Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 695
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақтығы - 40 минут Тыңдалым - 10 минут Оқылым - 10 минут Жазылым - 20 минут Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Тапсырма_түрлері'>Балл саны - 30
Тапсырма түрлері Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар. Көп таңдауы бар сұрақтар. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмаларға сипаттама | Тапсырмалар түрлері | Орындау уақыты, мин | Балл |
1 – 3 4-7 | 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау; 6.1.3.1 – тұрмыстық әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну; 6.3.1.1 – мәтіндегі негізгі, жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі жағдаяттармен байланыстыру; 6.3.3.1-орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру. | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.Бірінші тапсырмада мәтінді тыңдап негізгі тірек сөзді анықтайды. Екінші тапсырмадамәтінде кездесетін сөйлемдерді белгімен белгілейді ). Үшінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша сұраққа толық жауап береді, ойын 3 сөйлеммен береді Тапсырма жеке орындалады. Бірінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпаратты ажыратады. Екінші сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырады. Үшінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Төртінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай сөздерді сәйкестендіреді. | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар | 10 10 | 5 5 |
8 | 6.5.1.5 –етістіктің шақтарының қызметін білу, ауызша, жазбаша жұмыстарда қолдану; 6.4.3.1 - жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу; 6.4.5.1- жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу. | Тапсырма жеке орындалады. .Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілері, етістіктің шақтарының орынды қолдануын бағалайды | Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар | 20 | 10 |
9 | 6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту; 6.2.5.1 – коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру. | Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды) Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айтукерек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқу шының балы бір-біріне тәуелді емес | Ауыша толық жауапты қажет ететін сұрақтар. | Айтыл ым сабақт ан тыс тексер іледі, әр білім алуш ыға 2 минут беріледі. | 10 |
Барлығы | | | | 40 мин | 30 б |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым
Мәтінді мұхият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Мамандық – адам баласының өмірлік серігі. Адам баласы өмірде екінәрседен қателеспеуі керек
. Бірі – жар таңдау болса, енді бірі – мамандық таңдау. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.
(117 сөз)http://go.mail.ru/redir?src=64c824&via_page
1.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А) еңбек сұранысы
Ә) кәсіп түрі
Б) мамандық таңдау
В) өмірлік серік [1] 2.Мәтінде кездесетін сөйлемдерді белгімен белгілеңіз. )
Өмірде өкінетіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.
Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Мамандық - адам баласының бір күндік серігі.
1
3.Мәтін мазмұны бойынша сұраққа толық жауап беріңіз.
Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие? Ойыңызды 3 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[3]
Оқылым
Ыбырайымов Ермахан - 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиадада алтын медальға ие болған атақты боксшы. Ол 1972 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Бокспен 13 жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады. Алғашқы бапкері - Б. Қарсыбаев. Алматыдағы Спорт интернатта Х.Дүсіповтің, Қазақтың мемлекеттік Ұлттық университетінде Ә.Нұрмахановтың жетекшілігімен жаттықты. 1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен ХХҮІ жазғы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері болды. 1999 жылы Aзия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. 2002 жылдан бері бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері. Сидней олимпиадасындағы жеңісі үшін бірінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
1.Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпаратты ажыратыңыз.
р/с | Ақпараттар | дұрыс | Бұрыс |
А. | Е.Ыбырайымов Атланта қаласында өткен Олимпиада күміс медальға ие болған атақты боксшы. | | |
В | 1996ж Атлантада өткен ХХХҮІ жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері. | | |
С | ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. | | |
[1]
2.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3).
Мәтіндегі ақпарат | Реті |
Сидней олимпиадасындағы жеңісі үшін бірінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. | |
Бокспен 13 жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады. | |
Алғашқы бапкері - Б. Қарсыбаев. | |
[1] 3.Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
Белгілі_____________________________ [1]
Бірінші ____________________________ [1]
4.Мәтін мазмұнына сай сөздерді сәйкестендіріңіз.
1 | атақты | А | Дәрежелі |
2 | Бірінші | Ә | Шебері |
3 | Спорт | Б | Боксшы |
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді орындs қолданыңыз. 1.Болашақ мамандықтар. Мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз. 2.Жер байлығына аяулы көзқарас.«Жер – Анаға қамқорлық жасайық» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңдар. [10]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалаог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [5] Ұсынылатын тақырыптар:
1.Мамандық таңдау –ертеңді ойлау дегенмен келісесіз бе?
2.Ұлы жібек жолының өткен жерлерін айтыңыз.
3.Олимпиада жеңімпаздары туралы не білесіз?
4.Жер –Ана адамдарға өте ашулы.Неге?
Балл қою кестесі
Дағды | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | Жалпы балл | |
Білім алушы | |||||
Тыңдалым | 1 | Б | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | 5 |
2 | Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | ||
3 | Ықтимал жауап | 3 | Оқушы жауабы ескеріледі | ||
Оқылым | 1 | С-дұрыс | 1 | | |
2 | Бокспен 13 жасында Тараз қаласында шұғылданабастады Алғашқы бапкері-Б.Қарсыбаев Сидней олимпиадасындағы жеңісі үшін бірінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі | ||
3 | Атақты,алғашқы | 2 | Оқушы жауабы ескеріледі | 5 | |
4 | 1-б,2-а,3-ә | 1 | | ||
| | |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
9-10 | Өте жақсы Екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Сөздерді орфографиялық нормаға сай өте жақсы жазады, қосымшаларды дұрыс жалғайды, жазба жұмысында етістіктің шақтарын, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді өте орынды қолданады. | Өте жақсы Грамматикалық, пунктуациялық тұлғаларды өте жақсы қолданады. Айырым қателері қиындық тудырмайды. |
7-8 | Жақсы Екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындауда сөздерді орфографиялық нормаға сай жақсы жазады, қосымшаларды дұрыс жалғайды, жазба жұмысында етістіктің шақтарын, сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Кейбір қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
5-6 | Қанағаттанарлық Жазба жұмысын орындауда, орфографиялық нормаға сай ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3-4 | Төмен Жазба жұмысын орындауда, орфографиялық норманы сақтауы төмен, ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп, ойды түсінуге кедергілер бар |
1-2 | Өте төмен Жазба жұмысын орындауда, орфографиялық норманы сақтамайды, ойын жеткізе алмаған.. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |