ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 159
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескертуде онда ақаулық анықталған километрдің алдындағы километр шегінде тоқтау туралы және одан әрі поезға ілесіп жүрген немесе қауіпті жер ауданында орналасқан қызметкердің нұсқауы бойынша жүру туралы көрсетіледі.
Поезға ілесіп жүрген қызметкер келесі поездардың өтуін белгілейді, ал қажеттілігі кезінде поездарға ескертулер беру туралы өтінім береді.
Темір жол көлігі кәсіпорындарының ескертулер беру туралы бұйрықтары тиісті бөлімшелердің бастықтарына жіберіледі және оларға ескертулер орнатылатын учаскелерге қызмет көрсетумен байланысты поездық диспетчерлерге, машинист-нұсқаушыларға, поездық машинистерге, станциялар бойынша кезекшілерге, жол шеберлері мен жол бригадирлеріне қол қойғызып хабарланады.
Бұл бұйрықтар станциялар бойынша кезекшілер мен локомотив деполары бойынша кезекшілер жайларында ілінеді, сондай-ақ ескертулер кітаптарына желімделеді, ал олардан үзінділер поездық локомотивтер машинистеріне беріледі.
Локомотивтік деполардың директорлары бұйрықты алумен үш тәулік мерзімде ескертулерді беру станцияларының бастықтарын локомотив бригадаларының темір жол көлігі кәсіпорындарының бұйрықтарымен танысқандығы туралы хабардар етеді, сонан кейін поездарға арналған жазбаша ескертулерді беру тоқтатылады.
Локомотив бригадалары жолда ескертулер мен сигналдардың болуына қарамастан нөсер жауындар кезінде Ұлттық темір жол компаниясының арнайы бұйрығында көрсетілген қауіпті жерлер бойынша өту кезінде ерекше қырағылық танытады және қажеттілігі кезінде жылдамдықты төмендетеді.
4.3.Жұмыс өндірісі кезінде поездар қозғалысын қамтамасыз ету
Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде қос жолды аралықта поездар дұрыс жол бойынша поездардың аралықты жүріп өтуі үшін кесте бойынша тиісті олардың уақытын шектеумен, егер байланыс үзілген сәтте бұғаттау тиісті бағытқа орнатылған болса 3 минут қосумен жөнелтіледі.
Егер станция бойынша кезекшіге сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін дұрыс емес жолмен көрші станциядан поездарды жөнелтуге келісім берілсе, онда осы поездың станцияға келуінен кейін дұрыс жолмен бірінші поезды жөнелтер алдында станция бойынша кезекші аралықтың қарама қарсы поездардан бос екендігіне көз жеткізеді.
Байланыс үзілгенге дейін станциялар арасында аралықтың бөлек пункттері ретінде әрекет ететін жол постыларының болуы кезінде, бұл постылар байланыс үзілген кезде де іс-қимыл етуші болып қалады.
Бұл жағдайда поезды жөнелту кезінде станция бойынша кезекші жол постысына дейін бұрын ертерек жөнелтілген поездың келуі үшін кесте бойынша 3 минут қосылған уақытты күтеді және поезға алғашқы кездесетін жол постысына дейін поездың жүруіне рұқсат етеді.
Дұрыс емес жолмен жөнелтуі қажет қалпына келтіру (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамының), өрт поезды немесе қосымша локомотивті жіберу туралы талапты алған соң станция бойынша кезекші осы жолдың поездардан бос екендігіне көз жеткізуге міндетті (станциядан көмек жіберуге қажетті жерлерге дейін).
Сигнал беру және байланыстың тиісті құралдарын қалпына келтірген соң байланыстың осы түрлері бойынша поездардың қозғалысы поездық диспетчердің бұйрығы бойынша, ал диспетчерлік байланыс болмаған кезде - әрбір станцияның ол үшін дұрыс жолы бойынша қайта жалғастырылады.
Қорытынды
-
Поезд қозғалыс қауіпсіздігін басқару және бағалау үшін, көбінесе, кешенді көрсеткіштер дәл келеді. Көрсеткіштердің қысқартылған жинағы түрінде белгілеу ұсынылады: техникалық құралдардың үздіксіз жұмысының мүмкіндігі, даярлық коэффициенті және істен шығудың атқарымы.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде негізгі басқару құралы ретінде жахдаятты орталықты пайдалану болжанады. Оның негізгі міндеттеріне жататындар:
- тәуекелдік есебі мен болжамын және техникалық құралдар жағдайы туралы ақпараттар негізінде олардың мүмкіндігі пайда болу орнын анықтау;
- тәуекелділікті төмендету бойынша алдын алатын басқарушы шешімдерін өз уақытында қабылдауға арналған ұсыныстарды өндіру;
- тұрақсызданушы факторларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және де дағдарысты, апатты жағдайлар салдарын жоюда шұғыл жедел басқару.
-
Жұмыс барысындағы рельстердің сенімділігі атқарымды тоннаж қызметінде, олардың істен шығуының кездейсоқ үрдістері жиынтығымен сипатталады.
-
рельстердің істен шығуын төмендету мен олардың шыдамдылығын жоғарылату және жолдағы қызмет мерзімін ұзарту мақсатында ұсынылады: -
металлургия комбинаттарында, зауыт ақаулары бойынша жол рельстерінің істен шығуын, бірінші кезекте 17 ақау бойынша төмендетуге бағытталған шараларды жасау және енгізу. Жолшыларға өз кезегінде, түйіспе жұмысын жақсарту бойынша шараларды қабылдау керек;
-
барлық рельс пісіру поездарында, түйіспенің термиялық әсер ету аймағында металл қаттылығын, оның қажет етілетін түзу сызықтығын қамтамасыз ету үшін түйіспені түзету және рельс бастиегін қосымша тегістеу үшін пісірілген түйіспелерді қалпына келтіруді енгізумен, рельс пісіру технологиясын жақсартуды жалғастыру; -
аса төзімді оқшаулағыш түйіспелерді қолдануды кеңейту мен төсемдегі бунақтың ақаулы жерлерін алу, бунақта ақаулы жерлерін кесуде түйіспелерді өз уақытында жою, пісірілген бунақ ұзындығын ұлғайту есебінен түйіспесіз жолдарда түйіспе санын төмендету бойынша шараларды қабылдау; -
рельс жылжуынан болатын ақауларды төмендету мәселелерін шешу; -
«ҚТЖ»ҰК» АҚ өңделген «Жаңа теміржол рельстерінің сапасын кепілдендіру жағдайын» қолдану; -
жону және сүргілеу арқылы ескі жарамды рельстерді қайта орнына келтіру көлемін ұлғайту;
3. Түзету жұмыстар көлемі мен рельстердің ағымды жылжуын төмендететін және жолда тікелей рельс бастиегін тегістеуге мүмкіндік беретін, рельс тегістегіш поездармен «ҚТЖ»ҰК» АҚ магистралды темір жолдарды жабдықтауды дұрыс санау.
Теміржол шпалдарындағы жол қаттылығының болуындағы едәуір рөлді бәсеңдеткіш -төсем атқарады. Төсем, егер, оған қатысты өзгеріс 0,2 аспаған жағдайда, серпімді режимде болатыны анықталған. Есептеу нәтижелерінің сараптамасы, шпалға берілетін күш шамасына, рельсасты төсемдердің тігінен түсетін қаттылығы әсер ететінін, көрсеткен. Төсемдердің тігінен түсетін қаттылығы 67-ден 112 МН/м дейін өзгергенде, шпалға түсетін күш 25%-ға ұлғайады. Қарастырылатын бекітпелер үшін бекітпе түйіндерінің көлденең қаттылығы 16-дан 346 МН/м. Мұндағы шпалға түсетін көлденең қысым 34-тен 87,5кН дейін өзгереді, яғни 2,2 есеге дейін ұлғайады. Төсемсіз бекітпелердің (ЖБР-65) көлденең қаттылығы тірек асты төсем материалдарына байланысты болады.
4. Ең көлденең қаттылық АРС-4 қарнақты бекітпеде болады. Мұнда бекітпенің құрылымы рельс табаны бойынша, бекітпелердің көлденең қаттылық шамасын реттеуге мүмкіндік береді.
Оңтайлы көлденең қаттылық КН-65 және ЖБР-65П төсемдік бекітпелерде болады.
Жоғары үлестік қысым, жоғары қаттылық пен АРС-4, КБ-65, ЖБР-65 бекітпелерінің бүйірлік тірек төсемінің жеткіліксіз беріктігінен, 100 млн. т. брутто атқарымнан кейін рельс жолтабан ені көрсетілген бекітпелерде жарамсыздықтың төртінші дәрежелі аумағына түседі және бірден жарамдылығын талап етеді.
5. Нормативті тоннаждың атқарылымы кезінде тоқтаусыз жұмыстың ең көп ықтималдығы КНУ типті бекітпелерде, ал ең азы КБ-65 бекітпелерінде болатыны, анықталған. КБ-65 бекітпелеріндегі істен шығудың ең көп жиілігі рельсасты және шпалүсті төсемдерде болады. Осы элементтердің КН бекітпелерінің деңгейіне КБ бекітпе торабы сенімділігін, сапасын жоғарылатуда едәуір арттыруға болады. ЖБР бекітпесінде жеткіліксіз сенімділік рельс тіректі тоғыны, астындағы төсемдерде болады.
6. ЖБР бекітпесінің төменгі сенімділігі рельс табанының екі жағындағы оқшаулағыш бұрыштың жоғары қарқынды істен шығуымен анықталады. Бұл, бекітпенің жоғары көлденең қаттылығы мен қарнақтан рельс табанын оқшаулау құрылысы және серпінді ұстатқыштың жеткіліксіздігімен анықталады. Жолды кезекті қарауды жүргізуге дейінгі алдын алатын, жолды ағымды күтіп-ұстау көлемінде жарамсыз ағаш шпалдарды ауыстыруды жүргізу ұсынылады. Жолды ағымды күтіп-ұстауда, жарамсыз ағаш шпалдарды ауыстырудың ең аз (есептік) қажеттілігі экономикалық бөлімде келтірілген есептеу арқылы анықталады.
7. Кез келген балласт түрлерінде қиыршық тастың ірі түйірлерін ұлғайту шаралары бойынша серпімді қалдықтың әркелкілігінің ұлғаю тенденциясы анықталған. Соған ұқсас тенденция, олардың әркелкілігімен жол бойы тегіссіздік еңіс шамасына қатысында егжей-тегжейлі тексеріледі.
8. Жолды күтіп-ұстау сапасын жоғарылату, техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу бойынша жүргізілетін шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында, оның жағдайын кешенді бағалау әдістерін қолдану ұсынылады
Кешенді бағаны алудың негізі, рельс жолтабан геометриясы, ЖЖҚ элементтері, жер төсемі мен инженерлік құрылыстардың және де поезд қозғалысының мүмкіндікті жылдамдығын белгілеу критерийлері және оның нақты жағдайы бойынша жөндеу тағайындалымы, жағдайлардың өзара байланысқан факторларының есептеулері болады.
Теміржол қызмет көрсету сапасының жалпы көрсеткіштерінен екі көрсеткішті бөліп алуға болады: жылдамдық және сенімділік.
Телім бойынша поездарды қауіпсіз өткізу жағдайынан, қызмет көрсету сапасының шартты шұғыл көрсеткіштерімен сипатталуы мүмкін.
9. Поезд қозғалыс қауіпсіздігін басқарудың ұсынылған жүйесі негізіне «алдын ала болжау» және «алдын алу» принциптеріне салу ұсынылады. Ол, поезд қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметіне «ҚТЖ»ҰК» АҚ басшылығын белсенді тарту мен ескерту бойынша шараларды жасау, көліктік жағдайлардың мүмкіндікті болу себептерін анықтау үшін тәуекел сараптамасының рәсімін белсенді қолдану болжайды.
10. Дипломдық жобада ұсынылған, теміржол жағдайын бағалау әдістерінің экономикалық тиімділігі, көбінесе, қазақстан темір жолдарының жүрдек, кен-көмір тасудың жүк қарбаласты телімдерінде байқалған. Тиімділік, пайдаланудың жергілікті жағдайына сәйкес, жол құрылымын таңдауда туындайтын, жоспар мен пішін параметрлерін таңдауда, рельс ресурстарын, қаттылықтың оңтайлы параметрлерімен аралық рельс бекітпелерін қолдану есебінен жоғарылату мысалы, Бейнеу жол дистанциясының жүк қарбаласты телімдерінде есептік жылдық экономикалық тиімділігі жолдың бір шақырымына 750 мың теңгені құрайды
Қолданылған әдебиеттер
-
Типовая инструкция по охране труда для монтеров пути : ТОЦР – 32 – ЦП – 720 – 2000 Министерство путей сообщения РФ : Введение 29.121.97 – М., 1999 -
Инструкция по движению поездов и маневровой работе на на железных дорогах РФ: ЦД -790/Министерство путей сообщения РФ - М.,2000 -
Инструкция по обеспечению безопасности движения поездов и при производстве путевых работ :Издательство “Транспорт” М., 1997 -
Инструкция по сигнализации на железных дорогах РФ: ЦРБ - 757/Министерство путей сообщения РФ – М., 2000 -
Б.А. Волков, В. Я. Шульгин “ Экономика железнодорожного строительства и путевого хозяйства” - М., -
“Отраслевая единая тарифная ставка по оплате труда и приказ МПС №24 от 15.12.97” М.,1997 -
Приказ МПС РФ №8Ц М.,1997 -
В.Т.Семенов , П.М.Романов , В.Б. Каменский “Типовые технические обусловленные нормы времени на работу по техническому содержанию пути” М., 1998 -
В.И. Тихомиров “Содержание и ремонт железнодорожного пути”. -
“ТТОВ” на работу по текущему содержанию пути - М., 1998 -
Волков В. Н. Пособие по дипломному проектированию: Издательство “Транспорт” М.,1990 -
З.Л.Крейнис , Н.П.Коршикова “Техническое обслуживание и ремонт железнодорожного пути” Министерство путей сообщения РФ – М.,2001