Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 207
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9-сынып, Информатика
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (1 сағат):
компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасы.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1 сағат): қазіргі
заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік
программалар.
Алгоритмдеу және программалау (8 сағат): файл және оны
баптау, құрылымдық мәліметтер; салынған циклдер; массив туралы түсінік, массивтерді
өңдейтін стандартты алгоритмдер; символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды
өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Ақпараттық модельдеу (2 сағат): компьютерлік
модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (4 сағат):
деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі; жазулар,
жиектер, деректер типі; кестелік процессор құралдарымен деректер қорының
кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару; видео
ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша
программалары, программа интерфейсі; жобаны құру, ашу, сақтау; видео монтажы,
анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару;
фильмді көрсету.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
4. «Жаратылыстану»
білім саласының оқу бағдарламалары
бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын,
жоғары адамгершілік қасиеттерін және тәжірибелік дайындықтарын қалыптастыруда
«Жаратылыстану» білім саласы пәндеріне ерекше орын беріледі. Аталған
міндеттерді шешу тәсілдерінің бірі – білім алушылардың өзіндік жұмысын
белсендендіруді тәжірибеге енгізу, себебі бұл балалардың оқу жұмысындағы ойлау
және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды,
Қазіргі кезде денсаулық мүмкіндігінің шектеулігіне
байланысты үйде оқитын балалар барлық дерлік мектепте бар. Үйде оқудың бір
себебі – баланың түрлі себептермен шағын жарақат алуы, бұндай жағдайда бала
біраз уақыттан кейін оқуын мектепте жалғастырады.
Ерекше диагнозы бар, сонымен
қатар мүгедек балалар үйде оқуға мәжбүр, бұл жағдайда олардың сыртқы ортамен байланыс
жасауын қамтамасыз ету ата-аналары және мұғалімдер арқылы жүреді.
Білім алушының психологиялық-дене қызметі дамуының
және мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне байланысты, үйде білім беру процесін
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері:
-
баланың жеке ерекшелігіне бейімделген оқыту
жүйесі (уақыты, екпіні, сипаты);
-
мұғалім мен білім алушының психологиялық
деңгейдегі байланысын құру;
-
білім алушымен өткізілетін сабақтардың
көпнұсқалы болуын ұйымдастыру, яғни сабақтардың білім беру ұйымында, үйде және
құрамдастырылып (мектепте-үйде)
өткізілуі;
-
оқу жоспарының икемділігі, яғни оқу жоспарын
таңдау психологиялық-медициналық-педагогикалық ұсыныстар негізінде атааналармен
бірлесе отырып жүзеге асырылады;
-
білім берудің заманауи құралдарын қолдану
(компьютер).
Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру әр білім алушының
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін зерделеуге дайындығына, сонымен қатар
оның үйрену/оқу деңгейіне тікелей байланысты. Білім алушылар жаңа материалды
меңгеруге және тиімді оқуға әр түрлі дайындалған. Олардың дайындық деңгейінің
тұлғалық ерекшеліктерін келесі көрсеткіштер арқылы қадағалауға болады:
-
оқу біліктері;
-
оның үйренушілік немесе білім алушылық – ақыл
қабілеті (сонымен қатар креативтілігі);
-
танымдық қызығушылығы;
-
үйренушілік немесе білім алушылық қабілеті –
бағдарламалық, сонымен қатар бағдарламадан тыс білім мен біліктерден құралады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу
бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді
қамтиды. Пәндердің мазмұнын анықтау барасында мұғалім үйде оқитын білім
алушының жас және психологиялық ерекшелігін және келесі жағдайларды:
-
негізгі орта білім деңгейіндегі білім алушының
пәнге қызығушылығы көріне бастайды. Пән мұғалімі сабақтарда бұл ерекшелікті
есепке ала отырып, курстың мазмұнын айқын, көрнекі, қызықты ұсыну үшін
табиғаттың, қоршаған ортаның құбылыстарын, саяхатшылар мен ғалымдардың ашқан
жаңалықтары мен зерттеулерінің нәтижелерін;
-
мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, эвристикалық
әңгімелеу әдістерін, оқытудың көрнекілік және практикалық тәсілдерін;
-
жас ерекшелігіне қарай ойын, саяхат технологиясы
элементтерін;
-
проблемалық оқыту
технологиясын, жобалау технологиясын,
интерактивті оқыту технологиясы
әдістерін;
-
оқулықтың мәтіндік және мәтінен тыс
компоненттерін, карталарды, пәнге қатысты түрлі жиынтықтарды қолдануды және
білім алушының денсаулық жағдайына байланысты танымдық қызығушылығын
төмендетпеу үшін тапсырмалар мөлшерін есепке алуы тиіс.
Жеке оқыту технологиясының теориясы педагогикалық
негізге сүйенеді, осыған байланысты білім алушының үйренушілік деңгейі бойынша
ақыл-ой ерекшелігі, оқу материалының белгілі көлемін меңгеру үшін қажетті
уақытқа сәйкестендіріледі. Егер әр білім алушының жеке мүмкіндіктері мен
қабілетіне сәйкес материалды тиімді меңгеруі үшін қажетті уақыт берілетін
болса, бұндай жағдайда мектеп бағдарламасымен қарастырылған базалық білімді
меңгеру мүмкіндігі артады. Жеке оқыту барысындағы мектеп бағдарламасын
меңгеруді бірнеше деңгейге бөлуге болады, мысалы:
-
бірінші деңгей – ең төмен немесе минималды білім
мазмұны;
-
екінші деңгей – базалық мазмұн;
-
үшінші деңгей – вариативті немесе шығармашыл.
Оқыту процесі барысында мазмұн деңгейі өзгеруі мүмкін.
Пән мұғалімдері білім алушы оқудың нақты кезеңінде өзінің интеллектуалдық
қабілеттері мен мүмкіндіктерін барынша қолдана алуын жүзеге асыруына жағдай
жасауы, сонымен бірге қолжетімділік принципін сақтауы тиіс. Аталған
педагогикалық технологияның негізгі принциптері ретінде келесі шарттарды атауға
болады: артықшылық (мысалы, бір тапсырманы орындау қиындық тудырса, басқа
тапсырманы орындау жеңілірек болуы мүмкін, яғни баланың қызығушылығын тудыратын
тапсырма беру); дарындылық (барлық бала дарынды, яғни баланың бойындағы дарынды
анықтау қажет).
Осылайша, «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің
мұғалімдері білім алушының оқу материалының мазмұнын ажырату және есте сақтау,
оны меңгеруге қойылатын талаптар көлемінде суреттеу, талдаудың бастапқы
(қарапайым) дағдысын меңгеру, пайымдау ретін құрастыру білігін анықтайды. Алдын
ала қойылған мақсат қарапайым және қолжетімді болуы тиіс. Қолжетімділік негізгі
принциптердің бірі ретінде, неғұрлым жоғары деңгейге сүйенуі тиіс, ол танымдық
міндеттердің шешімін іздеуде қажетті білім қорын, барлық интеллектуалдық мүмкіндіктер
мен қабілеттерді қолдануды қажет етеді.
Екінші деңгей – білім алушы оқу материалын есте
сақтауы, оның мағынасын түсінуі және оқу жағдаяттарында орынды қолдана білуі
тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы мақсатқа жетуге бағытталғандығымен және
интеллектуалдық іс-әрекетінің жинақылығымен, жинақтау және талдау жасау
дағдысының дамығандығымен ерекшеленеді.
Үшінші деңгей – білім алушы қойылған мақсатты
шығармашылықпен орындайды. Ол оқу материалын түсінуі, оны түсіндіруі, таныс
және өзгертілген оқу жағдаяттарында қолдана алуы, шығармашылық сипаттағы өздік
жұмыстар орындауы тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы аса белсенді, түрлі
міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздейді, сонымен қатар бірінші және екінші
деңгейдегі білім алушыларға қарағанда материалды тереңірек зерттеуге
қабілетті.
Үйде оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар «Жаратылыстану» білім саласы
пәндерінен үйде оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастыру барысында
пән мұғалімдері негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған
типтік оқу бағдарламалары негізге алулары тиіс.
География пәнін оқытудыңмақсатыоқушылардың бойында
ғылыми- жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі
байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар
ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту.
Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері
туралы білімдерін қалыптастыру,
функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы
дамыту.
Пәнге оқытудың міндеттері:
1)
география ғылымы және Жер туралы серіктес
ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және
экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;
2)
табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға
және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен
болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;
3)
қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі
бағыттарымен, экономиканың және қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір
аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды
оқып-білу;
4)
оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды
қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық
ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау,
аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық
тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға,
дамытуға талпынушылықты қалыптастыру;
5)
географиялық, саяси, экономикалық, басқа да
ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын,
ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту;
6)
өз өмірі және әрекеті барысында географиялық
білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру;
7)
жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан
Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас
қалыптастыру.
4. Бағдарламада берілген барлық практикалық
іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып
табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп
көрсетілген.
Төмендегі кестелерде қозғалыс қызметі мен дене
қалпының бұзылуына байланысты білім алушыны үйде оқытуға арналған
жаратылыстану, география, биология, физика және химия пәндерінің үлгілік
күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын ұсынамыз. Мысалы, «География» оқу пәнінен
6-сыныпта 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 17 сағат),
пәннің базалық білім мазмұнын қамтуды ұйымдастыру жолы үлгі ретінде төменде
көрсетілген.
28-кесте.Оқу
материалын тақырыптық жоспарлау жобасы
(6-сынып)
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
| Кіріспе(1 сағат) | |
1 | Физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы. Саяхатшылар, зерттеушілер | 1 |
| Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта (5 сағат) | |
| 1-тақырып. Жергілікті жердің планы (2 сағат) | |
2 | Масштаб, қашықтықты өлшеу | 1 |
3 | Азимут туралы түсінік, жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау | 1 |
| 2-тақырып. Географиялық карта (3 сағат) | |
4 | Глобус – Жердің моделі. Географиялық карталар, олардың жіктелуі | 1 |
5 | Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік | 1 |
6 | Географиялық бойлық, географиялықкоординаталар ұғымы және координатты анықтау. №2 практикалық жұмыс«Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау» | 1 |
| Жердің қабықтары ( сағат ) | |
| 1-тақырып. Литосфера және жер қыртысы(3 сағат) | |
7 | Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар. Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі | 1 |
8 | Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер | 1 |
9 | Құрлықтағы таулар және жазықтар, олардың жіктелуі | 1 |
| 2-тақырып. Гидросфера (3 сағат) | |
10 | Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым | 1 |
11 | Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері | 1 |
12 | Өзендер. Көлдер, жер асты сулары, мұздықтар | 1 |
| 3-тақырып. Атмосфера (2 сағат) | |
13 | Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы. Ауа температурасы | 1 |
14 | Ауа райы, климат. Климат құрушы факторлар | 1 |
| 4-тақырып. Биосфера (1 сағат) | |
15 | Биосфера ұғымы, биосфераның шекаралары. Топырақ, топырақтың түрлері | 1 |
| Географиялық қабық (1 сағат) | |