ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 163
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жол дистанциясының қызметкерлері жұмыс орнын қоршау жұмыстарының дұрыстығын тексеріп, және ЖМС және құрылыс ұйымдарының талабы бойынша жылдамдықты шектеу жөнінде тапсырыс беріп, ол туралы жол дистанциясының бастығына хабарлайды, сондай-ақ жүйелі жұмыс орындау сапасын тексереді. Жолдың және құрылғылардың тұтастығы мен тұрақтылығы бұзылған өндірістік жұмыс орнын, сондай-ақ жолға жақын габариттердің айналасын поездар қозғалысына ескерту бере отырып, жылжымалы сигналдармен қоршайды.
4.1-сурет. Тасымалдаушы сигналдар
а- тоқта сигналы; б- жылдамдықты азайту сигналы; в- «С» ысқарақ белгісін беру сигналы; г – «Қауіпсті жердің басы» сигналдық белгісі; д – «Қауіпті жердің соңы» сигналдық белгісі
Қос жолды аралықта поездарды қабылдау және жөнелту кезінде поездық телефонограммаларды жіберу Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес 3 және 4 нысандар бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте қабылдау станциясынан алынған хабарлама сол бағыттағы келесі поезды жөнелту құқығын береді.
Станция арқылы поездарды тоқтаусыз жіберу кезінде поездар көрші станцияларға жіберіледі. Қос жолды аралықта жол посттарының болуы кезінде жөнелту станциясы бойынша кезекші поездарды жөнелту туралы посты кезекшісін хабардар етеді. Посты кезекшісі келесі посты арасындағы аралықтың поездан бос болуы кезінде кіру сигналын ашады және поезды тоқтаусыз өткізеді, машинистке жүріс барысында жол жазбасын береді.
Посты бойынша кезекші поезд жүріп өткен соң кіру сигналын жабады және поездың жүріп өткені туралы екі көрші станция бойынша кезекшілерді хабардар етеді. Егер алдыңғы посты арасындағы аралық бос болмаса, онда келе жатқан поезд аралық босағанға дейін жабық кіру сигналымен постыда кідіріс жасайды. Арттағы орналасқан станцияға постыдан осы поезды жөнелту туралы телефонограмма поезды постыдан жөнелткеннен кейін ғана жіберіледі.
Поездың келуі туралы келу станциясы бойынша кезекші посты бойынша кезекшіні хабардар етеді. Жол постысындағы кіру сигналының ақаулығы кезінде посты кезекшісі алдыңғы орналасқан аралықтың бос болуы кезінде поезды тікелей кіру сигналының алдында тосып алады және машинистке одан әрі жүру құқығын беретін жол жазбасын тапсырады. Жол жазбасының жоғарғы жағында «Посттағы бағдаршам ақаулы», «Кіру сигналы ақаулы» деген белгі жасалады.
Поездарды кері қайтумен дұрыс жол бойынша жөнелту туралы жөнелту станциясы бойынша кезекші көрші станцияға (жол постысына) км дейін кері қайтумен» деген сөздер қосумен телефонограмма және поездың кері қайтуы туралы көрші станция (жол посты) хабардар етіледі. Жөнелтілетін поезд машинисіне мәтініне».... км дейін кері қайтумен» деген сөздер қосылған жол жазбасы беріледі.
Жөнелту станциясына қайтып келген поездар жол постыларында аралық болған кезде бұл постыларды тоқтаусыз жүріп өтеді. Қайтып келген поездардың жүрісі туралы посты бойынша кезекші алдыңғы тиісті постыға немесе станцияға хабарлайды.
Станция арасындағы аралықтың бөлек пункті болып табылатын постыға түйіспе болған кезде, түйіспедегі станциядан және түйіспеден станцияға дұрыс жол бойынша поезд Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық бойынша жөнелтіледі. Поезды жөнелту туралы станция немесе посты бойынша кезекші келуі туралы телефонограмма жібереді.
Егер түйіспеге қосалқы посты қызмет көрсетсе, онда ол түйіспеде немесе түйіспеден жүретін поездар қозғалысы туралы келіссөздерде қатысады. Түйіспеге поезды жөнелту туралы көрші станция және посты км постқа» деген сөздер қосумен хабарлайды.
Түйіспе бағыттамасы қалыпты жағдайға орнатылған соң поездың келуі туралы посты бойынша кезекші екі станцияның кезекшілерін хабардар етеді. Қосалқы посты қызмет көрсететін түйіспеден поездарды жөнелту көрші станциялардың бірінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Дұрыс емес жол бойынша реттеу тәртібімен поезд жөнелту кезінде (поездық диспетчердің бұйрығын алғаннан кейін) станциялар арасындағы телефонограммалардың алмасуы мына жүргізіледі.
Темір жолдың қос жолды учаскесін жабу кезінде жолдардың бірінде жабық емес жол бойынша дара жолды қозғалысты белгілеумен поездарды жөнелту және келу туралы телефонограммалар дара жолды учаске үшін белгіленген басқа нысандар бойынша жіберіледі. Бұл жағдайда жол жазбасы бланкісінің жоғарғысына «.....жол қозғалыс үшін жабық» деген белгі қойылады.
4.2.Ескерту беру тәртібі
Поездардың жүруі кезінде локомотив бригадаларының ерекше қырағылығын қамтамасыз ету және оларды жұмыстардың жүргізілуі туралы ескерту қажет жағдайларда поезға жазбаша ескертулер беріледі.
Ескертулер:
1) жолдың, түйіспе желісі құрылғыларының, өтпелік сигнал беруінің, жасанды және басқа құрылыстардың ақаулығы кезінде, сондай-ақ жылдымдықты азайту немесе жолда тоқтауды талап ететін жол және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде;
2) қолданысқа сигнал беру және байланыстың жаңа құралдарын енгізу кезінде, сондай-ақ бағдаршамдардың жаңаларын қосу, қолданыстағыларының орнын ауыстыру немесе жою және бағдаршамды жабық жағдайға келтіру мүмкін емес ақаулығы кезінде;
3) автоматты локомотивтік сигнал беруінің жол құрылғыларының ақаулығы кезінде;
4) поездарды тиеу габаритінен тыс шығатын жүктермен жөнелту кезінде, бұл поездың жүруі кезінде жылдамдықты төмендету немесе ерекше жағдайларда сақтау қажет кезде;
5) қос жолды аралықта қар тазалағыш, балластер, жол төсегіш, көтеру краны, шағылтас тазалағыштар және басқа машиналардың жұмысы кезінде;
6) поезға осы учаске үшін белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды қойған кезде;
7) алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің нашар көріну жағдайындағы жұмысы кезінде, сондай-ақ жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде;
8) жолда поездың жылдамдығын азайту немесе тоқтату талап етілетін барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотив бригадаларын поездың жүруінің ерекше жағдайлары туралы ескерту қажет жағдайларда беріледі.
Барлық ескертулер үш түрге бөлінеді:
1) тиісті басшы жұмыстарды жүргізу жағдайлары бойынша олардың аяқталуының дәл мерзімін анықтай алмағанда белгіленген сәттен күшін жойғанға дейін;
2) ескертулерді беруге арналған өтінімде көрсетілетін, жұмыстар басшысы белгілейтін белгілі мерзімде қолданылатын;
3) жекелеген поездар үшін, оларды өткізудің ерекше жағдайларын сақтау қажеттілігі кезінде (мысалы, поезда кестемен көзделмеген аялдамалар тағайындау кезінде белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жүк немесе жылжымалы құрам болған кезде) белгіленетін.
Алда болатын көзделген жұмыстарды жүргізумен байланысты ескертулер беру туралы өтінімдерді:
1) жол шеберлері, түйіспе желісі аудандарының бастықтары мен электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрмеханиктері – жұмыстар жүргізу уақытына, алайда 12 сағаттан артық емеске;
2) жол, сигнал беру және байланыс дистанциялары, электрмен жабдықтау дистанцияларының бастықтары - 5 тәулікке дейінгі мерзімге береді.
Өте ұзақ мерзімге арналған ескертулер Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте ескертулерді белгілеу туралы бұйрықта тиісті қызметкерлерге қажетті жұмыстарды орындаған соң ескертулердің күшін жою құқығы беріледі.
Жолды жол өлшегіш және ақаутапқыш вагондармен тексеру кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жерлерді анықтаған кезде ескертулерді беруге арналған өтінімдерді осы вагондардың бастықтары немесе олардың орынбасарлары берулері мүмкін.
Жол шеберлері, түйіспе желісі аудандарының бастықтары мен электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрмеханиктері ескертулер беру туралы өтінімдерді:
алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің нашар көріну жағдайындағы жұмысы кезінде, қос жолды және көп жолды аралықтарда жол аралығында материалдар түсіру жүргізіліп жатқан немесе онымен поездар жүріп жатқан жолдан бір жол кейін көрші жолда тұрған поездан жүк тиеу немесе түсіру жүргізіліп жатқан кезде жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде береді.
Жол шеберлері, бұдан басқа жол бригадирі басшылық жасау құқығы бар алда болатын көзделген жұмыстарға байланысты ескертулер беру туралы өтінімдер береді.
Ескертулерді беруге арналған өтінімдер ескертулер беру жөніндегі станциялар, оған ескерту белгіленетін аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілердің атына, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде сондай-ақ, поездық диспетчерге жазбаша, жеделхатпен немесе телефонограммамен беріледі. Аталған станциялардың біріне берілген жазбаша өтінім оған қойған адам, басқа белгіленген мекенжайларға жеделхатпен немесе телефонограммамен расталуы тиіс.
Егер ескертулерді беру туралы өтінімді жол дистанциясының бастығы немесе басқа аға агент берсе, онда оның көшірмесі жұмыстар басшысына жіберіледі.
Көзделген ескертулерді беруге арналған өтінімдері бар жеделхаттар (телефонограммалар) ескертулерді беру станциясы бойынша кезекші оларды ескертулердің қолданысы бастағанға дейін 3 сағаттан кеш емес, ал поездар 3 сағаттан артық тоқтаусыз жүретін бағыттарда - Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы жергілікті нұсқаулықта белгіленген уақыттан кеш емес алатындай есеппен беріледі.
Өтінімдердің, жеделхаттардың немесе телефонограммалардың белгіленген мекенжайлар бойынша уақтылы жеткізуін қамтамасыз ететін ескертулер белгілеу немесе күшін жою туралы өтінімдер, жеделхаттар немесе телефонограммалар тапсыру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейді.
Өтінімді орындау үшін қабылдау туралы растама болып:
1) жеделхатты (телефонограмманы) белгіленген мекенжайларға тапсыру немесе оны беру кезінде телефонограмма мәтінінде бекітілген оны белгіленген мекенжайларға беру уақытымен, осы телефонограмманы қабылдаған қызметкердің лауазымы мен тегін көрсете отырып қабылдағаны туралы телеграф қызметкерінің (телеграф жоқ станция бойынша кезекшінің) қолы бар жеделхаттың (қабылдау уақытын көрсетумен телефонограмманың) көшірмесі;
2) ескертулер беру станциясы бойынша кезекшінің жазбаша өтінімді алғаны туралы қолхаты немесе осы станция бойынша кезекшінің ескертулер кітабындағы өтінімді жасаған қызметкердің жазбасы астындағы қолхаты табылады.
Ескерту беруге немесе күшін жоюға арналған өтінім жеке жеделхатпен (телефонограммамен) ресімделуі және ескертулерді беру жөніндегі станция бойынша кезекшіге тек жазбаша түрде жеткізілуі тиіс.
Жұмыстар басшысына поездық диспетчер немесе станция бойынша кезекші арқылы поездарға ескертулер берілетіндігіне көз жеткізбей жұмысқа кірісуге, ал жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауаптыға жұмыстардың басталуы туралы рұқсат беруге тыйым салынады.
Ескертулер беру туралы өтінімдерде:
1) ескертудің қолданысы орнының дәл белгіленуі (аралық, километр және жол нөмірі);
2) поездар қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
3) ескертудің басталуы мен қолданыс мерзімі көрсетіледі.
Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін және тоқтау сигналдарымен (ақаулы рельстерді, салмаларды, бағыттамалық үшкірлерді, теңестіру аспаптарының элементтерін, бұрыштамаларды бір-бірден ауыстыру, ісінулердегі жолдарды түзету) немесе жылдамдықты төмендету, «Ток қабылдағышты босату» сигналдарымен қоршауды талап ететін жолдар мен құрылыстардың анықталған ақаулықтарын жою жөніндегі көзделмеген жұмыстарды орындау үшін ескертулер беруге арналған өтінімдерді жол шебері (ол болмаған кезде – жол бригадирі), түйіспе желісі ауданы қызметкерлерінің талабы бойынша энергия диспетчері немесе электрмен жабдықтау дистанциясының электрмеханигі, СОБ электрмеханигі кейіннен бұл туралы жол дистанциясының директорына немесе тиісінше электрмен жабдықтау дистанциясының, түйіспе желісі ауданының немесе сигнал беру және байланыс дистанциясының директорына хабарлаумен береді.
Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін күтпеген жағдайлар туындаған кезде ескертулер беру туралы өтінімдер аралықты шектеуші станциялар бойынша (немесе осы станциялардың біреуі бойынша) кезекшілерге тікелей беріледі.
Аралықты шектеуші станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіден алынған өтінім немесе хабарлама негізінде бірінші кезекте, қауіпті жер бағытында жүріп бара жатқан аралықта орналасқан поездардың машинистеріне радиобайланыс бойынша километр мен одан өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын хабарлайды