Файл: Мазмны Кіріспе негізгі блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 158

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, олардың хабарламаны дұрыс түсінгендігіне көз жеткізеді және бұл туралы поездық диспетчерге хабарлайды. Жақындауда немесе станцияда осы бағыттың поезы болған кезде – бұл туралы радиобайланысы бойынша машинисті хабардар ете отырып, оны шығу (маршруттық) бағдаршамда тоқтатады.

Поездық диспетчер станция бойынша кезекшіден хабарлама алып, аралықты шектеуші станцияларға және ескертулер беру станцияларына поездарға арналған ескертулерді беру тәртібі туралы тіркелетін бұйрық береді.

Поездық диспетчерлік байланыс үзілген жағдайда аралықты шектеуші станция бойынша кезекші поездық диспетчерлік байланыс қалпына келтірілгенге дейін қауіпті жер бағытына жөнелтілетін барлық поездарға ескертулер береді, ал сонан кейін поездық диспетчердің нұсқауларына сәйкес іс-қимыл жасайды.

Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде күтпеген ескертулер беру туралы өтінімдер поездық диспетчерге беріледі, ол поездарға ескертулердің берілуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.

Жекелеген учаскелерде жүріп келе жатқан поездардың машинистеріне күтпеген жерден пайда болған ескертулер туралы хабарламаларды жазбаша ескерту беру үшін поезды тоқтатпастан радиобайланысы бойынша беру тәртібі көзделген. Мұндай хабарламаларды машинистке станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырылуы бар учаскелерде - поездық диспетчер поезд аралықты шектеуші станцияға жақындағанда, шығу сигналы ашылғанға дейін, хабарламаны ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында немесе ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында тіркеумен береді.

Күтпеген, поездар қозғалысы үшін қауіпті жол, түйіспе желісі және басқа құралғылардың ақаулықтарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осымен байланысты дрезиналардың, жол вагоншаларының, электр станциялар мен басқа алынып-салынбалы бірліктердің орын ауыстырулары ақаулықты анықтау бойынша тиісінше жұмыс орнын қоршағаннан кейін, жүзеге асырылады. Ескерту орнату қажеттігі кезінде оларды беру туралы өтінім белгіленген тәртіппен ресімделеді.

Ескертулер туралы барлық өтінімдер мен жеделхаттарды (соның ішінде поездық диспетчердің бұйрығымен берілгендер де) станциялар (парктер) бойынша кезекшілер немесе операторлар ескертулердің арнайы кітабына жазады және нөмірлейді.

1) ескертулер кітаптарын жүргізу мен поездарға ескертулер беру тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді;

2) онда ескерту орнатылған аралықты шектеуші станция бойынша кезекші өтінімді қабылдау туралы поездық диспетчерге баяндайды;


3) ескертулерді нөмірлеу ай сайын бірінші нөмірден бастап әрбір айдың бірінші күнінің нөл сағатынан бастап жүргізіледі;

4) әр айдың бірінші күні барлық қолданыстағы ескертулер кітапқа қайта жазылады;

5) кітаптағы барлық белгілер станция (парк) бойынша кезекшінің қолымен расталуы тиіс.

Станцияларда ескертулерді жазу үшін кітаптар негізінен әрбір іргелес бағыт үшін жеке жүргізіледі.

Станция бастығы немесе оның орынбасары ескертулер кітабын жүйелі тексереді.

Ескертулерді беру поездардың құрастырылу станцияларында және оларда поездың техникалық қажеттіліктері үшін аялдамасы бар станцияларда жүргізіледі. Қала маңындағы поездар үшін ескертулерді беруді осы поездар басында жөнелтілетін станциялар жүргізе алады.

Станциялардың тізбесі мен ескертулерді беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясының - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді. Осы станцияларға, соның ішінде көрші жолдарда орналасқан аралас учаскелерге жұмыстар басшылары (жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі үшін жауаптылар) ескертулердің орнатылғаны туралы жеделхаттар жіберуі тиіс.

Жекелеген поездардың жүруінің ерекше жағдайлары туралы ескертулер поездардың құрастырылу станцияларында немесе белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды поездарға тіркеу станцияларында беріледі. Локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысу станцияларында жүрудің ерекше жағдайларын сақтау қажеттігін туғызатын жылжымалы құрам немесе жүк бар поездардың учаскеге ескертусіз жөнелтілу мүмкіндігін болдырмайтын мұндай ескертулерді беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.

Ескерту ДУ-61 нысанды бланкте диагоналі бойынша сары жолағы бар ақ түсті арнайы бланкіде жазылады және станция (посты, парк) бойынша кезекші жеке өзі немесе оның тапсырмасы бойынша станциялық технологиялық орталықтың операторы немесе басқа қызметкері, бағыттау постысының кезекшісі, сигнал беруші немесе басқа қызметкер локомотивтің (моторвагонды поездың) машинисіне немесе оның көмекшісіне қол қойғызып тапсырады. Егер ескерту машинистің көмекшісіне тапсырылса, онда ол оны машинистке береді, ал машинист өз кезегінде көмекшіден ескертудің берілген-берілмегенін тексереді.

Ескертулер дербес компьютерлерді және телетайп аппараттарын пайдаланумен сары жолағы жоқ ақ қағазда басылуы мүмкін. Бұл ретте оларды жөнелтілетін поездар локомотивтерінің машинистеріне тапсырудың қолданыстағы тәртібі сақталады.



Ескертулер бланкілері алдын ала (поездың нөмірінен басқасы) толтырылады және станция (парк, посты) бойынша кезекші қол қояды.

Ескертулер бланклерін көшірме астында толтыру кезінде әрбір данасының нақты және айқын ескерту мәтінінің жазбасы болуы тиіс.

Ескертулер бланклерінде жөнелтілетін поездың нөмірі машинистке немесе оның көмекшісіне берудің алдында толтырылады.

Поезд қосарланған тартыммен жүрген кезде ескерту жетекші локомотивтің машинисіне беріледі, ол екінші локомотивтің машинисін ескертудің бар екендігі туралы хабардар етеді. Поезд итергіш локомотивпен жүрген кезде ескерту итергіштің машинисіне беріледі.

Қала маңындағы, шығарушы және берілме поездарға, сондай-ақ итергіш локомотивтерге ескертулер беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгіленеді. Бұл ретте оларды әрбір поезға емес, белгілі бір кезеңге (бригадалар ауысымы арасында) беруге болады.

Оған ескерту берілген бірінші поездың нөмірін оларды беру станциялары бойынша кезекшілер поездық диспетчерге хабарлайды, ал соңғысы бұл туралы орындалған қозғалыс кестесіне белгі жасайды.

Онда ескерту орнатылған аралықты шектеуші станция бойынша кезекші оның қолданыс мерзімі келердің алдында поездық диспетчерден жақындаған поездарға ол берілгендігін нақтылайды.

Қос жолды аралықтарда поезды дұрыс емес жолмен жөнелту кезінде станция бойынша кезекші поездық диспетчер арқылы осы жолда ескерту қолданыла ма екендігін тексеруге, ал егер қолданылса оны жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.

Көп жолды аралықтарда поезды қандай да бір жолмен жөнелту кезінде ескертулер беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейді.

Күшін жойғанға дейін орнатылатын ескертулер поездарға күшін жою туралы хабарлама алғанға дейін беріледі.

Белгілі мерзімге орнатылатын ескертулер поездарға тек осы мерзім ішінде ғана беріледі. Мұндай ескертулердің күшін жою туралы өтінімдер берілмейді, ал оларды поездарға беру, егер жұмыстар басшысынан ескертулердің қолданыс мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама алынбаса, тоқтатылады.

Жұмыстардың басшысы қандай да бір себептермен ескертуді тудырған жұмыстарды өтінімде көрсетілген мерзімде аяқтай алмаса, ол осы мерзім аяқталғанға дейін қойылған жылдамдықты азайтудың алып жүретін сигналдарына сигнал берушілерді жібереді және аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерді жұмыстардың аяқталуының жаңа мерзімін көрсетіп, ескертулердің қолданыс мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.


Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертудің күшін жоюға тек оны орнатқан қызметкердің немесе оның тікелей бастығының ғана құқығы бар.

Ескертуді орнатқан лауазымды тұлғалар оларға бағынысты желілік бөлімшелердің басшыларына тиісті жұмыстар орындалған соң орнатылған ескертулердің күшін жоюды немесе ескертумен белгіленген поездар қозғалысының жылдамдығын арттыруды орындауды тапсыра алады. Мұндай тапсырма туралы ескертуді беруге арналған өтінімде көрсетілуі тиіс.

Жол өлшегіш және ақаутапқыш вагондар бастықтарының өтінімдері бойынша берілген ескертулердің күшін жоюды жол дистанциясының директоры немесе оның орынбасары жүргізеді.

Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертулер оларды тудырған себептерді жою бойынша ескертулерді тағайындау кезіндегі мекенжайларға жеделхат (телефонограмма) берумен күшін жояды.

Ескертулердің күшін жоюды мәлімдеген адамның оларды берген станцияда жазбаша немесе ескертулер кітабындағы жазбамен, күшін жою айын, күнін және уақытын көрсетумен және кейіннен осы жазбаны белгіленген мекенжайларға жеделхатпен (телефонограммамен) растаумен жүргізілуі мүмкін.

Ескертудің күшін жою туралы хабарламаны станция бойынша кезекші ескертулер кітабына бар жазбаларға қарсы, күшін жою кімнен және қашан (сағаты, минуты, күні) түскенін көрсете отырып енгізеді. Күшін жойған ескертулер, сондай-ақ қолданыс мерзімі аяқталған ескертулер сызылып тасталады.

Аралықта поездар қозғалысының жылдамдығын төмендетумен байланысты ескертулердің күшін жою, сондай-ақ олар белгілі бір мерзімге орнатылған болса, осындай ескертулердің мерзімінен бұрын аяқталғаны туралы хабарламаны алған соң станция бойынша кезекші бұл туралы поездық диспетчерді хабардар етеді.

Локомотивтердің (моторвагонды поездар мен арнайы өздігінен жүретін құрам) машинистері учаске бойынша жүру кезінде берілген ескертулерді басшылыққа алады және жолдарда орнатылған алып жүретін сигналдарды мұқият қадағалайды.

Поездың жұмыс орнына ескертуде көрсетілген кезеңде жүруі кезінде ескертумен белгіленген жылдамдық қоршау сигналдарының болғанына қарамастан сақталуы тиіс.

Қоршау сигналдары болмаған жағдайда машинист осы бұзушылықты жоюға шаралар қабылдау үшін бұл туралы поездық диспетчерге немесе аралықты шектеуші станция бойынша кезекшіге хабарлайды.

Жұмыстар орнынан ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын немесе кешірек өткен кезде немесе жолдарда жылдамдықты төмендету немесе тоқтау сигналдары болмаған кезде поездың жүру жылдамдығы төмендетілмейді.


Жұмыстардың ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқталуы немесе ескертумен белгіленген жылдамдықты арттыру туралы хабарлама локомотив машинисіне радиобайланысы бойынша поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығымен берілуі мүмкін.

Кез келген тұлғадан аралықта олар байқаған жолдың, түйіспе желісінің, құрылыстардың немесе құрылғылардың ақаулығы туралы мәлімдемелер алған кезде станция бойынша кезекші оны ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады және поездық диспетчерді, көрші станция бойынша кезекшіні және құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерді (жол шеберін, СОБ электрмеханигін, түйіспе желісінің электрмеханигін және басқаларды) хабардар етеді.

Егер мұндай ақаулықты аралық бойынша жүріп келе жатқан локомотивтің (моторвагонды поездың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның) машинисі анықтаса, онда ол жылдамдықты төмендетуге, ал қажет жағдайда поезды тоқтатуға, бұл туралы поездық радиобайланысы бойынша оның артынан келе жатқан поездардың машинистеріне, жақын станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге, ақаулықтың сипатын және ол анықталған орынды (километрді) көрсетіп, хабарлайды.

Егер станция бойынша кезекші алған мәлімдеме (машинистен немесе басқа адамнан) поездардың қозғалысы үшін кедергілер бар екенін куәландырса, онда ол аталған мәлімдемені аралық бойынша келе жатқан поездардың машинистерін беруге шаралар қабылдайды, ал мәлімдеменің сипаты поездар қозғалысының мүмкін еместігі туралы куәландырса – оларға кедергіні жойғанға дейін ары қарай қозғалуға тыйым салады. Станция бойынша кезекші аралықты (жолды) жабу туралы бұйрықты күтпестен көрші станция бойынша кезекшіге аралыққа жөнелтуге тыйым салу туралы нұсқаулықты береді. Аралықта орналасқан поездар локомотивтерінің машинистері алынған хабарламаға қарай қауіпті орынды ерекше қырағылықпен, қажеттілігі кезінде төмендетілген жылдамдықпен және тоқтауға дайындықпен жүріп өтеді немесе поезды тоқтатады және қозғалысты тек кедергінің жойылғаны туралы хабарлама алған соң ғана қайта бастайды.

Одан қозғалыс үшін кедергінің бар екендігі туралы хабарлама алынған бірінші поезд аралыққа жол мастерінің немесе ол болмаған кезде - жол бригадирінің, ал түйіспе желісінің зақымданулары кезінде - түйіспе желісі электрмонтерінің ілесуімен жөнелтілуі мүмкін.

Жол мастері немесе жол бригадирі аралықта және белгілі орында болған кезде поездың машинисіне тоқтау және қауіпті жерге поезға ілесіп бару үшін осы қызметкерлерді отырғызу үшін тоқтау туралы ескерту беріледі.