Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 235
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жұмыстың мақсаттары әралуан, бірақ бағыттары мен мазмұны бойынша әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсаттарды бөлуге болады:
a) топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;
b) субъектілік көңіл күйді жақсарту және психикалық саулықты беріктендіру;
c) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді қарым- қатынас үшін тұлғааралық өзара әсердің механизмдері мен тиімді тәсілдерін зерттеу;
d) ішкі және мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзін-өзі жете түсінуі мен өзін-өзі бағалауын дамыту;
e) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асыруға, тіршілік әрекетіне, бақыт пен табысты сезінуге көмектесу.
Тренинг бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады:
-
әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру; -
өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту; -
өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Менконцепциясын қалыптастыру.
Балалармен кәмелетке толмағандармен өткізілетін ӘПТ тобының міндеті өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі үйренуінің не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу. Психологтың міндеті қысымға бақылаудан шығуына және топтағы жемісті қарым-қатынасты бұзуға мүмкіндік бермеу; топ үдерістерін жеңілдетеді. Бұл процестер басқа адамдардың қатысуынсыз толық болмайды; өзін басқаларға таныту және өзін-өзі тану мен түсінуге және өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
14-тақырып бойынша сұрақтар:
1. Психодиагностикалық, психологиялық түзету, психопрофилактикалық шаралар түрлерін ажыратып сипаттаңыз.
2. Жағымды «Саногенді ортаны» қалай ұйымдастыруға болады, сіздің ойыңыз?
3. Әлеуметтік-психологиялық реабилитация мазмұны, өткізу шаралары.
Дәріс 15. Делинквенті мінез-құлықтың алдын алу жолдары: интервенция, превенция және поственция:
Жоспары:
1. Психологиялық көмектің негізгі бағыттары.
2. Психологиялық интервенция мазмұны мен әдістері.
3. Психопрофилактикалық жұмыс деңгейлері мен атқару түрлері.
1. Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен концептуалдық қағидаларында жалпы және арнайы профилактика ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика грек тілінен аударғанда "сақтап қалу, ескерту" отбасының физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дені сау балаларды тәрбиелеу қызметтерін толық орындауға қажетті әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік -мәдени және әлеуметтік-педагогикалық қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған; жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің барлық түрлерінің тәрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды дамытуды, сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс-әрекеттермен айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқын әртүрлі әлеуметтік институттар реттейді. Қоғамдық әсер ету құқықтық санкциялар, медициналық араласу, педагогикалық ықпал, әлеуметтік қолдау және психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін. Мінез-құлықтық бұзылулардың күрделі сипаты, олардың алдын алу мен жою әлеуметтік ықпалдардың жақсы ұйымдастырылған жүйесін талап етеді. Психологиялық көмек қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін атқарады және айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді. Бұл факт психологиялық жұмыстың құпиялық, еріктілік және жеке мүдделілік, адамның өз өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара сенімділік, қолдау, жеке тұлға мен индивидуалдылықты құрметтеу секілді қағидаларынан көрініс табады.
Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: психологиялық превенция ескерту, алдын алу және психологиялық интервенция қиындықты жеңу, түзету, реабилитация. Ереже бойынша, психодиагностика жұмыстың дербес бағыты емес және психологиялық көмектің мақсаты болмауы тиіс. Бұл әрекеттің көмекші түрі, маңызды, бірақ міндетті емес, бұл аралық тәжірибелік міндеттерді шешеді.
2. Психологиялық интервенцияның араласудың негізгі әдістері психотерапия, психологиялық кеңес беру, психологиялық тренинг, терапевтік немесе саногендік орта қалыптастыру.
Тұлғамен психологиялық жұмыстың ең кең тараған формасы психотерапиямен бірге үйлесті жүргізілетін кеңес беру болып табылады. Олардың арасына шекара қою қиын. "Кеңес беру" терминін дені сау адамдармен жұмыс барысында қолданған дұрысырақ.
Тұлғаның бірыңғай теориясы болмағанда әртүрлі тұжырымдар мен кеңес берудің психотерапия әртүрлі формалары бар. Үш басты бағыт жақсы дамыды және мойындалды: психоаналитикалық, танымдық-мінез- құлықтық, гуманитарлық.
Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия үш түрге бөлінеді:
1. Қолдаушы психотерапия бар қорғаныш күштерін қолдауды және мінез-құлықтың тиімдірек тәсілдерін жасауды қамтамасыз етеді;
2. Қайта оқыту психотерапиясы мінез-құлықты өзгертуге тырысу;
3. Тұлғалық реконструктивті-интрапсихикалық қақтығыстарды жете түсіну арқылы ішкі тұлғалық өзгерістерге бағытталады.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының интеграциясы әлеуметтік психологиялық ықпалдың тағы бір бағыты болып табылады. Психологиялық интервенция бұл жағымды өзгерістерге түрткі болу үшін жеке тұлғалық кеңістікке психологиялық тұрғыдан араласу. Жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық интервенциясының мақсаты оның мінез-құлқындағы әлеуметтік бейімделуге кедергі жасайтын формаларды бәсеңдету немесе жою болып табылады. Тұтас алғанда, психологиялық интервенцияның ерекше өзгешелігі тұлға тарапынан мінезін өзгертуге деген ниет, оның психологпен бірлесе жұмыс істеуге даярлығы болып табылады. Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтар кезінде инициатива мен келісім баланың заңды өкілдері тарапынан болуы қажет.
3. Ауытқушы мінез-құлықтың алдын алу көбінесе кәмелетке толмағандарды мысалға алу арқылы қарастырылады. Әлемдік денсаулық ұйымы алдын алудың (профилактиканың) үш түрін ұсынады: бастапқы, екінші және үшінші профилактика. Бастапқы профилактика жұмысы белгілі бір құбылыс тудыратын жағымсыз факторларды жоюға, сонымен қатар бұл факторлардың әсеріне жеке тұлғаның төзімділігін арттыруға бағытталады. Бастапқы алдын алу жұмысын жасөспірімдер арасында кеңінен қолдануға болады. Екінші профилактиканың міндеті жүйкелік-психикалық ауытқуларды ерте анықтау және реабилитация кезеңі, сонымен қатар "қауіпті топпен" жұмыс. Үшінші алдын алу жұмысы (профилактика) мінез- құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік-психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді. Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез-құлықты тұлғалардың қылмысты қайталауының алдын алуға бағытталуы мүмкін.
Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс-шаралар кешеніне кіре алады. Психоалдын алу жұмыстың бірнеше формалары бар:
-
әлеуметтік ортаны отбасы, әлеуметтік топ, нақты тұлға ұйымдастыру: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын әлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмәдениетін түзету жұмыстары кіреді; -
мәлімет беру дәрістер, әңгімелесулер, арнайы әдебиеттерді, видео және телефильмдерді тарату; -
әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді түрде әлеуметтік үйрету;
Арнайы профилактика (алдын алу жұмысы) "қауіпті топ" балаларына, девиантты жасөспірімдерге, кәмелетке толмаған заң бұзушыларға бағытталған түзету-реабилитациялық шараларды қамтиды. Ол психологиялық-педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге әлеуметтік құқықтық көмектің әртүрлі іс-шаралары, оларды ата-аналардың көңіл бөлмеуінен, қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан және асоциалды ортаның теріс әсерінен қорғау болып табылады. Түзету-профилактикалық жұмыс мектептің, отбасының, бос уақытын өткізетін ортаның және формалды емес топтардың, әлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен етене байланысында жүзеге асады.
Осылайша, алдын алу (профилактикалық) және түзету-педагогикалық әрекет девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді анықтау, даму мен мінез-құлықтағы ауытқулардың себептері мен жағдайларына диагностикаға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың
халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Сайф Сараи шығармаларында, А.Құнанбаев т.б. мұраларынан да елеулі орын алған. Ауытқы мінез-құлықтың алдын алу мен түзетуде ата-аналарға, отбасылық микроахуалға, тәрбиелеу мүмкіндігіне, отбасылық ішкі қарым-қатынасқа психологиялық және педагогикалық әсер етудің әртүрлі жолдары мен тәсілдері бар. Бұл ықпалдар тура, тікелей сипатта, сонымен қатар жанама сипатта болуы мүмкін.
15-тақырып бойынша сұрақтар:
1. Жасөспірім арасындағы ауытқы мінез-құлықты балалар мәселесі қай әлеуметтік институттардың құзіретінде?
2. Превенция және интервенция мазмұнын ашып, сипаттаңыз.
3. Девиацияның алдын алу шаралары деген сөздің мән-мағынасы.