Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 390
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
27.2 Кәсіби тіл ерекшелігі
Кәсіби тіл – белгілі бір мамандық, не кәсіп саласы шеңберінде жиі қолданылатын тілдік құрылымдар жиынтығы. Кәсіби тіл – өз саласына сай терминологиясы, кәсіби-ғылыми ұғымдық аппараты бар, сөз қолданысы мен тіркесуінде қалыптасқан нормалары бар тіл болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі мен қазақ тілін оқыту әдістемесі екі жақты, олай дейтінім қазақ тілі - тіл үйрету, яғни мұнда оқытушы тілді үйретуді басшылыққа ала отырып, тіл үйретудегі барлық әдіс-тәсідерді, тілдік нормаларды, грамматикалық тұлғаларды толығымен қамтып, тілдік, оның ішінде ауызекі сөйлеу әрекетіне бағыттайды. Ал, кәсіби қазақ тілі - әр маман иесін өз маман тілінде сөйлей алуға бағыттау. Бұл салада болашақ маман, яғни студент тілді меңгерген немесе түсіне алатын, сөйлеуге талпыныс жасайтын, грамматикалық тұлғалардан, тілдік нормалардан хабары бар тұлға болуы тиіс. Мұнда оқытушының мақсаты әр мамандық ерекшелігіне байланысты термин сөздерді меңгерте отырып, кәсіби тілде сөйлеуге бағыттау.
«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты - қазақ тілін кәсіби деңгейде меңгеру. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренушіге қойылатын талаптар:
- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;
- мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
- кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.
Кәсіби қазақ тіл негізгі мақсаты – коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзіреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарлы дайындығын қамтамасыз ету.
Кәсіби терминология - ғылыми стильдің негізгі белгісі. Термин - әлем бейнесінің ғылыми саладағы негізгі ұғымдық бірлігі және тілдің ғылыми стилінің негізгі лексикалық бөлігі. Термин жасалуының сөзжасамдық ерекшеліктері: 1) атаулардың сөзжасамдық тұлғалар арқылы жасалу жүйесі; 2) интернационалдық түбірлер мен қазақ тілі жұрнақтары; 3) атаулық тіркестер және лексикалану үдерісі т.б
Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа
баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.
Тапсырмалар:
-
«КӘСІП», «ҚАЗАҚ», «ТІЛ» деген сөздердің лингвистикалық талдауын жасаңыз; -
Мына ұғымдардың мағынасын ашыңыздар: «кәсіби тіл», «қазақ тілі» -
Бүгін заман талабы қандай тілдерді меңгеруді талап етеді? Неге? 1-5 тіл. -
Сіздің болашақ мамандығыңыз қандай? Мамандығыңызға қатысты түсініктеме терминологиялық сөздік жасаңыз (10 сөз)
Үлгі: 1) Сөздік –словарь/синонимі - лұғат
-
академиялық сөздік → академический словарь -
диалектологиялық сөздік → диалектологический словарь -
екі тілдік сөздік → двуязычный словарь -
емле сөздігі → орфографический словарь -
кері сөздік → обратный словарь -
көп тілдік сөздік → многоязычный словарь -
қазақша-орысша сөздік → казахско-русский словарь -
мектеп сөздігі → школьный словарь -
орысша-қазақша сөздік саудаға түсті → в продажу поступил русско-казахский словарь -
сөздік жасау → составлять словарь -
сөздікті пайдалану → пользоваться словарем -
терминологиялық сөздіктер → терминологические словари -
шет тілдер сөздігі → словарь иностранных слов -
энциклопедиялық сөздік → энциклопедический словарь -
этимологиялық сөздік → этимологический словарь -
сөздік ісі → словарная работа -
тілдің сөздік құрамы → словарный состав языка -
тілдің сөздік байлығы → лексическое богатство языка
№8 Модуль: Тілдік кәсіби бағдар
Практикалық жұмыс 28.
-
Тақырыбы: Тілдік кәсіби бағдар -
Мақсаты:
1. Болашақ маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.
2. Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктерді анықтау.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
Кез келген тілдің қалыптасып, дамуына әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар болатыны белгілі. Бұл факторлардың ішінде тілден тыс құбылыстардың, әсіресе, терминжасам саласына тигізетін әсері басым болатынын байқауға болады. Терминология саласы ғылым мен техниканың өзгерістеріне, мемлекетте жүргізілетін тіл саясатының бағытына тікелей байланысты. Өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары бастау алған қазақ терминологиясы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта өз дамуының жаңа кезеңіне өтті. А.Байтұрсынұлының көзқарастарына сүйенген қазақ ұлттық терминологиясының ғылыми қағидаттары толығымен қалыптасты, қазақ тілі терминологиясы дамуының бағыттары айқындалды, ғылымның түрлі салалары бойынша ұлт тілінде терминқор қалыптасты, терминология қазақ тілі білімінің үлкен құрылымы ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады, 61 әр алуан терминологиялық сөздіктер құрастырылды, терминологтар мен терминографтардың жаңа буыны өсіп шықты.
Қазақ ұлттық терминологиялық қорын қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздерін (реттеу, жүйелеу, біріздендіру, стандарттау) анықтаудың ұлттық ғылым тілін дамытудағы орны ерекше. Мемлекеттік тілді дамыту жолында кездесіп отырған қиыншылықтардың бірі – терминологиялық жүйесіздік пен терминологиялық жұмыстарды теориялық тұрғыда толықтыру мақсатында оның теориялық және практикалық мәселелерін белгілі бір ғылыми жүйеге түсіру, жаңа терминдер мен лингвистикалық заңдастыру тұрғысынан қарастыру.
Мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамымыздағы орны туралы ең жоғары мінберлерден аз айтылған жоқ: • тұтастырушы фактор, • ұлттық код, • прогрестің нышаны, • рухани жаңғырудың негізі, • елтаңба, байрағымыз бен әнұранымыз сияқты ең қасиетті құндылықтарымыздың, рәміздеріміздің бірі, • басты азаматтық атрибут, • мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші дедік.
Мемлекеттік тіл дегеніз – терминдік тіл, пән сөздері, кәсіптік атаулар. Мемлекеттік тілдің терминологиялық қорын қалыптастыру, жаңғырту және біріздендіру жұмыстарына әлемде қалыптасқан терминология саласының ғылыми және практикалық жетістіктері, тәжірибелері мен ғылыми алғышарттары негіз болады.
50 өндіріс пен ғылым бағыты елімізде толыққанды жұмыс істеуі үшін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тілдің Қазақстанда толыққанды қызмет етуі үшін бізге кемінде 500 мың термин керек екен.
Тапсырмалар:
1.«ТЕРМИН» деген сөздің лингвистикалық талдауын жасаңыз;
2. Мына ұғымның мағынасын ашыңыз: «терминдер жүйесі»;
3. Сіздің болашақ қызметіңіз қай салаға жатады? Сол саланың 10 ерекшелегін атап өтіңіз;
4. Мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамымыздағы орнын анықтаңыз, дәлелдеңіз:
-
тұтастырушы фактор, -
ұлттық код, -
прогрестің нышаны, -
рухани жаңғырудың негізі, -
елтаңба, байрағымыз бен әнұранымыз сияқты ең қасиетті құндылықтарымыздың, рәміздеріміздің бірі, -
басты азаматтық атрибут, -
мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші.
Практикалық жұмыс 29.
-
Тақырыбы: Кәсіби тілдің термин жүйесі -
Мақсаты:
1. Тілді кәсіби бағдарлы қолдану.
2. Салалық және кәсіби терминдер.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
Термин – ғылым, техника, экономика, қаржы сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер және сөз тіркестері. Термин көбіне дара мағыналы болады. Термин қатарында белгілі бір ғылым, техника, экономика, қаржы саласында ғана жұмсалып, сол саланың мамандарына ғана түсінікті сөздер көп кездеседі. Сондықтан термин өндіріс, ғылым, экономика, қаржы салаларына қарай сараланып зерттелінеді, танылады.Терминология – өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің, экономика мен қаржының, қоғамдық өмірдің т.б. саласына тән терминдердің жиынтығы. Ғылым мен техниканың, экомика мен қаржының, өндірістің өсіп-өркендеу дәрежесіне сәйкес терминология да дамып, жетіліп отырады. Қазақ тілінің терминологиясы өзінің төл мүмкіншіліктерін пайдала отырып қалыптасты. Қазақ тілінде орыс тілі және ағылшын тілінен кірген терминдер де бар. Терминдер жөніндегі комиссия (терминком) жұмыс істейді. Ол өндірістің, техника, экономика, қаржы және ғылымның әр саласына байланысты ғалымдардың қатысуымен жаңа терминдердің ғылыми мәні дұрыс, толық берілуін, тілдің грамматикалық нормаларына сай болуын жан–жақты талдап бекітіп отырады.Қазақстанның егеменді ел санатына қосылып, нарықтық экономикаға көшуі барысында болған экономикадағы түбегейлі өзгерістер толып жатқан нысандар мен үдерістерді, атқарымдар мен құрылымдарды дүниеге әкелді. Мұның өзі баламалы терминологияны пайдалану қажеттігін талап етті. Экономиканың түрлі салаларында жаңа категориялар мен үғымдар, терминдер мен терминологиялық тіркестер пайда болды. Бұл терминдер орыс тілінен қазақ тіліне аударылып, ұлттық экономикалық сөздік қорымызды толықтырды. Бұл жаңа терминдер экономикалық өзгерістердің жарқын көрсеткіштері іспетті. Қазіргі заманға сай экономикалық сөздіктер құрастырушы С.Тоқсанбай өзінің 1999 жылы жарық көрген «Толық экономикалық орысша - қазақша сөздік» атты көлемді кітабымен аудармашыларға, қаржы-кредит саласының қызметкерлері мен экономистерге кеңінен танымал. 50 000 терминді қамтыған аталмыш сөздік қалың оқырман қауым тарапынан жақсы бағаланып, аудармашылар мен экономистер, қаржы - кредит саласының мамандары арасында қолдан түспейтін көмекші құралға айналды. Бұл сөздіктің қайта қаралып, толықтырылған нұсқасы «Зияткер» баспасынан жарық көрді. Сөздікте 80 000 термин қамтылған. Жаңа «Орысша-қазақша-ағылшынша экономикалық сөздік» негізінен кәсіби мамандарға айналған. Онда жалпы экономикалық терминдермен қатар қаржы-кредит, банк, сақтандыру, зейнетақы, кеден жүйелеріне, бухгалтер есеп, аудит, маркетинг, менеджмент, басқару салаларына, қаржылық, коммерциялық, инвестициялық және басқа операцияларға, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына, жаңа ақпараттық-электрондық, инновациялық құралдарға қатысты 10 000-ға жуық астам атау берілген. Сөздік қазақ тілін оқып үйренушілерге де, сондай-ақ іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге де пайдалы құрал бола алады. Қазіргі таңда қаржы-кредит жүйесінің дамуын көрсететін терминдерді тек орыс және қазақ тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде мамандарға айтарлықтай пайдасын тигізері анық.
Сөздік шетелдік әріптестермен іскерлік байланыста да қолданыс табады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінде кездесетін терминдерді жазып алыңыз: культура, наука, финансы, предприятие,производство, рынок, спонсор, партнер, специалист, система, сфера, страхование, пособие, пенсия, таможня, коллектив, общество, развитие, изменение, обновление, процесс, понятие, определение, издательство, обучение, читатель, пенсия, организация, фонд, искусство, общество *// культура, наука, финансы, предприятие,производство, рынок, спонсор, партнер, специалист, система, сфера, страхование, пособие, пенсия,наука, финансы, производство, рынок, партнер, специалист, система, страхование, пенсия, таможня, общество, развитие, изменение, процесс, понятие, издательство, читатель, пенсия, фонд, общество *// таможня, коллектив, общество, развитие, изменение, обновление, процесс, понятие, определение, издательство, обучение, читатель, пенсия, организация, фонд, искусство, общество
2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таыңыз:
Лексикология дегеніміз не?
Фразеология дегеніміз не?
Терминология дегеніміз не?
3.Мына сұраққа мәтіннен жауп табыңыз: сөздік - бұл не?
қазақ тілін оқып үйренушілерге, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге пайдалы құрал//бизнес жүргізуге үйренушілерге, конференция жүргізуге пайдалы құрал//кездесулер ұйымдастыру үйренушілерге, көлік жүргізуге пайдалы құрал
4.Көп нүктелердің орнына қажетті сөздерді қойыңыз: Термин – ғылым, техника, экономика, қаржы сол сияқты тұрмыстың ... саласындағы ұғымдарды ... атау үшін жұмсалатын сөздер және сөз тіркестері.
көп, біраз//бір, әртүрлі//белгілі, дәл
5.Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз:
Қазақ тілі терминологиясы жүйесінің қалыптасу және даму жағжайы туралы// Қазақ тілі лексикологиясы жүйесінің қалыптасу және даму жағжайы туралы// Қазақ тілі фразеологиясы жүйесінің қалыптасу және даму жағжайы туралы
6.Болашақ мамандығыңызға қатысты терминологиялық сөздік жасаңыз (25 термин).
7.Өркендеу сөзінің синонимдерін табыңыз: өндіру/ даму// өсіру
8.Ол өндірістің, техника, экономика, қаржы және ғылымның әр саласына байланысты ғалымдардың қатысуымен жаңа терминдердің ғылыми мәні дұрыс, толық берілуін, тілдің грамматикалық нормаларына сай болуын жан–жақты талдап бекітіп отырады.