Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 234
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық заң бұзушылықтардың бастауын əлеуметтік мəдени жəне педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан. Бұл əлеуметтік топқа əртүрлі ұғымдар қолданылады: «тəрбиелеуге қиын», «дағдарысты», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған», «дезадаптивті», «қалыпты жағдайы бұзылған», «асоциалды», «делинквентті» жəне т.б.
2. Девиацияның әлеуметтік түсініктемесі алғаш рет Э.Дюркгейм ұсынған аномия теориясында көрініс тапты. Өзіне-өзі қол жұмсаудың басты себептерінің бірі – ол "реттелудің болмауы " «норманың жоқтығы». Э.Дюркгеймнің пікірінше, дағдарыс немесе радикалды әлеуметтік өзгерістер кезінде адамдардың өмірлік тәжірибесі қоғам қабылдаған нормаларға сәйкес келмейді. Ол аномияның адамның мінез-құлқына деген әсерін айқын көрсете алды. Мысалы, күтпеген экономикалық құлдырау мен өрлеулер кезеңінде өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі әдеттегіден жоғарырақ болады. Әлеуметтік нормалар бұзылады, адамдардың бүлінуі басталады –мұның барлығы девиантты мінез-құлықтың орын алуына ықпалын тигізеді. Дюркгейм теориясы сынға ұшыраса да, оның негізгі идеясын, әлеуметтік ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу себептерін, оның ізбасарлары қолдады.
Әлеуметтану ғылымында ауытқыған мінез-құлықтың пайда болып қалыптасу себептерін түсіндіретін бірнеше бағыттар бөліп көрсетілген, анықтамалар берілген. Н.Смелзер
Роберт Мертон «Әлеуметтік құрылым және аномия» жұмысында ауытқушылық мінез-құлықтың себебі ретінде қоғамды және оларға қол жеткізу үшін пайдаланатын құралдар арасындағы келіспеушілікті атайды, яғни адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен: конформизм, немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың небір түрлеріне бейімделе бастайды.
В.Фокс девиантты мінез-құлықты «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа да жазаға тартуға әкелетін нормалардан ауытқу», – деп санайды. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» ұғымының мазмұнын айтарлықтай тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқықтық саласының аз ғана ғана бөлігін қамтиды.
Ауытқыған мінез-құлықтың психодинамикалық теориясының негізгі өкілі З.Фрейд, Джон Уотсон, В.Франкл, Э. Фромм, А. Маслоу т.б. адам мінез-құлқының бейсаналы механизмдерін ашып көрсетті. Атақты Ресей ғалымы Л.С. Выготскийдің пікірінше, «норма» көбіне таза күйінде кездеспейді, әрқашан «қалыпты емес» формалармен араласқан түрде байқалады.
Психолог П.П. Блонскийдің пікірінше, тәртібі, мінез-құлқы нашар бала мектептегі ұстаз еңбегінің өнімсіздігінен дейді. Оның жұмысына ауыртпалық тудырып, көп еңбектенуді қажет ететіндерді «қиындарға» жатқызуға болады дейді.
И.С. Конның пайымдауынша, өзін-өзі кемсіту сезімі, өзіндік талаптарды орындамауы субъект алдына таңдау қояды: өзін-өзі кемсіту уайымдарын жалғастыра беру немесе осы сезім талаптарына қарсы өзіндік бағасын көтеру.
3. Осыған қатысты В.Д.Менделевичтің ғылыми тұрғыдан қарастыруы өте өзекті әрі қызықты. Мысалы, девиантты мінез-құлықтың айқын көрінісі анаша заттарды қолдану ол психологиялық мәселе анашаға психологиялық тәуелділік медициналық тұрғыдан анашаны шексіз пайдалану, ал физикалық тәуелділік ол нашақорлық. Әртүрлі көзқарастардың бір жақты, тайыз кәсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының» ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады. Өз ойын ғалым келесі кесте арқылы көрсетеді:
Девиантты мінез-құлық
Психиатрия психологиясы клиникалық психология.
Норма девиантты мінез-құлық психопатологияның белгілерінсіз психопатология негізінде
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй және т.б.; екіншісі, «әлеуметтендіру дезадаптация оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтенуге қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті құқықты бұзушылық және криминалды қылмыстық мінезқұлық жатады.
Я.И.Гилинскийдің айтуынша: «Әлеуметтік норма – нақты бір қоғамдағы тарихи қалыптасқан әлеуметтік ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, адамдардың атқаруға болатын (ерік берілген немесе міндетті) іс-әрекеттерінің арақашықтығын, шегін анықтайды». Дегенмен әлеуметтік ауытқулар қоғам үшін әртүрлі мағына беруі мүмкін. Сонымен, ауытқыған мінез-құлықтар қоғамда екі түрлі мәнге ие: бір жағынан – қоғамның тұрақтылығына қауіп төндірсе, екінші жағынан – осы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Заманауи Ресей зерттеушісі Ю.А.Клейберг жасөспірімдердің девианттылығын зерттей отырып, жеке тұлғаның мәдени нормаларға қарым-қатынасы арқылы девиантты мінез-құлықты айқындайды және таңбалау мәселесіне ерекше көңіл аударады. Оның берген анықтамасы бойынша, «ауытқыған мінез-құлық бұл әлеуметтік нормалар мен күтулерді соларға деген тұлғалық құндылықты қарым-қатынасын көрсету арқылы өзгертудің арнайы тәсілі».
Заманауи девиация мәселесін зерттеуші Ресей ғалымы Е.В. Змановская келесі анықтама ұсынады: «Девиантты (ауытқы) мінез-құлық – бұл тұлғаның едәуір маңызды әлеуметтік нормалардан ауытқыған, қоғамға немесе тұлғаның өзіне айқын зиян келтіретін, сондай-ақ, оның әлеуметтік бейімделе алмауына ұласатын тұрақты мінез-құлқы».
Қоғамдық ғылымдардың негізгі категорияларының бірі әлеуметтік ауытқу. С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде ауытқу «қандай да бір дұрыс емес мінез-құлық» ретінде көрсетілсе, Оксфорд сөздігі ауытқуды «ерекшелік, шетке бұрылу» деп түсіндіреді. Отандық әдептанушылар (этикеттер) ауытқу немесе девиантты мінез-құлықты саралай келе, оған «іс-әрекет, мінез-құлық үлгісінен және нормасынан жағымсыз ауытқудан көрінетін рухани жамандықтың ерекше бір түрі» деген анықтама береді.
Отандық социолог-ғалым Д.К.Қазымбетова «Социологиялық зерттеудің объектісі жастардың қоғамдағы жат (девиантты) қылықтары» атты диссертациялық жұмысында девианттық мінез-құлыққа әртүрлі түсініктер бере отырып, жастардың жағымсыз қылығына әлеуметтік құбылыстардың ықпалын қарастырды.
Девианттық мінез-құлық мәселесінің теориялық жақтарын зерттеуде Ш.Е.Жаманбалаеваның «Девианттық мінез-құлық – әлеуметтік мәселе» (1999) атты диссертациясы өз үлесін қосты. Бұл еңбекте автор келесі анықтама береді: «Девианттық мінез-құлық дегеніміз – ол мінез-құлық актісі, адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамдағы қабылданған әлеуметтік нормалар мен заңгерлік негізіндегі салдарлы қоғамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттер».
А.Т. Ақажанова «Кәмелеттік жасқа толмағандардың девианттық мінез- құлқының психологиялық-педагогикалық коррекциясы (түзету)» атты диссертациясында Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының психологиялық-педагогикалық тұрғыдан алғашқы болып талдап, жүйелеген зерттеуші «Девиантты мінез-құлық» ұғымын келесідей сипаттайды: «Девиантты мінез-құлық – тұлғаішілік және тұлғааралық кақтығыстармен байланысты, кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік ауытқулардың деструктивті, аддиктивті және дезадаптивті түрлеріне әкелетін этносоциуммен қабылданған әлеуметтік-мәдени нормалардан және салт-дәстүрлерден ауытқу» деген анықтама ұсынады.
Ауытқы мінез-құлықты зерттеуде бүгінгі күнге дейін бірыңғай тұрғының болмауына байланысты біз зерттеуімізде полиметодологиялық (көпәдіснамалық) тұрғыны пайдаландық.
Кәмелет жасына толмағандарды зерттеуде ғалымдар көп жағдайда келесі негізгі тұрғыларды ұстанады: әлеуметтік, құқықтық- әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, клиникалық -психологиялық
Ауытқы мінез-құлықты зерттеудің көпәдіснамалық тұрғы құрылымы
I
Әлеуметтік
II
Құқықтық-әлеуметтік
III
Психологиялық-педагогикалық
IV
Клиникалық-психологиялық
1-ші сурет. Ауытқы мінез-құлықты зерттеудің көпәдіснамалық тұрғы құрылымы
2-тақырып бойынша сұрақтар
1. Мінез-құлықтағы ауытқуды түсіндіретін шетелдік тұжырымдар.
2. «Қиын» жəне «тəрбиелеуге қиын» ұғымдары нені білдіреді?
3. Мінез-құлықтың ауытқуына қатысты ресейлік ғалымдардың
ұстанымдары.
Дәріс 3. Девиантты мінез-құлықтың қалыптасу себептері мен негізгі факторлары
Жоспары:
1. Ауытқы мінез-құлықтың қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдаяттар
2. Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар себептері.
3. Әлеумет және ауытқы мінез-құлық факторлары
1. Заманауи ғылыми жетістіктер негізінде экономикалық және тарихи- мәдени қарым-қатынастардан да, жеке тұлғалық талаптардан да, жеке тұлғаның девиацияға бейімделу деңгейіне септігін тигізетін факторларды табуға болатындығы даусыз. Бұл тұрғыда әлеуметтік мәдени өмір құбылыстары туралы айту заңды. Мысалы, белгілі бір ұлттық немесе этникалық мәдениеттерде мінез-құлықтың тектік үлгілері дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқылы берілуі мүмкін. Қылмыскердің отбасында тәрбиеленген балалар өз ата-аналарының немесе таныс ересек адамдардың мінез-құлық үлгілеріне сөзсіз еліктейді. Ішімдік ішу, шылым шегу, агрессивті мінез-құлық «ержеткендік» және «ер жүректілік» эталондарымен байланысты болады. Кейде маскүнемдік «ұлттық қасіретпен» байланыстырылады.
Әлеуметтік нормалар стихиялы түрде мысалы, дәстүр түрінде де, мақсатты түрде де заңдар, ережелер, бұйрықтар қалыптасады. Мінез- құлық нормаларын бағалауда мынандай тәсілдер бөліп көрсетіледі: әлеуметтік, этномәдени, жас ерекшеліктеріне қатысты, психологиялық, психиатриялық, гендерлік, кәсіби В.Д.Менделевич. Кәмелетке толмағандардың ауытқы мінез-құлқы «Девиантология» пәнінің нысанына айналғандықтан, бізді әлеуметтік, психологиялық, гендерлік және жас ерекшеліктік аспектілері қызықтырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, девианттық мінез-құлықты қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдауға да болады. Осындай жағымды девианттық мінез-құлықтың формалары ретінде қоғамда кездесетін антиәлеуметтік немесе жалған нормалардан ауытқуды айтамыз. Бірақ та кез келген девианттық мінез-құлықтың формаларын абсолюттендіру, жалпы бір идеалды форматта енгізу мүмкін емес. Біздің қоғамымыз үшін, әсіресе нарықтық сынау тарихи қажеттілік пен объективті қажеттілік болып табылады.
Әлеуметтік тәсіл бейімделудің сыртқы формаларына бағытталған және жеке тұлға мінез-құлқының қоғамдық қаупі мен қауіпсіздігі туралы түсініктерге негізделеді. Алайда, бұл жерде индивидуалды-тұлғалық қасиеттер және «Менконцепция» ескерілмейді. Психологиялық жағынан ауытқы мінез-құлықты девианттың өз мүмкіншіліктерін, талаптарын жүзеге асыруға кедергі жасайтын тұлғаның психологиялық жиынтықтарымен, оның өз-өзі бұзуымен және ішкі қақтығыстарымен бірге қарастырылады. Жас ерекшелік бағыт мінез-құлықтың осы жастағы шаблондары мен нормаларына сәйкес келмеуіне негіздейді. Бұлар сандық гротексті ауытқулар, артта қалушылық ретардация және сапалық инверсиялар болуы мүмкін. Гендерлік дәстүрлі жыныстық стереотиптер мен ер адамдар мен әйелдердің мінез-құлық стилдері туралы түсініктерге ерекше көңіл бөледі. Бұған ауытқының сексуалды қалаулар мен бағыттың өзгеруі жатады.