Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 261

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Абайтану –қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Жүз жылдан астам тарихы бар Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, бүгінде қазақ мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: «Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнінде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тұрғанын еске алу керек.

Бірінші жолы –баспа арқылы тарауы; екіншісі –халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі –қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар болып, көшіріліп таралуы», -дейді

Алғаш ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінде жарияланған екі өлеңінен бастап таныла бастаған Абай мұрасының ғасырдан аса тарихы бар. Абайтанудың тарихын жазған ғалым М. Мырзахметұлы оны үш салаға бөледі: «Бiрiншi кезеңi, яғни абайтанудың алғашқы дәуiрi ресми түрде баспасөз бетiнде 1889 жылдан басталып, 1934 жылмен аяқталады. Екiншi кезеңi 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдардың заманымен аяқталады. Үшiншi кезең 1961 жылдан кейiнгi Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуiрiмен жалғасады. Яғни, ұлы ақын мұрасы жолында абайтану мен абайтанудың тарихы деп аталатын екi ғылыми арнаның пайда болуын көрсетедi»

Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қоғам қайраткерлері –Алаш зиялылары. Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші болып ғылыми ой айтқан адам –Әлихан Бөкейханов. Ә. Бөкейхановтың 1905 жылы «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты азанамасын, А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласын, Міржақып Дулатұлының 1914 жылы 23 шілдеде «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласын, Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезовтің («Екеу» деп қол қойған) «Абай» журналының 1918 жылы №2 санында жарық көрген «Абайдың өнері Һәм қызметі» атты мақаласын атау қажет. Абай мұрасы халыққа таныла бастады.

Абайтанудың дербес ғылым саласына көтерілуіне академик М. Әуезовтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тұтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға 30 жылдан астам уақытын арнады.М.Әуезовтің жетекшілігімен Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттерінің мұраларын зерттеу ісін қолға алса, Ә.Жиреншин өз еңбектерінде жалпы Абайдың әдеби ортасы жайында сөз қозғады. Қ.Жұбанов Абайдың алдындағы әдебиет және ақынның қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық деңгейін ашып берсе, Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясы мен Абай шығармаларының тілін салыстыра зерттеді. 1960 жылдары А.Нұрқатов, М.Бөжеевтер тарапынан Абайдың дәстүрі, Қ.Жұмалиев пен Ш.Сәтбаева Абай балалары –Ақылбай мен Мағауия мұраларын, Б.Кенжебаев Ә.Тәңірбергенұлы мұрасын зерттесе, сексенінші жылдары М.Мырзахметұлы Әуезов зерттеуіндегі Абайдың әдеби ортасы тақырыбының сипатына ашуға ден қойды.


Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа бір қырынан, барлық салада қарастырыла бастады.

Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып,Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Осы кезеңнен бастап, абайтану ғылымы жаңа бағытқа қарай бет бұрып, жаңа көзқараспен зерттеле бастады.

Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әртараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне үлкен игі істер атқарылуда. Абайға арналған аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-мәдени шаралар ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді.


Сабақты бекіту Абай мұрасы –Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы

Үйге тапсырма. Абай шығармашылығын зерттеген ғалымдар туралы ізденіп, оқып келу

Пәні:Абайтану Сыныбы:9 Күні: 05.12.2016 ж.

Сабақ тақырыбы: Абай ғылымының қалыптасуы

Сабақ мақсаты: 1Оқушыларға ұлы Абай шығармашылығының қалыптасу тарихы, оны зерттеушы ғалымдар туралы түсінік беру,

2.Абай шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту

Көрнекілігі: Ақын шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Абай мұрасын зерттеушілер

Сұрақтар.

Абай мұрасы қай уақыттан бастап зерттеле бастады?

Ел президенті Н.Ә Назарбаев Абай мұраларының маңыздылығы туралы қандай пікір айтты?

Абай мұрасының қанша жылдық тарихы бар?

Абайдың ақын шәкірттерінің мұраларын зеттеген кім?

Абай балалары –Ақылбай мен Мағауия мұраларын кім зерттеді?

Абайдың шығармашылық толыққанды зерттеу қай кезден бастап жүргізіле бастады?

Абай туралы роман-эпопея жазған атақты жазушы?

Жазушы М.Мырзахметов Абайтану тарихын неше кезеңге бөлді?

Ақынның қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық деңгейін ашып берген зерттуші?

Абайдың әдеби ортасы жайында зерттеу жұмыстарын жүргізген кім?

Жаңа сабақ Абай ғылымының қалыптасуы

Мағынаны тану

Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір арнасы

абайтану бүгінгі күні тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке айналған саласы. Ұлттық әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір саласы –абайтану –ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-саяси, эстетикалық көзқарастары, имандылық мұраттары, қазақ поэзиясындағы өлең

жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі,сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді қамтитын іргелі ілім.

Алғаш ақынның көзі тірісінде 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінде жарияланған екі өлеңінен бастап таныла бастаған Абай мұрасының ғасырдан аса тарихы бар.

Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түс- кеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденіс- терімен ерекшеленеді. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа бір қырынан, барлық салада қарастырыла бастады.Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монография лық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып,Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып

келді.

Абай мұрасы –Адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар бұлағы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы М. Құл-Мұхаммед

2012 жылғы 27 сәуірде бекіткен «Қазақстанның ішкі саясатындағыидео- логиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 42- тармағына сәйкес жалпы білім беретін ұйымдарда«Абайтану»таңдау курсын енгізу мәселесіне орай Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі No115 бұйрығымен (113-қосымша)бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-сыныптары үшін «Абайтану» курсының типтік оқу бағдарламасын әзірледі.

Жүз жылдан астам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде келе жатқан абайтану ғылымын одан әрі дамыта түсу

бізге қойылар басты міндет.

Бекіту Тест

Бағалау

Үйге тапсырма.Абайдың өлеңдерінен толық нұсқада бір-бір өлең жаттап келу
Пәні:Абайтану Сыныбы:9 Күні: 12.12.2014 ж.

Сабақ тақырыбы: М.Әуезовтің Абайға қатысты зерттеулері.

Сабақ мақсаты: 1Оқушыларға ұлы Абай шығармашылығының қалыптасу тарихы, оны зерттеушы ғалымдар туралы түсінік беру,

2.Абай шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту

Көрнекілігі: Ақын шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Абай шығармашылығын зерттеушы ғалымдар мен жазушылар,абайтану ғылымының қалыптасу тарихы туралы сұрау

Жаңа сабақ М.Әуезовтің Абайға қатысты зерттеулері.

Мағынаны тану

Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері Абайтану тарихында ерекше орында тұрды. Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М.Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М.Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.

М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы сарыла еңбек етуінің нәтижесінде жарық көрген, 1933 жыл- ғы толық жинақ пен Абай өмірбаянының жазылып дайындалған тұңғыш толық жинағы болатын-ды. Ал осы тұңғыш толық жинақтың негізінде 1939, 1940 жылдары екі том болып қайта бастырылған Абай шығармаларының толық жинағына жаңа көзқарастық тұрғысынан С. Мұқановтың «Абай- халық ақыны» деген алғы сөзі мен М. Әуезовтың «Абайдың ғылыми өмірбаяны екінші рет зор толықтырулармен қайта жазылды. Бұл екі томдық толық жинақта М. Әуезовтың осы жылдардағы үздіксіз ізденістері мен зерттеулері Абайтану саласында шешуші орынға шықты. М. Әуезов Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолына саналы түрде алдына ұлы мақсат қоя отырып кірісуі, негізінен Абай туралы роман жазуды қолға алған жылдарынан басталады. Осы жылдарда-ақ алдына ғылыми-творчестволық зор мақсаттар қойған тұста-ақ сегіз түрлі проблеманың аумағында жүргізілер іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын нақтылы түрде айқындап алған болатынды.
Абайтану саласында жүрізілген ғылыми творчестволық ізденістерінің бәрі де осы сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізілгені бүгінде толығымен айқындалып отыр. Алдымен қолға алған зерттеу нысанының өзекті мәселесі Абайдың ғылыми өмірбаянын табиғи қалпына келтіру арқылы ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясында өмірбаяндық деректер негізін арқау етіп өру жолын ұстанды. Абай мұрасын танып бағалау жолында ақын мұрасының саяси әлеуметтік болмысын ашу үшін де өмірбаяндық деректерсіз қадам басу қиын болатын-ды. Абай өмірбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бірге Абай мұрасының текстологиялық жағына да айрықша назар аударып, ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі ізденістерінің мол көрініс берген кезеңі, әсіресе, 1933 жылғы Абайдың тұнғыш толық жинағында анық байқалды. Бұрынды сонды Абай басылымдарында ұшыраспайтын көптеген өлендер мен өлең жолдары тыңнан қосылып отырылды.

 Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулі еңбек болды. 

Абай шығармамалары Түркияда, Пәкістанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.

Абай мұрасының бірегей білгірі академик М. Әуезовтің:«Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған… Абайдың өмірі мен ортасын еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді еске алуымыз керек» – деген пікіріне сай Абай дәуірінде-ақ баспасөзде жарияланған кейбір өлеңдері мен ол туралы азын-аулақ деректердің ақын мұрасын таныту мен бағалауда елеулі мәні барлығы арнайы сөз етуді керек етеді. Бұл жолда азды-көпті еңбек етіп, Абай мұрасын танытуда, бағалауда өзіне тән үлес қосқан : Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден ибн Әміре әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Тоайғыров, Самат Әбішұлы сияқты революцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобы еді.

1939-1940 жылдары М. Әуезов тарапынан екінші рет толықтырылып қайта басылған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бастырылуы да жоғарғы талаптарға іспен жауап беруің нақтылы қадамдарының бірі болып табылды.
Бекіту тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

Үйге тапсырма Тақырып туралы интернеттен толық мәліметтер жинау

Пәні:АбайтануСыныбы:9 Күні:19.12.2016 ж.

Сабақ тақырыбы: Ақын шығармаларының басылымдары

Сабақ мақсаты: 1Оқушыларға ұлы Абай шығармашылығының қалыптасу тарихы, оны зерттеушы ғалымдар туралы түсінік беру,

2.Абай шығармашылығына қызығушылықтарын дамыту

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту

Көрнекілігі: Ақын шығармашылығын зерттеушілердің кітаптары

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Абай шығармашылығын зерттеушы ғалымдар мен жазушылар,абайтану ғылымының қалыптасу тарихы туралы сұрау

Жаңа сабақ М.Әуезовтің Абайға қатысты зерттеулері.

Ақын шығармаларының басылымдары

Мағынаны тану

 Абай қайтыс болысымен – ақ оның ақын шәкірттері Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын жариялауға кірісіп кетті.

Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулі еңбек болды. 

М. Сильченконің 1945 жылғы жүз жылдық мерейтой қарсаңында « Абай» деген атпен басылым көрген еңбегін ерекше атап өтуге болады. Абай өмірбаяны мен әдеби мұрасы туралы орыс тілінде жазылған бұл еңбектің бағалы жағы – ақын мұрасын жүйелі түрде кең насихаттауында жатыр.

Абай шығармамалары Түркияда, Пәкістанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.


Ә.Бөкейханов пен Кәкітай Ысқақұлы ең алғаш рет Абайдың өмірбаяны мен ақындық өнердегі басты ерекшеліктері, орыс және осы арқылы европалық әдебиетпен қарым-қатынасы алғаш рет сараланып, ақындық кітапханасының жайы біршама анықталғаны бар. Кәкітай Абайдың ақындық өнерге шынымен бет бұрғаны сексенінші жылдар озық ойлы орыс әдебиетімен танысуында жатқанын қадай айтты.
«Қазақ» газеті Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай қазақ елінің ұлы ақыны Абайдың өмірі мен ақындық өнерін таныту мақсатында ертерек қамданып, арнайы мақалалар циклін жариялауды қолға алды. Газеттің редакторы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының жариялануы абайтану тарихына елеулі рухани құбылыс ретінде қабылданды.
Қоғам қайраткері А.Байтұрсынов Абай мұрасын исі қазақтың танып білу керектігін уақыт талабы ретінде бағалады. «Қазақ» газетінде жарияланған М.Дулатовтың, Н.Төреқұловтың мақалалары да Абайды қазақ халқының рухани данасы, жаңа бағыт- тағы әдебиеттің көшбасшысы, шебер аудармашы ретінде танытып бағалауынан авторлардың білім деңгейі биік жатуын көреміз.
Семей қаласында 1918 жылы жарық көре бастаған «Абай» журналында ақын шығармаларын танып білу, халықтық таным тұрғысынан бағалау мақсатында зерттеулік мақалалар мен Абай шығармаларынан үзінділер жариялап жатты. «Екеу» деген бүркеншік атпен Абай өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеулік мақалалар жазған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов сол кездегі абайтану тарихында ерекше дараланып шықты.
Екеудің «Абай » журналында басылым көрген «Абайдың ақындық өнері мен һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» деп аталатын мақалаларында түйген ортақ танымнан туындаған ойлары, негізінен, Абайдың қарасөздері мен аудармашылық өнеріне әдебиет ғылымы тұрғысынан терең талдаулар жасаған. Өйткені Абайдан кейінгі қазақ ақындарының шығармаларын жанры жағынан талдап жіктегенде Мағжан мен Сұлтанмахмұтты лирик ақындар тобына жатқызса, А.Байтұрсынов мен С.Дөнентаевты халықтық сарындағы ақындар тобына қосады да, Абайдың ақындық дәстүріне еліктеген, шәкірт ақындар ішінен «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абай өлеңіне сырттай болса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі «Шәкәрім» деп Абайдың дүниетанымына тереңірек бой ұрған ерекшелігін сол тұста-ақ дөп басқан.
Абай мұрасын орыс тілінде танытып бағалауда Ә.Бөкейханов пен ағайынды Белослюдовтар, әсіресе С.Сәдуақасов тарапынан жарияланған мақалалардың Абайтану тарихында өзіндік орны бар, болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар берерлік өзіндік танымымен ерекшеленетін еңбектер. Абай мұрасын орыс қауымына танытып насихаттауда дер кезінде елеулі үлес қоса білді. Абай мұрасын тану жолында ақын шығармаларының баспасөзде біршама жариялануы елеулі мәні бар құбылысқа айналды. Бұл әрекеттер өткендегі ресми баспасөз орны мен ішінара ақын өлеңдерін баспасөз арқылы жариялауға ат салысқан адамдардың Абай мұрасына қатысы мен сол жарияланған Абай шығармаларының текстологиялық жайы қалай еді деген сұраққа жауап та бере алады.


Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушалардың бірі – Зейнелғабиден. Ол Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялап, Абай жөнінде арнайы пікір көтеріп, ақын мұрасымен туысқан татар халқын таныстыруға әрекет етті. Оның «Насихат – Қазақия» деген еңбегі Кәкітай бастырған Абай шығармаларының алғашқы жинағынан бұрынырақ жарияланып, Абайды дұрыс тұрғыдан бағалаумен ерекшеленеді. 

Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. 

Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады.
Кәкітай – Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп жіктеуде еңбек сіңірді.

1939-1940 жылдары М. Әуезов тарапынан екінші рет толықтырылып қайта басылған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бастырылуы да жоғарғы талаптарға іспен жауап беруің нақтылы қадамдарының бірі болып табылды.
Бекіту Сұрақтар қою.
Үйге тапсырма Тақырып туралы интернеттен толық мәліметтер жинау
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы:жылы: 26.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Абайтану курсынан тоқсан бойына алған білімдерін тест арқылы анықтау,саралау.

2.Абайды таныту.

3.Абай ілімін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысыІ.1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

3.Тест тапсырмаларын тарату

І нұсқа

1.« Мен бала шағымда әкемді танығанда: жүзі жарқын, ажары сыртында, көзі өткір; ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді.» Кімнің сөзі

А)баласы Ақылбайдың В)Баласы Тұрағұлдың С)қызы Күлбаданның

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
А)Н.Назарбаев В)А.Байтұрсынов С)М. Әуезов

3.…..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».А)Н.Назарбаев В)А.Байтұрсынов С)М. Әуезов

4.Байроннан аударған өлеңі

А) «Көңілім менің қараңғы» В) «Теректің сыйы С) «Қараңғы түнде тау қалғып»

5. Абайды қытайша сөйлеткен кім?

А) Ким Бён Хак В) Ким бун Ок С) Ха Хуан Жан

6.Абай өлеңдерін қарақалпақ тіліне аударған-

А) М.Максуд және Н.Арсланов В) Ш.Сеитова С) А.Токомбаев

7. Абай шығармаларын қырғыз тіліне аударған-

А) М.Максуд және Н.Арсланов В) Ш.Сеитова С) А.Токомбаев

8. Абай өлеңдерін татар тіліне аударған-

А) М.Максуд және Н.Арсланов В) Ш.Сеитова С) А.Токомбаев

9. Абайтанудың дербес ғылым саласына көтерілуіне еңбек сіңірген тұлға А)А.Байтұрсынов

В) М.Жұмабаев С) М. Әуезов

10. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға ... жылдан астам уақытын арнады.

А)20 В)30 С) 50

11. Абайдың шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеу .... қарастырыла бастады

А)Абайдың 100 жылдығы қарсаңында В)Абай қайтыс болғаннан кейін

С) тәуелсіздік алғаннан кейін

12. Абайдың 100 жылдығы қарсаңында «Абай» атты еңбегі жарық көрген орыс ғалымы

А) М. Сильченко В)Р.Ерзакович С)А.Затаевич

13. Ең алғаш рет Абайдың өмірбаяны мен ақындық өнері туралы мақала жазғандар А)М.Әуезов, А.Байтұрсынов В)Ә.Бөкейханов,Кәкітай Ысқақұлы

С) Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов

14. «Екеу» деген бүркеншік атпен Абай өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеулік мақалалар жазған

А)М.Әуезов, А.Байтұрсынов В)Ә.Бөкейханов,Кәкітай Ысқақұлы

С) Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов

15. Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушыА) С.Сәдуақасов

В) Белослюдовтар С)Зейнелғабиден

16.Абайды насихаттаған «Насихат – Қазақия» деген еңбек кімдікі?

А) С.Сәдуақасов В) Белослюдовтар С)Зейнелғабиден

17. Абай медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?

А) Араб, парсы, түркі; С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
18.Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?

А) 16 В) 17 С) 29
19. Қай өлеңнен?Ойында жоқ бірінің,Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;В
) «Интернатта оқып жүр»;

С) «Ғылым таппай мақтанба»;
20. Абай оқыған медресе? А) Ахмет - Риза медресесі; В) Медресе Мухаммадия;С) Медресе Рахманқұли;

21. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;


22.Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?

А) 1880;В) 1883;С) 1886;.
23. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.А) «Евгений Онегин»;
В) «Шегіртке мен құмырсқа»;
С)) «Жалау»;

24.. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;В) Барлас;С) Көкпай;
25. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?

А) Барлас;В) Байкөкше;С) Көкпай;



Тест тапсырмаларын жинау, бағалау

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні 09.01.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Сабақтың мақсаты: : а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың жастарды өнер-білім алуға шақырған шығармаларын оқып үйренуге баулу;

ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар,

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен танысамыз.


2.Өлеңді мәнерлеп оқу

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы - бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де баска шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


3.Сөздік жұмысын жүргізу. (түртіп алу жүйесі бойынша)
Бұл мақрұм кылмағым- істеген ісім


Дөп сермеу- уақытында істеу

4.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.

5. Әдебиет теориясы.Өлең құрыылысына талдау жасау

6.Үйге тапсырма.

Өлеңнен үзінді жаттау.

Өз таңдаулары бойынша өлең шумағын талдау.

7. Бағалау.

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні 16.01.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру.

Балалардың ой өрісін, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері (Топпен жұмыс жасау, сұрақ-

жауап, ой қозғау,

топтастыру, эссе)

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, балалар, шынында да қазақтың кемеңгер, данышпан, ойшыл ұлы ақыны Абай аталарыңның өлеңдері жақсы оқуға, білімді болуға, тәртіпті, тәрбиелі, адамгершілігіміз мол болуға шақыра ма?

-Абайдың өлеңдерін жаттап, көңілімізге тоқуымыз керек пе?-деген сұрақтарға жауап алу.

ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын "Гүл текшелерін жинау" Абай кім, қай жерде, қай жылы туылған?Абайдың азан шақырып қойған аты кім?Абайдың әкесі кім, ол кім болған?Абайдың анасы кім?Абайды кім тәрбиелеген?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу

1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.

4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.

( Оқушылардың білім-ілім жөніндегі мақал-мәтелдерін тыңдау.)

-Балалар, міне, білімсіз күнің жоқ екен, білімді болсаң сенің алдың ашық, жақсы мен жаманды ажырата алатын боласың.

- Абай аталарыңның оқу-білім жайында жазған қандай өлеңін білесіңдер?

-"Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқушыларға айтқызу.

-Балалар, бүгін біз Абайдың білім, ғылымға арнаған "Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңімен танысамыз.

Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.




Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы –

Жаңа өспірім, көкөрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы,

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы –

Білсем деген таласы.

Прошение жазуға

Тырысар, келсе шамасы.

Ынсапсызға не керек

Істің ақ пен қарасы?

Нан таппаймыз демейді,

Бүлінсе елдің арасы.

Иждиһатсыз, михнатсыз

Табылмас ғылым сарасы.

Аз білгенін көпсінсе,

Көп қазаққа епсінсе,

Кімге тиер панасы?

Орыс теріс айтпайды,

Жаман бол деп оларды.

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм боларды,

Орыста қалар жаласы.

Бұл іске кім виноват:

Я Семейдің қаласы,

Я қазақтың аласы?

Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой,

Көңілінде жоқ санасы.

Ақылы кімнің бар болса,

Демес мұны тілі ащы.

Айтыңызшы, болсаңыз

Здравомыслящий,

Ақыл айтпай ма ағасы?

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

Алыс та болса іздеп тап,

Кореннойға кіруге,

«Талапты ерге нұр жауар»,

Жүріп өмір сүруге.

Я байларға қызмет қыл,

Ерінбей шауып желуге.

Адал жүріп, адал тұр,

Счетың тура келуге.

Жаныңа жақса, соңынан

Жалқауланба еруге.

Қисық болса, закон бар

Судьяға беруге.

Ол да оязной емес қой,

Алуға теңдік сенуге.

Я өз бетіңмен тәуекел,

Занимайся прямотой.

Жеңіл көрме, бек керек

Оған да ғылым, оған да ой,

Қалайынша қайда енуге?


Сөздікпен жұмыс Дәптерге жазып алу.

ІY. Қорытынды.

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні 23.01.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Пайда ойлама, ар ойла»өлеңі

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіру. Оқу-білімнің мәнін жете түсінуге ықпал ету. Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру.

Балалардың ой өрісін, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреттері, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері (Топпен жұмыс жасау, сұрақ-

жауап, ой қозғау,

топтастыру, эссе)

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, балалар, шынында да қазақтың кемеңгер, данышпан, ойшыл ұлы ақыны Абай аталарыңның өлеңдері жақсы оқуға, білімді болуға, тәртіпті, тәрбиелі, адамгершілігіміз мол болуға шақыра ма?

-Абайдың өлеңдерін жаттап, көңілімізге тоқуымыз керек пе?-деген сұрақтарға жауап алу.

ІІ. Өткенді еске түсіру. Ойын "Гүл текшелерін жинау" Абай кім, қай жерде, қай жылы туылған?Абайдың азан шақырып қойған аты кім?Абайдың әкесі кім, ол кім болған?Абайдың анасы кім?Абайды кім тәрбиелеген?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау. Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу

1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.

4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.

( Оқушылардың білім-ілім жөніндегі мақал-мәтелдерін тыңдау.)

-Балалар, міне, білімсіз күнің жоқ екен, білімді болсаң сенің алдың ашық, жақсы мен жаманды ажырата алатын боласың.

- Абай аталарыңның оқу-білім жайында жазған қандай өлеңін білесіңдер?

-" Пайда ойлама, ар ойла " өлеңін оқушыларға айтқызу. .

Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.



Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

Алыс та болса іздеп тап,

Кореннойға кіруге,

«Талапты ерге нұр жауар»,

Жүріп өмір сүруге.

Я байларға қызмет қыл,

Ерінбей шауып желуге.

Адал жүріп, адал тұр,

Счетың тура келуге.

Жаныңа жақса, соңынан

Жалқауланба еруге.

Қисық болса, закон бар

Судьяға беруге.

Ол да оязной емес қой,

Алуға теңдік сенуге.

Я өз бетіңмен тәуекел

, Занимайся прямотой.

Жеңіл көрме, бек керек

Оған да ғылым, оған да ой,

Калайынша қайда енуге?




Сабақты қорытындылау

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні 30.01.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абаймен таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;

ә) дамытушылық: мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

б) тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: А.Құнанбаевтың портреті, тірек сызбалар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


А. Құнанбаев «Қыс» өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.


2.Өлеңді мәнерлеп оқу

3.Сөздік жұмысын жүргізу. (түртіп алу жүйесі бойынша)
Ғылым – оқу, білім
Ғалым – оқымысты адам.


4.Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.

5. Семантикалық картаны толтыру.