Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 173
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бу айдау көбейюімен өнімнің көп сулануы да байқалады. 1994 ж. бастап бу және су айдалудың төмендеуіне байланысты, алынған өнімнің де сулануы азаяды. 2011ж ол қалпына келіп 81,1 % құрайды.
Кесте 10.1-БЖӘ қолданатын аймақтардағы игеру көрсеткіштерінің динамикасы.
Көрсеткіштер/жылдар | 1993 | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 |
Мұнайдың жылдық өндірілуі мың т. | 429,5 | 466,6 | 627,8 | 756,9 | 754,2 | 953,4 | 875,1 | 812,8 | 765 | 682 | 526 | 553,3 | 533,8 | 375,7 | 364,9 | 717,390 | 1029,716 | 1424,578 | 1502,666 |
Жаңа пайд. Ұңғылар енгізілуі (саны) | 92 | 58 | 72 | 60 | 107 | 130 | 64 | 48 | 18 | 7 | 2 | 0 | 2 | 0 | 0 | 24 | 52 | 29 | |
Мұнайбергіштік, % | 0,529 | 0,784 | 1,126 | 1,538 | 1,949 | 2,469 | 2,945 | 3,388 | 3,805 | 4,177 | 4,464 | 4,765 | 5,056 | 5,261 | 5,460 | 5,85 | 6,41 | 7,19 | 8,01 |
Жыл. агент айдалуы: су, мың. м3 | 217,1 | 397,5 | 251,8 | 851,9 | 1491 | 1531 | 1910 | 1900 | 2060 | 2263 | 1873 | 1467 | 1280 | 1142 | 973 | 1179 | 1064 | 1072 | 680 |
Бу, мың.т | 304 | 438 | 1037 | 1799 | 2206 | 2510 | 2585 | 3117 | 3197 | 2469 | 1814 | 2185 | 2443 | 1235 | 702 | 1340 | 1313 | 1476 | 1799 |
Жиналған агент айдалуы: су, мың. м3 | 224,2 | 621,7 | 873,5 | 1825 | 3216 | 4747 | 6657 | 8558 | 10618 | 12882 | 14754 | 16222 | 17502 | 18645 | 19618 | 20798 | 21862 | 22935 | 23615 |
Бу, мың.т | 880 | 1318 | 2355 | 4255 | 6362 | 8872 | 1145 | 1457 | 1777 | 2024 | 2205 | 2424 | 2668 | 2792 | 2862 | 2996 | 3127 | 3275 | 3475 |
Ұңғы-ң мұнай б/ша орт. шығымы, т/тәу | 5,7 | 6,0 | 6,4 | 6,6 | 6,1 | 5,5 | 4,8 | 4,4 | 4,1 | 3,9 | 3,2 | 3,2 | 2,8 | 2,2 | 2,2 | | | | |
Сұйық б/ша, т/тәу | 6,9 | 7,8 | 9,3 | 10,9 | 11,5 | 11,1 | 10,5 | 12,2 | 17,5 | 17,6 | 16,8 | 17,6 | 18,0 | 13,0 | 14,1 | | | | |
Айдау ұңғ-ң орт. Қабылдағыштығы, Сумен, м3/тәу | 110,9 | 86,4 | 81,3 | 103,2 | 117,6 | 112,0 | 130,1 | 125,0 | 298,4 | 165,2 | 123,5 | 121,4 | 98,4 | 91,5 | 81,5 | | | | |
Бумен, м3/сут | 72,7 | 52,7 | 71,8 | 97 | 107,7 | 86,3 | 110,5 | 103,8 | 152,7 | 89,2 | 90,9 | 69 | 81,8 | 88 | 77,6 | | | | |
Жаңа ұңғ-ң орт. Мұнай шығымы, т/тәу | 11,6 | 11,3 | 9,3 | 17,8 | 10,1 | 8,8 | 7,0 | 5,4 | 5,5 | 12,8 | 7,6 | 0 | 4,3 | 0 | 0 | | 31 | 20,2 | 36,9 |
Пайдалану ұңғыларының қоры | 258 | 275 | 330 | 361 | 481 | 577 | 619 | 587 | 651 | 652 | 608 | 610 | 608 | 592 | 600 | 526 | 475 | 517 | |
Айдау ұңғыларының қоры | 53 | 51 | 93 | 107 | 116 | 151 | 136 | 174 | 173 | 172 | 134 | 144 | 126 | 94 | 87 | 78 | 77 | 97 | |
Тәжірибелік учаскелерде мұнайбергіштікті көбейтудің өндірістік тәжірибелік зерттеулер
Кен орын игеру процессінде термиялық әдістерді қолданумен кейбір қиыншылықтар пайда болады. Іштен ылғал жандыру кезіндегі жандыру газдарды жою мәселесі тұрады. (газ факторы жану газы есебінен 1000м3/м3 жетті).Жер үсті және жер асты құрылғаларда коррозиялық процессі қарқындалады. Бумен әсер ету кезінде будың құрғақтылығы және температураның жобалық параметрлеріне жету қиыншылықтары туады. Жобалық мәндері 268,70 С және бу құрғақтылығы 0,6, олар сәйкесінше 200-220 0 С және 0,4-0,45. Ол қабатқа жобамен есептелген жылуды бермейді. Соған байланысты мұнайбергіштікті көбейтудің басқа технологияларын қарастыруға тура келді.
Полиакриламидті айдау нәтижелері
Полиакриламидті айдау 2003ж. сәуірінен 2006ж. наурызына дейін,2006. қыркүйегінен 2008ж сәуіріне дейін және 2008ж 454-459, 1755-1759, 506-511, 1806-1809, 412-417, 1912-1917, 369-374, 1670-1674 ұңғыларымен шектклген учаскелерде жүргізілген. Полиакриламидті айдаудан кейін учаске бойынша мұнай өндірудің өсуі байқалды. 2008ж. басында ол 3,5 есе көбейді, бірақ енгізудің кішкене масштабтарына бйланысты кен орын игеру көрсеткіштерінде ол байқалған жоқ
Көпіршік жүйесін айдау нәтижелері
Іштен ылғал жандыруды көпіршікпен реттеуді зерттеу 2172-2177, 2157-2164, 2142-2149, пайдаланушы ұңғылар және 2128-2135, 1728-1735, 2183-2187, 1783-1786. айдау ұңғылары орналасқан учаскеде жүргізген. Аймақ 150х150 және 200х200 м S=2.25 және 4 га/ұңғ торымен бұрғыланған. ұңғылардың орналасу жүйесі үш қатарлы сызықты.
Көпіршік айдау (1986-1989жж. Г қабатында) кен орын игеруіне аса зор әсерін тигізген жоқ. Оның деңгейі осы периодта 5,7 мың т./кв төмендеді. Мұнай өндірудің көлемінің төмендеуі негізінен ауа айдау көлемінің 10 млн.м3/кв-тан 7,5 млн.м3/кв-қа дейін төмендеуімен байланысты. 2008ж. 2128-2136 ұңғыларында көпіршік жүйесін айдау циклі жүргізілген. Бұл мұнай өндірудің өсуіне 8,3-9,6 мың т/кв дейін әкелді. Әдістің әсер ету ұзақтылығы 1,5м жыл. 1992ж. бастап мұнай өндіру 4,3-4,6 мың т/кв дейін төмендеді.
Мұнай мен суды кезектес айдау
Мұнаймен суды кезектес айдау бумен әсер етудің үшінші учаскесінде жүргізілген. Ол екінші объекттің үш айдау ұңғылары және 18 пайдаланушы ұңғысы және топты өлшеуші құрылғға қосылған 2 айдау және 15 пайдаланушы ұңғымынан тұрды.
Бұл әдісті қолдану 1990ж. басталды. Сумен кезектес айдау ұңғыларына тасымалдабалы цементтеуші агрегаттарды қолдана мнай айдалды. 1994ж. екінші жартысында аймақта мұнай айдаушы құрылғы орнатылды.
Игеруден бастап 1 пайдалану объектісінен 48,07 мың т. мұнай және 101,44 мың т. сұйық алынды. Өнімнің ортажылдық сулануы 78,4 пайызды құрады.
Ұңғылардан мұнайды 2,89% мөлшерінде айдау німнің 5 есе өсуіне (100-ден 500-ге дейін) және суланудың 80,5%-дан 67,4% түсуіне әкелді.
II объектіден 2008ж игеру көрсеткіштерін тексере келгенде ол келесі мәліметтерді берді:
бұл аймақта су мен мұнайды айдау әсерінен өндірудің үш есе өсуі 0,66 мың т.-дан 2,18 мың т.-ға дейін өсті. Пайдалану ұңғыларының сулануы 87% дан 80% дейін түсті. Бір пайдалану ұңғысының орташа шығымы 1,73 тен 4,43 т/тәу-ке дейін өсті. Су мен мұнайды кезектес айдау арқылы әсер ету технологиясынан алынған пайдалы әсер пайдалану ұңыларының сулануының төмендеуіен байқалды, бірақ айдаудың әсер ету ұзақтылығы айдалған мұнай көлеміне тәуелді. мұнай өндіру көбейіп тұрақталғаныменен сұйық өндіру мұнай мен су айдау технологиясы әсерінен төмендемеді, яғни газсыздалған жоғары тұтқырлы мұнайдың қабатқа айдалуы пайдалану ұңғыларының өндруінің төмендеуіне әкелді.
Кезектес әдісті пайдаланудың әсері мүмкіншілігінен төмен болды. Оған себептер:технологиялық процесстердің жасалуының тұрақсыздығы ең басты мәселе, айдалатын мұнайдың (ығыстыруы агент)аз мөлшерде болуы. Нақтылы бұл үлес 0,7-2%, ал ұсынылған 10%. бұл әдістің тиімділігін төмендетті.
Өндірістік тәжірибелік жұмыстар кезінде мұнайдың жобалық айдау көлемі мүлдем саталмаған, II объект бойынша 2,5-3,2%
Ұңғыларды бумен өңдеуді қолдану нәтижелрі
Бумен әсер етулер 1990ж. жүргзілді. Буды барлығы 7 үңғыдан айдап, оған температурасы 235-240 0С бу қолданған. Айдау қысымы 34-40 МПа. Айдалған бу көлемі пайдалы қабаттың қалыңдығына метріне
67 ден 380 т дейін. Бу айдау ұзақтылығы 13-39 тәулік аралығында. Конднсация уақыты 4-22 тәулікке дейін.
Бумен әсер ету көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген. Өңделген 7 ұңғы ішінен 4 тиімді болып шықты. Олардң дебиті 1,2-7,3т дейін өсті.
Кесте 10.1-Ұңғыларды бумен өңдеу көрсеткіштері.
Ұңғы № | Бу температурасы, 0С | Бу айдау қысымы, МПа | Айдау көлемі, т/м | Айдау уақыты, күндер | Өңдеуге дейінгі шығым, т/тәу | өңдеуден кейінгі шығым, т/тәу | Әсер ету уақыты, ай |
353 359 418 611 361 1628 355 | 240 235 240 230 240 235 240 | 40 40 38 34 43 30 40 | 67,16 157,53 216,98 381,62 175,05 222 65,2 | 13 13 26 27 39 31 21 | 6 4 6 5 22 10 6 | 4,3 0,7 1,65 0,9 2,4 0,47 3,6 | - 14 - - 5 7 15 |
Игеру жүргізу жүйесінің анализі
Қолданып келе жатқан игеру жүйесінің негізгі сипаттамалары:
-
Екі негізгі техология – іштен ылғал жандыру және бумен әсер ету. Екеуі де су айдау арылы жаслады. Қабат ішінен ылғал жану әдісі I және II блоктарда, ал бумен әсер ету III және IV блоктарда жүргізіледі. -
Өнімді тілімде 3 пайдалану объектісін I, II, III бөліп шығарады. Сәйкесінше А және Г қабаттары және Ю- I горизонтымен әр объектіге өздігінше ұңғы торлары бұрғыланған. Өнімді қабаттың ауданың таралуына байланысты көп бөлікте ұңғылардың 2 торын бұрғылады. -
Игеруді реттеудің негізгі әдісі – айдау арқылы ретеу. Осыған байланысты айдау ұңғыларын әр қабатқа бұрғылайды. -
Қатар арасындағы және қатардағы ұңғылар арасындағы қашықтықтары бірдей ұңғылардың үшқатарлы сызықты орналасу жүйесі керек кезде жеті нүктелі аудандап және бір қатарлы сызықты әсер етуге мүмкіндік береді. -
Ұңғылар қатары су мұнай жапсарысына параллель орналасуы. -
Тілімдегі бұрғыланатын барлық объектілердің бірдей бұрғылануы және игеруге берілуі. -
Қабат ішінен ылғал жандыру және бумен әсер ету технологиялары пайдаланушы ұңғылар түбіне бумен әсер ету көмегімен жүргізіеді. -
Барлық пайдаланушы ұңғылар бу айдаушы ұңғылар конструкциясымен бұрғыланады. -
Технологиялық процесстер елесі параметрлерде жүргізіледі:
а) ұңғы торы 150х150;
б) қабыршақ өлшемі – қабат кеуегі көлемінің 0,8-і
в) айдау қарқыны – 7 т/тәу.м (жылутасымалдағыш және су) және 2000м3/тәу.м (ауа)
Негізгі технология - қабат ішінен ылғал жану және бумен әсер ету арқылы жылу қабыршағын жасап, оны қайнамаған су әсерінен одан әрі ілгері қозғалту болып табылады. Жылу әсері негізінен 2 сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда айдау ұңғыларында сызықты жылу фронты пайда болып, жұмыс агенттері (ауа, жылу, су) жылу қабыршағын жасау үшін керекті көлемде айдалады(айдаушы және пайдалнушы қатарлардағы жыныс коллекторларының кеуегінің 0,6-0,8-і). Бумен әсер ету кезінде бу айдау қысымы 5,5 МПа, температурасы 268,7 0С және будың құрғақтылық дәрежесі 0,6 кезінде жүргізіледі.
Одан кейін айдау ұңғыларының қатарына қайнамаған су айдалады. Бұл әсер 40-50 0С жылу фронты пайдаланушы ұңғылардың бірінші қатарына жетіп олпрда мұнай шығымының төмендемеуі байқалмағанынша дейін жүргізіледі.
Екінші сатыда жылу айдауды бірінші қатардан екінші қатарға көшіру жүргізіледі. Бұл кезде бірінші қатарлағы пайдалану ұңғылары біреуін тастап біреуі жұмыс агенттерін айдауға беріледі. Осы қатардағы қалған пайдаланушы ұңғылары максималды шығым жұмыстарыменен жұмыс істейді. Оларға қабат температурасынан 5-10