Файл: Рубежный контроль по Анатомии Адам денесіндегі біліктер мен жазытытарды атау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 124
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(15 және 16 ) тоқпан жілік, шынтық жілік , кәрі жілік , қол ұшы сүйектерінің құрылысы және құрылымы латынша атау
Тоқпан жілік (humerus) екі шетінен жоғарғы шеті (extrmitas proximalis) , төменгі шеті (extrmitas distalis) және денесінен тұрады ( corpus humerus)
Жоғарғы шетінде басы орналасады (caput humeri), екі мойыны болады (collum anatomicum) және (collum chirutgicum) , екі төмпесі болады (tuberculum majus ) және ( tuberculum minus) осы екі төмпешіктен екі қыр шығады ( crista tuberculi majoris ) және ( crista tuberculi minoris) осы екі қыр арасында жүлге бар (sulcus intertubercularis)
Денесінде бұдырланған жері бар оны (tuberositas deltoidea) деп айтамыз
Төменгі дистальді шетінде шығыр(trochlea) орналасады оның басы болады (capitulum humeri) екі шетінде айдаршақ үстілік болады ( epicodylus lateralis et medialis) және үш ойысы болады тәждік ойыс (fossa coronoidea) , кәрі жіліктік ойыс ( fossa radialis) , шынтақтық ойыс (fossa olecranii) бұл шынтақтық ойыс шығырдың артқы бетінде орналасады
Білек сүйектері (Ossa antebrachii) екі сүйектен тұрады кәрі жілік(os radius), шынтақ жілік(os ulna)
Шынтақ жілік (os ulna) екі шеті болады проксимальды дистальды және денесі болады ( corpus ulna ) проксимальды шетінде өсіндісі бар (olecranon) деп аталады осы өсіндінің алдынғы бетінде тоқпан жілікпен беттесіп буын құрайтын шығыршық тілік бар (incisura trochlearis) және тәж тәрізді өсіндісі бар (processus coronoides)
Дистальді бөлігінде басы орналасады (caput ulna ) және біз тәрізді өсінді(processus styloideus)
Кәрі жілік (os radius) екі шеті болыды проксимальды дистальды ортаында денесі болады
Проксимальді шетінде басы орналасады ( caput radii) оның айналмалық буындық беті болады (circumferentia articularis) , мойыны болады (collum radii) мойынынан төменірек бұдыр орналасқан ( tuberositas radii)
Дистальды шетінде буындық беті орналасқан ( facies articularis ulnaris) бұл жерге шынтақ жіліктің басы келіп бекінеді және осыған қарамақарсы біз тәрізді өскін (processus styloideus) орналасқан
Білезік сүйектері (Ossa carpi) бұл жерде 8 сүйек екі қатарға орналасқан төрт төрт сүйектен
1 Қайықша тәрізді сүйек (os scaphoideum )
2 Жарты ай тәрізді сүйек (os lunatum)
3 Үш қырлы сүйек (os triguetrum)
4 Бұршақ тәрізді сүйек (os pisiforme)
5 Трапеция сүйек ( Os trapezium)
6 Трапеция тәрізді сүйек( Os trapezoideum)
7 Басты сүйек( os capitatum)
8 Ілмек сүйек(os hamati)
Алақан сүйекткрі (ossa metacarpalia)
Алақансүйектерінің басы (Caput metacarpalis) денесі (corpus metacarpalis) және негізі болады ( basis metacarpalis)
Саусақ сүйектері (Os digitorum phalangis) digitorum phalangis procsimalis , digitorum phalangis medialis, digitorum phalangis distalis деп бөлінеді
16.Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жіліктің, қол ұшы сүйектерінің құрылымдарын латынша атаңыз, оң немесе сол жаққа тиесілі екенін анықтаңыз.
Тоқпан жілік (humerus) түтік тәрізді сүйектердің ішіндегі ең ұзын сүйектерге жатады.Тоқпан жіліктің денесі (corpus humeri), алдыңғы медиальды беті (facies medialis), артқы беті (facies posterior), тоқпан жіліктің жоғары немесе проксимальды ұшы (extrmitas superior seu epiphysis proximalis) деп аталады.
Шынтақ жілік (ulna).Оның жоғарғы (проксимальды) жуан шеті (эпифиз) екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісіне,olecranon,және алдыңғы,кішкене, тәждік өсіндіге,processus coronoideus, бөлінеді. Шынтақ жіліктің төменгі (дистальды) шетінде дөңгелек,жайпақ, төменгі беті бар басы caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді processus styoideus (апофиз) шығады.
Кәрі жілік (radius)-шынтақ жілік сүйегінің латеральды қапталында, алға қарай ығысып орналасатын жіліктік сүйек.Алдыңғы қыры margo anterior мен артқы қыры margo posterior доғалданған.Медиальды немесе сүйек аралық қыры margo interosseus сүйірленіп келген.Алдыңғы беті facies anterior алға қарай иіліп орналасқан. Артқы беті facies posterior, латеральды бетінен facies lateralis жазықтау болып,бұл сүйектің артқы қыры арқылы шектелген.
Қол ұшы сүйектеріне білезік (carpus), алақан сүйектері (metacarpus), саусақ сүйектері (ossa digitorum manus) жатады.
17.Жамбас сүйектің құрамына кіретін сүйектерді ата
Жамбас сүйектің құрмына кіретін жеке үш сүйек бар,олар — мықын, os ilium, қасаға, os pubis және шонданай, os ischii.
18.Мықын сүйектің бөлімдері,құрылысы
Мықын сүйегі, os ilium, төменгі, қалың болып келетін денесі, corpus ossis ilii, арқылы ұршық шұңқыры аймағында жамбас сүйегінің қалған сүйектерімен бітіседі; жоғарғы, жайылған және жұқалау бөлігі мықын сүйегінің қанатын, ala ossis ilii, құрайды. Мықын сүйегінің бедері сіңір бекитін жерлерде — қырқалар, сызықтар және қылқандар, ал етті бөлігі бекитін жерлерде — шұңқырлар түзетін бұлшықеттермен түзіледі. Іштің үш жалпақ бұлшықеті бекитін жоғарғы бос жиегі қалыңдаған, S тэрізді иілген қырқа, crista iliaca, түзеді. Қырқа алдыңғы жағынан алдыңғы жоғарғы қылқан, spina iliaca anterior superior, ал артқы жағынан — артқы жоғарғы қылқанмен, spina iliaca posterior superior, аяқталады. Бұл қылқандардан төмен қырқаның алдыңғы және артқы жиектерінде алдыңғы төменгі және артқы төменгі қылқандар: spina iliaca anterior inferior және spina iliaca posterior inferior болады. Төменгі қылқандар жоғарғысынан тілік арқылы бөлінген. Алдыңғы төменгі қылқаннан алға және төмен, мықын сүйегінің қасаға сүйегімен қосылатын жерінде мықын-қасаға томпағы, eminentia iliopubica, ал артқы төменгі қылқаннан төмен, шонданай сүйегінде орналасатын шонданай қылқанымен, spina ischiadica, шектелетін терең үлкен шонданай тілігі, incisura ischiadica major, орналасады. Мықын сүйегі қанатының ішкі беті тегіс, иілген және дененің вертикалды жағдайында ішкі ағзаларды үстап түруымен байланысты түзілетін мықын шүңқыры, fossa iliaca, болады. Одан артқа және төмен сегізкөздің аттас бетімен буындасатын қүлақ тәрізді буын беті, facies auricularis, ал буын бетінен артқа және жоғары сүйек аралық сегізкөз-мықын байламы бекитін мықын сүйегінің бүдырмағы, tuberositas iliaca, орналасады. Мықын шүңқыры төмен орналасқан мықын сүйегі денесінің ішкі бетінен доға тәрізді иілген жиек, linea arcuata, арқылы бөлінеді. Мықын қанатының сыртқы бетінде бөксе бүлшықеттерінің бекитін орындары — алдыңғы, артқы және төменгі сызықтарды (lineae gluteae anterior, posterior et inferior) көруге болады.
19.Қасаға сүйектің бөлімдер мен құрылысы
Қасаға сүйегі, os pubis, ұршық ойысын құруға қатысатын қысқа, қалың денесінен, corpus ossis pubis және бір-біріне бұрыш жасай орналасатын жоғарғы, төменгі тармақтарынан, ramus superior және ramus inferior ossispubis тұрады. Бұрыштың орта сызыққа бағытталған ұшында екінші аттас сүйекпен буындасатын сопақша симфиздік буын беті, fades symphysiаlis, болады. Бұл беттен 2 см-дей латералды орналасқан кішігірім қасаға төмпешігінен, tuberculum pubicum, басталып, ramus supe- rior-дың жоғарғы бетінің артқы жиегін бойлай өтетін мықын қырқасы, pecten ossis pubis, жоғарыда келтірілген мықын сүйегінің linea arcuata-сына жалғасады. Қасаға сүйегінің жоғарғы тармағының төменгі бетінде жапқыш тамырлар мен жүйкелер өтетін жүлге, sulcus obturatorius, болады.
20.Шонданай сүйектің бөлімдері мен құрылысы
Шонданай сүйегінде, os ischii, қасаға сүйегі сияқты ұршық ойысын түзуге қатысатын дене, corpus ossis ischii, мен ұшы қатты қалыңдап, шонданай төмпесі, tuber ischiadicum, түзетін тармақтан, ramus ossis ischii, тұрады. Денесінің артқы жиегінде, шонданай төмпесінен жоғары үлкен шонданай тілігінен, incisura ischiadica major, шонданай қылқаны, spina ischiadica, арқылы бөлініп тұратын кіші шонданай тілігі, incisura ischiadica minor, болады. Шонданай сүйегінің тармағы шонданай төмпесінен шыққаннан кейін қасаға сүйегінің төменгі тармағымен қосылады. Нәтижесінде қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтары ұршық ойысынан төмен, медиалды орналасатын, пішіні бұрыштары дөңгеленген үшбұрыш тәрізді болып келетін жапқыш тесік, foramen obturatum, түзеді.
21.Ортан жіліктің, сирақ сүйектерінің құрылысы
Ортан жілік- os femoris қуысты сүйектердің ішіндегі ең үлкені әрі жуаны. Ұзын қозғалыс рычагы болып табылады. Оның дамуына сәйкес диафиз метафиз эпифез және апофизі болады. Ортан жілік жоғарғы шетінде дөңгелек буыны caput femoris орналасады. Ортасынан төмен қарай буын басында бұдырлы шұңқыр fovea capitis femoris Ортан жілік басы бекитін жері жатады. Жілік басы сүйек мойыны column femoris арқылы қосылады. Мойынның Ортан жіліктің денесінде ауысатын жерінде ұршық (апофиз) депп аталатын екі сүйектік төмпешік шығып тұрады.( Кітапта 154-156 беттер)
Сирақ сүйектер- сирақ қаңқасы екі ұзын бірдей емес қуыс сүйектен тұрады асықты жілік пен шыбықтан. Асықты жілік медаль, ал шыбық латериалды жатады. Бұл екеуінде тек асықты жілік қана тізе буыны арқылы Ортан жілікпен буындасады. Асықты жілік бүкіл дене салмағын көтереді, сол себеті жіліншік қарағанда жуын келеді.
Асықты жілік үлкен жіліншік tibia. Оның промаксималды шеті екі айдаршық медиалды confluence medialis және латериалды condylas laterali түзеді. Асықты жілік шыбыны кіші жіліншік fibula. Шеттері жуандаған жұқа әрі ұзын сүйек. Шыбық денесі 3 жиекті.
2
2.Аяқ ұшы сүйектерінің құрылысы. Аяқ ұшында тілерсек, табан және бақай сүйектері ажыратылады. Тілерсек tarcus білезік сүйек сияқты екі қатарға орналасқан жеті қысқа кеуек сүйектен тұрады. Тілерсек үлкен ауырлық көтеретін басқа сүйектері де едәуір қонақтары және аяқ ұшының күмбез пішініне бейімделген. ТАБАН сүйектер metatarcus қысқа моноэпифизарлы қуысты сүйектерге жататын және қолдады алақан сүйектеріне ұқсайтын бес табан сүйектерінен Oscar metatarsalia тұрады. Алақан сүйектеріндегі сияқты олардың промаксималды шеті немесе негізі basis, ортаңғы бөлігі немесе денесі corpus, және дисталды шеті басы caput, болады. Оларды аяқ ұшының медиалды жиені нен бастап санайды.
Аяқ ұшы бақай сүйектері- бақайшақтар philandering degitorum pedis .
23. Қол-аяқ сүйектерінің жастық ерекшеліктері. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады. Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қаладыБала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни үзарады. Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі. Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.
25. Ортан жіліктің ерекшеліктері, оның оң немесе сол жақ екенін анықтау.
27.Ми сауытының бөлімдерін атаңыз:
Ми сауыты (cerebrum—ми) — ми қорабының қабырғасын түзетін бас қаңқасының сүйектері. Олар 4 жүп және 4 тақ бас сүйектерден тұрады. Жүп сүйектерге: самай сүйек, төбе сүйек, мандай сүйек және қанатша сүйек, ал тақ сүйектерге:шүйде сүйек, сынаша сүйек, торлы сүйек және төбеаралық суйек жатады. Аталған сүйектер бір-бірімен түтаса байланысады. Ми сауытының төбесін — мандай, төбе және төбеаралық сүйектер, оның бүйір қабырғаларын — самай сүйек, ал алдыңғы қабырғасын — торлы сүйек құрайды. Шүйде және сынаша сүйектер ми сауытының төменгі негізін және артқы қабырғасын жасайды. Сүйектік ми сауыты миды сыртынан қаптап, қорғап тұрады.Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады.Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінің сырт жағында бір-бірімен көлденең параллель өтетін желке бұдырлары болады.Оларға желке еттері тіркеледі .Қабыршақ бөлігінің ішкі беті сайшалар арқылы төрт ойысқа бөлінген.Шүйде сүйегі алдыңғы жағынан сына сүйегімен,екі жағынан самай және төбе сүйектерімен шектеседі.Шүйде сүйегінің жұту төмпегі, ылдиы болады.Төбе сүйегі-төрт бұрышты жұп сүйек.Оның төмпегі, маңдай, қабыршақты, шүйде, сагиттальды шеттері, шүйде бұрыштары, сигма тәрізді қойнаудың сайы болады.Маңдай сүйегі- қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады.Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен , төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді .Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы , самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады..Самай сүйегі-жұп ми сауытының негізін және бүйір иіндерін құрайды.Самай сүйегінде есту және тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады.Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.