Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 244
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.2. Мұрын-жұтқыншақты және ауыз-жұтқыншақты саусақпен зерттеу
Айнамен зерттеу мүмкін болмаған жағдайда (балаларда, психикалық ауруларда және т.б.) және мұрын-жұтқыншақта түзіліс сипатын ажырату үшін жүргізіледі (55 сурет). Қолды жуып, резеңке қолғап кигеннен соң, спиртпен өңдеп, оң жақ қолдың сұқ саусағымен жұмсақ таңдайдың арғы жағына өтеді де, саусақ ұшымен мұрын-жұтқыншақ күмбезін және хоананы басып қарайды.
а б
55 сурет – Мұрынжұтқынщақты саусақпен тексеру:
а) дәрігер мен пациенттің орналасу қалпы;
б) мұрын-жұтқыншақта дәрігер саусағының орналасу деңгейі
Жас балаларда дәрігер саусағын тістеуін болдырмас үшін, сол қолдың сұқ саусағымен ауыз қуысының сыртынан ұрттың жұмсақ тіндерін басады немесе тістердің аралығына шпателді енгізеді.
Ауыз-жұтқыншақты зерттеуде таңдай бадамшаларына, артқы, бүйір қабырғаларына және тіл түбіріне пальпация жасайды. Анатомиялық құрылымның консистенциясын, тығыздығын және осы мүшелердегі патологиялық өзгерістерді анықтайды.
4.3. Жұтқыншақ рентгенограммасын оқу
Бет және мойынның бүйір проекциясы рентгенографиясында мұрын-жұтқыншақтың барлық бөліктерін көруге болады. Бассүйегі негізінің алдыңғы аксиалды проекциясы рентгенограммасында мұрын-жұтқыншақтың симметриялы орналасқан кейбір бөлімдерін көруге болады. Ауыз-жұтқыншақтың, гипофарингстің бүйір томограммасы және рентгенологиялық зерттеу нәтижелі ақпарат береді.
Рентгенологиялық зерттеу мұрын-жұтқыншақ ісігінің орналасуын, көлемін, пішінін және шекарасын анықтауда жоғарғы диагностикаға ие. Мұрын-жұтқыншақтың рентгенографиясы бөгде денелердің орналасуын анықтау үшін қолданылады.
Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігін қарауда қарапайым тәсілдердің /инструментальды/ болуына байланысты, рентгенологиялық зерттеу әдістері сирек қолданылады. Контрасты релаксациялық фарингография жұтқыншақтың төменгі бөлімін зерттеуде (көмей - жұтқыншақ), әсіресе оның қатерлі ісігінде бағалы рентгенологиялық зерттеу әдісі болып табылады.
Әртүрлі жарақаттар (соның ішінде, оқ жарақаты ), ісік, қантамырлық патология (аневризма) және бөгде денеде (әсіресе, рентгенконтрастты) олардың орналасу топографиясын анықтау үшін омыртқаның мойын бөлімін зерттеу мақсатында рентгенологиялық зерттеу әдісі қажет болады.
4.4. Басында кертігі бар жұтқыншақ зәйтүніне мақтаны орау
Жұтқыншақты майлау үшін ұшында бұрандасы бар жіңішке ұзын зәйтүн пайдаланады. Мақтаны зәйтүнге тығыз етіп орау керек, жұтқыншақ қабырғасын зақымдамас үшін, оның ұшын мақтамен толықтай жабады. Суды тез сіңіретін, стерилді мақтаны қолданған жөн.
4.5. Жұтқыншақтан жағынды алу
Жұтқыншақтан жағынды көбінесе патогенді микрофлораның сипатын анықтау үшін алынады. Науқастан ауызын ашуын сұрайды, тілін шпателмен басып, ұшында стерилді мақтасы бар таяқшамен жұтқыншақтың кілегей қабатының беткейінен жағынды алады, мақтасы бар таяқшаны стерилді пробиркаға салады, содан соң жолдамамен лабораториялық зерттеуге жіберіледі.
4.6. Жұтқыншаққа дәрі-дірмектер жағу
Дәрі-дәрмектер жағу созылмалы фарингитте және тонзиллитте қолданылады.
Дәрі-дәрмектер жағуға басында мақтасы бар жұтқыншақ зәйтүнін пайдаланылады. Тік жұтқыншақ зәйтүннің орнына, басында мақтасы бар имек жұтқыншақ зәйтүнін пайдаланған ыңғайлы. Науқастан ауызын ашуын өтінеміз, тілді шпателмен басқанда, ауыз-жұтқыншақ анық көрінеді. Таңдай бадамшаларына, жұтқыншақтың артқы қабырғасына және мұрын-жұтқыншақ бөлігіне дәріні бір мезгілде жаққан дұрыс.
4.7. Жұтқыншақ ауруларында дәрі-дәрмектердің инсуфляциясы және пульверизациясы
Бұл әдіс жұтқыншақтың жедел қабыну үрдістерінде және хирургиялық (тонзиллэктомия) емдеуден кейін қолданылады. Жұтқыншаққа ұнтақты үрлеу үшін ұзын тік ұнтақ үрлегіш пайдаланылады. Процедура кезінде науқастың тілін шпателмен басу керек. Пульверизация кезеңінде науқас тілін 900 тағы шпателмен басып, дәрігерге өзі көмектесуі керек.
4.8. Жұтқыншақты жуу
Бұл емдеу әдісіжұтқыншақтың жедел қабыну процесстерінде және оперативтік (тонзиллэктомия) емнен кейін қолданады.
Жұтқыншақты резеңке баллонмен жуған ыңғайлы. Ол үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Жууға жиі антибиотик ертінділері, 1-2% бикарбонат содасы, фурациллин 1: 5000,0 ерітінділері және т.б.пайдаланылады.
4.9. Таңдай бадамшасы лакуналарын жуу
Бадамша лакуналарын жуу үшін антибиотик ерітінділері және әртүрлі концентрациядағы (фурацилин 1:5000 ерітіндісімен, калий перманганаты қышқылы және т.б.) дезинфикциялық ерітінділер қолданылады. Ұшы имек канюляны 10 мл шприцке бекітеді. Канюляны лакунаның ішіне енгізіп, әрбәр лакунаны жеке-жеке дәрілік ерітіндімен жуады.
Созылмалы тонзиллитте таңдай бадамшаларын жуу емдік және диагностикалық мақсатта пайдаланылады. Жуу күн сайын немесе күнара жүргізіледі, бір курста 8-10 рет жуылады; ем алу курсы жылына 2-3 рет.
4.10 Таңдай бадамшасына дәрі-дәрмектер жағу
Таңдай бадамшаларына дәрі-дәрмектер жағу созылмалы тонзиллитте және бадамшаның тағы басқа ауруларында емдік шара болып табылады. Бұл мақсатта ұшына мақта оралған бұрандасы бар зәйтүн қолданылады. Дәрі-дәрмектер мақтаға сіңіріледі (люгол ертіндіндісі, 5% йод тұнбасы, 0,25% формалин ертіндісі және басқалары).
Манипуляция техникасы: дәрігер сол қолмен тілді (алдыңғы үштен екі бөлігін) шпателмен басады. Оң қолдың көмегімен таңдай бадамшасының беткейіне дәріні жағады. Лакунаның іші басына мақта оралған жіңішке бұрандасы бар зәйтүнмен майланады. Процедура кезінде құсу рефлексі жоғары болса, лидокаин, дикаинмен жергілікті аппликациялық анестезия қолданылады.
4.11. Жұтқыншақтан бөгде денені алу
Бөгде денені анықтау үшін ауыз қуысын және жұтқыншақтың барлық бөлімдерін маңдай рефлекторы жарық шоғырымен мұқият қарау қажет. Бөгде денені алуға (балық және ет сүйектері және т.б.) тік немесе имек корцанг пайданылады.
Жұтқыншақтың төменгі бөліміндегі бөгде денелерді алуда жергілікті жансыздандыру (10% лидокаин ертіндісі) кейін, тура емес ларингоскопия жасап немесе приборлар мен құралдарды (ларингоскоп, В.Ф. Ундрицтің директоскопы және көмей қысқыштары, корнцангпен және басқалар) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
4.12. Дәрі-дәрмектерді бадамша тініне енгізу
Таңдай бадамша паренхимасына пенициллиннің (1 000 000 Б) новокаиндағы ерітіндісін (1 мл 0,5% ертіндіде) енгізу кең таралған әдіс. Бұл инъекцияны күніне 1 реттен 5 күн жүргізеді, 2-3 күннен кейін емдеу курсын қайталауға болады. 1 мл 0,25% формалин ертіндісін, 10% гипосульфит натрий ертіндісін, кортизонды енгізуге болады.
Медикаментті енгізу әдісі: тілді шпателмен басып, бадамша паренхимасына ұзын инемен 1-1,5 см тереңдікке еніп, 2-5 мл дәрі ерітіндісін шприцпен жібереді. Келесіде дәрілік препаратты енгізгенде инъекция орнын өзгерту қажет. Инъекцияны 5-7 күн қолданады.
4.13. Жұтқыншақтан қан кетуді тоқтату
Жұтқыншақтан қан кетуді анықтау қиын емес. Фарингоскопияда жақын орналасқан мүшелердің бөлімдерін: мұрын жолдарын, өңеш және көмей кіреберістерін қарайды. Жұтқыншақтан қан кетудегі ерекшеліктер қан мөлшерінің аз болуы, қақырықтың алқызыл түске боялуы. Жұтқыншақтан қан кетудің жергілікті емі: жөтелге қарсы рефлексін жою (жұтқыншақтың артқы қабырғасына 10% лидокаин ертіндісін жағу), қабынуға қарсы шаралар (антисептиктермен немесе антибиотиктермен жуу), 50% ляпис ертіндісімен, үшхлорлы сірке немесе хром қышқылымен қан кетіп тұрған жерді күйдіру. Егер қан кету хирургиялық (аденотомия, тонзиллотомия, тонзиллэктомия) емнен кейін болса, жедел әрекетке көшу керек: аденотомиядан кейінгі қан кетуде – мұрын-жұтқыншақ қуысын қайта қыру; тонзиллотомиядан кейінгі қан кетуде– диатермокоагуляцияға, тонзиллокомпрессор қолдану, қантамырларын тігу, таңдай бадамша ойығына дәке түйіндерін енгізіп, таңдай доғаларын беттестіріп тігу.
4.14. Қыздырғыш компресс қою
Жылы (300С) жартылай спиртті немесе спирт ерітіндісіне малынған аздап сығылған, бірнеше рет бүктелген дәкені жақасты және жақарты аймақтарына қояды; дәкенің үстін су мен буды өткізбейтін материалмен (кленкалар, балауыз қағазы, целлофан) жабады, материал дәкеге қарағанда көлемі үлкен болуы керек. Үсті бірнеше қабатпен бүктелген мақта немесе фланелмен жабылады да бинтпен байланады. Компресті 6-8 сағатқа қояды.
5. Көмей, кеңірдек, бронх, өңештің ауруларындағы
қажетті тәжірибелік дағдылар
5.1. Тікелей емес ларингоскопия
Тікелей емес ларингоскопия – көмей қуысын арнайы көмей айнасымен қарау әдісі.
Қажетті құралдар: маңдай рефлекторы, көмей айнасы, спирт, ыстық су, дәкеден жасалған салфетка, жарық көзі.
Орындау техникасы. Көмей айнасын ыстық суға салып қыздыру керек. Науқастан ауызын ашып, тілін шығаруын сұрайды, дәрігер науқастың тілін салфеткамен орап, оны алға төмен қарай тартады. Дәрігер тілді сол қолының ортаңғы және үлкен саусағымен ұстап, сұқ саусағымен ерінді жоғарғы көтереді. Оң қолымен көмей айнасын жазатын қалам сияқты ұстап, жұмсақ таңдайға дейін енгізеді (56 сурет). Айна тіл беткейіне қатарлас /параллелді/ және жұтқыншақтың ұзына бойы осіне 450 бұрыш жасай орналасады. Жарық сәулесі көмей айнасына түсіріледі. Айна жұмсақ таңдайға жақындағанда науқасқа «и» дыбысын айтуды өтінеді. Дәрігер жұтқыншақтың кілегей қабығын күйдіріп алмас үшін айнаны енгізер алдында, сол қолдың сыртқы тері жамылғысына тигізіп, қаншалықты қызғанын анықтайды.
56 сурет – Тікелей емес ларингоскопияның техникасы:
а) көмей айнасының орналасуы; б) көмей айнасының қалыпы;
Ларингоскопиядағы көмейдің айнадағы көрінісі (57 сурет). Көмей үсті шеміршегі жоғарғы жағында, ожаутәрізді шеміршек - төмен, дауыс қатпарлары суретте вертикалды орналасқан. Көмей дыбыс шығару /фонация/ кезінде (науқасқа «и» дыбысын айтуды сұрайды) және тыныс алу барысында қаралады. Тікелей емес ларингоскопияда тіл түбірін, валлекуланы, алмұрт тәрізді синустарды, көмейжұтқыншақтың кілегей қабығын, бөбешікті, ожау-көмейүсті қатпарын, ожаутәрізді шеміршекті, вестибуляр және дауыс қатпарларын, алдыңғы комиссураны (дауыс байламдары арасындағы жабысу), ожау аралық кеңістігін, қатпар асты кеңістігін және кеңірдектің кілегей қабатын көруге мүмкіндік береді. Фонацияда көмей қозғалысы анықталады. Жұтқыншақ рефлексі жоғары болса 2% лидокаин немесе 10% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру қолданылады.
57 сурет– тікелей емес ларингоскопиядағы көмейдің көрінісі: 1 – көмей үсті шеміршегі /бөбешік/; 2 – жалған дауыс қатпарлары; 3 – шынайы дауыс қатпарлары; 4 – ожау тәрізді шеміршек; 5 – ожау аралық кеңістік; 6 – алмұрт тәрізді ойық; 7 – валлекула; 8 – тіл түбірі; 9 – ожау-бөбешік қатпары; 10 – қатпарастылық кеңістік (кеңірдек сақиналары).
5.2. Тікелей ларингоскопия
Тікелей ларингоскопия – көмейді тікелей ларингоскоп арқылы немесе эндоскопиялық оптикамен қарау (58 сурет).
Қажетті құралдар: ларингоскоп (С.А. Тихомиров шпателі, Д.И. Зимонт ортоскопы, универсальды В.Ф. Ундриц директоскопы немесе трахея интубациясы үшін анестезиологиялық ларингоскопы), маңдай рефлекторы, жарық көзі (соңғысы ларингоскоптың дисталды бөлігі жарық көзімен қамтамасыз етілмеген жағдайда).
C
58 сурет–Тікелей ларингоскопияның техникасы: А - зерттелушінің басы артқа қарай шалқайтылып ларингоскоптың түтігі тіл түбіріне дейін енгізіледі; В – ларингоскоптың ұшымен бөбешікті тіл түбіріне ығыстырады; С – ларингоскопты дауыс қатпары деңгейіне дейін жеткізеді.
Зерттеу әдісін науқастың жатқан немесе отырған қалпында, жергілікті немесе жалпы анестезия арқылы жүргізуге болады. Жергілікті анестезияны 2 немесе 10 % лидокаин ерітіндісін жағу, пульверизация, құю арқылы жүргізеді. Жансыздандырылады: тіл түбірі, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, бөбешік, көмей кіреберісі. Науқасқа манипуляция алдында 30-40 минут бұрын бұлшық етке 0,1% атропин ерітіндісі және 2% промедол ерітіндісі жасалады (ересектер үшін 1 мл).
Науқасты төмен орналасқан отырғышқа отырғызып, кеудесін сал алға шығарып, басын артқа шалқайтқан күйде ларингоскопия жасалады. Науқас аузын ашып тілін шығарады. Дәрігер сол қолымен тіл ұшын дәкеден жасаған салфеткамен орап ұстайды және оң қолымен ларингоскопты енгізеді. Ларингоскоптың түтігін тілдің үстіне орналастырып, содан соң тілдің түбіріне қарай жылжытады. Дәрігер тілдің түбірін төмен қарай ығыстырып, көмей мен ауыз қуысының орталық осіне бағыттайды. Көрінеді жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғасы, көмей бөбешігі. Ларингоскоп көмей бөбешігі деңгейіне жеткенде,оның ұшын бөбешіктің артына енгізіп, алға қарай жылжытады, сол кезде ожау тәрізді шеміршектер аймағы және көмейдің барлық анатомиялық түзілістерін көреміз.