеледі: жоғарынан — бас сүйек қуысы (бас сүйектің алдыңғы шүңқыры), төменінен — ауыз қуысы, бүйірлерінен — көзүялар мен гайморов қойнаулары. Куыс сагитталды жазықтықта орналас- қан сүйекті табақша, septum nasi osseum, арқылы екіге бөлінген. Мүрын қуысы артқы жағынан жүп тесік — оң және сол хоаналар, choanae, арқылы жүтқыншақтың мүрын бөлігімен байланысады. Хоана латералды жағынан — қанат тәрізді өсіндінің медиалды табақшасымен, медиалды жағынан — өре сүйекпен, жоғарыдан — сына тәрізді сүйектің денесімен, төме- нінен — таңдай сүйегінің горизонталды табақшасымен шек- теледі.Мүрын қуысының төрт қабырғасын ажыратады: жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары. Жоғарғы қабырғасын алдынан бастағанда мүрын сүйектері, маңдай сүйегінің мүрындық бөлігі, торлы сүйектің торлы табақшасы және сына тәрізді сүйектің денесі қүрайды.Төменгі қабырғалары жоғарғы жақ сүйектерінің таңдай өсінділерінен және таңдай сүйектерінің горизонталды табақшаларынан қүралады. Аталған сүйектер орта сызық бойында мүрын қырқасы, crista nasalis, түзеді. Мүрын қырқасының алдыңғы шетінде күрек тістік өзекке, canalis incisivus, апаратын тесік болады. Мүрын қуысының латералды қабырғасының құрылысы күрделі (43-сурет). Оның құрамына алты сүйек кіреді: жоғарғы жақ сүйек (денесінің facies nasalis-i мен processus frontalis), көз жас сүйегі, торлы сүйек лабиринті, таңдай сүйегі (lamina perpendicularis), сына тәрізді сүйек (lamina medialis processus pterygoidei) және төменгі мұрын қалқаны. Мұрын қуысының латералды қабырғасында бір-бірінің астында орналасатын үш мұрын қалқаны орналасады. Жоғарғы, concha nasalis superior, мен ортаңғы, concha nasalis media,
торлы лабиринтке жатады, ал төменгі мұрын қалқаны, concha nasalis inferior, жеке сүйек болып келеді.
Көзұя, orbita — жұп қуыс, пішіні бойынша негізімен алға, ал ұшымен артқы және медиалды бағытталған пирамиданы еске түсіреді (42-сурет). Пирамида негізі көзұя кіре берісі, aditus orbitae, болып табылады. Көзұя ұшында көру өзегі, canalis opticus өтеді.
Көзұяда көз алмасы, оның бүлшықеттері, көз жас безі және көру ағзасының басқа да қосалқы аппараттары орналасады. Көзұя кіре берісін шектейді: жоғарыдан — маңдай сүйегінің көзұя үсті жиегі; төменінен — жоғарғы жақ сүйектің көзұя асты жиегі мен бет сүйегінің көзұя асты жиегінің бөлігі; медиалды — жоғарғы жақ сүйектің маңдай өсіндісі; латералды — бет сүйек.Көзұяның төрт қабырғасын ажыратады: жоғарғы, медиалды, латералды және төменгі.
Жоғарғы қабырғасы, paries superior, тегіс, аздап иілген, горизонталды орналасады. Көзұяның жоғарғы бетінің латералды жағында терең емес көз жас безінің шұңқыры, fossa glandulae lacrimalis, орналасады. Жоғарғы бетінің медиалды жиегінде маңдай тілігіне жақын орналасқан ұңғыл — шығыр шұңқырының, fovea trochlearis, қасында көлемі кішігірім — шығыр білігі, spina trochlearis, көрінеді. Оған көздің жоғарғы қиғаш бүлшықетінің сіңіріне арналған шеміршекті шығыр. trochlea, бекиді. Көз үсті жиегінде, медиалды орналасқан маң- дай тілігінен басқа, одан латералдырақ көз үсті тілігі, incisura supraorbitalis, болады, ол кейде жүйкелер мен тамырлар өтетін аттас тесікке айналады.Медиалды қабырғасы, paries medialis, сагитталды орналасқан. Оны сәйкесінше алдан артқа қарай жоғарғы жақ сүйектің маңдай өсіндісі, көз жас сүйегі, торлы сүйектің көздік табақшасы, сына тәрізді сүйек денесі (артынан) және маңдай сүйегінің көздік бөлігінің ең медиалды бөлігі (жоғарынан) түзеді. Бүл қабырғаның алдыңғы қабырғасында орналасқан көз жас қапшығының шұңқыры, fossa sacci lacrimalis, алдыңғы және артқы көз жастық қырқалармен шектелген. Бұл шұңқыр тө- менгіжағынан мұрын қуысының төменгі мұрын жолына ашы- латын мұрын-көз жас өзегіне, canalis nasolacrimale, жалғасады. Өзек қабырғалары жоғарғы жақ сүйектің көз жас өзегімен, көз жас сүйегімен және төменгі мұрын қалқанының көз жас өсіндісімен түзілген. Торлы сүйектің көздік табақшасы мен маңдай сүйегінің арасындағы жікте екі торлы тесік — алдыңғы, foramen ethmoidale anterius, мен артқы, foramen ethmoidale posterius, болады. Бүл тесіктер арқылы аттас тамырлар мен жүйкелер көзұядан шығып, торлы сүйек лабиринтінің ұяшықтарына кі- реді.Көзұяның төменгі қабырғасы, paries inferior, негізінен жоғарғы жақ сүйек денесінің көздік бетінен құралады. Оған артқы жағынан таңдай сүйегінің көздік өсіндісі, ал алдынан — бет сүйегі қосылады. Көзұяның төменгі қабырғасынан өтетін көзұя асты жүлгесі көзұя асты өзегіне, canaiis infraorbitalis, жалғасады. Ол жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы бетінде аттас тесікпен, foramen infraorbitale, ашылады
.Көзұяның латералды қабырғасы, paries lateralis, сына тәрізді сүйектің үлкен қанаттарының көздік бетімен және бет сүйектің маңдай өсіндісімен түзіліп, қиғаш орналасады және көзұяның жоғарғы, төменгі қабырғаларынан саңылаулар арқылы бөлі- неді. Латералды қабырғаның төменгіге өтетін жерінде төменгі көзұялық саңылау, fissura orbitalis inferior, орналасады. Ол бір жағынан жоғарғы жақ сүйектің көздік бетінің артқы жиегімен және таңдай сүйегінің көздік өсіндісімен, ал екінші жағынан сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының көздік бетінің төменгі жиегімен шектелген. Бүл саңылау көзұя қуысын самай асты және қанаттаңдай шұңқырларымен байланыстырады.Көзұяның латералды және жоғарғы қабырғаларының арасында орналасқан жоғарғы көзұялық саңылау, fissura orbitalis superior, көзұяны бас сүйектің ортаңғы шұңқырымен бай-ланыстырады. Көзұяның латералды қабырғасында кішігірім беткөзүялық тесік, foramen zygomatico orbitalis, болады. Ол бет сүйекбет тесігі, foramen zygomaticofacialis, арқылы бет сүйегінің сыртқы бетіне және бет-самай тесігі, foramen zygomatico-temporale,арқылы оның самайлық бетіне ашылатын өзекке апарады.
Көзұяның төменгі қабырғасы, paries inferior, негізінен жоғарғы жақ сүйек денесінің көздік бетінен құралады. Көзұяның төменгі қабырғасы, paries inferior, негізінен жоғарғы жақ сүйек денесінің көздік бетінен құралады. Оған арт- қы жағынан таңдай сүйегінің көздік өсіндісі, ал алдынан — бет сүйегі қосылады. Көзұяның төменгі қабырғасынан өтетін көзұя асты жүлгесі көзұя асты өзегіне, canaiis infraorbitalis, жалғасады. Ол жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы бетінде аттас тесікпен, foramen infraorbitale, ашылады.
Ауыз қуысының, cavitas oris, тек алдыңғы, бүйір және жоғарғы қабырғалары ғана сүйекті болып келеді. Жоғарғы қабырғасын қатты таңдай, palatum osseum, түзеді Қатты таңдай — орта сызық бойынша таңдайдың ортаңгы жігі, sutura palatina mediana, өтетін жогары қарай иілген та- бақша. Жогаргы жақ сүйектің таңдай өсінділері мен таңдай сүйектерінің арасында оган перпендикулярлы көлденең жік, sutura palatina transversa, орналасады. Ортаңғы жіктің алдыңғы шетінде тақ тесік күрек тістік өзек, canalis incisivus, орналасады. Таңдай сүйектің горизонталды табақшасында оның артқы жиегіне жақын әр жағында ауыз қуысын қанат-таңдай шұңқырымен байланыстыратын үлкен таңдайлық өзектің тесігі мен 2—3 кіші таңдайлық өзектер орналасады.
55. Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, маңызы