Файл: Жауаптары Алашы адамдарды ксібі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 311

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды. Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен қарай – Жент қаласына жеткен. Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері: Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ- ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда- саттық басты рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың

отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.
7-Билет

1. XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі

2. Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.

3. Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Жауабы:

1.XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады. Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды. Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене қатысты. 1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару- жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді. 1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы - 5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.

2.Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.

Геродот- грек тарихшысы. Б.з.б.484-425жж. өмір сүрген. Геродоттың «Тарих» еңбегі б.з.б.Vғ. 40-30жж. жазылған. Страбон-грек тарихшысы және географ. Б.з.б.64- б.з.24жж. өмір сүрген. Еңбегі- «География».

Ұқсастықтары: Екі автор да ежелгі грек тарихшылары, сондықтан олардың еңбектеріндегі ұқсастық та заңды.

1.Скиф атауы туралы: Геродот сақтарды – азиялық скифтер деп атайды, Страбон- «дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді» деп жазады.

2.Екі автордың да еңбектерінде – сақ, массагет тайпалары жайлы және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі. Геродот, массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракс) арғы жағына орналастырады. Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне –«дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар» деп көрсетеді.

3.Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот: «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі» деп сипаттаса, Страбон: «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.

4. Екі автордың еңбектеріндегі массагеттердің өмір салты, тұрмысы,наным-сенімі жөніндегі ақпараттар өте ұқсас деуге болады. Геродот: «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.

Олар егін екпейді, үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.» деп жазса, Страбон: «Жазық жерде ұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.

5.Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша: «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді десе, Страбон: «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер

; садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.

6. Массагеттердің сауыт-сайманы, қару-жарағы туралы деректер Геродот: «Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған, баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен шекейленген. Сонымен қатар, олар аттардың сауытын да мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп» деп жазса, Страбон: «Шайқас кезінде алтын белдік тағады, аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Күміс олардың елінде болмайды, темір аз, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» дейді.

7.Массагеттердің наным-сенімі туралы ақпараттар: Геродот: «Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы»- дегенге саяды» деп жазады. Страбон: «Құдай деп олар күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады» деп көрсетеді.
3.Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жошы ұлысы. Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы. Оның ұлысына шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінде қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір дректергеқарағанда, Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді. Шамасы, соңғы дерек шындыққа жақын. Өйткені, Жошының күмбезі осы өзендердің бойында тұр.
8-Билет

1. Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.

2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.

3. Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жауаптары:

1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.

Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді.

Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты

аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз


неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.
2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.

Жаңа астана туралы бастаманы президент Н.Ә.Назарбаев көтерді.1995жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы бойынша, ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім қабылданды.1997 жылы 10 желтоқсан Президенттің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.1998 жылы маусымда салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық, демографиялық, саяси себептері болды.

Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрылығының орталығы болып табылады.

Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі де еске алынды.Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден,
Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ақмола еліміздің географиялық орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасуымен экономиканы басқаруға да, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді. Халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша бір жақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік пен орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Қазақстанның солтүстігінің экономикасын көтеріп, демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағытта өзгертуге қызмет етеді. Кеңестік дәуірдегі астаналар: Орынбор- 1920- 1924жж, Қызылорда-1924-29жж., Алматы-1929-1997жж.
3.Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Үгедей ұлысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.

9-Билет

1. Сібір қазақтары туралы Жарғы.

2. Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.

3. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз.

(Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, С.Датұлы, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
Жауабы:

  1. Сібір қазақтары туралы Жарғы.

Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. ОрталығыТобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы