Файл: Оушыларды бос уаыты жне оны дрыс йымдастыру жолдары Педагогика пнінен курсты жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 87

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бос уақыттың пайдалануы көп ретте жеке адамның өндірістегі іс - қызметі мен ол жүзеге асыруға атсалысатын мәселелерге тәуелді және белгілі бір ұжымның сол адамға деген талап- тілегімен айқындалады. Бос уақыттығы әрбір іс – әрекет, қимыл ( мақсатсыз демалыстан басқасы) осы екі міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу, дене шынықтырумен шұғылдану- тынығумын қатар, жеке адамның этикалық тәрбиесіне де игі әсерін тигізеді. Бос уақытта қандай тиімді жұмыспен айналысуға болады?

Мұнда ең алдымен қоғамға пайдалы шығармашылық іспен шұғылдануға, материалдық жеке рухани байлықтарды ( техникалық творчество, өзіндік білімдерін жетілдіру, қоғамдық жұмыстармен, алаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналар ( кітап, газет – журналдар, театр, телевизорлық хабарлар,т .б) пайдалануға болады. Адамның өзін- өзі толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін, ептілігін ұштауы, адамгершілік қасиеттердін жан- жақты қалыптастыруы, эстетикалық жағынан дамуы үшін адамға, қоғамға пайдалы қызмет етудің тигізетін ықпалы зор.

Бос уақытта демалыстың кең тараған түрлерімен- туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның

эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін биіктете түседі.

Бос уақытта адам бойындағы көркемдік бастаманы көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай түсуге болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы ақпарат пен насихат құралдары көмегі арқасында қанағаттандырылуда.

Дене тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты мәнді өткізудің бірден –бір тиімді жолы. Өйткені адамның жан- жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше. М.Жұмабаевша айтқанда «Сау жан сау денеде ғана болады» деген.

Бос уақытты тиімді пайдалану әр оқушының қалауынша жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені бұл әлеуметтік мәселе.
Оқушының бос уақытын ұйымдастыру формалары.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін- ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі.Сондықтан да бала тәрбиесіне адамзат үлкен

мән берген.Тәрбие беру тек оқытумен шектелмейді,сонымен қатар сабақтан

тыс уақытта да жалғасып жатады.

Болашағымызға сапалы білім беріп, саналы тәрбиелеу үшін мұғалім- дер әр түрлі әдіс- тәсілдерді шеберлікпен қолдануға тиіс.

Оқушы бос уақытын пайдалы өткізуде тәрбие жұмысынын бірден бір ерекшелігі –олар оқушылардың өз еркімен қатынасып, ұйымдастыруында.

Екіншіден, оқушыларға оқытатын міндетті бағдарламалардан тыс,оның өткізу әдіс- тәсілдері оқушылардың ұсыныс- тілектеріне сай, жергілікті жағдайға байланысты өткізіледі.


Үшінші бір ерекшелігі- әр түрлі сыныптар арасында өткізіліп, жас ерекшеліктеріне шектеу болмайды.

Төртінші ерекшелігі- бала қабілетіне, ынта- жігеріне қарай өздігінен жұмыс істейді. Әрине оған бағыт- бағдарды мұғалім жүргізіп отырады, оқушы өзі ұйымдастырады.

Бесінші ерекшелігі- қазіргі таңда қоғамдық – пайдалы қызметінің рөлінің өсуінде.

Алтыншы ерекшелігі түрі мен әдістемелерінің көптігі. Олар: диспуттар, конференциялар, ертеңгіліктер, викториналар, т.с.с Сыныптан тыс жұмыс- тардың бірден – бір міндеті - өмірмен тығыз байланыстылығында. Сондықтан баланың шама- шарқына сай нәтижелі жұмыс жүргізу керек.
Сыныптан тыс жұмыстың бір түрі - ертеңгіліктер.

Бастауыш сыныптар аралығында «Әдебің қалай?» атты ертеңгілік өткізуге болады. Ондағы алға қойылатын мақсат – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сөйлеу тілін жетілдіру.Өмір ағымында, күнделікті өмірде жиі кездесетін сөздерді пайдалана отырып, сценарий құрастыруға болады. Мысалы: мынадай тақырыптарда балалар өз білімдерін тексерді: «Танысу» «Асханада», «Транспортта», «Мектепте», «Сыпайы сөз», т.с.с. Мұндай сценарийдің мәні зор. Өйткені балалар ойын түрінде «Сыпайы бала» мен «Әдепсіз баланың» қандай болатынын түсініп, дұрыс жүруге дағдыланады.

Сыныптан тыс жұмысқа балалар өздігінен қатысу үшін баланың қызығушылығын сабақта оята білуі керек.

Сыныптан тыс жұмыстарды халық педагогикасының элементтерін пайдаландым. Қай қоғамда болмасын ғалымдар халық педагогикасына көп көңіл бөлген, мән беріп отырған.

Сабақтан тыс жұмыстардың ең негізгі талабы - оның әр оқушыға қолайлы және орындай алу мүмкіндігінің болуы. Орындай алмайтын сабақ өз нәтижесін бермейді.Әсіресе берілетін ақпараттың әр оқушыға ыңғайлы және қолайлылық мүмкіндігінің болуы маңызды.

Екінші сыныптарда балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, халық педагогикасының жеңіл түрін қолданған жөн.

Сыныптарда «Халық дәстүрлері» атты үйірме жұмыстарын халық педагогикасы негізінде жүргізіледі. Бұл үйірмеде балалар қазақ халқының салт- санасы туралы көптеген мағлұматтар алып, пәнге, туған жерге деген қызығушылығы артып, әрбір ұлттың салт - санасын сыйлауға үйретіп, сүйіспеншілігін артуы көзделеді.

Қазақ халқы қай ғасырда болса да бала тәрбиесіне көп мәнберген. Соның айғағы салт- дәстүрімізден көруге болады.Үйірме жұмысында баланың шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үйленгенге дейінгі тәрбие жолын көрсететін салт- дәстүрлермен танысады. Олар: «Бесік жыры» - баланы бесікке салу тойы қырқынан шығару тойы, «Тұсау кесу» - баланың тұсау кесу тойы «Сүндет той», «Тіл ашар», т.с.с салтымыз әр алуан. Соның бірі « Бесікке бөлеу» «Бесік жырын айту».



Оның тәрбиелік мәні баланың денсаулығына пайдасы жайлы, баланы бесікке қалай бөлеу жайлы толық түсініктеме беріліп, шағын мәтіндер оқытып, практикалық жолмен көрсетіледі. Нәтижесінде балалардың қызығушылығы артып, олар «Бесік жырын» жаттайды, әуеніне салып айтады.

Қазіргі кезде мемлекеттік тілге деген көзқарас ерекше.Қазіргі жас ұрпақ оны жақсы түсінеді. Осы тілде оқушыларды сөйлету мақсатымыз болғандықтан, сыныптан тыс жұмыстарда білім сайысының, әсіресе, «XXІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыстың орны ерекше.

Тіл мен тарих – «егіз ұғым». Тілді тарихсыз, тарихты тілсіз елестету мүмкін емес, сондықтан білім сайысында балалардың тіл туралы, Отан туралы, туған жер,Республика туралы қазақ тілінде қаншалықты білетіндігі сыналады. Сайысқа түсу үшін дайындық керек.

Оқушылар сабақта өтілген материалдарды қайталап, газет-журналдардан алған мәліметтерін есте сақтау сияқты дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Мұғалімнің міндеті:

  • оқушыларға сайыстың тақырыбын ұсынып, бағыт- бағдар беруі керек,

дайындалу жолдарын көрсетіп отыруы қажет. Ол үшін үздіксіз жұмыс жүргізіп отыру керек.

Халық педагогикасының бір түрі - «жаңылтпаштар». Ол балаларды қазақша ойлап, тілдері жаттығып анық болуға, жылдам ойлап, жылдам сөйлеуге баулиды. Жаңылтпаш айтқызудың бір ұтымды жағы- баланың қызығушылығы оянып, жаңа сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде мақал- мәтелдерді кіргізудің мәні зор. Әрине, мақал - мәтелдер өмірлік тәжірибеден өткен, сан ғасыр сүзбесінен сүзіліп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні екенін, халық өмірінен ғибраттық алатын орны ерекше екенін түсіндіріп отыру қажет.

Тарихымыздан белгілі билер, шешендер, қазіргі сот- әкімдер дау- дамайлардың бәрін осы халық педагогикасының бір тармағы - мақалдар негізінде шешіп отырған. Сондықтан балалардың ойлау,сөйлеу қабілетін арттыру үшін мақалдарды көптеп жаттаттырған жөн.

Сонымен қатар білім сайыстарында викториналық сұрақтар, сөзжұм -бақтар, ребустарды пайдаланудың маңызы зор. Сұрақ- жауап арқылы балалар ел мәдениетінен, әдебиетінен, саясатынан хабар алса, сөзжұмбақ, ребустар арқылы ой- өрістер дамиды.

Мінекей, сыныптан тыс жұмыстардың міндеті жан- жақты жалықпай жұмыс істеу. Жаңаша жұмыс жүргізу - баланың ынтасын жоғалтпай, ерінбей жұмыс істеуге баулиды. Ол үшін мұғалімнің іскерлігі, біліктілігі тәжірибесі керек. Қорыта келгенде, өз ойын қазақша дамыта алатын, елін, жерін, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеу, біздің қасиетті борышымыз.



1. 2 Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану ерекшелігі
Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп қоймайды, ол сабақтан бос уақытта жалғасады, тереңдетіледі. Оқыту процесі кезінде тәрбиенің күделі жан- жақты міндеттерінің барлығын шешу мүмкін емес. Әртүрлі сыныптан тыс бос, мектептен тыс жұмыстар қажет.

Сыныптан тыс жұмыстарға сабақтан тыс кезде оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімдік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Бос уақытта оқушыны жан- жақты дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың оқу сағаттарының бірқатар ерекшеліктері бар:

Бірінші ерекшелігі - еріктілік негізінде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды. Өз қызығушылығы, қабілетіне қарай әртүрлі үйірмелерге жазылып, өз қалауымен сабақтан тыс уақытта жеке және көпшілік жұмыстарға қатысады. Еріктілік сыныптан тыс жұмыстар түрлерін таңдауға болады.Педагогикалық және оқушылар ұжымының міндеті - сыныптан тыс жұмыстарға барлық оқушыларды тарту. Бұны ешқандай күш қолданусыз жүргізу керек. Көптеген оқушы- лардың сабақтан тыс кезде өзімен- өзі болып, сыныптан тыс шаралардан тыс қалуына жол беруге болмайды.

Екінші ерекшелігі – міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары,оқушылардың қызығушылығына, сұраны- сына байланысты болады.

Үшінші ерекшелігі – сыныптан тыс жұмыстарға қатынасатын оқушы- лардың жас ерекшелігінің әр түрлілігі.Мысалы, мектеп хорына, үйірмелерге әртүрлі жастағы балалар қатынаса алады.

Төртінші ерекшелігі –сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе оқушыларға өз бетімен істейтін жұмыстар беріледі.

Бесінші ерекшелігі – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, қоғамдық пайдалы іс- әрекетке үлкен орын беріледі.

Алтыншы ерекшелігі - Сыныптан тыс бос уақытта жұмыстың формасының, әдісінің әртүрлілігі.
Сыныптан тыс шаралардың түрлері

«Дистанция» ойыны.

Бұл ойын шығармашылық, танымдық сайыстар жиынтығы, мақсаты әрбір балаға, әрбір сыныпқа ата - аналармен бірге отырып, сайыста өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін көрсетіп, сынып ұжымының нығаюына ат салысу. Ойынға әр сыныптан құрылған командалар қатынаса алады. Ойын- ға қатынасушы командалар күні бұрын, қандай сайысқа қатынасатындығы жөнінде ұсыныс түседі. ( Сайыс тапсырмасы айтылмайды