Файл: Оушыларды бос уаыты жне оны дрыс йымдастыру жолдары Педагогика пнінен курсты жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 90

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де мені жанымда жүреді. « Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қоқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысты ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады. Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу- білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі-мұғалімдер емес пе?!

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр», -деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені – мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.

Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Ең бастысы, оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтың өз әрекетіне ішкі мотивтері мен щығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде. Жастардың бүгінгі білімі- ертеңгі капиталы болатындай
, ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірл і қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.

Оқу - тәрбие үрдісінде әрбір шара ата - аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата- ананың балаға өнегесі- барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата- аналарды оқу- тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтыны ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата- аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күші - мізді саламыз.

Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты- оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында бала ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын тандайды ақпарат алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін- өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік- педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығу мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметті тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай- ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағай жасалған. Әрбір ата- ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой – өрісі мен іс- әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға ; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттар,спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана - сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан- саналы процесі. Тек мектеп қана емес, сондай- ақ бүкіл шындықтың болмысы- жанұя, қоғам, радио, театр, кино, теледидар- барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады. Міне, сондықтан да мектеп оқушыларының тәрбиедегі күрделі де сан- алуан мәселелерін шешкен кезде тек сабақтар мен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шындап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбие- леуіне, мінез - құлқындағы, ағаттықтар мен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.



А.С. Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ деп тұжырымдаған «теорияны» қалай келеке еткендігі бұрыннан белгілі. Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алды. Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе инициативасымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата- аналарға шаруашылық жағынан көмектес- уге және т.б тура келеді. Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті, шеберлік пен дағдыларды талап етеді. Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс- әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында. Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т.б түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет. Ғылыми - зерттеу институт- тарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибе- мен техникалық шығармашылықпен шұғылданып, өлкетану жорықтарына , спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдыларын, белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыта түседі. Мектепте көркем еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұрыс ұйымдастыру және жасау балалардың еңбекке тәрбиелеудегі олардың рөлі аса зор болмақ. Бұл істе оған мектеп мұғалімдерінің көмегі өте қажет. Көркем еңбек пәні бойынша әр түрлі үйірмелер( пішу және тігу,аспаздық, қолданбалы өнер т.б ) оларды қызықты және үлкен жауапкершілікпен үйірме жетекшілердің өткізуі- оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің маңызды құралы. Және де үйірмелер оқушылардың білімдерін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, істің шебері болуына ықпал етеді, олардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылады.

2 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1. Оқушының бос уақытын ұйымдастыратын мекемелердің жұмысы

Оқушылар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдас -тыратын негізгі орталық база - мектептен тыс мекемелер. Оқушылармен мектептен тыс жұмыстарды жүргізетін мекемелер мемлекеттік, қоғамдық және жеке болып ұйымдастырылады. Сыныптан тыс мекемелер өсіп келе жатқан адамға көмектесетін, жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық қажеттілігін қанағаттындыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастыратын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады.

Оқушыға бос уақытта тәрбие беру үздіксіз білім беру жүйесінің толық құқылы саласы, ол барлық оқушылар мен жасөспірімдерге өз мүмкіндігін анықтауға, бос сабақтан тыс уақытта әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, дарындылығына қарай жан – жақты дамуына мүмкіндік береді. Мектептен тыс алғашқы мекеме 1918 жылы Москвада «Жас табиғатты сүюшілер» станциясы ашылды. Мектептен тыс мекемелердің кеңінен дамыған кезеңі 20 – 30 жылдар. 30 – 40 жылдарда мектептен тыс мекемелер дің жаңа комплексті түрлері пайда болды: пионерлер үйі, балалардың мәдениет үйлері, балалар паркі, жас техниктер станциясы, балалар кітапханалары т.б. Бірте – бірте ұйымдастырудың түрлері мен әдістері жетіле бастады, мектептен тыс мекемелердің негізгі ерекшеліктері, педагогикалық талаптары анықталды. Мектептен тыс мекемелердің негізгі ерекшелігі оқушының белсенділігін, жеке іс – әрекетін, шығармашылығын дамыту, қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай әртүрлі шараларға қатыстыру.

Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:

-Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

-Адамгершілік қасиеттерін дамыту;

-Ұлттық мәдени дәрежесін көтеру;

-Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау;

-Еңбекке баулы, кәсіби бағдар беру;

-Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу;

-Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту.

Мектептен тыс мекемелер тізімі:

-Мектептен тыс мекемелер оталығы;

-Балалардың шығармашылық үйі;

-Балалар мен оқушылар сарайы;

-Оқушылардың экологиялық орталықтары;


-Жас натуралистер станциясы;

-Жас техниктер станциясы;

-Балалардың туризм және экскурсия орталықтары;

-Балалар мен жасөспірімдердің спорт сарайы;

-Балалар стадинодары;

-Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері;

-Эстетикалық тәрбие орталықтары;

-Балалардың мәдениет сарайлары;

-Балалардың сурет галереялары;

-Музыка, өнер мектептері;

-Сауықтыру және еңбек лагерлері;

-Балалардың кітапханалары;

-Балалардың автоқалашықтары;

-Әртүрлі клубтар;

-Балалар бөлмелері және т.
Мектептен тыс мекемелердің жұмысының мазмұны төмендегі бағытта жүргізіледі.

- Нұсқау – әдістемелік жұмыстар;

-Ұйымдастыру – көпшілік жұмыстар;

-Үйірмелік жұмыстар;

Мектептен тыс мекемелер оқытушыларға сынып жетекшілерге,

үйірме жетекшілеріне түрлі әдістемелік нұсқаулар ұйымдастырады. Мектептен тыс мекемелер мектептен тыс жұмыстардың тәжірибесін зерттейді, толықтырады, әдістемелік көрмелер ұйымдастырып, нұсқаулар құрастырады. Мектептен тыс мекемелер балалармен әдеби музыкалық кештер, байқаулар, сайыстар өткізеді.
2.2 Жапсарбаев атындағы орта мектебінің сыныптан тыс ұйымдары
Қаңтар-наурыз айлары аралығында Жапсарбаев атындағы орта мектебінде мемлекеттік дипломалды практикасынан өттім. Мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі үйірмелер жұмыс атқарады.

Үйірмелердің мақсаты:

  • Балалардың бойындағы өнерлерін дамыту;

  • Оқушыларды жан – жақты жетілдіру;

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Қоғамда өмір сүруге бейімдеу;

  • Мектепішілік іс – шараларға белсене қатысу;

  • Оқушының бос уақытының ұтымды ұйымдастыруға баулу;



Мектептегі үйірмелер түрлері:

«Жас инспекторлар»

«Жас инспекторлар» үйірмесі «Жолда жүру ережелері» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары, лездемелер, кездесулер өткізіліп, сауалнамалар алынып тұрады. Ортаңғы буын оқушыларының қатысуымен «Жолда жүру ережесін білесің бе?», «Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік» атты тақырыптарда викториналар, ситуациялық жағдайлар талқыланып, әңгімелер өткізіліп тұрады.