Файл: Оушыларды бос уаыты жне оны дрыс йымдастыру жолдары Педагогика пнінен курсты жмыс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 314
Скачиваний: 2
Қазір мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс- тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлінуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі – қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру болып табылады. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ең басты мекемелердің бірі- мектеп. Ол оқушылардың іс- әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуын дұрыс жолға қояды. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын- ала шығармашылықпен дамуына жол ашылуы керек, яғни оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, әр түрлі бағытта дамыту керек.Оқудан бос уақытында оқушы ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандықмәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түде бағалай білу сияқты аса маңыздыәлеуметтік- педагогикалық жолдарды шешуге көмектеседі.Мектептерде оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуде әртүрлімәдени шаралар, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелер ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл- ой, танымдықсипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығушылығы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдар желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс- әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.Зерттеу проблемасы: Мектептердегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланбау себебінен оқушылардың тәртіп бұзушылық жолдарының алдын алу жұмыстарын қарастыру; Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру барысында оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік және табиғи мүмкіндіктерін ашу, ізгілікті қарым- қатынас сапаларын қалыптастыру және тұлғалық қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру .Зерттеу пәні: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдері. Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер, мектеп жағдайында оқушылардың бос уақыттары тиімділікпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың шы- ғармашылық және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік болады.
Зерттеудің міндеті: Оқушылардың бос уақытын сыныптан тыс
жұмыстарда пайдаланудың құндылығы бірқатар талаптарды орындағанда
ғана артады:
1. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану- өмірмен, тәжірибемен байланыстыру;
2. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану мазмұнын, ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие жұмысына бағындыру ;
3. Оқушының бос уақытын сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану жұмысын үздіксіз өткізу;
4. Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымы оқушыға түсінікті және жаңа әрі заманауи әдістер арқылы өткізу;
Зерттеу әдістері: Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруды анықтау бағытындағы бақылау, эксперимент, анкета, тест әдістері, сұрақ тапсырмалар, ойын тренингтер.
Зерттеудің жұмысының теориялық маңызы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда оқушылардың әрекетінің түрлері, шығармашылық қабілеттері айқындалды, сондықтан мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа,тұтынушылыққа, жағымсыз қылықтарды жою жұмыстарын жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс- шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени-ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Оқушыға бос уақытта тәрбие беру үздіксіз білім беру жүйесінің толық құқылы саласы, ол барлық оқушылар мен жасөспірімдерге өз мүмкіндігін анықтауға, сабақтан тыс уақытта бос уақытта әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, дарындылығына қарай жан – жақты дамуына мүмкіндік береді.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері мен қосымша әдебиеттері.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебі КММ.
1 ТАРАУ. ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
-
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оның формалары
жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс- шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағыжұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени- ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет. Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.б) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттың басқа түрлерінен айырмашылығы- мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.Сабақтан тыс уақытты қалай ұйымдастыруы керектігі озық ойлы адамдарды ертеден-ақ толғандырған. Босқа өткен уақыт ішінде адам қандай жұмыстарды атқара алар еді. Осы тұрғыдан біздің қоғамымызда бос уақыттың зая кетуін болдырмау шаралары қандай нәтиже беретінін анықтауды қажет етеді. Бұл- өмірдің барлық жақтарын түгел қамтитын зор міндет.XX ғасырдың екінші жартысында прогресс жедел қарқынмен дамыды.Өмір сүріп отырған дәуірімізде ақпараттың берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтыл- ған адам болып есептелінеді.Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, кейбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып- білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.Ал қазіргі уақытта ата- аналардың балаларымен қарым- қатынасы бас- қаша. Жастар еңбекке бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады және олар ата –аналарымен үнемі бірге бола бермейді. Заман ағымына сай әлеуметтік желілерге көптеп уақытын арнайды. Жасөспірімдердің дене бітімінің жетілуі тез өсуде, яғни акселерация құбылысы, сондай- ақ, кебір ата- аналар мен балалардың білім деңгейінің арасындағы айырмашылықтар қосымша қиындықтар тудырып отыр.Сондықтан барлық ата- аналардың педагогика- лық және психологиялық білімге ден қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіру айрықша маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде ата- аналардың арнайы оқу жүйесі, бәлкім мектептерде педагогикалық кеңестер ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған жұмсалған күш зая кетпесе керек. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген жастарды толғандыруда. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның қажеттілік сипатына және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам бос уақытында тау аралап, сырғанақ тебуге де, фильм немесе спектакль көруге де немесе өзі ұнататын тақырыпта реферат жазуға да не қызықты ғылыми әдеби - көркем кітап оқуға да үлгереді.