ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 156
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
*пневмония
*жедел бронхит
*жалған тамақ ісіп ауыру (круп) ұстамасы
*тыныс алу жолдарында бөгде зат
*бронхиальды астма ұстамасы
#84
*!Әйел бүкіл денеде терінің бөртпелеріне, қышудың, мұрынның бітелуіне шағымданады. Денсаулығының нашарлауын саяжай жұмысымен байланыстырады. Бет терісінде, аяқ-қолдарда, іште қышынуымен сипатталатын дақты-папулярлы, везикулярлы бөртпелер анықталады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*қызылша
*Квинке ісінуі
*+есекжем
*Лайелла синдромы
*анафилактикалық шок
#85
*!Ер кісі 30 жас. Шағымдары тыныштық кезіндегі ентігу, тұншығу, бетіндегі бөртпелер, қышыну. Анамнезінен: Цитрустық жемістерді жегеннен кейін нашарлау пайда болды, бетінде бөртпелер мен ісінулер, тыныс алудың қиындауы, дауыстың қырылдауы, ит үрген жөтел пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр. Есі анық. Беті ісінген, қабақтың, еріндердің, құлақтың, мойынның ісінуі, ұсақ нүктелі кей жерлерде біріккен сипаттағы бөртпелер бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
* Квинке ісінуі
* круп синдромы
*анафилактикалық шок
*аллергиялық дерматит
*ӨСОА өршу стадиясында
#86
*!Әйел адам, тіс дәрігерінің кабинетінде лидокаин енгізгеннен кейін еріннің ісінуі, ентігу, әлсіздік және терінің бозаруы пайда болды. АҚҚ 80/60 мм с.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*гипогликемиялық кома
*медикаментозды аллергия, есекжем
*бронхиальды астма, ұстама кезеңі
*медикаментозды аллергия, Лайелла синдромы
*+медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок
#87
*!Ер адамда пенициллинді бұлшық ет инъекциясынан 15 минуттан кейін дененің барлық жерінде дақты-папулярлы бөртпелер, кеудедегі ауырсыну, бас айналу, ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: есінің тежелуі, терінің бозаруы, ЖСЖ минутына 120 рет, АҚҚ 60\0 мм.сын.бағ.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*гипогликемиялық кома
*медикаментозды аллергия, есекжем
*медикаментозды аллергия, Лайелла синдромы
*бронхиальды астма, ұстама кезеңі. ТЖ II
*+медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок
#88
*!Әйелде ара шаққаннан кейін еріндерінің ісінуі, ентігу, әлсіздік пен терінің бозаруы пайда болды. АҚҚ 70/40 мм с.б.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*гипогликемиялық кома
*инсекті аллергия, Квинке ісінуі
*бронхиальды астма, ұстама кезеңі
*медикаментозды аллергия, Лайелла синдромы
*+инсекті аллергия, анафилактикалық шок
#89
*!Әйелде тыныштық кезінде ентігуге, тұншығу, беттің ісінуіне, қышуына шағымданады. Анамнезден: ара шаққаннан кейін жағдайы нашарлай түсті, беті ісіп, тынысының қиындауы мен дауысының қырылдауы пайда болды. Объективті: жағдайы ауыр. Есі анық. Бетінің, қабақтың, ерін, жүрек, мойынның ісінуі бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*+Квинке ісінуі
*круп синдромы
*анафилактикалық шок
*аллергиялық дерматит
*ӨСОА өршу стадиясында
#90
*!Локализацияланған Квинке ісігі бар баланың жағдайы кенеттен нашарлай түсті. Жөтел, дауысының қырылдауы, тұншығу,стридорозды тыныс пайда болды.
Бұл жағдайдағы ЕҢ ықтимал асқыну?
*бронхоспазм
*көмей ісінуі
*өкпе ісінуі
* Лайелла синдромы
*анафилактикалық шок
#91
*!Ер адам жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бойы ол қолынан сатып алынған алкогольді сусындарды ішкен. Бүгін жағдайы нашарлай түсті. Объективті: орташа ауырлықта. Есі бар, қозған. Терісі бозарған, терісі термен жабылған, қолдың треморы байқалады. Қарашығы D = S, 1-2 мм дейін тарылған. Тынысы шулы. ТАЖ 26 рет мин. Өкпесінде ылғалды және құрғақ сырылдар. АҚҚ 110/70 мм с.б. Пульс минутына 140 рет.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
*жедел инфаркт миокарды
*этил спиртімен улану
*+алкоголь суррогатымен улану
*хлорирленген көмірсутекпен улану
*фосфоорганикалық қосындылармен улану
#92
*!12 жасар бала димедролдың 5 таблеткасын ішкен. Біраз уақыттан кейін моторлы және психикалық қозу, гипертермия, шөлдеу, бет пен жоғарғы дененің гиперемиясы пайда болды. Тері құрғақ, бозғылт, қарашыға кеңейген, көлденең нистагм, тырысулар бар.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*антибиотиктермен улану
*жүрек гликозидтерімен улану
*+антигистаминді препараттармен улану
*тырысуға қарсы препараттармен улану
*қабынуға қарсы препараттармен улану
#93
*!34 жастағы ер адам химиялық тыңайтқыштар зауытында жұмыс істейді. Жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қозуға шағымданады. Объективті: психомоторлы қозу, терісі бозғылт, цианотикалық, қарашығы тар, бұлшықеттері дірілдейді. Өкпеде әртүрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі. Мұрын жолдарынан сұйықтық бөлінеді. Жүрек тондары тұйықталған.
Улану себебі неден екенін анықтаңыз?
* сірке қышқылы
*этил алкоголі
*каустикалық сода
*ацетилсалицил қышқылы
*+фосфорорганикалық қосындылар
#94
*!28 жастағы ер адам қатты отынмен жылытылған бөлмеде ес-түссіз күйде табылды. Бөлмеде жану иісі. Объективті: тері гиперемияланған, акроцианоз, мидриаз, фотореакциясы баяу, тахипноэ 25-ке дейін, АҚҚ 100/70 мм рт.ст., ЖСЖ минутына 90 рет. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*+иіс газымен улану
*табиғи газбен улану
*метил спиртімен улану
*опиоидты наркотиктермен улану
*психотропты препараттармен улану
#95
*!Жас жігіт көшеде ес-түссіз күйде өте ауыр жағдайда. Қарап тексергенде ешқандай дене жарақаты байқалмады. Терісі айқын цианозданған, вена бойымен теріде инъекцияның іздері көрінеді. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 70 рет мин, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*алкогольды кома
*+наркотикалық кома
*апоплексиялық кома
*гипогликемиялық кома
*жедел жүрек жетіспеушілігі
#96
*!Көшеде ер адам табылды. Объективті: аузынан алкогольдің иісі, терісі бозғылт,дымқыл, дене қызуы 35С төмендеген. Тынысы айтарлықтай баяулаған, пульсі әлсіз, АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*+алкогольды кома
*наркотикалық кома
*апоплексиялық кома
*гипогликемиялық кома
*жедел жүрек жетіспеушілігі
#97
*!Террористік акт нәтижесінде жарылыс болғаннан кейін ер адамда сыртқы киімі өртеніп, бетіне, денесіне күйік алды, есі тежелген, пульсі жиі. АҚ 75 \ 50 мм рт.ст.
Бұл жағдайдың ЕҢ ықтимал себеп:
*коллапс
*есінен талу
*бет күйігі
*+күйікті шок
*травматикалық шок
#98
*!Ағартқыш заттар шығару зауытында зиянды зат ағып кеткен. Зақымдалған аймақтан жұмысшыларды шығарғаннан кейін еркін шыққан жұмысшыларда тұншығу ұстамасы, өткір жөтел, мазасыздық жағдайы, бұлшықеттің әлсіреуі мен жас ағу симптомдары байқалды. Бір күннен кейін жұмысшылардың бір бөлігі өкпе ісіну клиникасымен жатқызылды.
Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+хлормен улану
*метанмен улану
*аммиакпен улану
*иіс газымен улану
*күкіртті сутекпен улану
#99
*!Мұз тайғақта 4 машина соқтығысып, нәтижесінде 10 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, 3 адам оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл жағдай қандай категорияға жатады?
*табиғи апат
*+төтенше жағдай
*техногенді апат
*өндірістік апат
*жол-көлік оқиғасы
#100
*!Қатты жер сілкінісінен соң үйдің қираған жерінде ер адам ес-түссіз табылды, пульсі минутына 116 рет, жіп тәрізді, оң аяғының терісі бозғылт көкшіл түсті, бұлыңғыр-қызыл құрамды көпіршіктер көрінеді.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
*электрожарақат
*тоңып қалу
*термиялық күйік
*ортан жілік сынығы
*+ұзақ қысылу синдромы
#101
*!Қираған ғимаратта аяқтары плитамен жаншылған адам табылды. Ессіз, пульс минутына 110 рет, ырғақты, жіп тәрізді. Аяқ ұшының терісі бозғылт, көгерген аймақтары бар,құрамында күңгірт-қызыл реңі бар көпіршіктер көрінеді Ең ықтимал алдын ала диагноз:
* электр жарақаты
* салқындау
* термиялық күйік
* сан сүйегінің сынуы
* ұзақ қысылу синдромы
#102
*!Пионер лагерінде белгісіз жидектер ішкеннен кейін 11 балада қозу, жоғары температура, фотофобия, қарашықтың кеңеюі, тері жамылғысының құрғауы байқалды
Жидектерде қандай зат болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ мүмкін?
*фосфор
*+атропин
*реланиум
*димедрол
*адреналин
#103
*!40 жастағы ер адам. Жедел жәрдем дәрігерінің тексеру кезінде ауыр халде жатыр. 12 сағат бұрын қан аралас құсу және мелена пайда болды. Санасы есеңгіреген, АҚ 60/40 мм с б. Пульс 128 мин.
Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы ЕҢықтимал?
* анафилактикалық шок
* +геморрагиялық шок
* малигнизация
* қан кету
* перфорация
#104
*!37 жастағы ер адам автомобиль апатынан кейін жамбастың оң жақ бөлігінде қатты ауырсынуға шағымданады. Сана жоғалмады. Қарау кезінде: оң жақ мықын сүйегінің қанатында кең тері асты гематома, қасаға және сегізкөз сүйектерінің пальпациясы кезіндегі күрт ауырсыну, сондай-ақ оң жақ мықын сүйегінің қанатында да ауырсыну. Оң аяғы тізе және жамбас буындарында бүгілген, аздап сыртқа қарай бұрылған.
Ең ықтимал алдын ала диагноз?
* жамбастың жұмсақ тіндерінің гематомасы
* оң жақ жамбас мойынының сынуы
* оң жақ жамбас сынуы
* жамбас сүйектерінің сынуы
* жамбас сүйектерінің соғылуы
#105
*!Ауасы тар кеңістікте қыз 1 минутқа есін жоғалтты. Бұған дейін жалпы әлсіздік, бас айналу, шаршағыштық, көз қарауыту байқалған. Анамнезінен: бұл жағдай 3 айда 2ші ұстама.
Ең ықтимал алдын ала диагноз:
* эпилепсия
*+ талу
* коллапс