Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 392
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу.
Уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу.
Дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету.
Ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жастардың ғылыми-зерттеу, ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қолдау; «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;
2. Мына сөз тіркестерін аударыңыздар: адамгершілік, зияткерлік, жауапкершілік, тұрақтылық, мейірімділік, қатысу, нығайту, жәрдемдесу, насихаттау, көмектесу, қолдау көрсету, тәрбиелеу.
3. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
4. Сұрақтарға сүйеніп, шағын әңгіме құрастырыңыздар:
- «Жас Отан» не істеуді мақсат етеді?
- Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қандай міндеттер көзделеді?
5. Қорытынды жасаңыздар.
4.4 Жастар /қоғам деген сөздердің әріптерінен басталатын тақырыпқа қатысты сөздер тауып, олармен сөйлемдер құрастыру.
-
Өзін таныту үшін жастарға қандай мүмкіндіктер жасалған? -
Бүгінгі күн қандай адамдардың уақыты? -
Қазіргі жастар қандай Қазақстанда өсті?
-
Жастардың бойында не дарыған? -
«Жасыл ел» бағдарламасының негізгі бағыты; -
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін не істеу керек? -
«Жас Отан» не істеуді мақсат етеді? -
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қандай міндеттер көзделеді? -
Қорытынды ой.
Модуль2: Адам және денсаулық
Практикалық жұмыс 5.
-
Тақырыбы: Бірінші байлық – денсаулық -
Мақсаты:
1. Денсаулық сақтау, спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру.
2. Ұлттық сусынның пайдасын зерттеу.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
5.1 Денсаулық-зор байлық
Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз.. Шын мәнінде кез келген аурудың алдың алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: « Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы – адамның рухы мен ұрпағын жояды»,- деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әртүрлі жаттығулар жасауға болады.
Алматыда « Саят» фирмасы жұмыс істей бастады. Ол Қазақстандағы дәрілік өсім- діктер мен шөптерден сан түрлі емдік дәрі- дәрмектер жасайтын және оны шығаратын кәсіпорын « Саят» фирмасының өнімдері барлық дәріханаларда бар. Фирма шығаратын әртүрлі тұнбалар, қоспалар, қайнатындылар – жүрек ауруларына, асқазан, бауыр ауруларына, қан қысымына өте пайдалы.
(А. Алдашеваның «Қазақ тілі» оқулығынан алынған).
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;
2.Мына сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар: рұх, ұрпақ, қадір, денсаулық, дәрі – дәрмек, тамақ.
3. сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Темекі шегудің зияны қандай?
- Спиртті ішімдіктердің зияны қандай?
- Денсаулық сақтауда ненің маңызы зор?
- Денсаулық сақтаудың алдын алуға бола ма? Ол үшін дәрігерлер не ұсынады, неге көңіл бөлу қажет?
4. Мақалдарды оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Жаттаңыз: тазалық – саулық негізі. Саулық - байлық негізі. Бас ауырса, жан қорқады.
5. Қорытынды.
5.2 Денсаулық дегеніміз не ?
Денсаулық дегеніміз не? Ауырмау, төзімді болу, көңіл – күйдің көтереңкілігі, оқуға, еңбекке қабілеттілік т.б.
Халықтың денсаулығы Денсаулық сақтау департаменті (медицина) қызметінің деңгейіне және мемлекеттік жалпы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты болса да, әрбір жеке адамның денсаулығы тікелей өзіне байланысты. Көпшілік жағдайда адам өзінің денсаулығын сақтауды білмейді ( сақтағысы келмейді) , денсаулық мықты болу үшін өмірде қарапайым қарым – қатынас ережелерін, адамдық , адамгершілік қасиеттердің (адалдық , ар, ұят, мейірбандылық бауырмалдылық , сыйласымдылық , аяушылық , табиғатты сүю, еңбексүйгіштік, достық, тіл мәдениеті, тұрмыс, тазалық, т.б.) жоғары дәрежеде болу керектігін сезінбейді.
Қоғамның парасатты өмірі адамның мінез – құлқына , тәрбиесі мен білімінен туындайтын іс -әрекетіне тікелей байла- нысты. Жоғары адамгершілік , имандылық әрекеттер негізінде адам денсаулығы мықты, бақытты, сымбатты, сергек болып ұзақ өмір сүреді. Бұл салауаттылық пен денсаулықтың бір – бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Ғұлама бабамыз Әл – Фараби адамдық жолдан адамды адастыратын тән тілегі, нәпсі екенін ашық айтқан. Ол осы несі- құмарлыққа шегіне жеткізе тыйым салған адам.
Қандай адамды дені сау адам дейміз? Дәрігерге емделіп шыққан адамды ма, өзінен кішілерді қорқытатындар ма, әлде көп ұйықтайтын адамдарды ма?
Денсаулық - ол мынадай құрам бөліктерден тұратын толық аман – есендік.
1. Жоғары деңгейде жұмысқа қабілеттілік және ауруға қарсы тұра алушылық.
Оның негізі барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі. Бұл тәндік құрам бөлігі.
2. Өзінің ой - пікірлері мен сезімін басқаруға негізделген өз - өзіне сенім. Бұл жандық құрам бөлігі.
3. Өзінің денсаулығын басқар алу біліктілігі мен соған талпынысы және өз мінез – құлығын басқа адамдардың аман – саулығын зиянсыз жағдайда ұстай алуы. Бұл адамгершілік құрам бөлігі.
Денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:
а. физикалық денсаулық,
ә. психикалық және интеллектуалды,
б. жеке денсаулық ,
в. рухани денсаулық ,
г. эмоционалды денсаулық ,
д. әлеуметтік денсаулық.
ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады : біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
ПСИХИКАЛЫҚ және ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл психикалық аурудың және кем ақылдылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам
жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен , негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.
ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ – бұл адам өзін - өзі адам ретінде сенуі, талпынысы, өзін көрсетуі , жетістігі , негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері – отбасынан, төртіншілері – жеке басынан жетістік іздейді.
Өзін - өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе , соғұрлым ол адамның өзіне пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.
РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы , бұл мораль , тәртіп және
басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау әтикасы.
ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек .
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы – қандай адам болса да, қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі «яғни оның жұмыс істеуі , шеберлігі мен тәртібі».
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып аударыңыздар, сөздік жасаңыздар;
2. «Денсаулық» сөзімен тіркесетін сөздерді жазып алыңыздар, аударыңыздар.
3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Денсаулық дегеніміз не?
- Физикалық денсаулық дегеніміз не?
- Психикалық және интеллектуалды денсаулық дегеніміз не?
- Жеке денсаулық денсаулық дегеніміз не?
- Рухани денсаулық денсаулық дегеніміз не?-
- Эмоционалды денсаулық денсаулық дегеніміз не?
- Әлеуметтік денсаулық дегеніміз не?
- Тәндік құрам бөлігі не?
- Жандық құрам бөлігі не?
- Адамгершілік құрам бөлігі не?
4. Денсаулықты сақтаудың жолдарын//Адамның денсаулығына зиян әсер етеін факторларды анықтаңыздар.
5. Қорытынды.
5.3 Мына сұрақтар арқылы эссе жазыңыздар (10-15 сөйлем)
- Денсаулықты бұзған соң қалпына келтіруге бола ма?
- Неге денсаулықты қалпына келтіруге қиын?
- Адамның миы мен жүйке жүйесінің қызметі қандай?
- Организмнің « жанармайы» не?
- Гормондар мен витаминдердің қызметі қандай?
Сонымен, ... .
Практикалық жұмыс 6.
-
Тақырыбы: Адам және экология -
Мақсаты:
1. Экологиялық таза өнімн ұғымын зерттеу.
2. Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс, табиғи өнімнің сапасы, таза өнімнің денсаулыққа пайдасын зерттеу.
Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)
Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс
6.1 Экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әртүрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс. Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады. Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады .