Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 391

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.  2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.  

Тапсырмалар:

  1. Мына сұрақтарға жауап табыңыз:

  • қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшірудің негізгі мақсаты қандай?

  • қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы қандай себептермен анықталады?

  • латын әліпбиіне көшу үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

  • латыншаға көшудің негізгі себептері қандай?

  1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

  2. Мына сөз тіркестерін аударып, мағынасын ашыңыз, сөйлемдер құрыңыз: қоғамдық сана, жаңғырудың негізгі қағи­да­лары, заман сынағы, нақты жобалар, терең тамыр, орта ғасыр, Еуразия құрлығы, көне түркілердің руникалық жазуы, адамзат тарихы, ұлтаралық қатынас тілі, ресми құ­жаттар, халықаралық хат-хабарлар, Ислам діні, жаңа әліпби, саяси себептер, ауқымды жұмыс, қазіргі заманғы технологиялық орта, ком­муникацияның, ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­тері, ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар.


26.2 Латын әліпбиі – өркениет жолы

«Egemen Qazaqstan» газетінен: Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Жаңа әліпби ағымдағы жылдың соңына дейін дайындалады. Келер жылдан бастап әліпбиді енгізу бойынша білім беру ұйымдарында арнайы кесте бекітіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Ең әуелі білікті
кадрлар даярланады, оқулықтар басылып шығарылады, нормативтік сөздіктер әзірленеді. Білікті мамандар даярланып болған соң ғана латын жазуы барлық білім беру ұйымдарында жаппай оқытыла бастайды. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.

Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.

Еліміздің үштілділікке көшу үдерісі жылдамдап, ғылымымыз қарыштап дамиды. Уақыт сынынан өткен өміршең латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. Латын жазуына көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміршең бағдар­ла­масындағы мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру ұсынысын көпшілік қауымдастығы толық қолдайды.
Еркін КӨБЕЕВ, академик Е.А.Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры,



заң ғылымдарының докторы, профессор

Тапсырмалар:

  1. Мына сұрақтарға жауап табыңыз:

  • Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша қандай іс-шаралар жүргізілуде?

  • Жаңа әліпби бізді қандай жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге жеткізеді?

  • Латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол екенін дәлелдеңіз.

  • Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміршең бағдар­ла­масындағы мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру ұсынысын Сі қалай қабылдайсыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз.

  1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

  2. Мына сөз тіркестерін аударып, мағынасын ашыңыз, сөйлемдер құрыңыз: туған тіл, бабалардың аманаты, ұлы бастама, латын әліпбиі, зор жауапкершілік, білім беру ұйымдары, жоспарлы жұмыстар, білікті кадрлар, латын жазуы, жаппай оқыту, зиялы қауым, тіл майталмандары, дыбыстық жүйесі, жаңа мүмкіндіктер, зор жетістіктер, рухани болмыс, қоғамдық ой-сана, түркі әлемі, заманауи жетістіктер, мәдени тұтастық, коммуникациялық үдерістер, ұлттық ерекшеліктер, әлемдік ақпарат, халықаралық терминдер, кезек күттірмес қажеттілік, әлемдік өркениет, көпшілік қауымдастығы.


Практикалық жұмыс 27.

    1. Тақырыбы: Өркениет және жаңа әліпби

    2. Мақсаты:

  1. Қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша жаңа емлесімен танысу.

  2. Ғылыми термин және жаңа сөздерді меңгеру.

  3. Латын әліпбиі негізіндегі терминдердің қолданысын анықтау.

4. Салалық терминдер.

5. Ресми-іскери стиль.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

27.1 Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» атап көрсетілген.


Елбасының Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы» –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру, «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын» атап өтті.

Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту – заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда. 

Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.

Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

  Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың сапасы қоғам сұранысына сай болуы    ескерілді. Мамандардың кәсіби даярлығы, яғни оның білім беру қызметі барысында иеленген білімі, тәжірибесі, жеке және әлеуметтік қасиеттері мен құндылықтарын жұмылдыру қабілеті оның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, біліктілігін арттыруды құрайды және оны өз тәжірибесінде тиімді пайдалана алуымен өлшенеді.

 Тапсырмалар:

  1. «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» деген сөздің лингвистикалық талдауын жасаңыз;

  2. Мына ұғымдардың мағынасын ашыңыздар: «болашақ маман», «тілдік құзыреттілік», «құзыреттілікті қалыптастыру»;

  3. Бүгін еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс мол? 10 кәсіби құзыреттілікті атап өтіңіз;

  4. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Әрбір бағыт біздің университетте қалай жүзеге асырылуда? Нақты дәләлдер келтіріңіз. Университет сайтын пайдаланыңыз!!!


1/ Білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу барысында біздің университетте ... .

2/ Оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту барысында біздің университетте ... .

3/ Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру барысында біздің университетте ... .