Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 131

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы  беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.

Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту болып табылады. Бала психикасының дамуын зерттеудің міндеттері төмендегідей болып келеді:

  • Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.

  • Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.

  • Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.


3.Техникалық модель жасау
30 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Таным белсенділігіне қарай ұйымдастырылатын әдістер.

Тәрбие әдісі дегеніміз - Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас ж/е дербес ерекшеліктеріне тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге көмектесед

Тәрбие әдістері 4 топқа бөлінеді:

1. Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

2. Іс - әрекет ж/е қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

3. Тәртіпке іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.

4. Мінез - құлық пен іс - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру ж/е өзіне - өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдітері: Сендіру, жаттықтыру, мадақтау ж/е жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал етету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған әдістер:
Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер. Әдептілікті ж/е тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

2.Педагогикалық психология, мәні және оның міндеттері

Педагогикалық психология – жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теориялық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы.

Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 жылы “Ұлы дидактика” еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бұрын ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек XIX ғасырдың соңынан бастап қана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады.

Педагогикалық психологияның міндеттері:

оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;

оқушының әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы және пайдалануы;

оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін анықтау;

педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;

ғылыми, теориялық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;

білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін әрі қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.

3.Жиын ұғымы. Жиындардың қиылысуы бірігуі, айырмасы