Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 350
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністермен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғамменметалл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстарайналып тұратын тұғырда таспалау әдісіменжапсырып жасалған. Безендіру және сапасынжақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойыпөрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-қаратаумәдениеттері.
Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбет.б.
16. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542-інші жылдан бастап кездеседі. Ғұндар империясы ыдыраған соң Орхон аймағында түркітекті теле тайпалар одағы ұйымдасты.
Бесінші ғасырдың ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестігін бағындырады. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл атау «киелі қасқыр» деген мағынаны берді. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды.
Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545-інші жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. 552-інші жылы жужандар әскерін талқандайды.
Түркілер Солтүстік Моңғолия жерінде Түркі қағанатын құрады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді.
Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты – яғбу, шад тағы басқалар құрылды. Түркі мемлекетінде қарапайым халық бұдун аталды.
Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады.
Түркі қағанатының негізін қалаушы Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке келген Мұқан қаған жужандарды талқандауды аяқтайды. Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздарын бағындырды.
Иштеми (Истеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты.
Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».
Алтыншы ғасырдың 60-ыншы жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (алтыншы ғасырдың жетпісінші жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты.
Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603-інші жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603-інші жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді. Түркі қағанаты 603-інші жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың территориясы анықтала бастады.
17. Батыс Түрік қағанаты: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Саяси тарихы.
Батыс Түрік қағанаты (Көне түркілік: Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған.
Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
Аумағы. Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды.Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түркілері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы. Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді.
18. Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.)
Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.
Түргеш қағанатының қалыптасуы. Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. Бытыраңқылық және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейеберді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батысжағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кішіордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Ілеөзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырдада тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен).Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагеріболып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлікболмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды.
Қағанаттың күйреуі. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
19. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы.
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтарқолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды.8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізгентүркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырдаЖетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалармекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саясижәне әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлытайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содансоң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірінжайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердіңде иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысыныңіргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласыныңқұрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптыңөзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшыхалықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар(алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Ілеаңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды.
Мемлекеттің құрылуы. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.