Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 1094
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
М
.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІК.АТЫҒАЕВА, Т.АХМЕТОВА, С.ЖУАНЫШПАЕВА«Қазақ тілі» (В1 деңгей) пәні бойыншапәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқауларБакалавриат бойынша білім беру бағдарламасының барлық мамандықтарына арналғанПетропавл қ.2020Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Практикалық қазақ тілі» кафедрасы мәжілісінде бекітілген "29" 04 2020 ж. № 8 хаттамаКафедра меңгерушісі______________________ Т.Ахметова(қолы) (Аты-жөні)Әдістемелік нұсқаулардың ұсынылатын құрылымы:Мазмұны: курс 8 модульден тұрады. Әрбір модульде 3-4 тақырып қарастырылады. Негізгі жұмыс мәтіндер негізінде жүргізіледі. Тапсырмалар жүйесі оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім, тілдесім әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған. №1 модуль: Жеке тұлғаПрактикалық жұмыс 1.
Практикалық жұмыс 2.
Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына, отбасына аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсе толтыра алмайды. Тапсырмалар:
Нағашылар, әсіресе нағашы ата мен нағашы әже, нағашы аға мен нағашы әпкелер жиендерін өзінің немерелер мен балаларындай жақсы көреді, еркелетеді, оларға қамқорлық жасайды. «Жиендерді ұрғанның қолы қалтырайды» деп, оны нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салады. Жиенін өз баласындай асырап - бағып, оқытып - тәрбиелеп азамат еткен нағашылар аз болмаған. Сондай-ақ жиендер нағашыларына әрдайым қарайласып, қамқорлық жасап жүреді. Жиенге байланысты жиеншар деген туыстық атауы бар, яғни жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар болады. Сонымен қатар, апалы - сілі немесе туыстас қыздарға үй-жүреді, өте тату болады. Сондықтан да «төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату» дейді. Жігіттің және бір жұрты бар, - ол қайын жұрты. Яғни, әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы оларға күйеу болады. Қайын жұрт адамдары жас және басқа ерекшелі-гіне қарай күйеу тарапынан әртүрлі аталады. Мысалы, күйеуіне әйелінің әкесі - қайын ата, шешесі - қайын ене, ағалары - қайнаға, әпкелері - қайынбике болады. Сондай-ақ келінге де күйеуінің туыстары осылай аталады. Күйеу мен келін оларды ерекше құрметтейді. Олардың алдында әдеп сақтайды. А әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуне балдыз болады да, күйеу оларға жезде деп аталады. Балдыз бен жезде бір - бірімен әзілдескіш келеді.Жігіттің қайын жұрты мен өз жұртының бір - бірімен жақындығын білдіретін арнайы туыстық атаулары бар. Үйленген екі жастың аталары мен әкелері, ағалары мен інілері, яғни барлық ер адамдары екінші жаққа құда деп аталса, әжелері мен шешелері, жеңгелері мен келіндері құдағи деп, ал әпкелері мен қарындас сіңлілері құдаша деп, інілері құда бала деп аталады. Қыз алып, қыз берісіп, бір баласы екеуі болған құдалар бір - біріне аса сыйлы, құдай қосқан құрметті адам деп саналады. Сондықтан да халқымыз « Құдаңды құдайдай сыйла» дейді.
Тапсырмалар:
.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНМЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІК.АТЫҒАЕВА, Т.АХМЕТОВА, С.ЖУАНЫШПАЕВА«Қазақ тілі» (В1 деңгей) пәні бойыншапәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқауларБакалавриат бойынша білім беру бағдарламасының барлық мамандықтарына арналғанПетропавл қ.2020Практикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Практикалық қазақ тілі» кафедрасы мәжілісінде бекітілген "29" 04 2020 ж. № 8 хаттамаКафедра меңгерушісі______________________ Т.Ахметова(қолы) (Аты-жөні)Әдістемелік нұсқаулардың ұсынылатын құрылымы:Мазмұны: курс 8 модульден тұрады. Әрбір модульде 3-4 тақырып қарастырылады. Негізгі жұмыс мәтіндер негізінде жүргізіледі. Тапсырмалар жүйесі оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім, тілдесім әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған. №1 модуль: Жеке тұлғаПрактикалық жұмыс 1. -
Тақырыбы: Жеке тұлға -
Мақсаты:
| «Адам» түсінігі оны биологиялық жағынан, белгілі бір физиологиялық қасиеттерге ие тірі әлемнің өкілі ретінде сипаттайды. «Жеке тұлға» түсінігі адамды өзін-өзі, қоғамдағы орны мен рөлін, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуші ретінде әлеуметтік жағынан сипаттайды. Өмірде адам әртүрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке тұлғаның қасиеттеріне ие бола алмайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, соттың индивидті психикалық ауру салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы. «Азамат» түсінігі адамды заң жағынан, нақыт мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста болатын тұлға ретінде сипаттайды. 1.1 Адам Адам деген өткенімен, бүгінгісімен, алдағы келешегімен өмір сүреді ғой. Өйткені кісінің көңілінде сақталады. Қандай ауыр болса да демек, ол бірте – бірте алыстай береді. Бүгінгісі – адамның бүкіл тамырына қан жүгіртіп тұрған жүрегінің соғуы тәрізді. Ол жүрек қалай соғады? Қуанышты ма, қайғылы ма, содан сенің қазіргі тіршілігің айқындалады. Ал, алдағы күн – ол үміт, сенім. Сол келешек үшін сен қанат қағасың, алға үмтыласың. Егер сол үмітің, сенімің ақталмаса, дүниеде бұдан жаман нәрсе жоқ. Өзіңді өзің қанатың кесіліп қалғандай сезінесің. Босқа әуре болғаныңа өкінесің. Айыпты жандай тіпті жұрт бетіне қарауға ұяласың. Біздің заманымызда қандай адам болмасын, айдалада жеке біткен ағаш емес, ол қоғам өсірген қалың ормандағы ағаштың бірі. Қайын ба, емен бе, әлде басын аспан сүйген қарағай ма, оны тек сол адамның жаратылысы, өзінің басына біткен қасиеті ғана айырады. Орман құлпырса, ол да құлпырады, орман қуарса, ол да қуарады. Жалпы алғанда, адам сол қоғамның өткенінің, бүгінгісінің, біркелкі болашағының қорытындысы. Бірақ сол адамның, жаратылыстың дегеніне қарай өскен орман- дағы ағаштан бір айырмасы бар. Ол - оның сана–сезімі. Міне осы сана – сезім адамды өзін өсірген сол қоғамның гүлденуіне, көркеюіне қолынан келгенше ат салысатын шын ұлы ете алса, бұл үлкен бақыт. Ал адам құлқы оны кейде бөтен жолға бұрады. Мұндай адам қоғамға беруден көрі, алғанын жақсы көреді. Және өмірдің бар қызығы қоғамның өркендеуінде емес, өз басының қадірленуінде деп есептейді. Және сол қоғамның арқасын- да жоғары білім алып, мәдениетіне қатынасы болмаса, бұл - Фолкнердің «Солдат наградасындағы» өмірді тек «ас ішіп, ұйықтау және нәпсіге берілу» деп түсінетін Джанс тәрізді кейіпкердің ең жаман түріне жатар еді. «Адам қоғамның жігерлі субъектісі» . Адамсыз қоғам жоқ. Қоғамсыз адамға да қиын. Қазір біздің елде жаңа қоғам қалыптасып, тәуелсіздігімізді нығайтуға түрлі шаралар өткізілуде. Сондықтан әр парасатты, саналы адам өзінің білімі мен біліктілігін жұмсап, көпұлттық қоғамды дамытуға, елімізде татулықпен өмір сүруге ат салысу керек. Әр азамат республикамыздың Ата Заңын құрметтеп, Президентіміздің Жолдауын орындауы қажет. Отаның сүю үшін ,оны жақсы білу керек. Мемлекеттік тілді біліп, құрметтеу керек. Әр адам өз еркімен өмір сүріп, қалаған дін, партия мүшесі бола алады және қалаған мамандығы бойынша оқиды. Адам – ұжымдық жанды организм. Ол қоғамда өзі үшін және қоғам үшін адам қарым – қатынас жасай білуді, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүруді үйрену керек. Тапсырмалар:
1.2 Мен және басқа адам - Мен осы жасыма дейін сан түрлі жұртпен кездестім, - деді ол, - ойлап тұрсам, оларды үш түрге бөлуге болады. Бірі – адал жандар. Олардың ішінде дара жаратылғаны да, үлкен жүректілері де мол. Бұл топтың бас қасиеті тек өзі ғана емес, өзгенің де бақытты болуын тілейді. Сол үшін күреседі, өмір сүреді. Ал екінші топ – осы адамдардың буын – буына ұяланған сарысу, тамырларында пайда болған арам қан тәрізді. Бұлар аналардың жүрек соғуларын бәсеңдеткісі, алға басқан адамдарын шабандата түсіруге құмар. Өн бойларында сарысу боп жабысып, тамырында арам қан боп жүгіруге дайын. Бұлар көбейіп кетсе, адамға зақым. Бірақ мұндайлармен күресуге болады. Сарысуды да, арам қанды да азайту адамның өз қолынан келеді. Ал үшінші топ – бұл ең қауіпті топ. Жайшылықта көп көрінбейді. Ал басыңа бір пәле түссе, үй іші қараңғы бола қалғанда шыға келетін тарақандар тәрізді, өзі көп, бұрын қайда жүргендерін де білмейсің, күні туғанда саңылау – саңылаудан қаптай жөнеледі. Бәлендей саған зиян істей қоймаса да, күпінің аш битіндей өріп, шақпаған жеріңді, кірмеген жыртық – тесігіңді қалдырмайды. Жүрегіңді айнытады, жаныңды түршіктіреді. Тегіс у беріп қырып тастамасаң, бұлармен күресу де оңай емес. Қараңғы үйде кенет шам жағып жібергенде, тарақандардың не істейтініні есіңде бар ма? Ақыл, естерінен адасқандай, қайда барарларын білмей сол қабырғада, стол үстінде, шам жағылған кезде қай жерде тұрса, сол жерде тұрып қалады. Тек өлтірейін деп ыңғайлансаң ғана қаша жөнеледі. Және қаша біледі. Мен мұндайлармен көп кездестім. Міне, осы тарақандар тәрізді, мінез –құлқы, өмірге деген арманы уақ, кілең кәкір – шүкілер алғашқы топқа өш келеді. Дарындыларды көре алмайды. Ал өздері ше? Шабан жылқыдан қанша жемдесең де, жүйрік шықпайды ғой. Бұлар да сондай. Сен бақыттысың. Мұндайларды көрген жоқсың. Қазіргі ... адамдар оларға ұқсамайды. Дегенмен мұндайлар әлі де бар. Әсіресе мұндайлар өзіңнің әріптес, қаламдас серіктеріңнен шығады. Сенің дарыныңды көре алмайды. Сондықтан ең бірінші шабуылды солар бастайды. (І. Есенберлин). Тапсырмалар: 1. Мәтінге сөздік құрастырыңыз. 2. І. Есенберлин жұртты неше топқа бөледі? Бірінші топтың бас қасиеті қандай?: 3. Ал екінші топқа жататын адамдарды жазушы қалай сипаттайды, қандай сөздерді пайдаланып, сипаттайды, сол сөздердің мағынасын қалай түсінесіз, түсіндіріңіз. «Бұлар көбейіп кетсе, адамдарға зақым», - дейді І. Есенберлин. Осы ойды сіз қалай түсінесіз, өз пікіріңізді айтып беріңіз. Осы топтың жұрттары өз аналарына, алға басқан адамдарға не істегісі келеді? 4. Жазушы үшінші топты неге ең қауіпті топ дейді, дәлелдеңіз. Осы топтың негізгі қасиеттері қандай? Осы топтың адамдарымен неге күресуге оңай емес? Мәтіннен дәлелдіктерді келтіріңіз. Бұл топтың адамдарын сипаттағанда, жазушы қандай шешімге келгенін Мәтіннен қандай сұрақтарға жауап алдыңыздар? 5. Мәтіннен қандай сұрақтарға жауап алдыңыздар? 1.3 Азаматтық Азаматтық- тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері туғанда және натурализация ретімен беріледі. Азаматтық - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым - қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұл- жытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституция - сында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қа- рамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) Тапсырмалар: 1. Мәтінге сөздік құрастырыңыз. 2. Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы неше негізге сүенетінін айтыңыз. 3. Қандық құқы бойынша азаматтық алу неге байланысты екенін айтыңыз. Мысал ретінде қай мемлекеттерді келтіруге болатынын көрсетіңіз. 4. Ал түп - тамыр құқы бойынша негізге не алынатынын түсіндіріңіз. Мысал ретінде қай мемлекеттерді келтіруге болатынын әңгімелеңіз. 5. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың ара- сындағы байланыс не ретінде көрінетінін түсіндіріңіз. |
| |
Практикалық жұмыс 2.
-
Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық -
Мақсаты:
Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына, отбасына аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсе толтыра алмайды. Тапсырмалар:
-
Мәтінге сөздік құрастырыңыздар. -
«Отбасы», «Отан» ұғымдарына анықтама беріңіздер. -
Мәтінді бес сөйлем арқылы мазмұндаңыздар. -
Саналық, даналық, иманжүзділік, адамгершілік деген қасиеттердің мағынасын ашыңыздар. -
Қорытынды жасаңыздар.
Нағашылар, әсіресе нағашы ата мен нағашы әже, нағашы аға мен нағашы әпкелер жиендерін өзінің немерелер мен балаларындай жақсы көреді, еркелетеді, оларға қамқорлық жасайды. «Жиендерді ұрғанның қолы қалтырайды» деп, оны нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салады. Жиенін өз баласындай асырап - бағып, оқытып - тәрбиелеп азамат еткен нағашылар аз болмаған. Сондай-ақ жиендер нағашыларына әрдайым қарайласып, қамқорлық жасап жүреді. Жиенге байланысты жиеншар деген туыстық атауы бар, яғни жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар болады. Сонымен қатар, апалы - сілі немесе туыстас қыздарға үй-жүреді, өте тату болады. Сондықтан да «төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату» дейді. Жігіттің және бір жұрты бар, - ол қайын жұрты. Яғни, әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы оларға күйеу болады. Қайын жұрт адамдары жас және басқа ерекшелі-гіне қарай күйеу тарапынан әртүрлі аталады. Мысалы, күйеуіне әйелінің әкесі - қайын ата, шешесі - қайын ене, ағалары - қайнаға, әпкелері - қайынбике болады. Сондай-ақ келінге де күйеуінің туыстары осылай аталады. Күйеу мен келін оларды ерекше құрметтейді. Олардың алдында әдеп сақтайды. А әйелдің інілері мен сіңлілері оның күйеуне балдыз болады да, күйеу оларға жезде деп аталады. Балдыз бен жезде бір - бірімен әзілдескіш келеді.Жігіттің қайын жұрты мен өз жұртының бір - бірімен жақындығын білдіретін арнайы туыстық атаулары бар. Үйленген екі жастың аталары мен әкелері, ағалары мен інілері, яғни барлық ер адамдары екінші жаққа құда деп аталса, әжелері мен шешелері, жеңгелері мен келіндері құдағи деп, ал әпкелері мен қарындас сіңлілері құдаша деп, інілері құда бала деп аталады. Қыз алып, қыз берісіп, бір баласы екеуі болған құдалар бір - біріне аса сыйлы, құдай қосқан құрметті адам деп саналады. Сондықтан да халқымыз « Құдаңды құдайдай сыйла» дейді.
Тапсырмалар:
-
Мәтінге сөздік құрастырыңыздар. -
Өз жұрты дегеніміз кімдер? -
Нағашы жұрт дегеніміз кімдер? -
Қайын жұрт дегеніміз кімдер? -
Қорытынды жасаңыздар.
-
«Отбасы не?» сұрағына 5 жауап беріңіз. -
Отбасы мүшелері бірін бірін уважать, понимать, поддерживать, любить, заботиться керек. -
Отбасында доброта, уважение, культура, ответственность, трудолюбие қасиеттері қалыптасады. -
Ата –ананың отбасындағы рөлі қандай? / ұрпағы,қуанышы, үлкен үміті, өмірінің жалғасы. -
Баланың ата-анасының алдындағы міндеттері бар ма? Қандай? -
Қазақ отбасындағы туыстық атауларды білесіздер ме? Рөлдік ойын. -
«Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп»/ «Ұяда не көрсе, ұщқанда соны іледі» деген мақал-мәтелдердің мағынасын ашамыз.
-
Тақырыбы: Менің мамандығым - менің болашағым -
Мақсаты: