Файл: М.Озыбаев атындаы солтстік азастан мемлекеттік университеті к. Атыаева, Т. Ахметова, С. Жуанышпаева аза тілі (В1 дегей) пні бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 396

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

24.2 Қайырымдылық – қадірлі іс.

Қайырымдылық дегеніміз көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар: рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге ұмтылу).

Халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы, бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Мейірімді адам айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Мейірімді адам айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады.


Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Осынау бір қоғамдық және ұлттық мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамыздың көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Ол қорлардың атқаратын қызметі мен алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай былай топтастыруға болады:

  • Балалар қайырымдылық қорлары: Республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайрымдылық қоры; Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Эльдани» балалар қоры.

  • Мүгедектерге қайырымдылық көмек қоры: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры; Республикалық «Бибі-ана» мүгедек әйелдер қоры; «Жан» атты мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; Республикалық мүгедектер қоғамы; Ауғаныстан ардагерлер көмитеті қайырымдылық қоры; «Эльдорадо» Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоры; Қазақстан Республикасы Ардагерлер қоғамы.

  • Рухани қорлар: «Шапағат» қайырымдылық қоры; «Иман» қайырымдылық қоры; «Қазығұрт» қайырымдылық қоры; Қазақстан Мұсылман Орта Азия комитеті қайырымдылық қоры; «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы; Халықаралық «Нәзір» қоры; «Нұрила-Домалақ ана» қоғамдық қайырымдылық қоры т.б.


Тапсырма:

  1. Қайырымдылық дегеніміз не? оның қандай түрлері кең тараған?

  2. Қайырымдылық ұғымының қырларын сипаттаңыздар.

  3. Қайырымдылық – бұл ізгі әрекет пе? әлде парыз ба? Дәлелдеңіздер.

  4. Не үшін қайрымдылық жасау керек? Негіздеңіз.

  5. Қайырымдылық қай түрде жүзеге асырылады? Нақты мысалдар келтіріңіздер.

  6. Қайырымдылыққа үйретуге бола ма? Әлде бұл қаңмен сіңген қасиет пе? Дәлелдеңіздер.

  7. Қайрымдылық қорлар мен бағдарламалар дегеніміз не?


Жеке тапсырмалар: мына мақал-мәтелдерді орыс тіліне аударып, мағынасын ашыңыздар:

  1. Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.

  2. Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.

  3. Жақсының соңынан көп ереді, Жаманның соңынан шөп ереді. 

  4. Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап.

  5. Біреу – біреуге сүйеу.

  6. Жақсының айтқаны келмейді, Жаманның сандырағы келеді. 

  7. Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді, Жаман күліп кетеді.

  8. Жақсылыққа жақсылық, Әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық, Ер кісінің ісі. 

  9. Жақсыға қылған жақсылық Өміріңде тозбайды. Жаманға қылған жақсылық Бір күнгідей болмайды.

  10. Қайыр қылсаң, бүтін қыл.

  11. Жақсылық қылсаң, жасыр, Жақсылық көрсең, асыр.

  12. Жамандықты көп қуған Бір бәлеге жолығар. Жақсылықты көп қуған, Бақ дәулетке молығар.

  13. Кең болсаң, кем болмайсың.

  14. Жамандық пайда етпейді, Жақсылық зая кетпейді.

  15. Мейірімділік жүректен, Мейірімсіздік білектен.


Практикалық жұмыс 25.

    1. Тақырыбы: Адами құндылық

    2. Мақсаты:

1.Адамгершілік пен адами құндылықтар ұғымдарын түсіну.

2.Адами құндылықтың адам өміріндегі рөлін анықтау.

3.Бауырмалдық және кеңпейілділік - адамның ең бір асыл қасиеттері.

4.Адами құндылықты насихаттау.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

12 сәуір 2017 жылы ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы жарияланды.

Кіріспе сөз. Еліміздің алдына қойған ең басты мақсат - әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшiн бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиiс. Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, басқалармен тіл табыса білетін, командада жұмыс істей білетін мамандарды талап етеді. Сіздер үшін елімізде көптеген мүмкіндіктер бар: тегін білім алу, тілдерді үйрену, шетелдге барып білім алу, технологияларды игеру, бизнес құру және т.б. осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаңыздар, талай жетістіктерге жете аласыздар. Бүгін бір
орында отыратын заман емес, талпыну керек, іздену керек, болашақты болжай білу керек, көп оқу керек, санамызды өзгерту керекпіз.

Тапсырмалар:

  1. Кілтті сөздермен жұмыс жасау. БОЛАШАҚ, БАҒДАР, РУХАНИ, ЖАҢҒЫРУ сөздерінің мағыналарын түсіндіру/синонимдер табу.

  2. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай бiлу. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Ұлттық код дегенді қалай түсеніздер? Оларды атап өтіңіздер (10 ұғым).

  3. Белгілі бір кодты алып, оның маңыздылығын дәлелдеңіздер.

  4. Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бағыттарын (Бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) оқып, мына тапсырмаларды орындаңыз: 10 кілтті сөз тіркесін жазып алыңыз, мазмұнын ашыңыз, қорытындылаңыз.

  5. Жобаларды қорғау: мақсаты, жүзеге асыру жолдары, күтілетін нәтиже (таңдау бойынша)

  • Қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру бағдарламасы

  • «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 жаңа оқулық» жобасы

  • «Туған жер» бағдарламасы

  • «Қазақстаның қасиеттi рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» жобасы

  • «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы

  • «Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасы

  1. Қорытынды. Жаңа жаһандық үрдiстер жаңа жаңғыруды, өзгеруді талап етеді. Мына ойды аяқтап, тақырыпты қорытындылаңыз: «Рухани жаңғыру — ……..» (нұсқалар: «Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру»;«Рухани жаңғыру — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»; «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»; «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»)

Практикалық жұмыс 26.

    1. Тақырыбы: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

    2. Мақсаты:

1. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық санының динамикасын зерттеу.

2. Демографиялық саясаттың маңыздылығы туралы ақпарат беру.

Өткізу формасы: Деңгейлік тапсырмалар орындау/ZOOM платформасында сұхбаттасу (монолог, диалог)

Жалпы мәліметтер: мәтінмен жұмыс

26.1 «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласынан:
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.  Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.  Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек.