Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 232
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Дәріс 1. Девиантты және суицидті мінез-құлық психологиясы туралы теориялық-әдістемелік түсінік.
Жоспары:
1. Девиантология туралы жалпы түсінік
2 Отандық және шетел ғалымдарының девиантты және суицидті мінез-құлық туралы еңбектері.
3. «Девиантты және суицидті мінез-құлық психологиясы» курсты оқытудыңәдістемелік нұсқаулары
1. Бұл тараудың негізгі міндеті – мінез-құлықтағы «ауытқушылық» «девиация» ұғымын анықтау. Девиация ауытқушылық көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан моральдық, әлеуметтік, заңдық ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандайда бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Ауытқушылық әр түрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т.б. Көп жағдайларда ерекше әдебиеттерде және жалпы қолданыста екі ұғым қатар жүреді: «девиантты және делинквентті». Барлық күрделі ауытқулар олардың саналылығына немесе санасыздығына қарамай олардың барлығы заңға қарсы іс-әрекеттер категориясының қатарына жатады, яғни делинквенттік мінез-құлық деп айтуымызға әбден болады. Делинквентті мінез-құлықтың түрлеріне қылмыстық әрекеттер, ішімдікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуалдық, құмар ойындарға тәуелділік, психикалық бұзылушылық, өзін-өзі өлтірушілік жатады. Бір сөзбен айтқанда, заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығын делинквенттік мінез-құлыққа жатқызуға болады, шетелдік ғалымдардың пайымдауынша, делинквенттілік кәмелетке толмаған жаөспірімдерге ерекше қатысты.
Девиантты мінез-құлыққа баға беру және анықтау бір жақты емес, себебі біздің қоғамымызда қандай мінез-құлықты девиантты, ал қайсысын делинквентті деп айту және оны ажырата білу өте қиын.
Кез келген мінез-құлықты бағалағанда оны қандай да бір нормамен салыстырады, ал проблемді мінез-құлықты көбіне девиантты, яғни ауытқыған мінез-құлық деп атайды.
Шетел ғалымдары девианттылықты әлеуметтік нормаларға, күтулерге сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі арқылы анықтайды. Осылайша, девианттық болып нақты қоғамның әлеуметтік күтулерін қанағаттандырмайтын мінез-құлық болып саналады.
Девиантты мінез-құлық көптеген негативті көріністермен (діни көзқараста «жамандықтың» бейнесі, медицина тұрғысынан «ауру» симптомы, құқықтық нормаларға сәйкес «заңсыздық») ретінде салыстырылғандықтан, оны тіпті «қалыпты емес» деп есептеу тенденциясы да пайда болған.
Әлеуметтік жүйелердің қызметі девиантты мінез-құлық арқылы әлеуметтік өзгерістермен және адамзат өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, мінез-құлықтағы ауытқулар табиғи әрі қажетті құбылыс болып есептеледі. Әлеуметтік ауытқулар табиғи әртүрлі мәнге ие бола алады. Жағымдылары қоғамның прогрессивті дамуына, алға жылжуына өзінің себебін тигізеді және ескірген ережелерді, консервативті көзқарасты немесе қатып қалған стандарттарды жеңудегі құрал қызметін атқарады. Мысалы, әлеуметтік-шығармашылық: ғылыми, техникалық, көркемдік, қоғамдық-саяси сипатқа ие, ал негативті девиациялар қоғамдық жүйені ыдыратады, әлеуметтік патологияларға алып келеді: қылмыстық әрекеттер, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, суицид және т.б.
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-əрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-əрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті əрекет, қылмыстық). Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-құлық —бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроəлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе əрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды.Ғылыми пəндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: əлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай жəне алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді. Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады.
2. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру əрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай əрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық əртүрлі формада кездесуі мүмкін: дарындылар, дуаналар, тақуалар, əулиелер, қылмыскерлер жəне т.б.
Əлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. Н.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-əрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дəлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Əлеуметтік құрылым жəне аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың əр алуан түрлерімен. В. Фокс девиантты мінез-құлық «тəртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға əкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық» ұғымының мазмұнын едəуір тарылтады, өйткені əлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.
ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық —психологиялық ғылым пəні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық — жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».
Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мəселесі (есірткіге психологиялық тəуелділік) жəне медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалық тəуелділік — нашақорлық. В.Д.Менделевичтің бұл күрделі мəселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті əрі қызықты. Əртүрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кəсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының» ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.
Девиантты Психиатрия ↔ мінез-құлық ↔ клиникалық ↔ психология психологиясы Бұл схема девиация түріндегі бір мінез-құлықтық құбылысты мамандардың психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық құбылыс ретінде де түсіндіретіндіктерін көрсетеді. В.Д.Менделевичтің пікірінше, «нормадан ауытқыған кез келген мінез-құлық стереотипін девиантты деп белгілеу анағұрлым адекватты болып табылады». Девиантты 1. Психопатологияның белгілерінсіз Норма ↔ мінез-құлық 2. Психопатология негізінде Автор қалыпты жəне гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп көрсетеді: психикалық үрдістердің теңгерілуі (темперамент қасиеті), икемділік жəне өзін-өзі актуальдендіру (мінез-құлық ерекшеліктері), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға деңгейінде). Норма да, ауытқушылық та жеке тұлғаның осы аталған үш элементіне негізделеді. Өз көзқарастарының басты ой желісін ескере отырып, В.Д.Менделевич кітабында мынандай анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін жəне психикалық үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі актуальдендіру үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық жəне өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық жүйесі немесе жеке қылық болып табылады».
С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
3. Дамуында кемшіліктері мен мінез-құлқында ауытқулары бар кәмілетке толмаған балалармен жүргізілетін тәрбиелік алдын алу және түзету-реабилитациялық жұмыс осы уақытқа дейін оқыту үрдісін баланың жеке тұлғасын «қайта шыңдауға», «қайта жасауға» бағыттайтын қайта тәрбиелеу педагогикасына негізделген әкімшілік-жазалау концепциясына сүйеніп жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің арнайы тәрбиелеу мекемелерінің тәжірибесі, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің өзгеруі, мақсатты бағытталған психологиялық және педагогикалық зерттеулердің нәтижелері балалар мен жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарында бұл бағыттың келешегі жоқ екендігін көрсетті. Сондықтан да мінез-құлық пен дамуындағы ауытқушылықтары бар балалармен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми заманауи зерттеулерге ерекше назар аудару қажет.
Курстың мақсаты: студенттердің кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқуларын болжай білу және делинквентті әрекеттердің алдын алудағы теориялық-тәжірибелік білімдерін жетілдіру.
Курстың міндеттері:
-
Студенттерде нормадан ауытқушы мінез-құлық табиғаты туралы теориялық білім қалыптастыру; -
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуші жағымсыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру; -
Студенттерді кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқудың алдын алу шараларымен таныстыру; -
Балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін түзету-реабилитация тренингтік сабақтарында студенттердің практикалық дағдыларын игеруге жағдай жасау.
Курс барысындағы меңгерілетін (білім, шеберлік, дағды)
Девиантологияның негізгі терминдері мен ұғымдарын білу;
-
Мінез-құлқында ауытқулар бар кәмілетке толмағандар туралы мәлімет жинау; -
Білім және тәрбиелеу процесінде қиындықтар кездестіретін ата-аналар және балалармен ағарту сабақтарын жоспарлау; -
Мінез-құлықтың ауытқу себептерін анықтау мақсатымен психодиагностика жүргізе алу; -
Тұлғааралық дау-дамайды шешу мақсатында балалармен, ата- аналармен және педагогикалық ұжым мүшелерімен психологиялық кеңес жұмыстарын жүргізе білу; -
Ата-аналар мен балаларға арналған тренингтік түзету сабақтар өткізуге дағдылану; -
Оқылған курстың нәтижесінде магистранттар мен студенттерде мыналар қалыптастырылады:
- ауытқы мінез-құлық туралы теориялық-әдістемелік білім;
-кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлқындағы ауытқу туралы жалпы ғылыми білім, шеберлік, дағды;
- практикалық сабақтар арқылы студенттер тәжірибелік шеберлікпен дағдыларын тереңдетеді.
1-тақырып бойынша сұрақтар
1. «Девиантологияның» ғылымның басқа салаларымен пəнаралық байланысы.
2. В.Д. Менделевичтің ауытқыған мінез-құлық мəселелерін ғылыми зерттеуі.
3. С.А. Беличеваның девиантты мінез-құлыққа жасаған тұжырымдамасы.
4. Қазақстан Республикасындағы кəмелетке толмаған балаларды тəрбиелеу-профилактикалық жəне психологиялық түзету жұмыстарының жай-күйі.
Дәріс 2. Девиантты мінез-құлықты зерттеудің негізгі тұрғылары мен жіктелуі.
Жоспары:
1. Мінез-құлықтың ауытқуына қатысты шетел ғалымдарының тұжырымдамалары.
2. Әлеуметтік норма және әлеуметтік ауытқы.
3. Девиантты мінез-құлықтың заманауи жіктелуі мен тұрғылары.
1. ХХ ғасырдың 20–30-жылдарынан бастап осы тарихи кезеңге дейін девиантты мінез-құлық мәселесін көптеген шетел және отандық зерттеушілер қарастырды.
Мысалы, шетел зерттеушілері (Э.Дюркгейм, Н. Смелзер, Р. Мертон, В. Франкл, А. Маслоу т.б.), Ресей ғалымдары (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, Д.И. Фельдштейн, В.М. Дубровина, И.С. Кон, В.Д. Менделеевич, Е.В. Змановская, М.Ю. Кондратьева, В.В. Ковалев, және т.б.) теориялық-әдіснамалық зерттеулер жүргізсе, девиантты мінез-құлықтың патологиялық бұзылыстарын зерттеуде С.А. Беличева, К. Леонгард, А.Е. Личко және т.б. өз үлестерін қосты. Отандық психолог-ғалымдар А.Т. Ақажанова, Д.К. Қазымбетова, Ш.Е. Жаманбалаева, Ғ.Дусманбетов, А.У. Ескендірова, Т.М. Шалғымбаев т.б. жасөспірімдердің ауытқы мінез-құлық мәселесіне және осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерге ерекше көңіл бөліп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жан-жақты зерттеп қарастырды.
Ғылыми бірлестікте девиантты мінез — құлықтың пайда болу себептері туралы пікірлестік жоқ. ХХ ғасырдың басында девиацияның себептері туралы биологиялық жəне психологиялық тұжырымдар кең тарады. Италияндық дəрігер Ч. Ломброзо адамның асоциалды мінез-құлқы мен биологиялық ерекшеліктерінің арасында тікелей байланыс бар деп есептеген. Ол атап көрсеткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі шығыңқы, бір жерінің ауырғанына сезімталдығы төмен жəне т.б. азып бара жатқан индивидті көрсетеді. Американдық психолог У.Х. Шелтон адамның дене бітімі оның мінез-құлқын анықтайды деп есептеген. Оңалту орталығында 200 ұл балаға жүргізілген зерттеуге сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі бар адамдар анағұрлым бейім деген қорытынды жасайды. Кейіннен психологиялық тұжырымды қолдаушылар девиацияны психикалық ерекшеліктермен (психиканың тұрақсыздығымен, эмоционалды ерікті саланың дамымауымен) байланыстырды.