Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 233
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эмиль Дюркгеймнің «Өз-өзіне қол жұмсау» кітабының негізгі мазмұны.
3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) суицидке қатысты негізгі көрсеткіштері.
Дәріс 12. Суицидті мінез-құлықтың түрлері, себептері және тәуелдік ахуалы.
Жоспары:
1. Суицидті мінез-құлықтың түрлері мен себептері.
2. Суицид туралы шетелдік ғалымдардың тұжырымдары.
3. Өзін-өзі өлтіру және аддиктивті мінез-құлық өзара байланысы.
1. Қазіргі кезде Суицидология деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт орын алып, дамуда. Бұл ғылыми сала социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып, осындай әрекеттерге баратын тұлғалардың ерекшелігін және себептерін зерттеуге бағытталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері: жеке өмірдегі сәтсіздіктер, жастық шақ дағдарыстары, зорлық-зомбылық, үмітсіздік, жауапсыз махаббат, түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, кемсітушілік, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын сырқат, мүгедектік, діни фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, керексіздікті және жалғыздықты сезіну, торығу, жақын адамынан айырылу, оқшаулану, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, үнемі жолы болмаушылық және т.б.
Аталмыш ұйым (ДДҰ) адамның өз-өзіне қол жұмсауының келесі жолдарын анықтаған, соның ішіндегі аса кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, өзін-өзі өртеу, тамақтанудан бас тарту, ашығу, тамырын кесу, көліктің астына түсу; ғимарат, көпір, жартас секілді биік жерлерден әдейі құлау; суық қару және техникалық құралдарды қолдану және т.б.
Суицидтің себептері өте күрделі және айтарлықтай көп. Оның себептерін адамның биологиялық, генетикалық, психологиялық және әлеуметтік жақтарынан іздеуге болады.
Суицидтің биологиялық (генетикалық) себептері:
Зерттеушілердің пайымдауынша, суицидалдық іс-әрекет деңгейі генетикалық және әлеуметтік факторларға қатысты деп тұжырымдаған. Мысалы, егер егіздердің біреуі суицидке барса немесе өз-өзін өлтіруге бел байласа, онда екінші сыңарының өзіне қол жұмсау қауіп-қатері бірден жоғарылайды. Немесе шизофрения және маскүнемдік сияқты психикалық аурулар кейбіреуінде тұқым қуалайды деген пікір орын алған. Бұл фактілер суицидтің генетикалық тұрғыдағы ықпалын байқатады.
Суицидтің әлеуметтік себептері:
Француз ғалымы, социология ғылымының өкілі Э. Дюргейм өзіне-өзі қол жұмсау тікелей адамдардың әлеуметтік ахуалына байланысты екенін дәлелдеген, себебі әр адам өзін үлкен топтың бөлігі екенін сезінуі қажет, бірақ зерттеушінің пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсау әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігінен, жалғыздықтан, қоғамнан оқшаулануынан болады.
Суицидологтар өзіне-өзі қол жұмсаудың төмендегі түрлерін көрсетеді:
– Эгоистік.
– Альтруистик.
– Аномиялық.
– Фаталистік.
2. Суицид мәселесі бірқатар шетел ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Осы тақырыпқа қатысты Зигмунд Фрейд ғылымға «өлім түйсігі» деген ұғым енгізді. Егер айналасының барлығы өмір үшін күрессе, өзін-өзі құрбан етуге талпынушылар керсінше бойындағы туа біткен барлық қуатын құртуға жұмсайды, бұның нәтижесі көп жағдайда өлімге алып келеді. Шын мәнінде, адам жұмбақ және қызықты жаратылыс, дейді ғалым, себебі өлімге деген құштарлық тек қана адамға тән, ешқандай басқа тіршілік иесіне мұндай талпыныс берілмеген.
Э. Фромның пікірінше, егер жоғары деңгейде дамып келе жатқан қоғамға адам икемделе алмаса, ол қоршаған ортадан оқшауланып, жекеленіп қалғанын сезінеді: тығырыққа тіреледі, невротикалық халға ұшырайды, соның салдарынан өзіне-өзі қол жұмсайды, – деген тұжырымға келген.
Е.Вронконың пайымдауынша, жасөспірімдерді мынадай үш түрлі түйіні шешілмеген мәселелер алаңдатады:
Суицидалды мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де ерекше әсерін тигізеді.
Эдвин Шнейдман (2001) өзіне қол жұмсаудың келесі жалпылама психологиялық сипаттамасын көрсетеді. Солардың бірі: тығырықтан шығу шешімі, сананың өлім мәселесіне шоғырлануы, жанның қажуы; стресс, дистресс, фрустрация, мазасыздану қалыптары; эмоциялық дәрменсіздік-үмітсіздік, ішкі дағдарыс, когнитивтік аймақтың тарылуы, күйзеліске ұшырау, психикалық және жазылмайтын аурулар, шизофрения т.с.с.
Н.Д. Кибрик зерттеуі бойынша, студенттер арасындағы суицидтің орын алуын және оның себептерін оқу процесіндегі тұлғаның бейімделу деңгейімен байланыстырады:
Е.В. Змановская суицидті мінез-құлықтың үш типін сипаттаған: демонстративті суицидті мінез-құлық, шынайы суицидті мінез-құлық, аффектілі суицидті мінез-құлық. Л.И. Постовалова отбасылық суицидтің әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне назар аударып оларды келесідей: интеграцияланған және бинтеграцияланған, үйлесімділген және биүйлесімділген, корпоративтік және альтруистік, ашық және жабық, авторитарлы және демократиялық деп жіктеген. Г.В. Старшенбаум ерекше көңілді егде адамдардың суицидалды мінез-құлқына аударады. Ғалымның зерттеулері бойынша, 65 жастан асқандарда өз-өзіне қол жұмсау 1/4 мөлшерді құрайды: егде ерлер әйелдерге қарағанда 10 есе жиі суицидке барады екен. Бұл кезең гормоналды өзгерістермен, кәсіби әрекеттің аяқталуымен, түрлі ауыру-сырқаттану, жұбайының бақи болуымен, жалғыздық сезімнің ұлғаюымен сәйкестенеді (346-347бб).
3. Жоғарыда көрсетілген себептер жасөспірімдерді аддиктивті мінез-құлықтарға алып келеді. А.Г.Амбрумова және көптеген зерттеушілердің тұжырымдамасына көңіл аударсақ, суицид – бұл тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бибейімделуінің феномены, егерде «бейімделу»позитивтілікті байқатса, «бибейімделу» жағымсыз термин ретінде танылады, белгіленеді.
Суицидологияның аддиктивті аспектілерін қарастырған Антон Кемпинский былай деп жазады: «Араққұмарлық азапты мәселелерді азайтады. Ішімдіктің әсерінен маскүнем өзін мейірімді, интеллегентті, батыл деп сезінеді. Бірақ арақ жанының түбіне жеткенше ол оны аяғына дейін ішуі қажет. Ол түпсіз болғандықтан, неғұрлым ол соған тереңдесе, одан да күңгірттенеді, өз-өзін өлтіру ниеті оны баулап алады. Соның салдарынан араққұмарлық өлімнің орнына сананы жоғалтуға жәрдемдеседі» (Экзистенциальная психиатрия, 1998).
Маскүнемдік. Маскүнемдер арасында өзін-өзі өлтірушілер саны көптеп кездеседі. Алкогольдік өнімдерін үнемі және ұзақ уақыт шексіз қабылдау депрессияға (психикалық қайғыға) ұшыратып және өзін-өзі кінәлау сезімін күшейтіп – ал мұның барлығы суицидтік әрекеттерді тездетеді.
Ішімдікке салынған адамдар көп жағдайда қоршаған ортасында өзін керексіз деп санайды және жақындарының махаббатынан зәру қалған адам ретінде өзін есептейді. Осы сезімдерді ұмыттыру және жеңілдету үшін мұндай адамдар ішімдікке жиі салынып, агрессивтілігі күшейіп, депрессияға ұшырайды, оларда тәуелділік пайда болады. Мұның нәтижесі отбасының ыдырауына, қоғамнан оқшаулануға және достардан айырылуға алып келеді. Маскүнемдер өзін-өзі саналы түрде өлтірмеуі де мүмкін, демек арақ адамды санасынан айыра отырып, өз-өзіне қатыгездікпен аяусыз бейсаналы түрде қол жұмсауға апарады.
Нашақорлық. Ішімдікті үнемі пайдалану кезінде көп жағдайда транквилизаторларды, героинді қолданумен бірге жүреді. Нашақорлық пен араққорлық адамның өзін-өзі құлдырауына соқтыратын факторлардың бірі болып табылады. Бұл тәуелділік адамның өзіне-өзі басшылық жасау қабілетінен айырады да деградацияға (кері кетушілік) немесе психозға әкеп соқтырады.Нашақорлық пен өзін-өзі өлтіру (суицид) бір-бірімен өте тығыз байланысты. Есірткіні ұзақ уақыт пайдалану оны тәуелді етіп, өмір сүруге деген ықыласын мүлдем жояды.
12-тақырып бойынша сұрақтар:
1. Суицидологтардың өзіне-өзі қол жұмсауға арнаған зерттеулер нәтижелері.
2. Суицидті мінез-құлық түрлерінің сипаттамасы.
3. Маскүнемдік, нашақорлық – суицидке алып келетін тәулділіктердің бірі деп болжауға бола ма?
Дәріс 13. Cуицидті мінез-құлық белгілерімен алдын алу жетелеу фазалары.
Жоспары:
1. Күйзелістің және өзін-өзі өлтіру қауіптіліктің белгілері мен факторлары.
2. Жеткіншектіктердің өз-өзіне қол жұмсау түрлерінің жүйеленуі.
3. «Жеткіншектер және суицид мәселесі», педагог-психологтардың ұсыныстары».
1. Ғылыми әдебиеттерде өзіне-өзі қол жұмсау қасақана жасалған іс деп аталады. Адамның қоршаған ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің жарқын белгісі, оның сол ортадағы жай және төтенше жағдайдағы өзін-өзі ұстауы. Авторлар бейімделуді: шектеуші және өзгертуші деп екіге бөледі. Әртүрлі тұлғалар төтенше жағдайларда өз бейімделу әдістерін біріңғай емес қылып қайтадан құрайды.
Суицидке апаратын әлеуметтік-психологиялық ортаға бейімдеушіліктің қозғалысы екі фазаға бөлінеді: алдын ала жетелеу фазасы және суицидалдық.
Алдын ала жетелеу фазасы суицидалдық әрекетке апаратын негізгі күш болып табылмайды. Суициалдық фазаға өтудегі негізгі себеп – іштей және сырттай қарама-қайшылық, өз-өзімен келіспеушілік. Тығырыққа тірелу және келіспеушіліктің күші оның құрайтын тұжырымдарының негізгі күшіне тәуелді, неғұрлым күштің айырмашылығы көп болса, соғұрлым келіспеушілік тез шешіледі; неғұрлым күштері тең болса, соғұрлым шешілуі қиынға айналады. Бейімделушілігінің әлсіз немесе қарама-қайшылық келіспеушілік жағдайды өзгеру мүмкіндігі болмаса өзін-өзі құртудың жалғыз жолы – ол суицид. Сонымен жоғарыдағы айтылғандарға байланысты келесі қорытынды жасауға болады: суицид дегеніміз – ол тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қоршаған ортаға бейімделе алмауы және кіші әлеуметтік ортадағы қарама-қайшы келіспеушіліктің нәтижесі.
Ю.В.Синягина, Н.Ю.Синягина суицидті мінез-құлыққа әсер етуші негізгі әлеуметтік факторларды бөліп сипаттайды.
Күйзелістің және өзін-өзі өлтіру қауіптіліктің белгілері:

-
қиындықты жеңуге деген жігерсіздік; -
аяқталмайтын бақытсыздық жағдайлар; -
төзгісіз жалғыздық пен құлазушылық.

Жұмыстағы шаршау мен шалдығудың тұрақсыздығы, физикалық денсаулыққа нала білдіру, абыржу, мүсәпірлік, үмітсіздік, қорқыныш, үрей, өмірден бас тарту; қызметтің, отбасының қоғамдық жағдайлардың құлдырауы. -
Көңіл-күйдің ауыспалылығы, оқитын кітаптарында өлім тақырыбының ерекше орын алуы, тікелей немесе ауыспалы мағынада суицид туралы жиі әңгіме қозғауы. -
Өлім тақырыбына қатысты әңгімелер, фильмдер, түске кірген түрлі апат жағдайлары, жақындарын немесе өзінің өлімін түсінде көруі, өмірден кетуге пайдаланатын құралдарға қызығуы, қоштасу, т.б. -
Суицид әрекетіне бару тәжірибесі: ұятты зорлық-зомбылық (физикалық, эмоционалды, сексуалды, әлеуметтік) әрекеттерді басынан кешіру, өз-өзін жәрдемсіз, қамқорсыз сезіну, өзін-өзі жарақаттау, мінез-құлықтың күрт өзгеруі, бұрынырақ болған суицидті қайталау. -
3. Кезінде өзін қуантатын әрекеттерге, жағдайларға қызықпау, олардан бас тарту, өмірдің мәнін жоғалту, мінез-құлықтың күрт өзгеруі. -
4. Ұйқысы мен тамақтануы нашарлау, физикалық денсаулыққа арыздану, шаршау, тәбеттің нашарлауы; қорқыныш, үрей, ұйқының қашуы; абыржу, үмітсіздік, мүсәпірлік, өмірден бас тарту сезімдерінің ұлғаюы, жиі ішімдікке немесе анашаға салынуы. -
5. Күйзеліске алып келетін жағдайлар: өз-өзінің бет әлпетін ұнатпау, өз-өзіне көңілі толмау, болашақ өмірінің мәнін жоғалтуы, аяқ астынан тұйықтану, өзін қоршаған адамдарға жау ретінде қарауы немесе ашуға жол беруі, жақын адамның өлімі, жағымды ұмтылыстарды жоғалту, -
6. Суицид алдындағы психологиялық синдром белгілері: сана көлемінің тарылуы, ойдың ригидтілігі (нашар қызмет істеуі), амвиваленттік ойлау көріністері. -
7. Іс-әрекет барысындағы шаршау мен маужыраудың тұрақсыздығы, қызметтің, отбасының, қоғамдық өмірдің құлдырауы. -
8. Әртүрлі психикалық күйлерге тап болу: депрессия, түрлі невроздар, шизофрения, депрессиялық психоз, қорқыныш сезімдерінің ұлғаюы, ауыздың кебуі, тахикардия, демнің жетпеуі, бас аурудың жиілігі, дене салмағының түсуі, тәбеттің нашарлауы т.с.с.