Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 133

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.4Сын тұрғысынан ойлау технологиясы Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:1)- ассоциация;2)- бірлестік қызмет;3) көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:1)- оқу үрдісінде қызығушылық артады;5) оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;2)оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. 5Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.6. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.:1)- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;2)- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.7. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. 9. Жеке пәндік педагогикалық технология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.Мақсаттық бағыттары:1)- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;2)- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;3)- қабілетті балаларды дамыту;10. Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:1)- жан-жақты дамыту;2)- жекелікті тәрбиелеу;3)- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.11. Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.12. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.



2.Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жылдам дамитындығы байқалады. Баланың бойы өседі, салмағы, денесі өзгереді. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінде улкен өзгерістер болады. 5 жастағы баланың миы, ересек адамның миына ұқсайды.

Физиологиялық даму, баланың оқу үлгеріміне бірден-бір әсер етуші болып табылады. Баланың физиологиялық жағынан мектепке дайындығын, ағзаның негізгі функционалдық даму деңгейі мен оның жалпы денсаулығымен анықталады. Мектепке барайын деп жатқан балалардың медициналық карталарында баланың толық дамуы мен соматикалық дамуы туралы мәліметтер ішінде баланың жүйке жүйесінің жағдайы туралы жазылмаған.Бирақ, Питерлік ғалымдардың мәлімдеуінше 5-6 жастағы балардың 40-60% -ында минимальді жүйкелік ауытқулар байқалған. Мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық жағынан дайындығын көрсететін негізгі көрсеткіштер:

Дене дамуының деңгейі;

Биологиялық дамуының деңгейі;

Денсаулық жағдайы.

Мектеп жасына дейінгі баланың даму кестесі.

Денелік:
Оқуға деген жақсы, визуалды умтылысы болады;

Көптеген жағдайда саусақтарын құрал ретінде қолданады;

Олақ, асығыс сияқты көрінеді, асығыстық 6 жастағылардың негізгі ерекшелігі;

Сыныпта өте шулы, отырғыштардан құлайды;

Оң мен солын айырып үйренеді;

Шайнау белсенділігінің жоғарылауы

Қарындашты, тырнақтарын тістелейді;

Тез шаршайды, жиі ауырады;

Таза ауаны, спорт алаңда болғанды ұнатады;

Әлеуметтік:
Бірінші болғанды ұнатады;

Жарысқанды ұнатады,интузиазмға толы;

Кейде женіліп қалғанда әдепсіз көрінеді немесе әділетсіз ережелерді ойлап табады;

Қандайда бір нәрселерді жасауға тырысады, шектеулерді тексереді;

Мақтауды жақсы көреді;

Жолы болмағанға қиналады;

Қанағат алуға деген үлкен қабілеттілік, сыйлықтарды жақсы көреді;

Дөрекі моторлық қабілет;

Бұйрық бергенді, сынағанды жақсы көреді;

Оны біреу ренжіткенде тез ашуланады;

Дос улкен маңызға ие (жақсы дос болу мүмкін);

Мектеп өте маңызды қоршаған орта болғандықтан үйін алмастырады.
3.Матаны пішу және тігу
25 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.Оқушының білімді ұғынудағы сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау.

Оқу іс-әрекеті мазмұны, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну
Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі – оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі – адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты.Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелеу процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалымен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызға бейнелеуін түйсік деп атайдыТүсіну– бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылды, дәлелденіледі және бекітіледі.Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінікЖинақтау: оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру.Мұндай оқу нәтижелері жаңа маз-мұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығарма-шылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компью-терлiк бағдарлама жазу.2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тия-нақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру.

2.6 жасарлардың психологиялық ерекшеліктері.

Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.

Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады.

6 жастағы балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық етжүйесі ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата - аналар балалардың күш - қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте - бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Балалар ертегі немесе жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады.
.Негізгі іс – әрекеті- ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді.

6 жасар балада:

Ойын әрекеті жақсы дамиды.


  • Баланың ішкі сөйлеуі қалыптасады.




  • Сөздік қоры толық дамиды.




  • Мақсатқа бағытталған есте сақтауы дамиды.




  • Қарым-қатынасы,іс-әрекеті дербес.




  • Зейіні тұрақталады.




  • Көрнекі-күйі эмоциясы тұрақталады.




  • Қиялы жақсы дамиды.


3.Мәтінді есептерді шығарудың әдістемесі
26 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Сыныптан тыс жұмыс түрлері.

Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайды, оқытушы оқушылармен әртүрлі іс-әректтерді ұйымдастырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар - Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Сыныптан