Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 122
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Рубежный контроль по Анатомии
1. Адам денесіндегі біліктер мен жазықтықтарды атау.
Адам денесінде 3-жазықтық болады.
1)Сагитальді жазықтық(sagittalis)-ол дененің тура ортасынан өтеді.Бұл жазықтық денені оң(Dexter) және сол(sinister)бөлікке бөледі.
2)Фронтальді жазықтық(transversalis)-маңдайға параллельді өтеді де,алдыңғы(anterior) және артқы(posterior)бөлікке бөледі.
3)Горизонтальді жазықтық(Horizanontalis)-жоғарғы(superior) және төменгі(inferior) бөлікке бөледі.
Жазықтықтарға сәйкес келетін біліктер:
1)сагитальді(sagitta)
2)фронтальді немесе көлденең(transversalis)
3)вертикалді(verticalis)
2. Омыртқа бағанасының құрылысы, оның бөлімдері.
БӨЛІМДЕРІ:
1)Мойын омыртқалары(vertebrae cervicales)-7 омыртқадан тұрады
2)Кеуде омыртқалары(vertebrae thoracicae)-12 омыртқадан тұрады
3)Бел омытқалары(vertebrae lumbales)-5 омыртқадан тұрады
4)Cегізкөз омыртқалары(os sacrum)-5 омыртқадан тұрады
5)Құйымшақ омыртқалары(os coccydis)-3-5 омыртқадан тұрады
3.Типті омыртқаның құрылысы:
Омыртқа бағанасы, columna vertebralis, дене тірегі болып табылады, пішіні иілген тік (вертикалды) бағана түрінде, жоғарыда бас сүйек орналасса, төменгі жағынан жамбас сүйектерімен шектеседі.
Әр омыртқа денеден, доғадан және тақ, жүп өсінділерден түрады.
1. Омыртқа денесі, corpus vertebrae — алдында орналасқан, қысқа бағана түрінде қалыңдағын тіректік бөлік.
2. Омыртқа доғасы, arcus vertebrae. Омыртқа доғасының аяқшалары, pediculi arcus vertebrae, арқылы омыртқа денесінің артқы жағынан бекіп, омыртқа тесігін, foramen vertebrale, шектейді; омыртқалар тесіктерінен өзек ішінде орналасатын жүлынды сыртқы әсерден қорғап түратын омыртқа өзегі, canalis vertebralis, түзіледі.
3. Омыртқа доғасында омыртқа қозғалысы үшін қажетті қүрылымдар — өсінділер орналасады. Доғадан орта сы- зық бойымен артқа бағытталатын — қылқанды өсінді, processus spinosus; әр жағынан көлденең бағытталған — көлденең өсінділер, processus transversus; жоғары және төмен бағытталған — жүп жоғарғы және төменгі буын- дық өсінділер, processus articulares superiores et inferiores. Буындық өсінділер артқы жағынан жүп жоғарғы және төменгі омыртқа тіліктерін, incisurae vertebrales superiores et inferiores шектейді. Тіліктер омыртқа бағанасында жүлын тамырлары мен жүйкелері өтетін омыртқа аралық тесік, foramina intervertebrales, түзеді.
4.Мойын омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері. I,II,VI,VII мойын омыртқаларының айырмашылық ерекшеліктері.
I-мойын омыртқасы-atlas,денесі жоқ,екі доғадан тұрады(arcus arterior,arcus pasterior)пішіні бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.Бүйір массадан тұрады.
II-мойын омыртқасы — білікті омыртқа, axis (axis, лат. — білік), басқа омыртқалардан атлант денесінің гомологы тіс, dens, болуымен ерекшеленеді. Пішіні бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.Мойын омыртқаларында қылқанды өсіндісі қысқалау.
VI-мойын омыртқаның алдыңғы төмпешігі күшті дамыған,ол ұйқы төмпешігі,tuberculum caroticum,деп аталады(ұйқы артериясынан қан кеткен кезде,осы төмпешікке қанды тоқтату үшін ұйқы артериясын қысып басады). VI, VII-ден басқа мойын омыртқаларының қылқанды өсінділерінің ұшы екіге айырылған.
VII-мойын омыртқасы-қылқанды өсіндісі үлкен,сондықтан VII-мойын омыртқасы vertebra promines(шығыңқы) деп аталады,оны тірі адамнан сипап білуге болады.Оны диагноз қою мақсатына омытқаларды санау үшін пайдаланады.
5 сұрақ:Кеуде омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері 1,2,11,12 ші кеуде омыртқаларының айырмашылық ерекшеліктері.
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae, қабырта басымен буындасатындықтан, қабырталық шүңқырлар, foveae costales, болуымен ерекшеленеді (10-сурет). Аталтан шүңқырлар омыртқа денесінің бүйір жатында, дота негізіне жақын орналасады. Әдетте, қабырта басы екі омыртқа денесімен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денесінің жотарты және төменгі жиектерінде екі жартылай қабырғалық шұңқырлар болады: жоғарғы қабырғалық шұңқыр, fovea costalis superior, және төменгі қабырғалық шұңқыр, fovea costalis inferior. Қабырғамен буындасуына байланысты келесі атипті кеу- де омыртқаларын ажыратады: I кеуде омыртқасы — жоғар- ғы жиегінде І қабырғамен буындасатын толық қабырғалық шұңқыр, ал төменгі жиегінде ІІ қабырғамен буындасатын жартылай қабырғалық шұңқыр болады; X кеуде омыртқасының жоғарғы жиегінде ғана Х қабырғамен буындасатын жартылай қабырғалық шұңқыр болады; XI және XII кеуде омыртқалары денесінің ортасында сәйкес қабырғалармен буындасатын то- лық қабырғалық шұңқырлар болады. Кеуде омыртқаларының денесі үлкен жүктемеге сәйкес мойын омыртқаларымен салыстырғанда үлкенірек болады, ал буындық өсінділері фронталды жазықтықта орналасады. Көл- денең өсінділері бүйірге және артқа бағытталған. Олардың алдыңғы жағында қабырға төмпешігінің буындасу орны — көл- денең өсіндінің қабырғалық шұңқыры, fovea costalis processus transversus, болады. Бүл шұңқырлар XI және XII кеуде омыртқаларында болмайды. Кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері ұзын және төмен бағытталғандықтан, кеуде бөлігінің орта тұсында бір-бірінің үстінде шатыр тәрізді орналасады.
6 сұрақ. Бел омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері.
Бел омыртқалары, vertebrae lumbales, омыртқа бағанасының ең көп жүктеме түсетін бөлігі болғандықтан, денесі басқа омыртқалармен салыстырғанда айтарлықтай үлкен болу- ымен өзгешеленеді (11-сурет). Қылқанды өсінділері тік, артқа бағытталған, ал буындық өсінділері сагитталды жазықтықта орналасады. Көлденең өсіндісінің көп бөлігі нағыз көлденең өсінділер- мен бітісіп кеткен рудиментті қабырға болып келетіндіктен, аталған өсіндінің артқы бөлігінде көлемі кішігірім, дұрыс аталмаған қосымша өсінді, processus accessorius (accessorius — қосымша, қосылатын), болады.
7 сұрақ. Сегізкөздің құрылысы
Сегізкөз омыртқалары, vertebrae sacrales, жастық шақта тұтас бір сүйек — сегізкөз сүйегіне, os sacrum, бітісіп кетеді (12- сурет). Бүл бітісу адамның вертикалды жағдайына байла- нысты сегізкөзге түсетін үлкен жүктемеге бейімділікпен сипат- талады. Сегізкөздің пішіні үшбүрышты, жоғары бағытталған жалпақ жағы негізі, basis ossis sacri, ал төмен бағытталған үшкір жағы үшы, apex ossis sacri, деп аталады. Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы бел омыртқасымен бірге алға қарай шы- ғыңқы орналасқан бүрыш — мүйіс,promontorium, түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастық беті, facies pelvina, ойыс. Ол жерде омыртқа денелерінің бітісу орындары — көлденең сызықтар, lineae transversae, байқалады, ал бүл сызықтардың шеттерінде — сегізкөздің жамбастық тесіктері, foramina sacralia pelvina, орналасады. Сегізкөздің артқы, дор- салды бетінде сәйкесінше сегізкөздің дорсалды тесіктері, foramina sacralia dorsalia, болады. Оның бойымен омыртқаның жеке бөліктерінің бітісуінен түзілетін 5 қырқа бағытталады: қылқанды өсінділер бітісуінен түзілетін — тақ сегізкөздің ор- таңғы қырқасы, crista sacmlis mediana, оның бүйір жақтарында — жүп сегізкөздің аралық қырқалары, cristae sacmles intermediae (буындық өсінділердің бітісуінен түзіледі), одан латералды — жүп сегізкөздің латералды қырқалары, cristae sacrales latemles (көлденең өсінділердің бітісуінен түзіледі). Сегізкөз тесіктерінен сыртқа қарай көлденең өсінділер мен сегізкөздік қабырғалар бітісуінен түзілетін сегізкөздің латералды бөлігі, partes laterales, орналасады. Олардың латералды жақтарында қүлақ қалқаны (auricula) тәрізді иілген, мықын сүйектерінің буындасу орны қүлақ тәрізді буын беттері, facies auriculares, болады. Олардың әрқайсының артқы жағында сегізкөз бүдырмағын, tuberositas sacmlis, көреміз (бүлшықеттер мен байламдар бекитін орын).
8 сұрақ. Төс пен қабырғалардың құрылысы . 1,2,11,12 ші қабырғалардың айырмашылық ерекшеліктері.
Төс, sternum пішіні қанжар тәрізді болып келген үш бөліктен тұрады: жоғарғы — сабы, manubrium sterni, ортаңғы — денесі, corpus sterni және төменгі — семсер тәрізді өсінді, processus xiphoideus (13-сурет). Төс сабының жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі, incisura jugularis, одан латералды әр жағынан бұғананың төстік шетімен буындасатын — бұғаналық тіліктер, incisura clavicularis, орналасады. Төс сабының төменгі жиегі мен денесінің жоғарғы жиегі алға шығыңқы орналасатын төс бұрышы, angulus sterni, түзеді. Төс денесінің жиектерінде ІІ—VII қабырғалар шеміршегімен буындасатын қабырғалық тіліктер, incisurae costales, орналасады
Адамда 12 жұп қабырға болады. Олар артқы шеттерімен кеуде омыртқаларының денесімен буындасса, жоғарғы 7 қа- бырға алдыңғы шеттерімен төспен буындасады. Бүлар — шынайы қабырғалар, costae verae. Келесі үш қабырға (VIII, IX және X) шеміршектерімен төске емес, жоғарыда орналасқан қабырғалар шеміршектеріне бекиді — жалған қабырғалар, costae spuriae. Ал XI және XII қабырғалардың алдыңғы шеттері бос орналасады — тербелмелі қабырғалар, costae fluctuan tes. Қабырға, costae, артқы ұзынырақ бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйекті бөліктен, os costale, алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен, cartilago costalis, тұратын иілген, жіңішке табақша. Әр сүйекті қабырғада алдыңғы және артқы шеттері мен олардың ортасында орналасқан денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы шетінде ортасынан қырқа, crista caput costae-мен бөлінген, омыртқа денелерімен буындасатын буын беттері бар қабырға басы, caput costae, орналасады. I, XI және XII қабырғалардың басы қырқамен бөлінбейді. Қабырға басы жіңішкеріп қабырға мойнына, collum costae, жалғасады. Қабырға мойнының денесіне жалғасатын жерінде сәйкес омыртқаның көлденең өсіндісімен буындасатын буын беті болатын қабырға төмпешігі, tuberculum costae, орналасады. XI және XII қабырға- лар соңғы кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерімен буындаспайтындықтан, төмпешік болмайды. Қабырға иілімі қабырға төмпешігінен латералды бірден өзгереді, бүл жерде қабырға денесінің артында қабырға бұрышы, angulus costae, орналасады. I қабырғада angulus costae төмпешікке сәйкес келеді, ал қалған қабырғаларда қабырға төмпешігі мен бұрышының арасындағы қашықтық ХІ қабырғаға дейін үлкейеді де, ал ХІІ қабырғада бұрыш жойылады. Ортаңғы қабырғалардың ішкі бетінде төменгі жиегін бойлай қабырға аралық тамырлар өтетін қабырға жүлгесі, sulcus costae, орналасады. І қабырғаның жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бүлшықет, m. scalenus anterior, бекитін алдыңғы сатылы бүлшықет төм- пешігі, tuberculum m. scaleni anterioris орналасады. Бүл төм- пешіктің артында І қабырғаның үстінен өтетін бұғана асты артериясының кішігірім жүлгесі, sulcus a. subclaviae, ал төмпе- шік алдында бұғана асты көктамырының жалпақтау келген жү- лгесі, sulcus v. subclaviale орналасады.
9.Тұлға сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп, сегізкөз сүйегіне айналады.Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді.4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп,иілістері толық қалыптасады.Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады.
10.Қол сүйектерінің қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
Қол сүйектерінің қаңқасы бұғана (scapula), жауырын (clavicula),тоқпан жілік (humerus), кәрі жілік (radius), шынтақ жілік (ulna),қол ұшы сүйектерінен (ossa manus) тұрады.
11. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерін атаңыз,орысша атап беріңіз.
Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен (костный мозг), білектің екі сүйегінен (от обеих костей предлечья) және қол ұшы сүйектерінен (от кончика руки до кости) тұрады.
12) Иық белдеуінің сүйектерін атаңыз , оларды ағылшынша атап беріңіз.
Бұғана латынша(clavicula), ағылшынша(Collarbone)
Жауырын латынша(scapula), ағылшынша(Shoulder blade )
Тоқпан жілік латынша(humerus), ағылшынша(upper arm bone )
13)Бұғананың құрылысы оның оң немесе сол жаққа тиесілі екенін анықтаңыз?
Бұғана( clavicula) пішіні S әріпіне ұқсайды, үш бөліктен тұрады екі ұшы болады төстік ұшы (extremitas sternalis), акромиальдік ұшы (extremalis acromialis) жене денесі (corpus clavicula) болады
Екі беті ажыратылада жоғарғы беті тегіс келеді төменгі бетінде төмпешік бар (tuberculum coronoideum) және сол төмпешіктің жанында линия кездеседі (linea trapezoidea)
14) Жауырынның құрылысы оның оң немесе сол жаққа тиесілі екенін анықтаңыз?
Жауырын сүйегі (scapula) бұл сүйек үш бұрышты , үш қырлы және екі беті ажыратылады , жоғарғы бұрышы (angulus superior ), төменгі бұрышы (angulus inferior ), латеральды бұрышы (angulus lateralis)
Қырлары:
Жоғарғы қыры (margo superior ) сытқы пішіні құс тұмсығына ұқсас өсіндісі бар (prosessus coracoideus)
Медиальды қыры ( margo medialis)
Латеральды қыры (margo lateralis )
Беттері:
Қабырғалық беті( facies costalis) мұнда жауырын астылық ойыс ( fossa subcostalis) пен бұлшықет сызықшалары ( linae muscularis)
Арқа неме Дорзальді беті ( facies dorsalis) бұл бетінде латеральді бағыттта орналасқан жауырын қылқаны бар ( spina scapulae) жоғары қарай бағыттылып (acromion) деген өсіндіге айналады және бұл қылқан жауырынның артқы бетін екі ойысқа бөледі : жоғарғы қылқан үстілік ойыс (fossa supraspinata) , төменгі қылқын астылық ойыс ( fossa infraspinata)