Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 236
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Психологиялық экспериментті ұйымдастыру және суицидтің алдын алу шараларын өткізуде оның түрлері мен типтерін жүйелеу қажет. Жүйелеудің келесі түрлеріне назар аударсақ:
-
Қарсыласу немесе өш алу. Адам өзін ешкім жақсы көрмейді, түсінбейді деп санауы. Өзгеге бағытталған агрессиясын өзіне аударады. Мысалы, жеткіншек Болат өз-өзіне қол жұмсау арқылы анасының қысымына қарсылық білдірді, себебі ол өз-өзіне қол жұмсау уақытын (17-18 сағат аралығы) таңдауы да осыны дәлелдейді, яғни бұл анасының жұмыстан келетін мезгілі еді. -
Шақыру (үндеу). Адам өзін керексіз деп санауы, өзінің әрекеті арқылы қоршаған ортадан көмек сұрау. Мұндай суицидтің мақсаты – өзге адамдардың көмегі арқылы жағдайды өзгерту. Бұндай өз-өзіне қол жұмсаулар көбінесе инфантилді мінезді тұлғада және эгоцентризм, негативизм, эмоционалдық тұрақсыздығы барларда кездеседі. -
Қашу (безу).Адам белгілі оқиғаның сәтсіздігін сезінеді және одан әрі ол жағдайдың нашарлайтынын, оны түзетуге күші жетпейтінін болжап, жағымсыз ойға батады. Бұл жағдайда өлім жалғыз амал ретінде қарастырылады. -
Өз-өзін жазалау.Адамның бір қателік жасауы, өз-өзін кешіре алмауы, өз-өзін кінәлауы, мазасыздануы, жағымсыз ойларға салынуы. -
Бастарту.Адам өзіне маңызды нысандарды жоғалту, соның себебінен өмірден бас тарту.
3. Жеткіншекті суицид жасауға итермелейтін жағдайдың бірі – ғашықтық сезімі немесе махаббат. Қазіргі кезде бәрімізге белгілі Шекспирдің кейіпкерлері Ромео мен Джульетта оқиғасы. Олар ғашықтық жолында өз өмірін қиюға дейін барады. Көбіне махаббаттың құрбаны болып жатқан суицид әрекеті өз ізін қалдырып кетеді екен. Мұндай өлер алдындағы соңғы тілек немесе хат тастап кету бұлардың барлығы да көбіне кинофильмдерден алынады.
Педагог-психологтар жеткіншектік жастағыларға ерекше көңіл аударып, олардың өз-өзіне қол жұмсауының себептері мен факторларын көрсеткен:
• Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы, депрессиялық көңіл күйдің әсері, стресс, аффект күйі;
• Отбасындағы шиеленіскен қарым-қатынастар, жақын туған-туыс, дос адамдардан айырылуы, жайсыз психологиялық атмосфера, жұмыссыздық, кедейшілік (материалдық жағдайдың жетіспеуі); жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық; отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімділіктің болмауы ( жиі кездесетін дау-дамай, ұрыс-керіс), елеусіз қалу (жалғыздықты сезіну) т.б.
• Оқу процесіндегі қиындықтар (мұғаліммен тіл табыса алмауы, түсінбеушілік), келешекке деген жоспардың болмауы;
• Әлеуметтегі ортадағы эмоционалдық психикалық жағымсыз көңіл күй: ауыр тиетін дөрекі сөздермен кемсіту, жеке басының намысына тию, әлеуметтік шеттелу, қоршаған ортада адамдардан оқшаулану, қарым-қатынастан қашу, сыртқы ортаның қысымы және т.б;
•Дене бітіміндегі физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне-өзі қанағаттанбауы) және жекелік типологиялық сипаттамалар: өзіндік «Менінің» төмендігі, болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі; өзіне деген сенімсіздік, өз-өзін бағалау деңгейінің төмендігі, өзін-өзі кінәлауға бейімдік, инфантилизм (дамудағы тежелеу) және өзін қорғансыз деп сезінуі.
• Ішкі эмоционалдық жағдайдың бұзылуы, үйлесімсіздігі:
- Қоршаған ортаға көңіл толмау;
- Кекшілдік, жылдам ашуланғыш;
- Қобалжу, негізсіз баурайтын қорқыныш сезімі;
- Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс.
Жоғары айтылғандарды қорыта келе, келесі тәжірибелік зерттеушілердің ұсыныстарына көңіл бөлген жөн.
13-тақырып бойынша сұрақтар:
1. Суицидтің алдын алу және жетелеу фазасы дегенді қалай түсінесіз?
2. Күйзелістің және өзін-өзі өлтіру қауіптіліктің белгілерін атаңыз, сипаттаңыз.
3. Психикалық жағымсыз күй және суицидтік әрекетке бару байланысын көрсетіңіз.
Дәріс 14. Ауытқы мінез-құлықты түзетудің арнайы психологиялық және педагогикалық шаралары
Жоспары:
1. Арнайы психологиялық және педагогикалық алдын алу шаралары
2. Ауытқы мінез-құлықты түзетудегі әлеуметтік-психологиялық стратегиялар
3. Әлеуметтік-психологиялық тренинг ӘПТ. Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері.
1. Алдын алу шаралары мен олардың жіктелуі
Зерттеулер жасөспірімдердің қылмыскерлігі үлкендердің қылмыскерлігіне қарағанда олармен күресу шараларына «сезімтал» келеді. Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асыратын әкімат аймақтық деңгейде жүзеге асыратын жалпыәлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру шаралары. Алдын алу жұмысын оқу орындарында және сол оқу орындарында қызмет атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс жалпы шаралармен қоса, жасөспірімдердің топтық және индивидуалды қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы мақсатқа бағытталған психологиялық, педагогикалық, арнайы криминологиялық шараларды қамтуы қажет.
Жалпы шаралар оқу үдерісінің сапасын арттыруы, оны ұйымдастыруды, әдістемелік деңгейін жетілдіруді қажерт етеді. Бұл оқу жоспарын нақты орындау, сабақтарға орынсыз себептермен келмей қалуларды ескерту, оқушылардың күнделікті сабақтан кейінгі уақыт өткізулерін ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар ұйымдастырып өткізу және т.б. Сонымен қатар, жалпы шараларға тәрбиелік шаралар да енеді. Бұған тек «оқытудың тәрбиелік рөлін жетілдіру» ғана емес, сонымен қатар педагогтардың оқушылармен тұлғааралық қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан дамыту да енеді.
Арнайы психологиялық және педагогикалық шаралар:
-
психодиагностикалық: оқуға түскен контингентті зерттеу және қылмыс жасауға бейім тұлғаларды есепте тұрған, қиын және педагогикалық қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар, арнайы мектептер мен колониялардан келген оқушыларды анықтау, олардың мектептегі және мектептен тыс достық байланыстарын анықтау; -
психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды және ұжымдық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде құқықтық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық қарым-қатынастарын бақылау; -
психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар оқу топтарынан «шеттетілген» жасөспірімдердің топтық заң бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану; оқу орындарында және олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау жүргізу.
Аталған шаралардың нәтижелі болуы кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің алдын алумен айналысатын мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық және педагогикалық біліктілігіне, терең білімі мен алдын алу жұмыстың негізгі қағидаларын ұстануына тығыз байланысты. Профилактикалық жұмысқа қатысушының әрқайсысы жас өспірімдер қылмыстық әрекеттерінің ерекшеліктерін және олардың алдын алу жұмыстарының ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Осы жүйелердегі ауытқулар тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының себептері болады және психологиялық ықпалдың бағытын анықтайды. Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі мынандай жүйелері белгілі:
1. Девиантты мотивация бұл құндылықтар, қажеттіліктер, наным-сенімдер, жеке тұлғалық ой-пікірлер белгілі бір адам үшін маңызды болып табылатындар мен оны нормативке қайшы белсенділікке итермелейтіндердің барлығы. Девиантты мінез-құлық мотивациясы агрессивті және өзін өзі бұзу ниеттері, дұшпандық нұсқаулар және пайдакүнемдік, өз қара басын ойлау мотивтері формасында көрініс табады.
2. Эмоционалды мәселелер және өзін-өзі реттеудің олармен тығыз байланысты қиындықтары. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуында дабыл басты рөл ойнайды. Эмоционалды мәселелер релаксация (босаңсу) мен тұтас алғанда, өзін-өзі реттеу қиындықтарын тудырады.
3. Жағымсыз девиантты әлеуметтік тәжірибе бұл дезадаптивті мінез- құлықтық стереотиптер әдеттер, дағдылар, когнитивтік бұрмалау мен жетіспеушілік, әлеуметтік жағдайлармен бекітілетін, тұлғаның девианттылығын құрайтын, индивид тәжірибесінде жағымды дағдылардың мінез-құлықтық тапшылық жоқтығы.
2. Ауытқы мінез-құлықтың жалпы стратегиялары
Ауытқы мінез-құлық психологиялық ықпалдың, іс-шаралар кешенінің тиімділігіне байланысты болады: ұйымдастырушы мысалы, арнайы мекемелерде тәртіп және адамгершілік ахуал орнату, экономикалық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік шаралар мысалы, босатылғаннан кейінгі әлеуметтік реабилитация.
Саногенді ортаны немесе терапевтік "алқаптарды" қалыптастыру әдісін жүзеге асыру қиын, бірақ максималды түрде тиімді болып табылады. Аталмыш әдістің негізгі мақсаты: әдеттенген, арандатушы ортадан адамды аластату, өз кезегінде, бұл шара адамның өмір салтын өзгерту мен тұлғалық өзгерістерге септігін тигізеді. Ортаны ұйымдастырудың бұндай түрлеріне ауытқушы мінез-құлықты жасөспірімдерге арналған еңбекпен тәрбиелейтін мекемелерді жатқызуға болады. Мұндағы негізгі ережелер өмірде өзін-өзі қамтамасыз ету, өзара көмек, басшы мен тағайындалған ережелерге бағыну, ішкі өмір нормалары мен тәртіпті, дәстүрлерді қатаң сақтау.
1. Жазалау саясаты қоғамның оның жекелеген мүшелерімен күресуі.
Жазалау саясатының болмысы қатал әдістегі көрініс болып табылады. Мысалы, есірткілерді қолдануға мемлекет тыйм салады, оларға қатысты барлық іс-әрекет заңмен қудаланады. Осылайша, АҚШта героин немесе кокаин сақтағаны үшін жылдан жылға дейін абақтыға қамайды. Қытай мен Сингапурда осындай іс-әрекеттер үшін өлім жазасына кеседі. Кейбір мемлекеттерде ішімдікке тыйм салынып, "құрғақ заң" енгізуге дейін барады. Жазалаушы шаралар енгізіп, мемлекет психобелсенді заттарды қолдану деңгейін бақылауға тырысады. Алайда, маскүнемдік пен нашақорлық сақталып отыр, ал тұтынушылар, бір мәселеден химиялық тәуелділіктен басқа, дағдылы түрде екінші мәселеге делинквенттілікке тап болады, себебі оны қолдану қылмыстық әрекетке жатады. Бұдан басқа, есірткілер қолдануды жалпыға бірдей тыйм салу мафия үшін пайдалы бұл оларға деген қызығушылықты және заңсыз есірткі өнімдерінің бағасын арттырады.
2. Прагматикалық әдіс қауіпті азайту зиянды азайту саясаты.
Зиянды азайтудың либералды саясаты қоғамда аз тараған. Зиянды азайту концепциясы бойынша, есірткілер қолданылады және қолданылатын болады, ал есірткі тұтынушылар қоғам мойындағысы келмесе де, олар қоғам мүшелеріне жатады деген түсінікке негізделген. Бұл концепция бүкіл әлемде танымал болып келе жатыр, ал Нидерланд пен Австралияда ресми түрде жүзеге асады. Зиянды азайту қозғалысының тарихы біздің дәуіріміздің -жылдарының ортасында басталды және денеге инемен жіберілетін есірткілерді қолданатын тұтынушылардың арасында СПИД эпидемиясы дәуірінің басталуымен тығыз байланысты. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында ықпал етудің жаңа бағдарламасы пайда болды медициналық инелерді ауыстыру бағдарламасы. Содан соң есірткілерді қолданудың қауіпсіз тәсілдерін үйрету, оларды қолданудан туындайтын аурулар туралы мәліметтер беру, презервативтер тарату және жыныстық қатынастың қауіпсіз тәсілдерін үйрету секілді бағыттармен толықтырылды.
Осылайша, өз күштерімен жұмыс істейтін ұйымдардың басты саяси мақсаты қылмысты жою және есірткі қолдануды тұрақты ережеге бағындыру.
. Қайтадан әлеуметтендіру саясаты әлеуметтік-психологиялық реабилитация.
Қайтадан әлеуметтендіру саясаты әлеуметтік-психологиялық реабилитация тәуелді мінез-құлық салдарынан бейімсізденген жеке тұлғаның өмірлік қызметтерін қалпына келтіруді көздейді. Реабилитациялық бағдарлама бірнеше деңгейдегі шараларды қамтиды: құқықтық қорғау және әлеуметтік қолдау әлеуметтік топқа ену, заң тұрғысынан қорғау, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселесін шешу; психологиялық реабилитация ремиссияға психологиялық қолдау, жеке тұлғалық ресурстарды кеңейту; медициналық көмек абстинентті синдромды жою, қылмыстың қайталануына қарсы терапия, соматикалық және жүйкелік-психикалық бұзылымдарды емдеу.
3. Әлеуметтік-психологиялық тренинг ӘПТ. Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері.
Кең мағынасында ӘПТ топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық тәжірибені білдіреді. Бұл білім берудің, қарым-қатынас, әрекет, тұлғалық даму мен түзету саласындағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын қолдану.