Файл: Оушыларды бос уаыты жне оны дрыс йымдастыру жолдары Педагогика пнінен курсты жмыс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 88
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күн тәртібін құру кезінде ескерілу керек:
-
Топтың топтастырылуы - 6-9 жас 25-бала, 10-14 жас – 30 бала. -
Лагерь төңірегінде еңбек ету уақыты:
6-9 жастағы балалар -1 сағат
10-11 жастағы балалар – 1,5 сағат
12-13 жастағы балалар – 2 сағат
Күн тәртібі
700 | Таңертеңгі ұйқыдан тұру |
705-715 | Таңертеңгілік жаттығу |
715-730 | жуыну |
730-800 | тамақтану |
800-900 | Лагерь төңірегіндегі еңбек |
900-1030 | Көңілді ойындар |
1030-1100 | Қосымша тамақ |
1100-1200 | Бос уақыт |
1200-1300 | Серуен |
1300-1330 | Түскі ас |
1400-1430 | Суға шомылу |
1430-1700 | Түстен кейінгі демалыс |
1700-1730 | Қосымша тамақ |
1730-1900 | Топтағы шаралар |
1900-1920 | Үйірмелер |
2000-2030 | Кешкі ас |
2030-2130 | Бос уақыт |
2200 | Түнгі ұйқы |
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы мен ұйымдастыру жолдарының және оның басты нәтижелерін қорытындылайық. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі- келешек ұрпақтық рухани дамуы. Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшелей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізде ұзақ мензеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан- жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта тәрбиелеу- бүгінгі күнгі мәдениет мекемелерінің алдындағы өзекті мәселесі.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін, белсенділігін, арттыратын мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке баулитын және еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен, түрлі мамандық иегерлерімен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен, т.б кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын іс- шаралар, олардың адамдармен қарым- қатынас әрекетіне, қоғамға, еңбекке, ғылым - білімге, спортқа деген қарым- қатынасын дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелейді. Жастардың еліміздің ертеңі, болашағы екені түсінікті, санаға сызат түсірмей, тәлімді ұрпақ өсіру әркімнің де басты мақсат-парызы, әсіресе мұғалімдік қызмет саласында қызмет етушілердің басты міндетіне айналуы тиіс. Осы жолда яғни бала өміріндегі сайыстың маңызы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Сайыс дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдарының ширек тасқыны келіп құйылады. Сайыс дегеніміз- бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері- 1991
2.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 2000
3.Бап-баба С. Жалпы психология. Алматы 2005ж
4. Бодалев А. Общий психодиагностика. Москва,2000ж
5. Болғамбаев М. Қазақтың спорт түрлері. Алматы, «Қайнар»-2000жыл 6.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы 2001ж
7.Жұмабаев М. Педагогика . Алматы «Рауан» 1993ж
8.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005ж.
9.Иманова Н. Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні.- Алматы,1991ж
10. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000
11.Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
12. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 2005ж.
13.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жыл.
14. Сиқымбаев И. Б. “Бос уақытты ұйымдастырудың педагогикалық негіздері” – № 2 2009., 13 – 15б.
15. Шахмұратова Қ. Ш. Балалар психологына, Орал, 2005ж.
Қосымша 1
Ата – аналарға сұрақтар:
-
Балаңыз бос уақытында немен айналысады? -
Балаңыздың бос уақытын қадағалайсыз ба? -
Ғаламторда немесе әлеуметтік желілерде балаңыз қаншалықты отырады? -
Бала тәрбиесінде жұбайыңызбен пікірлеріңіз бірдей ме? -
Балаңыз кінәлі болып қалды делік, мұндай жағдайда оның қылығы өз тәрбиеңіздің салдары деген ойға қаласыз ба? -
Сіз балаңызға қоршаған орта айтарлықтай әсер етеді дегенге келісесіз бе?
Мектептегі тәрбие ұйымдастырушысына сұрақтар:
-
Ер балалар арасында спорттық жарыстар өткізіледі. Ал қыз балалар арасында қандай жарыстар өткізілуде? -
Спорт және дене шынықтыру оқушының үйлесімді даму үшін маңызы зор дегенді мойындайсыз ба?
В. Цехонович атындағы спорт мектебінің ұстаздарына:
-
Аула клубы мен спорт мектебінде спортпен қатар қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізіледі? -
Оқушылардың білімдеріне назар аударасыздар ма? -
Спорт мектебіне оқушыларды тарту үшін мектепке келіп қандай шаралар өткізіп жатырсыздар?
Саз мектебінің ұстазына:
-
Саз мектебіне біздің мектептен қанша бала қатысады және олардың қызығушылығы қандай?
Мектеп инспекторына:
-
Балалардың құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау үшін қандай алдын алу шаралары жүргізіледі.
Ата – аналарға айтар қандай кеңесіңіз бар?
Қосымша 2
Оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған ақыл – кеңестер
-
Мақсат қойыңыз, не істеу керектігін анықтаңыз (идеялар тастау, істі барлау) -
Барлық істі, жеке тапсырмаларды кімнің қадағалайтынын анықтаңыз (штаб, кеңес, т.б.) -
Барлық жоспарланған істерді бөлімдерге бөліңіз, орындалу жоспарын құрыңыз (дайындық кезеңдері, істі өткізу) -
Істердің кезеңдерімен орындалу жөнінде тәрбиелі адамдармен кеңесіңіз. -
Шағын топтарға бөлініңіз (экипаж, команда, патруль, жұлдызшалар т.б.) -
Шағын топтар, олардың ішінде жеке балалар арасында міндеттерді бөліңіз. -
Тапсырманы қалай орындайтындарыңызды жалпы жиында, шағын топтар жиналысында талқылаңыз. -
Жұмыс шарты талап етсе, өзгерістер енгізуге болады. -
Кімнің қалай жұмыс істейтінін ескеріңіз (ең белсенді үздіктер белгісімен марапаттау) -
Істің қорытындысын шығарыңыз, барлық кезеңдердң талдаңыз, келешекке ұйғарым жасаңыз. -
Жұмыс кезінде адамдармен қатынастың негізгі ережелерін есте сақтаңыз.