Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 349

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды.

Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағьі ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар.

Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ.

Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген. Аралтөбе қорымының диаметрі — 20 м, пішіні күн кейпінде дөңгелек, 12 бөліктен (12 айды білдіреді) тұрады.

Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.

13 сұрақ

13.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихи мәселе

Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.

Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.

Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.


Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.

Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.

“Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып: “Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” - деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады”.

Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.

Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.

Қытай билеушісін алым-салық төлеуге мәжбүр еткен. Қытай билеушісі жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.
Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: “ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші елдерге шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…” - деп жазылған.

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды.

Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.

Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.



Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.

Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.


14. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. 

 

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады ( б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген).

Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісудықосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Оларбатысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанаменұштасты. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды. Астанасы- Чигучен(Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасындаорналасқан.

Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққаталасуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайдаболып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоныӨжет, ұлы гуньмоны – Янгуйби  басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси  тарихы екі гуньмоарасындағы өзара қайшылықтарға толы болды.  

Шаруашылығы.Көшпелі және жартылай көшпелімал шаруашылығымен (әсіресе жылқышаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерініңбойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.

Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен рудәулеттілері, жасауылдар мен абыздар,  қатардағыбұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған. 

Үйсін қоғамында малға жеке   меншік жәнеқауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншікқалыптасты. 

Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарынатабыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлітұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастанбалшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстаржасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан – тамақішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық  ыдыстарболып бөлінеді. Олар алтын, мыс немесе қола сымнанбұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар  жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түстітастардан көз салу кеңінен қолданылды. Соныменқатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектенбұйым жасау ісі дамыған. 


Археологиялық ескерткіштері:Үйсінескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптепкездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызылеспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар,  Қарлақ, АлтынЕмел, Қаратума, Алтын Емел,  Талғар, Шолақжиде, Үңгіркөр, Қалқаман, Үңгір қара, Арал төбе, Ақтасобалары мен Луговое ауылының маңынан табылғанқоныстар мен 2300 м. биіктіктегі тау шатқалынантабылған атақты “ Қарғалы диадемасы” мысал болаалады. 

15. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. 

 

Қаңлылар б.д.д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестікқұрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелікбағынышты болған. Территориясы: Қаратаужотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді.  Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битяньқаласы. 

Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындақаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі – юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтеркездеседі. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерініңбасқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтардыжақтады. Б.з.б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлеріниемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліскешыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағықаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылыШығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалынсақтап қалу еді.  

Б.з.б 47-46 жж. каңлылардың билеушісіүйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі ЧжиЧжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, өзиеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өзәскерінің бір бөлігін оған басқаруға берген. Бірақ ЧжиЧжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылықжасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата алмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасындаөзара келіспеушілік пайда болады.  

Ү ғ. ортасында қаңлылардың күш-қуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді. 

Шаруашылығы.Қаңлылармал шаруашылығымен( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) жәнесуғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатарқосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған.

Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдыққұрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланыстыРу басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдербайып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатареңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, алсоғыста қолға түскен тұтқындар  құлға айналабастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпенберілді.