Файл: Оушыларды бос уаыты жне оны дрыс йымдастыру жолдары Педагогика пнінен курсты жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жас домбырашылар»

«Жас домбырашылар» үйірмесі мектеп оқушыларын домбыра аспабында күй тартып, ән айтуға баулу мақсатында мектепте «домбыра» үйірмесі жұмыс жасайды. «Домбырашылар» ансамблі мектепішілік, қалалық іс – шараларда өнер көрсетуде.

«Хор»

«Хор» үйірмесі 4 – 7 сынып оқушыларының құралған «Хор» үйірмесі жұмыс атқарады. Хор репертуары халық әндері, балаларға арналған әндерден құралған.

«Еркін күрес»

«Еркін күрес» секциясы. Біздің мектеп оқушылары спорт өнерінен жақсы жетістіктерге жетті. Мектепте волейбол, еркін күрес, баскетбол үйірмелері жұмыс атқарады. Мектеп оқушылары қалалық, республикалық сайыстарда жүлделі оындарға ие болып жүр.

«Қолөнер»

«Қолөнер» үйірмесі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мақсатында мектебімізде «Қолөнер» үйірмесі жұмыс атқарады. Мектеп оқушылар өздерінің қолдарынан жасаған әртүрлі бұйымдардан көрме ұйымдастырады және қалалық іс- шараларға қатысып тұрады.

Дипломалды практикасы кезінде мектеп оқушыларына көптеген сабақтан тыс сабақтар мен жұмыстар өткіздім және олардың қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргіздім.

1 «Сен бос уақытты қалай өткізесің?»

Сауалнама нәтижелері:

  1. 2,4% кітап, журналдар оқимын;

  2. 14,1% сыртта ойнаймын;

  3. 1,5% спорттық секцияларға қатысамын;

  4. 1,4% музыкалық үйірмелерге барамын;

  5. 33,2% теледидар және бейнефильмдер көремін;

  6. 10,1%бейне ойындар ойнаймын;

  7. 34,5% ойнаймын, компьютерге отырамын;

  8. 2,7% басқа да бос уақыт түрлеріне: ата – анамен қыдыру, (саябақтарға, демалыс орындарына саяхат), кітапханаға бару, достармен телефонмен сөйлесу.


35.0%

30.0%

25.0%

20.0%

15.0%

10.0%

5.0%

0.0%



2 «Сен бос уақытынды қалай өткізгенді қалайсың?»

Сауалнамалардың нәтижесі:

  1. 22,0% үйірме, музыкалық үйірмелерге, спорт секцияға бару;

  2. 6,0% Саябақтарға бару;

  3. 4,3% көрмеге бару;

  4. 2,6% кітап оқу;

  5. 40,3% достармен, ата- аналармен бірге болу;

  6. 24,8% басқа да бос уақыт түрлерімен айналысу;



45.0%

40.0%

35.0%

30.0%

25.0%

20.0%

15.0%

10.0%

5.0%

0.0%


3 «Сендер қандай мақсатта компьютерді пайдаланасың?»

Сауалнамалардың нәтижелері:

  1. 22,3% оқу үшін;

  2. 70% көңіл көтеру үшін;

  3. 30,7% ақпарат іздеу үшін

Практика кезінде бастауыш сынып оқушыларына «Шебер қолдар» атты үйірмесінің жүргізілуіне бақылау жүргіздім. Бұл үйірменің негізгі мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін өскелен ұрпаққа жеткізу және оқушыларды ұлтжандыққа, ізеттілікке, білімділікке тәрбиелеу.



Үйірмеге қатысушылардың тізімі:

Үйірме жұмысында жүргізілген бисермен жұмыс, сурет салу және ермексазбен жұмыс жасау оқушыларды қызықтырды.



4-сынып оқушыларының жұмыстары.
Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады. Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады. «Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылардың көптігін байқадым.
«Шебер қолдар» сайысы.

Тақырыбы: «Шебер қолдар» ( Сыныптан тыс жұмыс)

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық: Оқушыларға өнерге деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу.

Б) Коммуникативтік: Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.

В) Проблеманы шешу: Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту.

Әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, нұсқау беру, талдау.

Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз, түрлі- түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи материалдар, сүлгі т.б

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, балалар шығармашылығынан көрме, нақыл сөздер.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Топ намысын қорғауға

Қыздар шықты ортаға- деп, сайысымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

Сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейін.

  1. Топ: Алпанова Нұрай

Алдабергенова Жансая



Азиз Перизат

  1. Топ: Құрманғалиева Нұрбина

Жақанша Зере

Сейілханқызы Айсамал

III -Топ: Асылбекова Әмина

Беспаева Әсел

Қазиханова Дариға

Осы өнерлі шебер балалардың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1_______________

2_______________

3_______________
Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. «Кім жылдам» сұрақ- жауап.

  3. «Жалғасын тап» мақал- мәтелдерді жалғастыру.

  4. Шығармашылық жұмыс.

  1. Негізгі бөлім:

«Шебер қолдар» тақырыбында ұйымдастырушылық- танымдық әңгіме.

  1. Кіріспе сөз

  • Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс- ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздерінің ата- аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.

Тәлім-тәрбие алуда ,теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты. Еңбек үстінде адам шындалады, икемделеді, шеберлік қасиетке ие болады.

-Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз. Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен, 2 сынып оқушыларының қатысымен өтетін «Шебер қолдар» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді.

Жетістік мынау шыңына,- дей келе сайыскерлерімізге сәт- сапар тілейік.
1-Кезең: Таныстыру.

« Сәлем- сөздің анасы», әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнер- білім жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

  1. Кезең: «Кім жылдам?» сұрақ- жауап.

«Кім жылдам?» бөлімінде кезекпен экрандағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

1.Аппликация дегеніміз не?

2.Аппликацияның қандай түрлерін білесің?

3.Тігістің қандай түрлерін білесің?

4.Матаның қандай түрлерін білесің?

5.Заттық аппликация дегеніміз не?

6.Сюжетті аппликация дегеніміз не?

3-кезең: «Жалғасын тап!» мақал- мәтелдер жлғастыру.

Ата- дәстүр абырой көтергенге

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге,-дей келе мақал- мәтелдерді жалғастыру кезеңіне келіп жеттік.

  1. Өнерлі өрге жүзер

  2. Жігітке жеті өнер де аз

  3. Өнерді үйрен де жирен

  4. Ата көрген оқ жонар

  5. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

  6. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

  7. Көз қорқақ, қол батыр

  8. Еңбек түбі береке

  9. Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.

  10. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.



Сергіту сәті.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалп айтпас,

Әрқашанда нанымды

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық

Тілекші боп көңілден.

Сайыскерлеріміздің өнерімен танысайық.

4-Кезең. Шығармашылық жұмыс.

  1. Ермексазбен жұмыс.

  2. Қағазбен жұмыс

  3. Түйме қадау.


Қажетті құрал- жабдықтарын түгендеу. Қауіпсздік ережесімен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру. Құрал- жабдығымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз. Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек. Әрқайсысы өзнің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.

Оқулықта көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер. Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңыз.

Қорытынды:

Кімдер шешен, кім іскер білейікші

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші

Қазыларға тек қана әділдікті

Ал сайскерге тек сәттілік тілейікші- деп, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасына сөз беру.

Марапаттау.

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.



    1. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлері


Бүгінгі қоғамда «қиын» балалардың көбею себептерінің бірі, балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылуынан екендігі айқын болып отыр. Әсіресе балалардың жазғы демаласын сәтті өткізу үшін балалар лагерін кеңінен ұйымдастыру өмір талабы. Өсіп келе жатқан бала- лар мен жасөспірімдердің қызығушылықтары, қажеттіліктері,дүниетаным- дарының кеңдігі тәлімгерлерден жазғы балалар мен жұмыста әр түрлі іскерлік, танымдық шығармашылық ойындарды ұйымдастыра білуді қажет етеді.

Адам еңбек және қоғамдық іс - әрекет кезінде көптеген рухани және дене күштерін шығындайды. Ал бос уақыт кезінде осылардың орнын толтырады. Оқушылардың негізгі іс - әрекеті оқу болып табылады. Оқу процесі кезінде баланың дене және психикалық күштері шаршайды. Жазғы демалыс балалардың дене, психикалық күштерін шындайтын, рухани күшін байытатын, қуанышы мол, қызықты сәт. Жазғы балалар демалысын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды мәселе.


Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 24 бабында:«Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білім алумен бірге демалу құқығы» делінген. Өмір өзгеріп, заман жаңарып, еліміз дамудың жаңа жолына түскен кезде ұстаздар алдындағы міндет ауырлай түсетіні түсінікті. Басты міндеттердің бірі әрбір баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және демалыс сәтінің дұрыс өтуін көмектесу.

Лагерь өмірі балаларға табиғат пен қарым- қатынас жасауға мүмкіндік беріп, өз құрбыларымен топ ұжымда өмір сүруге үйретеді.
Лагерьдің негізгі мақсаты:

  1. Балалардың көңілін көтеріп, демалысын ұйымдастыру.

  2. Балалардың денсаулығын шынықтыру, шындау.

  3. Әртүрлі шаралар, бағдарламаларды, баланың қызығушылығына, қажеттілігіне қарай ұйымдастыру.

  4. Баланың өз қабілетін, жеке белсенділігін ашуға мүмкіндік беру

  5. Салауатты өмір сүруге баулу.



Лагерьде өткізілетін ойын түрлері

Қимыл- қозғалысты қайталайық.

Тәлімгер күні- бұрын балаларға өзінің жасайтын қимыл- қозғалысының шартты белгілерін айтып қояды. Мен қолымды бір көтергенде сендер қолдарыңды 1 рет соғасыңдар. Қолымды партаға қойғанда, аяқтарыңды еденге соғасыңдар, ал қолымды түсірсем, қолдарыңды 3 рет шапалақтайсыңдар.

Дауысты тап

Тәлімгер бір баланы шығарып, отырған балалар орнынан 2- 3 сөз айту керек. Мыс: «Бүгін күн ыссы» т.б Тақтада теріс қарап тұрған бала кімнің дауысы екенін анықтайды.
Кім зейінді

Жарты шар тәрізді етіп тұрғызып қойып, түрлі қимылдар жасайды. Бір оқушы теріс қарап тұрып, қайта қарағанда оқушылардың өзгешелігін табу керек.

Және де тағы да басқа ойын түрлері бар, мысалы: «Атыңды ата», «Математика», «бБұл мен», «Дауысты тап», «Жіппен ойна».
Лагерьдегі күн тәртібін ұйымдастыру жұмыстары

Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл- ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз- демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды пайдалану.
Күн тәртібіне қойылатын талаптар:

-баланың жас ерекшелігін ескеру

-тәртіп сәтінің тұрақтылығы.
Күн тәртібінің бұзылуы бала денсаулығына, мінез- құлқына әсер етеді. Дұрыс жасалған күн тәртібінің гигиеналық, педагогикалық маңызы үлкен. Ол күн сайын қайталанып отырып, бала организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді. Іс- әрекет қайталанып отырған соң шаршаудан сақтандырады.