Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 129

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Мемлекеттік емтихан билеті

1.Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері.

Баланың тұңғыш ұстазы оны мектеп табалдырығынан алғаш аттағананда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйреткен мұғалім. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстаз саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы, ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді. Әдетте «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабатты, білімнің тереңдігі мен жан жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады.

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп, әсірсе педагогтың ізденімпаздығын, білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі.

Психология педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н. Гоноблин, А.Н. Щербаков, Н.В. Кузымина т.б педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі:

1. Дидактикалық қабілет

2. Академиялық қабілет

3. Перцептивті қабілет

4. Сөйлеу (экспрессивті) қабілет

5. Ұйымдастырушылық қабілет

6. Коммуникативті қабілет

7. Конструктивті қабілет

8. Қолданбалы қабілет.

2.Психология пәні, психологияның салалары.

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму ж/е қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан білім салаларының бірі, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.

Оның дүниеге тұнғыш келген жері грекия. Психология гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «Псюхе» (жан), екіншісі - «Логос» (сөз,ілім) дегенді білдіреді. Сөйтіп, бұны «жан туралы ғылым» деп түсінген жөн.

Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері мен қасиеттері кіреді.

Психологияның салалары 14 түрге бөлінеді олар:

1. Жалпы психология: Психиканың жоғары жалпыланған зандарын, зандылықтары мен тетіктерін зерттейді. Оған түйсік, қабылдау, қиял, зейін, ес, сөйлеу, эмоция, темперамент т.б

2. Әлеуметтік психология: Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми н/м ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттейді.


3. Педагогикалық психология: Адамды оқыту м/н тәрбиелеу ісіндегі психологиялық зандылықтарды зерттейді.

Пед псих 2 - ге бөлінеді: 1.Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді.

2. Тәрбие психологиясы - Гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттейді.

4. Жас кезеңдер психологиясы: Психикалық процестің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратн азаматтық қасиеттерін зерттейді.

5. Еңбек психологиясы: Адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді.

6. Спорт психологиясы: Спортшылардың іс - әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым - қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын анықтайды.

7. Сауда психологиясы: Жарнамалардың психологиялық ықпалы, сатып алушылардың

мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторларын қарастырады.

8. Ғылыми - шығармашылық псих: Шығармашылық адамның жасампаздық қызметін,белсенділігін,сезімдік рөлін, ж/е т.б сипаттарын зертейді.

9. Заң психологиясы: Құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы д/п аталатын тармақтардан тұрады.

10. Көркем өнер, әдебиет псих: Әсемдікті қабылдау ж/е адам жан дүниесін байытуға арналған факторларды зерттейді.

11.Әскери психология: Азаматты ел - жұрты мен отанын қорғау мақсатында психологиялық тұрғыдан даярлайды.

12. Медициналық психология: Дəрiгер қызметi мен аурулардың мінез - құлқын зерттейді.

13. Салыстырмалы психология: Адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.

14. Арнаулы психология: Нашар көретіндер, саңырау, ауытқуы бар адамдардың психикасын зерттейді.
3.Ән үйрету әдістері.

-әнді орындап көрсету

- ән туралы әңгіме

-әнді үйрету

- мәнерлеп орындауға дағдыландыру

Әнді орындап көрсету.

мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай, әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымдыдауыспен орындап беру тиісті.

Ән туралы әңгіме.



Бұл жерде композиторлар, әннің сөзінжазған ақын, шығу тарихы,композиторөмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқада нұсқа әңгімелер айтуға болады.

Әнді үйрету.

әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолменүйретеді, содан соң шумағын түгелайтқызады, егер қайырмасы болса әріқарай да тура солай баулынады.Мұғалімүйретілген сөйлемді өзі бір рет орындапберген соң, екінші рет оқушыларғаіштерінен қосылып айтқызуғаболады,үшінші рет кәдімгідей орташадауыспен қосылып орындатады
2 Мемлекеттік емтихан билеті

1.Жаңа типтегі мектептердегі білім берудің мазмұны.

Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан жақты жетілуне толық мүмкіндік ашадығ онда піндер терең оқытылады.

Афинада 5-4 ғасырда (б.з.д) ауқатты отбасыларынан шыққан жастар 14 жастан бастап философияны, саясатты, әдебиетті палестрада (күрес мектебі), гимнасия да (кейін гимназия) оқып, мемілекетті басқаруға әрізрленген.

Гимназияда латын, грек, ана тілдері оқытылған. 1755 жылы Москва университе ті жанынан екі гимназия ашылды. Гимназияда орыс, латын, бір шетел тілі, әдебиет, математика және тарих оқытылып, балалар орта білім алды.

19 ғасырдың бірінші жартысында гимназиялар әрбір қалада болды.

Дарындылық баланың қабілетінен көрінеді:

1.Техникалық қабілет

2.Музыкалық қабілет

3.Ғылыми жұмысқа қабілет

4.Актерлік қабілет

5.Өзгеге ұқсамайтын интелект

6.Спорт

7.Әдеби дарындылық

8.Көркемөнерге қабілет

2.Психологияның зерттеу әдістері.

Психологияда қолданылатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, экспиремент (тәжірибе), әңгімелесу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.

Бақылау - Психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс - әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. М/С: Мұғалім баланың іс - әрекетін сабақ үстінде, сыныптан тыс, үй іші жағдайында үнемі бақылау жасаса, мұғалім оның оқуға, жолдастарына, өзіне ж/е үлкен адамдарға қарым - қатынасының қандай екендігін біледі. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге болады.


Тәжірибе (Эксперимент): Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғүрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын, т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

Психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын хроноскоппен, тері түйсігінің сезгіштігін эстезиометрмен, зейіннің көлемін тахистоскоппен, естуді аудиометрмен, ал бұлшық еттердің жүмысын эргографпен өлшейді.

Әңгімелесу әдісі: Бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Қойылған сұрақтарды алдын ала ойлап алған жөн. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сурақ балаларға түсінікті болу керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті түтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгіменің мүндай түрі зерттеліп отырған оқушылардың жауабын бір-бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік туғызады. Психологиялық ғылымда сауалнамалық әдіс те қолданылады. Мұнда сынаушыларға бірқатар сұрақтарға жауап жаздыртады. Ж/Е де, Психологияда өзін-өзі бақылау әдісі де қолданылады. Бүнда адам өзін-өзі тәрбиелеуде сапалық жақсы қасиеттерін дамытып, кемшіліктерін жойып отыруы керек.

3.Бейнелеу өнері пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

«Ғажайып суретшілер әлемінде» сайысы(сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.

Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.


І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

2 кезең

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

– деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік.

Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

3 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

4. Үй тапсырмасын қорғау.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс) – 5 минут уақыт беріледі.

Алдарыңызға Камзағалиева Маржанды әнімен ортаға шақырамыз.

6. Қорытынды.

Сайысты қорытындылау.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

3 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Сабақтың типтері, құрылымы.

Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортақ бір белгіні табу үшін оларды «жіктеу» керек. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырады.

Сабақ құрылымы сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекеленген кезеңдерден тұрады. Сонымен, сабақтың кешенді, қатаң құрылымы жоқ.

Сабақ типтері:

1.Дәстүрлі

2.Дәстүрден тыс

3.Аралас

М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:

1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған.

2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау.

3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.

4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл

аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).