Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 355
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды.
82 сұрақ
82. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БК(б)П XIV сьезі (1925 ж., желтоқсан) Индустрияландыруды бастау туралы шешім қабылданып, ол 40-шы жылдарға дейін жүзеге асырылды.
Индустрияландыру саясаты Қазақстанда табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. Шикізат көздерін игеру мақсатында Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Оның құрылысы 1927-1930 жылдары аяқталды, ұзындығы 1445 км. Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
•Елде жұмысшы табы қалыптасты.
•Алайда, индустрияландыру Қазақстанда әміршіл – әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді.
•Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіру бағытында болды.
•Республиканың қазба байлықтары орталыққа тасылды. Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді.
•Донбасстың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастама көтерді.
•Қазақстандағы алғашқы стахановшы қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев.1935 ж. желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды.Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарын қамқорлыққа алды.Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысына мәскеулік мамандар мен жұмысшылар келді.Донбасс шахтерлері қарағандыны қамқорлыққа алды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
•Қала халқы көбейді.
•1926 жылы қазақтар - 2,1%.
•Соғыс қарсаңында 16 %-ға жетті.
•1930 жылы қала халқы – 29,8 % құрады.
•1939 жылы қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты.
•Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты.
•1928 жылы – 19,8 %.
•1935 жылы – 43 %-ға өсті.
83 сұрақ
83. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады.
Ашаршылық - қазақ үшін әрқашан күрделі мәселе. Зарлаған ана, шырылдаған бала, өлексе сасыған қазақ даласы - ауылды кеңестендіру саясатының нәтижесі. Бұл зобалаң Ресейдің Поволжье аймағын, Украина мен Қазақстан халқын жайлады.
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ халқы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан азшылыққа ұшырап, өзгелерге жол берумен келді. Халықтану демография ғылымының сол ашаршылық апаттың қыр-сырларын зерттей отырып болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жылдары қолдан жасалған ашаршылықтан қазақ халқының саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926,1937 және 1939 жылдары жүріп өткен Бүкілодақтық халық санақтарының қорытынды нәтижелерін қолдана отырып, оларды өзара ғылыми түрде салыстыру арқылы үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.
Қолдан жасалған ашаршылық кесірінен 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып саналады. Ашаршылықтың негізгі себептеріне қуаңшылық, жұт, соғыс, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістер жатқызуға болады. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына халық санының күрт азайып кетуіне алып келді.
84. Сталиндік құғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
дамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді.
1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады.
Сталиннің қазақ халқының тілі мен тарихын жойып, саяси тәуелсіздігі мен егемендігінен айыруды көздеді. Осының салдарынан қазақтардың 100мыңнан астам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25мыңы атылды.
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты. 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
85. Саяси сенімсіздікпен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау- ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:
этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
86 сұрақ ю
ТАРИХ ГОС 86) 87)88)
86)Кеңестік білім беру жүйесін құру ,Арабтан латынға,кейін кирилицаға көшу .
1918ж шілдеде Түркістан АКСР -інде Халық ағарту комиссариаты ,ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетіне мектеп бөлімі ашылған еді .1919 ж желтоқсанда Ленин РКФСР- халықтар арасында сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойылды .1924 жылы ақпанда «Сауатсыздық жойылсын » қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 ж қоғамның 882 бастауыш ұғымында 77800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әлібиін жасады .
714-1929 Араб әліпби
1929-1940 Латын әліпбиі
1940-2022 Крилица әліпбиі
87)Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына ,партизандық қозғалысқа қатысуы.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.
Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерденқұралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында зор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды. ПАРТИЗАНДАР:Қ.Қайсенов,Әділ Жәріпов, Құсайынов, Егоров т.б