Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 169
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3 салқын және ыстық су, 9,9 мың м3 бу, 1388,3 мың м3 ауа айдалған. Ағымдағы компенсация 35 пайызды құрайды.
Игеру басталғаннан бері II объектіге ПТВ ауданынан 17022,7 мың м3 салқын және ыстық су, 29898,7 мың м3 бу, 8,7 мың м3 ауа, 2,4 мың м3 мұнай, 254 мың м3 полимер айдалған. 01.07.2005 ж. жағдай бойынша бұл ауданда қабат қысымын ұстау үшін бу, салқын және ыстық су айдалады. Салқын су тек бір ұңғыға, ыстық су 37 ұңғыға, бу қалған 21 ұңғыға айдалады. II объектінің мұнай кеніштерін ПТВ ауданында игеру кезінде негізгі технология-аудандық жылулық әсер етуден басқа контур сыртынан су айдау қолданылады. Қазіргі уақытта ағын суды нұсқа сыртындағы аймаққа айдау 39 жұту ұңғысы арқылы жүргізілуде. Нұсқа сыртынан су айдағанға дейін(1988 жыл) кеніштегі қабат қысымы жеткіліксіз компенсация себебінен әрдайым төмендеп отырды. 1988 жылдан кейін нұсқа сыртынан су айдау басталуына байланысты жинақталған компенсация 119-140 пайызға жетіп, 100 пайыз деңгейде 1998 жылға дейін ұсталды. Қабат қысымы 3,7 МПа-ға жетті. Одан кейін айдау көлемінің азаюына және жеткіліксіз компенсацияға байланысты қабат қысымы 2 МПА-ға дейін төмендеді.
Игеру басталғаннан бері III объектіге ВВГ ауданынан ауа, ыстық және салқын су айдалды. 2004 жылы 355 мың м3 жұмыс агенті айдалды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 43 мың м3-қа кем болды. 2005 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша бұл ауданда қабат қысымын ұстау үшін тек ыстық су айдалды. Ағымдағы компенсация 59 пайызды құрады. Жинақталған су айдау көлемі 3234,2 мың м3, жинақталған компенсация 64 пайызды құрады.
2.2 Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы
2.2.1 Ұңғымалар қорының және олардың ағымдағы дебиттерін талдау
Кен орынның игерілу жағдайын терең талдау үшін және әсер ету үрдістерін тиімді реттеу үшін қабаттардан өнім алу сипаты мен дәрежесі туралы сенімді мәліметтердің болуы өте маңызды. Игерудің ағымдағы жағдайына әсер ететін негізгі факторларға мұнай мен газдың бастапқы және ағымдағы жағдайы, коллекторлардың фильтрациялық-сыйымдылық қасиеттері, тор тығыздығы, игеру режимі жатады. Қаражанбас кен орны үшін жылулық әдістерді пайдалануға шарт болатын мұнай тұтқырлығы анықтаушы көрсеткіш болып табылады. Кен орнында өнімділік және қабатты қамту коэффициенттерін жоғарылату үшін қабатқа әсер етудің түрлі әдістері қолданылған. Термиялық әдістерді және түрлі ығыстырушы агенттерді(су,бу, мұнай, полимерлер) қолдану тілім бойынша да, аудандар бойынша да мұнай алудың күрделі көрінісінің шарты болды. Мұнай қорын өндіру дәрежесін сипаттайтын негізгі параметр ретінде ұңғылар бойынша ағымдағы мұнай алу коэффициенті (МАК) алынды. Барлық кеніш ауданы көршілес ұңғылардың арасындағы қашықтыққа тең шартты дренажды аймақтарға бөлінеді. Сосын әр ұңғы үшін көлемдік әдіспен меншікті мұнай қоры анықталады. Одан кейін әр пайдалану ұңғысы үшін жинақталған мұнай өндіру мөлшері анықталады. Мұнай алу коэффициенті дегеніміз әр ұңғы бойынша жинақталған мұнай өндірудің сол ұңғының шартты дренажды аймағындағы геологиялық мұнай қорына қатынасы. I игеру объектісіндегі А қабаты Жалпы алғанда қор алудың сипаты өзгерген жоқ, демек ағымдағы МАК өсуі жинақталған мұнай ондірудің өсуіне сәйкес. ВВГ ауданындағы 857, 878, 1736 ұңғылары және ПТВ-3 ауданындағы 141, 1695, 1963 ұңғылары бойынша қор алудың жоғарылауын атап өтуге болады. Қор алуға байланысты мұнайға қанығу коэффициентінің төмендеуі 2164 және 2198 ұңғыларында байқалды. I игеру объектісіндегі Б қабаты ВВГ ауданы бойынша МАК өсуі жинақталған мұнай алуға сәйкес жүруде. Ең үлкен мұнай алу 53 ұңғы аймағында анықталған және 0,89-ға тең. Су-мұнай аймағы үшін бұл көрсеткіштің орта мәні 0,1 тең. 2164 ұңғысында мұнайға қанығушылықтың 85 пайыздан 60 пайызға төмендеуі анықталған. II игеру объектісіндегі В қабаты Жалпы горизонт бойынша ағымдағы МАК-тердің 1-3 пайызға өсуі бақыланды. Мұндай өсім МАК-тері төмен аумақтарға тән, ал МАК-тері жоғары аймақтар үшін өсім 13-30 пайызды құрайды.
II игеру объектісіндегі Г қабаты
ВВГ ауданында ағымдағы МАК-тер көпшілік ұңғылар бойынша өзгермеген дерлік. ПТВ-2 ауданында меншікті мұнай қоры алынуының шамалы өсуі байқалады. Меншікті мұнай қоры алынуының максимал мәні 200, 536, 629, 630, 634 ұңғылары аймағында байқалып, 1-ден асады. ПТВ-3 ауданында меншікті мұнай қоры алуынуының өсуі 1-6 пайызды құрады.
III игеру объектісіндегі Ю-I қабаты
Батыс переклиналь шегінде мұнай қорын алумен мұнайөнімді горизонттың 50 пайыздан аз ауданы қамтылған. Меншікті мұнай қорын алудың ең үлкен көрсеткіштері 811-839, 828, 767-768, 2262, 2300 ұңғылар аймағында байқалады. Мұнай алу коэффициентінің шамасы игеріліп жатқан кеніштер арасындағы минималь мәнге ие және 0,083-ке тең.
IIIигеру объектісіндегі Ю-IIқабаты
Ағымдағы мұнай алу коэффициенті мұнда да ең төменгілердің бірі және 0,1-ге тең. Мұнай қорын алумен мұнайөнімді ауданның 60 пайызы қамтылған. Мұнайдың меншікті қорын алудың ең үлкен көрсеткіштері 828, 2221, 2222, 2223 ұңғылары аймағында байқалады.
ВВГ және ПТВ аудандарында ағымдағы МАК бойынша мұнай қорын алудың дәрежесін бағалау нәтижелері 12-кестеде келтірілген. Кестеден көрініп тұрғандай меншікті мұнай қорын алудың жоғарғы шамасы (0,32 және 0,35) ВВГ және ПТВ-2 аудандарындағы Г өнімді горизонтында анықталған.
Бұл әдістегі дренаждау аумақтарын анықтауда шамалы қателіктер кетеді. Бірақ объектіден мұнай алудың жалпы көрінісін жасауға толық жарамды және мұнай қоры аз алынатын аймақтарда ұңғыны бұрғылау орнын анықтауға негіз болып табылады.
Кесте 14- ПТВ және ВВГ аудандарындағы МАК-тердің сипаттамасы
14-кестенің жалғасы
2.2.2 Ұңғыларды пайдалану тәсілдерінің көрсеткіштерінің сипаттамасы
Жобадағы игеру көрсеткіштерін экономикалық тиімді шарттармен қамтамасыз ету үшін сұйықты ұңғыдан көтерудің рационалды тәсілін таңдау нақты кәсіпшілік мәліметтерге негізделеді. Кен орнында мұнай мен газды өндіру құм көрінісімен, жоғары тұтқырлықпен, жоғары сулану дәрежесімен қиындатылған. Бұл өндіру тәсілі мен жабдықтарды таңдауда белгілі шарттар мен шектеулер туғызады. Өндіру үшін қолданылып жүрген техника мен технологияның тиімділін анықтау және жоғарылату үшін кен орнындағы өндіру ұңғыларының технико-технологиялық (жер үсті және жер асты жабдықтарының жағдайы мен жұмыс сипаты, жер асты жөндеу жұмыстарының себептері және т.б.) талдауы жүргізілді.
Өндіруші ұңғыларды пайдалану кен орнында фонтанды және механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған 1009 өндіру ұңғысынан 22 ұңғы(2,2 пайыз) фонтанды тәсілмен, 987(97,8 пайыз) ұңғы механикаландырылған тәсілмен пайдалануда. Механикаландырылған тәсілмен пайдалану екі түрлі сорапты қондырғымен жүргізіледі: ұңғылық штангалы сорапты қондырғы(ҰШСҚ) және винтті штангалы сорапты қондырғы(ВШСҚ). ҰШСҚ-мен 358(35,5 пайыз) ұңғы, ал ВШСҚ-мен 629(62,3 пайыз) ұңғы жабдықталған.
Фонтанды ұңғылар
Ұңғылардың сағалары 14-35 МПа жұмыс қысымына арналған әр түрлі өндіруші фирмалардың фонтанды арматурасымен жабдықталған. Олардың көбін АФК-1-65x21 фонтанды арматурасы құрайды. Сұйықтың көтерілуі негізінен диаметрі 73 мм СКҚ бойымен жүреді. СКҚ башмагы перфорация интервалынан жоғары орнатылады. Қабаттан құм шығуының алдын алу үшін пайдалану тізбегі түптік сүзгіштермен жабдықталған. Ұңғылардың барлығы дерлік тәулігіне 5 м3 –ке дейін шығыммен жұмыс істейді және өнімнің сулануы ұңғылардың жартысында 70 пайыздан артық.
Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, фонтанды ұңғылардың жер асты және жер үсті жабдықтары пайдалану шарттарына сай келеді деген қорытынды жасауға болады. Бірақ пайдалануды қиындататын факторлардың(төмен шығым, жоғары сулану, құм көрінісі, ҚҚҰ жүйесінің толық емес әсері) болуы бұл тәсілді кен орнында қолдану тиімділігін төмендетеді.
Ұңғылық штангалы сорапты қондырғылар
Механикаландырылған ұңғылар қорын талдау негізінде ұңғының жағдайын сипаттайтын ағымдағы параметрлерді және ұңғы жабдығының жұмысын бағалау жатыр. Бұл параметрлерге жататындар: сораптың өнімділігі және жұмыс режимі, беру коэффиценті, сорапты түсіру тереңдігі, өнімнің сулануы, динамикалық деңгей, түптік қысым және ағымдағы шығымдармен анықталатын өнімділік коэффициенті. Ұңғыдағы түптік қысым динамикакалық деңгей шамасын пайдаланып, есептік жолмен анықталатынын айта кету керек. ҰШСҚ-ның жер бетіндегі жабдығы үш түрлі тербелмелі станоктармен ұсынылған: СК-6, СК-3, СКД-3. Олардың жүккөтергіштігі сәйкесінше 6 және 3 т. Ұңғылардың көпшілігі(81,1 пайызы) жүккөтергіштігі 3 т тербелмелі станок-тармен жабдықталған. Қолданылатын сораптарды, оларды түсіру тереңдігін және ұңғы шығымын ескерсе, жүккөтергіштігі 6 т тербелмелі станоктар толық жүктелмей жұмыс істейді. Нәтижесінде тербелмелі станок толық теңестірілмейді де, редукторда айналу моменті максимал мәнге жетіп, жабдықтың тозуына әкеледі. Мұндай шарттар қондырғының пайдалы әсер коэффициентін төмендетіп, жалпы өндіру үрдісіне де кері әсерін тигізеді. Жер асты қондырғысының(СКҚ, штангалар, тереңдік сораптар) жағдайы кен орын шарттарында қолдану рационалдығына және жұмыс қабілеттілігіне байланысты. Негізінен терең сорапты ұңғылар диаметрі 73 мм СКҚ-мен жабдықталған. Штангалар сораптың өлшемдеріне және орналастыру тереңдігіне байланысты таңдалады.
Шығым мен өнімнің сулануы ҰШСҚ-мен жабдықталған ұңғылардың сипаттамасының негізгі көрсеткіштері болып табылады. Ұңғылардың негізгі бөлігі тәулігіне 40 м3-тан жоғары шығыммен жұмыс істейді. Ұңғы өнімінің сулануы 70 пайыздан асады.
Винттік штангалы сорапты қондырғылар
Винттік сораптар сипаттамалары бойынша кен орын шарттарына сай келеді. Винттік сораптардың ерекше артықшылықтары:
-басқа дәстүрлі жүйелерге қарағанда қаржылай салымының аздығы: оларға кететін қаржылай шығынның 50 пайызындай құрайды;
-пайдалану шығындарының айтарлықтай аздығы: басқа қондырғылармен салыстырғанда 60-70 пайыз энергия үнемделеді;
-қызмет көрсету бағасы минимал: жүйені ұңғылық бригада қондырып, қызмет көрсете алады;
-ұңғыда бір ғана бөлшек айналып жұмыс істейді, нәтижесінде тозу аз және техникалық қызмет ету жұмыстарының көлемі аз;
- барлық модельдер 25-500 айналым/минут жиілікпен және үлкен жұмыс диапозонымен сипатталады;
-статор материалына және айдау механизміне байланысты құм тиімді шығарылады;
-ВШСҚ орташа және ауыр мұнайды алуға жақсы бейімделген.
Кен орнында винттік сораптарды диаметрі 73 мм СКҚ-ға түсіреді. Сорап роторы диаметрі 22 мм бір сатылы штанга тізбегімен түсіріледі. ВШСҚ-мен жабдықталған ұңғылардың шығымы 5-100 м3/тәулік диапазонында ауытқиды. ҰШСҚ-дан ауыстырылған ұңғылардың шығымдары 1,5-9 есе артқан.
ВШСҚ-ны қолдану шығымы кең диаппазондағы ұңғыларды пайдалануға және қабаттан шығатын құм мөлшерін шектейтін тиімді режимді орнатуға мүмкіндік береді.
2.2.3 Ұңғыны пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтардың алдын- алушаралары және олармен күрес
Су көрінісімен күрес
Игерудің бастапқы кезеңінде бу мен су айдау көрсеткіштерінің күрт жоғарылауы жүрді. 1995 жылдан бері өндіруші ұңғылардың сулануы баяурақ өсуі байқалады. Бұл қабатқа айдалатын ығыстырушы агент көлемінің азаюына байланысты.
Суланумен күресу үшін Қаражанбас кен орнында келесі әдістер қолданылды: тұтқыр серпімді құрам айдау, тұтқыр серпімді құрамды «КазНИПИнефть» әдістемесімен айдау, гипан айдау, мұнай-күкіртқышқыл қоспасын айдау, этилсиликатты шайыр айдау, полимерлі-негізді ерітінді айдау, ауыспалы айдау.
Әдістерді талдау кезінде олардың ең тиімдісі полиакриламид негізіндегі тұтқыр-серпімді құрамды айдау екені анықталды. Бұл жүйе гель тәрізді масса, төмен қозғалғыштыққа, жоғары қарсыласу қасиетіне, тұтқыр-серпімді қасиеттерге және кеуектерге, жарықшақтарға орнығу қасиеттеріне ие.

Аталуы | Аудандар | |||
ВВГ | ПТВ-2 | ПТВ-3 | ||
А горизонты | ||||
Анықтама саны | 70 | 13 | 149 | |
МАК орта мәні | 0,19 | 0,2 | 0,19 | |
МАК өзгеріс интервалы | 0,01-1,82 | 0,01-0,77 | 0,01-2,64 | |
Б горизонты | ||||
Анықтама саны | 74 | 17 | 117 | |
МАК орта мәні | 0,16 | 0,19 | 0,2 | |
МАК өзгеріс интервалы | 0,01-0,89 | 0,01-0,69 | 0,01-2,17 |
14-кестенің жалғасы
Аталуы | Аудандар | ||||
ВВГ | ПТВ-2 | ПТВ-3 | |||
В горизонты | |||||
Анықтама саны | 24 | 10 | 97 | ||
МАК орта мәні | 0,19 | 0,11 | 0,19 | ||
МАК өзгеріс интервалы | 0,01-0.9 | 0,02-0,22 | 0,01-2,4 | ||
Г горизонты | |||||
Анықтама саны | 186 | 196 | 259 | ||
МАК орта мәні | 0,32 | 0,35 | 0,2 | ||
МАК өзгеріс интервалы | 0,01-3,45 | 0,02-2,56 | 0,01-0,72 | ||
Ю-I горизонты | |||||
Анықтама саны | 64 | - | - | ||
МАК орта мәні | 0,09 | - | - | ||
МАК өзгеріс интервалы | 0,001-0,558 | - | - | ||
Ю-II горизонты | |||||
Анықтама саны | 75 | - | - | ||
МАК орта мәні | 0,130 | - | - | ||
МАК өзгеріс интервалы | 0,01-0,84 | - | - |