Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 123
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
34. Самай сүйектің өзектерін атаңыз және көрсетіңіз
Самай сүйегінің өзектери Ең ірі өзек canalis caroticus болып табылады, ол аркылы ішкі ұйқы артериясы өтеді . Ол өзінің сырткы тесігі аркылы пирамиданың төменгі бетінен басталып, жоғары көтеріледі, содан кейін тік бүрыш жасай иіліп, өзінің ішкі тесігімен пирамиданың төбесінде canalis musculotubarius-тан медиалды ашылады. Без өзегі, canalis facialis, porus acusticus қабатында басталып, одан өзек алдымен алға және латералды түрде пирамиданың алдыңғы бетіндегі саңылауларға (hiatus) дейін барады; өзек бұл тесіктерде горизонталды қалыпта қала отырып, geniculum canalis facialis түзе, тік бүрыш жасай латералды және артқа қарай, содан кейін томен карай бүрылып, самай сүйегі пирамидасынын төменгі бетінде орналаскан foramen stylomastoideum аркылы аяқталады.
●34. Самай сүйектің өзектерін атаңыз және көрсетіңіз. Самай сүйегі - оs temporale , жұп сүйек , құрылысы күрделі , өйткені қаңқаның барлық 3 қызметін атқарады әрі бассүйектің бүйір қабырғасы мен негізінің бір бөлігін құрайды және онда есту , тепе - теңдік мүшелері орналасады. Самай сүйек 3 бөліктен тұрады: 1 қабыршақты бөлік- pars squamosa 2 дабыл бөлігі pars tympanica 3 тасты бөлік - pars petrosa
☆ Самай сүйек ішінен бірнеше өзектер өтеді : 1. Бет өзегі ( canalis fasialis ) бет нерві бар 2. Ұйқы өзегі ( canalis caroticus ) пирамиданың төменгі бетінің сыртқы тесігінен басталады . 3. Бұлшықет – түтік өзегі ( canalis musculotubarius ) пирамиданың алдыңғы шеті мен самай сүйегінің қабыршағының бұрышында тесікпен ашылады , ал дабыл қуысында аяқталады. 4. Емізік тәрізді өзекше ( canaliculus mastoideus ) мойындырық шұңқырынан басталып , дабыл - емізіктәрізді саңылаудан шығады. 5. Дабыл шегі өзекшесі ( саnаlіculis tympanicus ) бет өзегінің вертикальды бөлігінде , самай сүйегінің пирамидасында басталып дабыл қуысы арқылы өтеді.
●35. Торлы сүйектің бөлімдерін атаңыз және көрсетіңіз.
Торлы сүйек, кеңсірік os ethmoidale тақ сүйек. вертикалды сызығын перпендикуляр табақша - lamina реrреndісulаrеѕ , ал горизонталды сызығын торлы табақша - lamina cribrosa , құрайды . Торлы табақшадан lamina реrреndiculares - тің жан - жақтарында торлы лабиринттер , labyrinthi ethmoidalis , салбырап тұрады. 1 – әтешдік айдар – crista galli 2 – торлық табақша –lamina cribrosa 3 - көзұялық табақша – lamina orbitals 4 – перпендикулярлық табақша – lamina perpendicularis 5 – мұрындық жоғарғы кеуілжір – concha nasalis superior 6 – ілмектәрізді өсінді – processus uncinatus 7 – мұрындық ортаңғы кеуілжір - concha nasalis media 8 – мұрындық ең жоғарғы кеуілжір – concha nasalis suprema 9 – кеңсіріктік шытырман – labyrinths ethmoidalis 10 – әтештік айдардың қанаты – Ala cristae galli
●36. Шеке сүйек, құрылысы, оның оң немесе сол жақ екенін анықтау... Шеке сүйек , os parietale, жұп сүйек. Құрылысы: сырт жағынан дөңес, іш жағынан ойыс төртбұрышты табақша тәрізді, біршама қарапайым болады. Шеке сұйектің 4 жиегі көрші сүйектермен байланасуға қызмет етеді, олар:
-
алдыңғы жиегі – маңдай сүйегімен, margo frontalis -
артқы жиегі – шүйдемен , margo occipitalis -
медиалды жиегі – басқа жағының аттас сүйегімен, margo sagittalis -
латералды жиегі – самай сүйегінің қабыршағымен, margo squamosus
А
лғашқы 3 жиегі кетіктелген, ал соңғы жиегі қабыршақты жік түзуге бейімделген.
☆ 4 бұрышы бар:
1.алдыңғы медиалдысы – маңдайлық бұрыш - angulus frontalis , 2.алдыңғы латералдысы - сынатәрізді бұрыш - angulus sphenoidalis , 3.артқы медиалдысы – шүйделік бұрыш - angulus occipitalis 4.артқы латералдысы – емізіктәрізді бұрыш- angulus mastoiodeus.
●37. Мисауыт сүйектерінің жастық ерекшеліктері.
Жаңа туған нәрестенің бассүйегі шеміршекті болады. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектері бет сүйектеріне қарағанда үлкендеу болады. Бет сүйектер ми сауыты сүйектері мен салыстырғанда 1:8 қатынаста болады. Ал ересек адамдарда 1:4 қатынаста болады. Жаңа туған нәрестелерде жіктер болмайды және диплоэнің нашар дамыған болады. Нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі – еңбектері fonticuli болады. Еңбектердің 3 түрі бар: 1) алдыңғы еңбек, fonticulus anterior ромб пішінді. 2) артқы еңбек fonticulus posterior, үшбұрыш пішінді. 3) бүйір еңбектері жұп әр жағынан екеуден болады.
39. Ми сауыт сүйектерін орысша атап беріңіз
Тақ сүйектер:
Шүйде сүйегі-затылочная кость
Сына тәрізді сүйек-клиновидная кость
Торлы сүйек-ретикулярная кость
Маңдай сүйек-лобная кость
Жұп сүйектер:
Төбе сүйек-кость черепа
Самай сүйек-височная кость
40. Бассүйектің беттік бөлімінің сүйектерін атап көрсетіңіз
Бас сүйектің беттік сүйектеріне жоғарғы жақ сүйегі maxilla, төменгі мұрын қалқаны concha nasale, көзжасы сүйегі os lacrimale, өре сүйек vomer, бет сүйегі os zygomaticum, төменгі жақсүйек mandibula cүйектері жатады.
41. Жоғарғы жақ сүйектің денесінің беттерін атап көрсетіңіз, сипаттаңыз.
Жоғарғы жақ сүйек maxilla, құрылысы күрделі, жұп сүйек. Оның құрылысының күрделі болуы атқаратын қызметінің алуан түрлілігіне байланысты,сузім мүшелеріне арналған қуыстар-көзұясы мен кеңсірік, кеңсірік пен ауыз арасында қалқа түзеуге, сондай-ақ шайнау апаратының жұмысына қатысыды. Адамда еңбек әрекетіне байланысты ұстау-үзу қызметінің жақсүйектерден қолға ауысуы жоғарғы жақ сүйектердің кішірейуіне әкеледі. Сонымен бірге адамда түсінікті сөзді сөйлеудің пайда болуы жақсүйектің құрылысын нәзіктендіреді.
Жоғарғы жақ сүйек дене мен өсінділерден тұрады:
Денеде, corpus maxillae, үлкен ауалы қуыс, sinus maxillaries, бар, ол кең тесігі, hiatus maxillaries, арқылы кеңсірікке ашылады. Дененің 4 бетін ажыратады.
Алдыңғы бет: facies anterior, қазіргі кездегі адамда тамақты қолдан даярлауға байланысты шайнау қызметінің әлсіреуінен ойыстанған, ал неандерталдық адамда жалпақ болған. Ол төменгі жағында ұяшықтты өсіндіге айналады, ол жерде тіс түбірлерінің орнына сәйкес келетін бірқатар ұяшықты томпақтар juga alveolaria, байқалады. Иттіске сәйкес келетін томпақтар басқаларына қарағанда айқындай білінеді. Одан жоғарғы жане латеральды иттіс шұңқыры fossa canina, ореналсақан. Жақсүйектің жоғарғы жағында алдыңғы көздік беттен көзұя астындағы тесік foramen infraorbitalis, байқалып тұрады, ол арқылы көзұясынан аттас нерв пен артерия шығады. Алдыңғы бетінің медиалды шекарасы- мұрын тілігі.
Төменгі самайлық бет, facies infratemporalis, алдыңғы беттен бет өсіндісі арқылы бөлінген жане онда жоғарғы жақсүйектің төмпешігі, tuber maxillae, жане sulcus palatines major орналасады.
Мұрындық беті facies nosalis, төменгі жағында таңдай өсіндісінің жоғарғы бетінде орналасады. Онда төменгі мұрын қалқаны crista conchalis үшін қыр байқалады. Маңдай өсіндісінің артында көзжасы жүлгесі sulcus lacrimalis, бар, ол көзжаы сүйегі жане төменгі қалқанмен бірге көзұяын төменгі мұрын жолымен жалғастыратын мұрын көзжасы өзегіне айналады. Одан да артқа қарай sinus maxilararis-ке келетін үлкен тесік орналасқан.
Тегіс, жалпақ, көздік беті,facies orbitalis ұшбұрыш пішінді. Оның медиалды жегінде, маңдай өсіндісінің артында көз жас тілігі, incisura lacrimalis жатады оған көз жасы сүйегі кіреді. Көздік бетінің артқы жиегінен көзұя асты жүлгесі,sulcus infraorbitalis, басталады, ол алдыңғы жағына қарай бұрын аталған foramen infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне ашылатын canalis infraorbitalis-ке айнлады. Көзұя асты өзегінен алдыңғы тістерге баратын нервтар мен тамырларға арнал,ан ұяшықты өзектер canals alveolares, щығады.
42. Жоғарғы жақсүйектік өсінділерді атаңыз:
1.Маңдай өсінді- prosessus frontalis, жоғарғы көтеріліп,маңдай сүйегінің pars nasalis-імен байланысады. Медиалды бетінде кыр,crista ethmoidalis ортаңғы мұрын қалқанының бекіген ізі бар.
2. Ұящықты өсіндінің, prosessus alveolaris төменгі жиегінде, arcus alveolaris жоғарғы сегіз тістің тіс ұящықтары alveoli dentales, бар, ұяшықтар қалқалармен septa interalalveolaria бөлінеді.
3. Таңдай өсіндісі prosessus palatinus
ортаңғы жік арқылы қарсы жақтың жұп өсіндісімен байланысып, қатты таңдайдың, platum osseum үлкен бөлігін түзеді. Ортаңғы жіктің бойымен өсіндінің жоғарғы, мұрын қуысына қараған жағында өре сүйектің төменгі жиегімен қосылатын мұрын қуысына қараған жағында өре сүйектің төменгі жиегімен қосылатын мұрын қыры өтеді. Crista nasalis-тің алдыңғы ұшына жақын жерде жоғарғы бетінде күректіс өзегіне, canalis incisivus, баратын тесік байқалады. Жоғарғы беті тегіс, ауыз қуысына қараған төменгі беті кедір-бұдырлы жане онда нервтер мен тамырлар үшін бойлық жүлгелер, sulci palatini, орналасқан. Алдыңғы бөлігін күректіс жігін, sutura incisive, жиі байқауға болады. Ол көптеген жануарларда жеке сүйек os intermaxillare түрінде, ал адамда сирек вариант ретінде ғана кездесетін жоғарғы жақсүйекпен қосылып-бітісіп кеткен күректіс сүйегін, os incisivum бөліп тұрады.
4. Бетсүйектік өсінді, prosessus zygomaticus бет сүйегімен байланысып, жуан таяныш түзеді, ол арқылы бет сүйегіне шайнау кезіндегі қысым беріледі.
44. Бет сүйектің өсінділері мен беттерін атап, көрсетіңіз.
44.1 Бет сүйегі, oz zygomaticum, жұп, бет сүйектерінің ішіндегі ең мықтысы; ол өзі арқылы маңдай, самай және жоғарғы жақсүйектерінің өсінділерін тұтастырып және осы арқылы бассүйегіне қатысты бет сүйектерін нығайтуға көмектесіп, беттің маңызды архитектуралық бөлігі болып табылады. Ол сондай-ақ шайнау бұлшықетіне тірек ретінде қызмет көрсетеді. Сүйектердің орналасуына сәйкес үш беті, үш өсіндісі ажыратылады.
-
Сыртқы н/се латеральды бетінің, facies lateralis, сыртқы пішіні төрт бұрыш тәрізді болып келумен, ортаңғы бөлігі дөңестеу және бұдырлау болып орналасқан. -
Көз шарасына қараған беті, facies orbitalis, ойыстау және тегістеу болып келген. Қызметі: көз шарасының бүйір қабырғасы мен төменгі қабырғасын және көз шарасының төменгі жиегін, margo infraorbitalis, құруға қатысады. -
Самайастылық беті, facies infratemporalis, ол самай астылық ойыстың, fossa infratemporalis, ішкі қабырғасын түзуге қатысады.
44.2 Бетсүйектің өсінділері:
1) Маңдайлық өсінді, processus frontalis, маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісі, processus zygomaticus, сына сүйектің үлкен ұанаты мен сына- бетсүйектік жік арқылы, sutura sphenozygomatica, бітісіп, көз шарасының бүйір қабырғасын құрауға қатысады.
2) Жоғарғы жақтық өсінді, processus maxillaris, сыртқы пішіні жалпақтау, бұдырлы болып келген. Ол жоғарғы жақсүйегімен жоғарғы жақ- бетсүйектік жік, sutura zygomaticomaxillaris, арқылы бітіскен.
3) Самайлық өсінді, processus temporalis, бетсүйектің артқы қапталынан самай сүйектің бетсүйектік өсіндісіне бағыт алып, самай-бетсүйектік жік, sutura zygomaticotemporale, арқылы бітісіп, бетсүйектік доғаны, arcus zygomaticus, құрауға қатысады.
44. Бетсүйектің өсінділері мен беттерін атап,көрсетіңіз
Бет суйегі, os zygomaticum, жүп, бет сүйектерінің ішіндегі ең мықтысы; ол өзі арқылы маңдай, самай және жоғарғы жақсүйектерінің өсінділерін тұтастырып және осы арқылы бассүйегіне қатысты бет сүйектерін нығайтуға көмектесіп, беттің маңызды архитектуралық бөлігі болып табылады. Сүйектердің орналасуына сәйкес, онда үш бет пен екі өсіндіні бөліп көрсетуге болады.
Бүйір бет, facies lateralis, төртбұрышты жұлдызтәрізді және төмпешік түрінде шамалы шығып тұрады.
Артқы, тегіс бет, самай шүңқырына қараған және facies temporalis деп аталады;
Үшінші бет, көздік беті, facies orbitalis, көзұясы қабырғаларын түзуге қатысады.
Сүйектің жоғарғы өсіндісі, processus frontalis, маңдай сүйегінің бет өсіндісімен және сынатәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысады.
Латералды өсінді, processus lateralis, самай сүйегінің бет өсіндісімен қосылып, бет догашығын - шайнау бүлшықеті басталатын жерді түзеді.
Бетсүйектің есінділері
1. Маңдайлық өсінді, processus frontalis, ол маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісі, processus zygomaticus, мен маңдай бетсүйектік жік арқы- лы, sutura frontozygomatica, және сынасүйектің үлкен қанаты мен сына-бетсүйектік жік арқы- лы, sutura sphenozygomatica, бітісіп, көз шара- сының бүйір қабырғасын құрауға қатысады
2. Жоғарғы жақтық өсінді, processus maxillaris, сыртқы пішіні жалпақтау және бұдырлы болып келген. Ол жоғарғы жақсүйегімен жоғарғы жақ-бетсүйектік жік, sutura zygomaticomaxillaris, арқылы бітіскен.
3. Самайлық өсінді, processus temporalis, ол бетсүйектің артқы қапталынан самай сүйектің бетсүйектік өсіндісіне бағыт алып, самай-бет- сүйектік жік, sutura zygomaticotemporale, арқылы бітісіп, бетсүйектік доғаны, arcus zygomaticus, құрауға қатысады.
45. Төменгі жақсүйектің анатомиялық құрылымдарын атап, көрсетіңіз.
Төменгі жақсүйегі, os mandibulae, бетсүйектер тобының ішіндегі ең ірі көрнекті тақ сүйек. Топографиялық орналасуына қарай денесінен, өсінділерінен, денесінің артқы қапталынан жоғары қарай бағытталған бұтақтарынан тұрады.
45.Төменгі жақсүйектің анатомиялық құрылымдарын атап,көрсетіңіз
Төменгі жақсүйек, mandibula, бассүйектің қозғалмалы сүйегі болып табылады. Ол атқаратын қызметіне (шайнау аппаратының аса маңызды бөлігі), сондай-ақ пішінін белгілі бір дәрежеде сақтайтын бірінші желбезек (мандибулалық) доғашықтан дамуына байланысты таға пішінді болып келеді.